Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет74/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Жұмабек Дария 
Жетекші: Рахимова Газиза Гиндуллаевна 
Бізге азаттық азаппен , арпалыспен келген.
Тəуелсіздік тəуекелге түскен. Сондықтан да бұл
бақытымыз баянды, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз. 
Н.Ə. Назарбаев 
Егемендік, тəуелсіздік – қандай киелі де, қасиетті сөз! Бұл сөздің тереңінде ата-
бабамыздың ғасырлар бойғы аппақ ары мен асқақ арманы, ұрпағына қалдырған аманаты 
жатыр. Тынбай қалықтаған қыранның да қанатын талдыратын кең-байтақ дархан даламыз 
үшін, еліміздің егемендігі мен еркіндігі үшін бабаларымыз мың өліп, мың тірілді. Біздер, 
басына қаншама нəубет пен зобалаң келсе де қайыспай, тағдырдың дауылына қарсы тұрған 
қайсар халықтың ұрпағымыз. Бұл сөзімізге мұқым елдің мұңын жоқтаған кешегі алаш 
алыптары мен желтоқсанның ызғарлы желіне қарамай Əнұранымызды əуелетіп, ұран 
қылған, ел азаттығы үшін алаңға шыққан аға-əпкелеріміздің ерлігі дəлел бола алады. Мен 
еркіндігіміз үшін басын бəйгеге тіккен арда азаматтардың арқасында тəуелсіз елде өмір 
сүріп жатырмын.  
Тəуелсіздік – бізге тəңірден берілген баға жетпес сый. Мен азат елде алаңсыз 
бақытты балалық шақты бастан кешіріп жатқан жас ұланмын. Егемен елдің ертеңі өзім 
екенімді жүрегіммен, бар жан-тəніммен сезінемін. Еркіндігім – менің бойымдағы қасиетім, 
еркіндігім – баға жетпес қастерлім! Түбіміз сонау түркілерден бастау алатын халқымыздың 
басына қанша зобалаң келсе де жұмыр жердің бетінен жойылмай, іргелі ел, жоралы жұрт, 
атадан келе жатқан аманат пен салиқалы салтын сақтап қалғаны – сарқылмас күш-
жігеріміздің, асқақ рухымыз бен мықты ұлттық болмысымыздың арқасы. Ата – бабамыз 
ғасырлар бойы аттың үстінде қанжарынан қатер төндіріп, анталап келген жаудың басына 
ақ найзаны ойнатып келді. Кең-байтақ даламызда тұлпардың дүбірі ешқашан басылмаған, 
байырғы береке-бірлікті қашырмаған елміз. Мемлекетіміздің тұңғыш президенті 
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Біз тəуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп 
ойлаймын» дегені де осыдан шықса керек-ті. Егемендігім жайлы ерекше тебіренгенде 
Қалқаман Сарин ағамның мына өлең жолдарындағы оралымдарды қайталай берем:  
Еркіндігім, 
Қасиеттім, 
Қастерлім, 
Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң! 
Кеше сенің келбетіңді арман ғып, 
Боданына бұғауландық басқа елдің. 
Бабалардың басын бəйге тігіп бəйгеге, 
Аналардың жанарына жас бердің! 
Уа, Еркіндік, 
Қош келдің!  
Егеменді еліміздің тұсауы кесіліп, қаз тұрып, қадам басқан кезден бастап, тақымын 
түзеп, тізгінін мықтап ұстай білді. Ұлан-ғайыр мемлекетіміздің шекарасы сызылып, ата-
заңымыз бекіді. Əнұранымыз əуелеп, көк байрағымыз көкте желбіреді. Сарыарқада 
Астанамыз бой түзеп, теңгеміз айналымға шықты. Əлемдік ареналарда еліміздің рухын 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 74 - 
асқақтатып жүрген мəдениет жəне спорт шеберлері де көп. Мен осындай бейбіт елдің еркін 
өсіп жатқан ұланымын. Егемендігіміздің ғұмыры ұзақ, тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын 
десек, ата-баба аманатына адал болайық, достар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет