«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 19 -
Тəуелсіз Қазақстанның перзенті болудағы ата-бабамыздың
қанша қаны төгілгені бір
Жаратқанға аян.
Тəуелсіздік – бабалар аңсаған ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тəуелсіздік
таңбасы қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тəуелсіздігіміздің бесігінде
тербелгелі үш онжылдықтан астам уақыт өтуде. Осы бейбіт күнде Тəуелсіз Қазақстанға
жетудегі ұзақ жол сонау 1916 жылы бастау алды. Ең алғаш халқымыз Ресей үкіметіне қарсы
ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Ресей үкіметінің
Қазақ халқын қыспаққа алып, 500 мың
қазақ азаматтары дүниежүзілік соғысқа шықсын деген бұйрық береді. Зілді бұйрыққа
көнбеген қазақтар көтеріліс жасауға мəжбүр болады.
Қазақ зиялылар Ахмет, Міржақып,
Дулат, Əлихан сынды аталарымыз тағдырдың тəлкегіне түскен
халқымыздың басынан
өткен соққыларын өткеруге орасан зор ықпал келтіреді. Ашаршылық асқындап, соғыстар
жұлмап, зиялыларымызды халық жауы қылып жалмап жатқандары біздің жадымызда жəне
тарих беттерінде мəңгі сақталып қалды.
Қазан төңкерісі, Ақтабан шұбырынды, Желтоқсан оқиғалары ата-бабаларымыздың
қанын төгіп, жандарын қиып кетті. Дегенмен, қаншама күрестер
мен азапты ауыр
сынақтарды артқа тастап, егемендікке ұмтылып, дегенімізге жеттік.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті
қазақтың басына қонған бағы, астына
орнаған тағы деуге болады. Баға жетпес байлығымыз тəуелсіздіктің тегеурінін берік ұстап,
қастерлеп өту біздің қолымызда. Сондықтан егеменді еліміздің тарихын тереңірек түсіну,
қастерлеп өтуді басты міндетім деп санаймын.
Достарыңызбен бөлісу: