Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет13/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Қойлыбай Ажар Сүндетқызы 
Жетекшінің аты-жөні: Карнакбаева Шолпан Абилкасымовна 
Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш 
нəрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтіпті. Олар- туған ел, жер, ана тілі. Еліміз 
озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мəртебесін алды. Тəуелсіздік – қастерлі ұғым. Біздің 
еліміз тəуелсіз ел. Ата-бабаларымыздың аңсаған елім, аңсаған жерім дегені осы.
Тəуелсіздікті сезінген біздің Отанымыздың əрбір азаматы қазақ қоғамында үлкен 
мəнге ие. Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар жəне оны ұстап қалу деген 
жауапкершілік бар. Ол жауапкершілікті ел билеген көшбасшыларымыз көрегенді саясат 
жүргізіп, қоғамды иман мен білім саясатында тең ұстап келеді. Үш түрлі кезеңнің үш түрлі 
тарихы бар. Біз дəл осы үшінші кезеңдеміз. Келешекті бастаушы, келешекті жасаушы 
ұрпақпыз. Келесі бір дəуірге осы аманатты жеткізу бізге борыш.
Мен тəуелсіздіктің дəмін татқан бала ретінде өзімді бал-балалық шақтың ең тəтті 
кезеңіндемін деп айта алмын. Ұлан-ғайыр жерімнің шұрайлы жерінде тұрамын. Ата-
анамның, бауырларымның мақтанышымын. Білім ордасында үздік оқып, мектептің бар 
мүмкіндігін пайдалана аламын. Кітапхана қорындағы сан алуан кітап қорымен танысып, 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 14 - 
білімімді жетілдіріп келемін. Жаңа технологияны жетік білген ұстаздарымнан дəріс алып, 
жаңа Қазақстанда жаңалық ашатын, əлемге елімнің атын паш ететін өрен боламын.
Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Мұрат Айкөркем 
Жетекшісінің аты-жөні: Кабышева Мирамгуль Мустафиевна 
Мен үшін тəуелсіздік деген не? Бұл менің санама тыныштық бермеген сұрақ болды, 
Осы сұрақтың жауабын енді тапқандаймын. Тəуелсіздік ол ұлы мағынаға ие, 
бабаларымыздың халқымыздың осы күнге ие болғанын қалағаны соншалық, олар өз 
өмірлерін, жандарын болашақ ұрпақтары осы күнге жету үшін құрбан еткен жандар. Өмір 
бойы басқа елдің билігінде өздерін еркін сезіне алмаған жандардың қалауы, орындалмастай 
көрген арманы. Бірақ ата-бабаларымыздың, көреген тұрғыларымыздың, батыр, соғыс 
қайраткерлеріміздің арқасында осы күні тəуелсіз ел атағына ие болып отырмыз. 
Тəуелсіздік сөзінің өзі құдіретті сөз. Бұл сөзді ата-бабаларымыз бізге аманат ретінде 
қалдырды десем де қателеспеспін, оның себебі, сонша қиын кезеңдерден өтіп, мүмкін емес 
деген жағдайларды біздің ата-бабаларымыз көріп, оған мойымай осы атақты алып, бізге 
тапсырды. Ал біздің басты мақсат аманатқа қиянат жасамау, яғни бұл атақты ұрпақтан-
ұрпаққа, аялы, саналы ұрпаққа айтып мəртебесін асқақтату. Аты аңызға айналған бұл 
тəуелсіздігіміздің тарихында небір батырлық дастандары мен оқиғалары мəңгі өшпес 
жазулармен жазылған. Олар біз үшін ешқашан өшпейтін мұра болмақ. Себебі бұл əрбір 
қазақ білуге тиісті үлкен тарих. Менің түсінігіммен тəуелсіздік бұл, тəтті арман, сол арманға 
жету жолындағы батырлық пен сəтті нəтиже. Мен осы тəуелсіздік ұғымын осындай теңеу 
сөздермен сипаттар едім. Өйткені тəуелсіздіктің сол замандарда ата-бабаларымызға арман 
болғаны жалған емес. Алайда аталарымыз бұндай оймен өмір сүріп жүре бермей əрекет 
етіп, өздерінің қасық қаны қалғанша шайқасқа түсті. Осы тұста «Таласқа түссе жан мен ту, 
жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені», - деген өлең жолдары батыр 
бабаларымыздың жасаған ерліктеріне дəйек болары сөзсіз. 
Менің ойымша тəуелсіздік ол басқа мемлекет басқа елдің билігінде емес, өз еліңде 
емін-еркін, тəуелсіз жүру бақытына ие болу. Тəуелсіздік – ащы термен келген тəтті жеңіс, 
төгілген қанның қайтпас мінезің, жігердің отымен келген ұлы жеңіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет