Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы


ЖОО-ДА ӨТКІЗІЛЕТІН ПЛЕНЭР ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



бет9/13
Дата08.06.2016
өлшемі1.45 Mb.
#123066
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЖОО-ДА ӨТКІЗІЛЕТІН ПЛЕНЭР ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Бейнелеу өнері мамандығы студенттерінен болашақ, бәсекеге қабілетті суретші-педагог даярлау педагогикалық көкейкесті мәселелердің бірі.

Бейнелеу өнері үрдісінде, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруда пленэр практикасының алар орны, атқарар ролі, сурет салу шеберлігін меңгеруде тигізер әсері мол. ЖОО-дағы бейнелеу өнері мамандарының пленэр практикасына өз деңгейінде мән берілмеуі және сағатының қысқартылуы салдарынан, кескіндеме тағы басқа сабақтардың деңгейі төмендеуіне, студенттердің ойлау қабілеттері бәсеңдеуіне ықпал етеді.

Кескіндеменің жабық кабинеттен ашық аспан, табиғат аясына яғни пленэрге ауысуынан натураның әсерлілігі артып, әуестікті дамытады және техникаық әдіс-тәсілдері байи түседі. Сондай-ақ пленэрдегі кескіндеме студенттердің жарық, ашық жердегі заттарды табиғатттың бай түстерін қолдана отырып жазуы тәжірибелік дағдысын, білімдерін арттыруға септігін тигізеді.

Пленэр, бейнелеу өнерінің бір бөлігі ретінде, студенттерді кескіндемеге, суретке, мүсінге акдемиялық оқыту процесінің таптыртпайтын элементі болып табылады. Бірақ, кейінгі кезде студенттердің кескіндеме және сурет бойынша базалық білімі болғанына қарамастан пленэрдегі жұмыстары нәтижесі ойдағыдай көрсеткіш бермейді. Пленэрдің мамандық үшін қаншалықты маңыздылығын түсінбеуі және оған деген жауапсыз, жеңіл көзқарас салдарынан осындай мәселелер туындап отыр. Жағдайдың осылай өзгеруіне байланысты, ашық ауадағы бейнелеу яғни ғасырлар барысында суретшілер табиғат тілін көркем әдіс-тәсілін, мәнін меңгеру тарихына жүгінеміз./1/

Пленэр XY ғасыр басында Италия өнерінде үлкен өзгерістермен көзге көрінді. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері бірінші болып табиғатқа, шабыт көзі және шынайылықты бейнелеуді үйренудің объектісі ретінде қарады. Олар жарық пен көлеңке, жазықтықты дәл беру мен бақылауды және оның көмегімен көлемді заттардың формасын салуды үйренді.Алғашқы табиғат көрінісіне арналған теориялық жұмыстарды итальян суретшісі, ойшыл және ғалым Леонардо да Винчи жазды. Ол алғаш, ауаға кез келген зат түсіне әсер ететін материалды орта ретінде назар салып, кескіндемедегі рефлекс туралы ұғым, сондай-ақ сызықтық және ауа перспективасы теориясын жасады. Бұл заңдылықтармен оның картиналары ерекше сырлы мәнге ие. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері өз картиналарында негізінен пейзажбен салды, табиғат деталін немесе фон ретінде орындады. Кейінірек көптеген суретшілер барлық шығармашылығын табиғатқа және ландшафтқа арнады.


Табиғатты бейнелеуде бұтақ немесе гүлдердің этюдтерін жасау. Этюд мақсаты – бұтақтардың гүлдермен немесе жемістермен орналасу өзгешелігін үндесті және түрлі–түсті бояулар қатынасымен көрсету.

Гармония туралы біздің ойымыз табиғат негізінде алынады. Ғажайып сезімімізді тіпті кішкене ғана бөлігі – жанды бұтақтардың гүлдермен немесе жемістермен орналасуы таң қалдырады. Өсімдік өмірінің бейнеленуі заңға сыйымды тиімді көркем құрылған формалардан жасалынады.

Бұтақ жапырақтарымен, жемістерімен немесе түрлі гүлдерімен салынған түсті этюд – таң қалуды ғана емес, сонымен қатар оның конструктивті және түсті мәнін ажырата білу де заттың өзіне қарап жасалған бай суреттемесін ашады. Суреттемелеудің кезінде өсімдік элементтерінің салыну қиындықтары олардың бірыңғай гармонияға сай орналастыру мен олардың бір–бірімен байланысын ажыратып дәлдеу болып табылады.

Өсімдік формаларының әсемдігін жеткізгісі келетін жас кескіндемеші үшін бастапқыда бұтақ, жапырақ және гүлдерді кескіндеу оңайлыққа соқпайды. Этюдпен жұмыс істеу процесі өсімдік әлемінің өзіндік сұлулығы мен пластикасын ғана емес, сонымен қатар оның ашық аспандағы түстік ерекшелігін, әртүрлі конструктивті формаларды зерттеу болып табылады.

Өсімдікті жан-жақты зерттеп қарап анықтап шыққан дұрыс, себебі сабақтарының орналасуын елестете отырып конструкциясын сезіну, мысалы, қүз айларының соңында ағаштар жапырақтарынан жалаңаш қалған кездегі бұтақтарының өзгешелігін көре білетініміздей.

Акварель немесе гуашпен салу техникасындағы түстердің ара қатынасын анықтап білу, сондай-ақ майлы бояуды қысқа мерзімді этюдтерде қолдану тәсілін меңгеруімізге пленэр практикасының үлесі орасан зор.

Өсімдіктер мен гүлдерді натурадан салған кезде, бұл тірі көрініс олардың есінде сақталады, кейінгі шығармашылық жұмыста пайдалана алады. Бұндай тәжірибелер есте сақтау, натурадан ғана емес, бөлек есте сақтай отырып бейнелеу, олардың кеңістіктегі конструктивті құрылымдық және түсті қатынастарын натурадан көшірмей-ақ салуды беріктетеді.

Табиғатта бейнелеу заттың формасы мен түстерінің ара қатынасын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан этюд натурадан механикалық түрде көшірме болмауы тиіс. Өсімдіктер әлемін бейнелеу барысында көптеген ассоциативті ойлар туындайды, қиял мен фантазия оянады. Сонымен, осындай тәсілмен пленэрдегі бейнелеудің негізгі ерекшеліктерімен танысу бейнелеу өнерінің кемелдігінің бір сатысын меңгерумен тең.

Пленэрдегі этюдттер өзінің спецификалық ерекшеліктерімен бейнелеу өнері оқытушысының кәсіби шеберлігіне жетуінде қайталанбас мүмкіндіктерді қамтиды. Этюдтерді орындау барысында студенттердің көркем және педагогикалық қабілеттері, сондай-ақ сурет арқылы олардың тез сурет салуға икемділігі мен мүмкіндігі жетіледі./2/

Қорыта келгенде, бүгінгі күні еліміздің алға қойып отырған, «бәсекеге қабілетті маман дайындау» тапсырмасын орындауда, болашақ бейнелеу өнері оқытушысынан білікті маман даярлау алға тартылып отырған мәселенің бірі.


ЖОО-да пленэрлік практикасын өткізу студенттердің шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамытып, көркемдік дүниетанымын қалыптастырып, болашақ суретші-педагог жетілдіруде маңызы ерекше.

Әдебиеттер:


  1. Н.А.Маслов., Пленер, Москва; «Просвещение» 1984, 241б

2. В.С.Кузин, Основы обучения изобразительному искусству в школе, М:, «Просвещение», 1977

Сымағұл Гүлжа

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. С.Ә. Аманжолов


ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңаруда. «Білім беру саласын модернизациялау, білімнің базалық құрамдылығын ақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады», - деп елбасы Н.Ә. Назарбаев көрсеткендей, білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі болып отыр.

Ерте кезде қолөнер кәсіпшілігінде шеберлік өнері шеберден оқушыға, көбінемсе күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тікелей ауысып отырған. Ал, қазіргі заманда керісінше – адамға жаңа өндіріс сипатын тез бағытталып, жаңа біліктіліктер мен дағдыларды жылдам үйретіп, әрдайым жаңа технологияны меңгеріп жаңа ақпараттық заман көшіне ілесу қажет. Сондықтан адам баласының «көзі, миы, қолы» міндетте түрде үйлесімді дамуы қажет. Оқушының қандай кәсіпті меңгеруі алдын-ала мәлім емес, бірақ оны ерте кезден, яғни мектепке дейінгі жастан бастап шығармашылық әрекеттерге дайындау қажет, өйтпеген жағдайда көздің көруі мен саусақтар қимылының даму қабілеті төмендейді., өйткені бала қанша жерден зерделі де ынталы болғанымен, кез-келген істе практиканың жоқтығынан өз мүмкіндігін толық игере алмайды. Өйткені тәжірибесі жоқ.

Қазақстандық білім берудің ұлттық моделі әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, көп деңгейлі әрі үздіксіз білім беру сипаттарымен ерекшеленбек. Қазіргі заман талабы өнерде мектепте оқыту немесе оқытпау қажеттілігін дәлелдеу емес, адамзаттың мәдени өркениетті дамуындағы жеке тұлғаның жалпы міндетті көркемдік шығармашылық қабілеттері дамыған белсенді субъект дайындау қажеттілігін берік бекітіп отыр.

Қазақ халқының мәдениеті мен өнері, қазақ жерінде тұратын өзге халықтар өнері мен мәдениетінің бірлігі ұлттық өзіндік сананың дұрыс қалыптасуының маңызды факторы. Қазақ халқы өзіне жақсысын, әлемдік көркем мәдениеттің озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіндегі әлемдік тәжірибелердегі жетістіктерді өзіне алуы тиіс. Ежелден бері келе жатқан Қытай Халық Республикасының бастауыш мектептегі бейнелеу өнерді оқулықтарындағы ерекшеліктерін алып айтсақ. Бұл оқулықтар «оқу ағарту реформасын тереңдетіп, сапа ағартуын жалпы білім беруді өрмелету жөніндегі қаулысын» басшылыққа алған.

9 жылдық міндетті ағарту түзішіндегі бейнелеу өнері оқулығын мемлекеттік өлшемі «негізінде орта бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері» жөніндегі жалпы бетті ағартудағы білім беру бойынша құрастырылған оқулықтар, бұл оқулықтар адамдық қасиетке баулиды, шығармашылыққа, сабырлыққа бір істің нәтижесін шығаруға көмектеседі және де осы өнер арқылы рухани жігерлендіреді.

Бастауыш сынып оқушысы сурет салу үрдісінде заттың формасын, тепе-теңдігін, перспективалық қысқаруын заттың түсін көру арқылы қабылдай отырып заттың қабылданатын ерекшеліктерін сараптайды, салыстырады, қорытындылайды. Кез келген бейнелеу әрекеті ойдың жұмыс жасауынан, яғни анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау абстракция және нақтылау арқылы іске асады. Анализ дегеніміз тұтас нәрсені ойша бөліктерге бөлу, яғни бөлшектеу, құбылысты және қырлары арқылы белгілеріне, қасиетіне бөлу. Синтез – керісінше жеке бөліктерді ойша біріктіру. Анализ бен синтез шындықты тануда ғана емес, сезіну мен қабылдау үрдісінде де қатысып отырады.

Бейнелеу өнерін қазақтың сәндік қолданбалы шығармашылығы арқылы оңтайландыру оқытуға мүмкіндік береді.

Қытай Халық Республикасының кітаптарындағы ерекшеліктеріне тоқталсақ, оқушылар өжеттілік пен жаңалық жасауға батылдықпен елестетуге белсене ой жүгіртуге талпынады. Мысалға тербелмелі ойыншықты айтсақ оқушылар көптеген материалдарды пайдалана отырып, өздері ойлана отырып, тербелмелі ойыншық жасайды. Оған қажетті материалдардың бәрін оқушылар өздері үйлерінен әкеледі. Мысалы, серіппе, іші бос жұмыртқа қабығы қағаз, стақан, сурет қағазы, көне суреттегі қағаз, қағаз цлиндр, бояу, қайшы, желім сияқтыларды дайындайды. Бұл жұмысты оқушылар өз бетімен істеу арқылы шығармашылық ойлары дамып, қолдары жетіліп келесі бір жұмысқа деген қызығушылығы оянады.

Тағы бір мысал келтірсек, «Алқа жасау» туралы. Алдымен оқушыларға үйден өздеріне керекті материалдарды жинап әкелуді тапсырамыз. Мысалға осындай материалдар керек: түрлі түсті қағаз, жемістердің сүйегі, ағаштың жапырақтары, далада өскен гүл, ұсақ маржандар, ине жіп және скотч сияқты материалдарды жинайды. Оқушынгың көрсеткен алқа суреттеріне қарап оқушыларды алқа жасауға деген қызығушылығын, яғни шабытын оятамыз. Үйден әкелінген құралдарды қолдана отырып, өздеріне ұнайтын әшекей бұйым жасауға үйретеміз. Бұнда белгілі бір қатып қалған заңдылық жоқ, бұл шығармашылық болғандықтан, оқушыларды еркін қозғалуға, қолындағы әшекейді еркін жасауға мүмкіндік бере отырып, оқушының қолын дамытамыз.

Мен осылай оқушыларды еркін шығармашылыққа үйреткім келеді. Мысалға, мен қазір студентпін, бірақ мен Жамбыл атындағы №4 мектепте практика өту барысында қолданып көрдім. Мен оқушыларды өнерге қызықтыру үшін, бейнелеу өнері сабағында ермек саздан қоян жасаттым. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен іске кірісті. Мен алдымен өзім үйлен жасап әкеліп қалай жасайтынымды көрсеттім. Әр бір бала өз бетінше жұмыс жасайды. Кейіннен сол жасаған жұмыстарымызды салыстырдық. Оқушылардың бәрі де қабілетті, зерек екені көрініп тұр. Барлығының жұмыстары өте тамаша.

Әрбір ұстаз осылай өз шәкіртіне өз білген білімін көрсетсе екен. Ол үшін ұстаздың білімділігі мен біліктілігі мықты болу керек. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ғой қазақ атамыз. Ендеше біз, студенттер ертеңгі өз шәкіртіміз үшін аянбай еңбектенуіміз керек.
Адай А.

Еуразия ұлттық университеті Бей-21 студенті

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. С.Ә. Аманжолов
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДЕ СУРЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Жалпы суреттің бейнелеу өнеріндегі алатын орны ерекше. Сурет – бейнелеу өнерінің негізі деуге болады. Суретсіз бейнелеу өнерін кескіндеме, сәулет, композиция, мүсін сияқты бейнелеу түрін суреттен тыс қарауға болмайды. Өйткені кескіндемеші де, мүсінші де, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело былай деген болатын: «Нобай жасау өнері – басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген «Нобай жасау өнері – басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сонымен суретдеген сөзге анықтама берер болсақ, сурет дегеніміз қарындаш, көмір, сангина, қаламыш, арқылы нобай ретінде жеңіл сызып салған шығармасын атаймыз.

Атақты суретші – педагогтар сурет өнеріне үлкен баға беріп, сурет кезкелген бейнелеу өнерінің фундаменті. Суретке баса назар аудару керек.,-деп ескерткен, болатын. Әрине, бұл тезистің өміршілдігігі бүгінгі таңда да анықталып отыр. Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын бастамас бұрын кенепке анық нобайын салып шығады. Сондықтан да әйгілі де атақты шеберлердің қай-қайсы да суретке үлкен мән берген. Қайта өрлеу дәуірінің атақты мүсіншісі Микеланджоло бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің қайнар бастауы мен жан жүрегі сурет деп санаған. Ал көркем өнер академиясында Репинді, Суриковты және Серовты оқытқан профессор П.П. Чистяков «Қиял деңгейі төмен адам картина жаза алмайды»,- деп есептеген.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әлістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айттты. Олардың пікіренше бейнелеуді оқытудың негізі заттан қарап бейнелеу болу керек деді. Мысалға, Чепнино өзінің кескіндеме туралы трактатында Байқасаң салтанатты қақпа арқылы жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші – ол заттан қарап бейнелеу деп жазған.

Осыған байланысты тарихи деректер бойынша Ежелгі герек суретші – педагогтары бейнелеу өнерінңі басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсаөқ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық Рим империясының суретші – педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одлан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге дамытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, әйгілі грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмей кейбір оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

«Живопись туралы үш кітап еңбегінде» Леон Баттист Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. Өнерге оқытудың нәтижесі болуы ғылыми биіктілікке байланысты деп жазды.

Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздене бере отырып, сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл-ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кеәіннен Микиланджело «суретті қолмен емес баспен салады» деген болатын. Қазіргі суретшілердің жұмыстарын талдау кезінде біз негізіне мән бере қоймаймыз. ХХ ғасырдың басында швецария педагогі Иоганн Генрих Песталоццидің ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерде пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені суре салу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді. Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол биіктіліккі жетудің бірден бір тәсілі – сурет салу дейді.

Қандайда болмасын нақты суретпен жұмыс, заттың өзіне қарап салудан, оның платикалық қасиетін оқып білуден басталады.

Сурет салуға үйренудің алғашқы кезінде қарапайым бұйымдардың – шар, цилиндр, пирамида т.б. сияқты заттардың суретін салып, көптеген жаттығу жұмыстарын жасаған пайдалы. Мұндай қарапайым жаттығулар жазықтықта тұрған заттардың кеңістікте орналасу заңдылықтарын дұрыс ұғынуға көмектеседі. Сол себептен алдымен суретті жақсы меңгерген жөн. Суретшілердің менуарларын оқып отырсақ, атақты суретшілер – Ә.Қастеев, Қ.Тельжанов, А.Ғалымбаева т.б. суреттерін қыл қалам арқылы көп салған, арнайы уақыт бөліп, нобайлар (наброскалар), жылдам салған суреттермен эскиздермен жиі-жиі айналысып отырған. Сөйтіп, сурет өнеріне қолдарын машықтпандырған, яғни қабілеттерін одан ары арттыра түскен.

Сурет салуды жетік игеруге күн са йын жүйелі жұмыс істеу арқылы кәсіби суретшілік дәрежесіне жететінімізді әйгілі суретшілердің өмірлік тәжирибиелерінен көрдік. Сонда ғана біз сияқты жас суретшілер күнделікті еңбектің арқасында білікті тәжирибие жинақтап, техникалық білім мен тәсілдерді игереді. Өткен және қазіргі заманғы шеберлердің сурет салу техникасын зерттеп үйренгеніміз жөн. Мұндай ізденістің өзі суретшіні ой-өрісін кеңейтіп, сурет салудың сан алуан тәсілдерімен танысуына көмектеседі. Сонадай-*ақ сурет салғанда қолданылатын түрлі материалдарды игеруге, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін іс барысында танып білуге үйретеді. Сондықтан менің ойымша бейнелеу өнеріндегі суреттің ролі ерекше екенін бағалауымыз керек. Жаңадан бүр жарып, өсіп келе жатқан жас шыбықтай кішкентай ғана бала бақшадағы бүлдіршіндердің және бастауыш сыныптағы оқушылрымыздың әр қайсысының бойында тұнып тұрған өнер бары анық. Жалпы, Алла Тағала адамзаттың барлығына, барлық білімді қабылдайтындай қасиет берген. Өсе келе бүлдіршіндеріміз нені көп меңгеріп, көріп, естіп шұғылданса, сол ілім ары қарай дамып, қонған ілімдер бірте-бірте ескерусіз қалатыны анық.

Сондықтан біз кәсіби суретші білікті де білімді мамандарды қарасақ, бала бақшадағы бүлдіршін және бастауыш сынып оқушылар мен ерекше жұмыс жасауымыз керек. Бүлдіршіндердің қиялып суретке қолдарын дамыту үшін оқыған ертегі, әңгіме, мысал сияқты шығармалардағы басты кейіпкер және өзіне ұнаған кейіпкерлердің суретін ойша қалай елестетінін қағаз бетіне одан кейін ермек сазбен жасаса және де тек бала бақшада немесе мектепте партада ғана отырып сурет салмай әсем де сұлу табиғатқа шығып яғни пленэр немесе мектеп ауласындағы өсімдіктер мен жануарларды натурадан суретін салып үйренсе, ол баланың ой-өрісіне біразда болса жақсы әсер беретіні анық. Мектепте бізге бейнелеу өнерін солай өткізбегеніне кейде іштей ұстаздарыма деген ренішім де болатыны бар. Былтыр 1 курстағы екінші семестрдің емтихандарын пленэр айасында өткізгенде ерекше толқып, қызық сезімге бөленген едім. Өйткені менің пленэрге бірінші рет шығып суре салуым еді. Бұл емтихан бізге біраз көмегін тигізді. Себебі жазғы практиканы біз Зерендіде пленэр айасында сурет салды. Сол кезде ондай көп қиындық туғызған жоқ. Өйткені емтихандағы және қаладағы пленэр сияқты сурет салудан тәжирибиеміз бар болғандықтан шығар.

Сондықтан бүлдіршіндеріміз ер жетіп, ертең біз сияқты өнер жолын қуып талапкер болып бағын сынағанда бойына жинаған өнері көмекке келіп, қандай сынақ болса да, сынақтардан сүрінбей өтетініне сенемін. Өнер соның ішінде суре салу өнері – адам баласының жан дүниесін тыныштандырып сұлуландырып қана қоймай, ендеп өнерге деген құштарлығын да арттырады, алға қарай жетелейтін өнер сенің өміріңдей жетекшің!



Әдебиеттер:

1. М. Мұқашев; А. Сейтімов; Н.Хамзин «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» «Фолиат» баспасы; Астана – 2008 жыл. /1.139/, /1,13/, /1,18/.

2. Р. Мизанбаев «Живопись»; Алматы – 2005 ж. /2.46/.

3. Е. Каменева «Кемпір қосақтың түсі қандай»; Алматы «Өнер» 1981 ж. / 3.144/, /3,144/.




Мухажанов Б.

3 курс студенті, ЕҰУ

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., С.Ә. Аманжолов
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазақстан Республикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет ретінде халықаралық білім одағына кіруге тырысуда. Білім берудің басты стратегияларының бірі жақсы білім беру дәстүрін сақтау, мектеп және жоғарғы оқу орын түлектерін халықаралық дәрежеде сапалы бағалануы.

Бірақ сол дәрежеге жету үшін әр Қазақстан Республикасының азаматы тарих тереңінде жатқан туған халқымыздың өткен өмірін, кешкен ғымырының кемел болмысын айшықтай білу керек. Туған жеріміздің тарихын, еліміздің маңызды тарихи –мәдени және сәулет ескерткіштерін білуі тиіс.

Болашаққа жол ашу үшін, біз ең бірінші өткенімізді білу парыз. Тарихи жадының жаңғыруы ұлттық намыс пен астасып жататын қауымдық дегдарлықтың оянуы ең алдымен «Біз кімбіз? Біз қайдан келдік және қайда бара жатырмыз?» дейтін сұрақтарға жауап іздеуден бастау керек.

Қазақ даласында тұнып тұрған тұмарлы жәдігерлен біз үшін ең сенімді және көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын «тарих» оқулығы. Ал Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы сол «оқулықты» тағы бір парақтауға мүмкіндік жасады.

Дәстүрлі мәдениетті жаңарту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздігіне ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан барлық шаралар, еліміздегі орындалып жатқан басқа да игі істермен бірге әлемдегі өркениетті елдермен тереземізді тең деңгейге көтеруімізге өз үлесін қосуда.

Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақ елінің көптен көміліп жатқан тарихының бұлақ көзін ашқаны баршаға мәлім.

Тарихи дамуда кез келген халық өзінің мәдениетіне сүйенеді, өзінің кезеңдеріне сын көзбен қарайды, ұлттық мұраларға назар аударады. Арқа өңірінің өзіндік белгісінің бірі-осы кең далада орналасқан тарихи жәдігерліктермен көзге түседі.Сол ескерткіштердің бірі сәулеткерлік ескерткіштер.

Сәулеткерлік әр халықтың өмірінде оның материалдық көркем мәдени-етінің ең жоғарғы көріністерінің бірі болып табылады. Ол белгілі бір дәрежеде халықтың тарихын, әлеуметтік экономикалық даму дәрежесін көрсетеді. Себебі, халық сәулеткерлігі мен архитектуралық құрылыстың көптеген туындыларына тарихи және өркениеттік мазмұн тән болуы мүмкін.

Мысалы, жай ғана Орталық Қазақстанды, оның ішінде Ұлытау ауданың алатын болсақ, Осы өңірде 700 ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы бар 12 ескерткіш. Атап айтқанда: Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Лабақ, Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт әулие, Едіге, Айранбай мазарлары.

Халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, исі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қара шаңырақ қасиетті мекен Ұлытау өңірінде бағзы заманнан белгі болып қалған бірнеше ескерткіш, жәдігерлер бар Солардың бірі өзінің сәулеттік құрылысымен, ерекшелігімен таңдай қақтыратын «дың», «үйтастар». Ғалым Ә.Х.Марғұланның айтуынша оғыз-қыпшақ дәуірінде «дың» салу әдеті болған. Олар өзінің қалыбы бойынша не дөңгелек, не төртбұрышты болып келеді. Тастан дөңгелек үйлер, мұнаралар жасау ғұн, түрік қағанаты кезінде ерекше орын алған. Қыпшақ пен оғыздар төбесінде күмбезі бар ондай ондай тас үйлерді «дың», «діңгек», «үй тас» деп атаған, ол сөздер қазақ пен түрікмен тілдерінде сақталған. Тастан өріп жасалған биік дың архитектурасының жиі кездесетін жері Орталық Қазақстан оның ішінде Ұлытау өңірі. Бұл өлкеде бүтіні бар , бұзылғаны бар онға тарта дың тектес ескерткіштер бар. Осының ішінде ең сәулеттісі Домбауыл дыңы.

Ескерткіш Кеңгір өзенінің жағасында Жезқазған қаласынан 54 км сотүстік бағытта орналасқан.Домбауыл дыңының табаны төртбұрышты болып төселгенімен, көтеріле келе күмбезге ұласып кеткен. Дыңның биіктігі 6м шамасында, қаланған материялы жергілікті жердің қызыл-сұр граниті. Сыртқы пішіні шаршыға жақын төртбұрыш, сыртқы аумағы 8,90 х 7,00 м, ал ішкі құрлылымы 3,90м х 3,45 м. Ә.Х. Марғұланның айтуынша Домбауыл және Қосүйтас, Қара дың Үйтас дыңдары бір үлгідегі архитектуралық белгілер.Дыңның сыртқы пошымы киіз үйге өте ұқсас, еденіне топырақ жайылып, оның үстіне жалпақ тастар төселінген. Қабырғалары 3м-дей көтеріліп барып көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрлерінің белгілері.

Ел ішіндегі «дің», «дың» деп аталатын ескерткіштер осы Домбауыл дыңы үлгісіндегі ескерткіштерге қаратыла айтылады. Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу кешені де осындай құрылыс. Ә.Х..Марғұланның айтуынша дыңдар Қазақстанда Торғай, Кеңгір өзендері бойында көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы Орта Азияға мұсылман діні тарағанға дейін VI-IX ғасырларда тұрғызылған ескерткіштер. Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, аңыз әңгімелерде де көп кездеседі. Ол қазақ шежіресінде, жыр-толғауларында жиі айтылады.Бұл ескерткіш жайлы ең алғаш еңбектер жазған Ш.Уалиханов.

Тағы да бір дың Ұлытау ауданының Егінді ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан. Есігі күн шығысқа қараған. Асты төрт қырлы тастан өріліп тоқыған, оның үстіне сүйірленіп шығатын биік күмбез орнатқан. Жергілікті халықтар оны «Қара дың» деп атайды Себебі ылғи қара тастан өріп шығарған. Дыңның кіре-беріс ойығы бұзылған, ескерткіштің сақталған биіктігі 4 м, сыртқы диаметрі 6,7 м, ішкі диаметрі2,65 м. Дыңның бейнесі алыстан сәулеттеніп көрініп тұрады. Қара дыңның көлемі Домбауыл дыңынан әлдеқайда кішірек және тағы бір ерекшелігі Домбауылдікіндей табаны шыршаланып басталғанымен, бұл дың тарта қалау әдісімен бірден сүйірленіп күмбезге ұласады.2008 ж бастап осы жерде Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұлытау ауданы. Малшыбай селосынан оңт-батысқа қарай 2км жерде орналасқан. Салыну тарихы белгісіз.

Алаша хан мавзолейін зерттеуді ең бірінші рет Шоқан Уалиханов жүргізген. Ол өзінің «Қырғыз- қайсақ молалары және ерте заман туралы» деген еңбегінде қысқаша сипаттама берген.

1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл экспедиция құрамында архитекторлар М.Б.Левинсон, Г.Г.Герасимов реставрациялауға қатысты.

1973 жылы жазда Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу жұмыстарын жүргізді. Мавзолей күмбезінің кейбір жерлері тесілген. Бұл бір камералы, порталды-күмбезді ғимарат. Төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Іргесі текше түрінде қаланып, төбесі күмбезделген.

Ғимарат төбесі 8 тіреуден жасалып, оның үстінен 16 қырлы зәулім барабан орнатылған. Осы барабан үстінен дөңгелете күмбез тұрғызған.

Күмбездің тағы бір ерекшілігі оның үстіне барабанды айналып өтетін галерея бар. Оған үйдің ішінен жоғары көтерілетін басқыш арқылы шығады. Кіре берісі киіз үйдің есігі секілді салынған.

Мавзолей «алаша кілемше» түрімен нашықталып шығарылған.

Биіктігі -10м. Сыртқы өлшемі- 9,5х12,0м. Ішкі өлшемі- 6,25х6,7м.

Кірпіштердің өлшемдері-27х27х6см. 25х25х5см.

Алаша хан мавзолейі жөнінде ел аузында аңыз көп.Көптеген зерттеулер бойынша мұнда Хақназар хан (1538-1580) жерленген.

Қазақ халқы Алаша хан мазарын әулие тұтып сыйлағаны сонша, кейінгі қазақ хандары осында келіп сыйынатын болған.

1998жылы Ғимарат толық реставрациядан өтті.

Ал оқу бағдарламасына келетін болсақ, мектеп бағдарламасында еліміздің тарихи ескерткіштеріне байланысты тақырыптар, сабақтар жоқ. «Өстетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады» демекші, әр азамат өз жерінің тарихын, ескерткішін, әр тасын жеріндегі білуі парыз. Ал осының бәрін ол мектеп қабырғасынан біліп шығуы керек. Бұнын бәрі бүгінімізге қажет, ертеңімізге керек. Өйткені қазіргі жастар, мектеп бүлдіршіндері еліміздің болашағы. Біз өткенді, барды білмей жарқын болашаққа қадам жасай алмаймыз.

Әдебиеттер:



  1. Қ.Ахметов. «Ұлытау» Алматы, 2007

  2. А.Марғұлан. Декоративно-прикладное искусство, 1983


Габбасова С.

Студент ИЗО-12, ЕНУ имени Л.Н. Гумилёва

Научный руководитель: д.п.н, профессор. С.А. Аманжолов

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет