Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет16/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты- жөні: Кеңес Ұлан Арманұлы 
Жетекшінің аты-жөні: Өтепбергенова Арай Қуанышқызы 
Қазақстан - тəуелсіз ел! Тəуелсіздікті ту етіп алғанымызға да мінекей азды-көпті 32 
жылдың көлемі болды. Тарихқа көз жүгіртсем осынау тəуелсіз ел болу үшін де, біздің талай 
жазықсыз , қыршын жас ұл, қыздарымыз, хас батырларымыз, елім деп, жерім деп жанын 
беретін азаматтарымыз осы тəуелсіздікті алу жолында қаза тапты. Жалпы қазақ халқы 
болашақ ұрпақ үшін қан майданда шайқасып, жаумен бетпе-бет келіп, қарсы келген жауды 
найзасының ұшына түйреген. Атап айтпай не керек? Аштық та, азап та қазақ халқы үшін 
қабырғасын қайыстырып, қайғыға толы ұмытылмас кезеңмен есте мəңгі сақталады. 
Осындай талай қиындық кезеңдерді бастан кешкен, қилы заманның куəсі болған ол біздің
Отанымыз – Қазақстан! 
Қазақстан қазіргі таңда ел қызығарлық, жеке бір мемлекет! Тəуелсіздігімізді біз 
өзіміздің – ұлтымызбен, тілімізбен, дінімізбен, рəміздерімізбен дəлелдей аламыз. 
Тəуелсіздік қазақ халқының маңдайына біткен баға жетпес байлық деп білем. Тəуелсіздік 
жолында жаны қазақ деп өз елінің туын биік ұстайтын қазақ жастарының көп болғанын 
қалаймын. Тəуелсіздікті алу , жеке мемлекет болу мына бейбіт заманда да кейбір елдердің 
арманы. Қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын заманда өмір сүріп жатсақ та, шет елдерде 
бір-бірімен соғысып, тəуелсіз ел болуды қалайтын қаншама елді көріп, біліп жүрміз. Соған 
қарап, өз еліме тəубə деймін. 
Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік болуы үшін əрбір жанның кеудесінде туған жерге,
елге деген намысы жоғары ұлтжанды азаматтарымыз көп болсын. Тəуелсіз елімді қорғау, 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 17 - 
менің басты міндетім деп білем. Тəуелсіз еліміздің көк туын желбіретіп, əнұранымызды 
асқақтатып, қыранымыз көк жиекте қалықтап, самғай берсін! Елім деп соқса жүрегім, ту 
қылып ұстар тірегім. Еліміздің тыныштығы, ынтымағы, іргетасы берік болсын! Қазақ 
баласының жүрегі Отаным – Қазақстан деп соқсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет