Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет19/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Мазмұндама және шығарма


Мазмұндама мен шығарманың түпкі мақсаты – оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ бұл айтылғаннан орфографиялық қателерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Орфографиялық қателерді түзету осы кезге дейін бірінші міндет болып келді, әлі де осылай бола бермек.
Бұл жұмыс екі түрлі әдіс арқылы жүргізіледі:
Балалар өзін-өзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте- бірте үйретіледі.
Балалар өзін-өзі тексеруге бір-бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретіледі. Бұл жұмысты мұғалім оқушылар шығарманы түзету техникасын бірсыпыра меңгерген кезде бастайды. Кішкене балалар бірінің жұмысын бірі тексеруге, яғни қолдарына қызыл сия мен қалам алып, жұмыстың қатесін тауып, түзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мұнда ескерілетін жай - кейбір баланың дұрыс жазылған сөздер мен сөйлемдерді қате түзетіп қоюынан сақ болған жөн. Ол үшін мұғалім оқушылардың жұмысты жөндеу барысына көз жіберіп қарап жүреді, қажетті жерінде көмек береді және оларға асықпай оқып шығып, қай жерінде қате барын алдымен байқап алып қате екеніне әбден көзі жеткенде барып жөндеу керектігі ескертіледі. Жұмыстарға көз жүгіртіп қарап жүргенде бір қате 3-4 балада кездескен болса, ол сөзді жөндеп жатқан баладан не себепті жөндегені сұралады. Жұмыс барысында осы сияқты тәсілдер арқылы балалар бір-бірінің қатесін түзетіп болған соң, дәптерлерді мұғалім жинап алып кетеді, балалардың түзеткендерінің дұрыс-қателіктерін қарайды, баға қояды.
Бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателіктерді жоюдың екінші амалы – ол жұмыстарға толық талдау жасау. Бұл сабақтарда балалар өз жұмыстарында кеткен қателермен танысады, мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң, ондағы қателерді топ-топқа жіктеп, барлық жұмысты салыстырады. Балалардың көпшілігіне тән қателерді анықтап, қатені талдау сабағын да осыған орай ұйымдастырады. Мысалы, оқушылардың көпшілігі бір сөзді бірнеше рет қайталаған болса, сол қайталаған сөздер тақтаға жазылады. Балалар ол сөйлемдердің қатесін түзейді. Балалар өз жұмыстарынан осы сөйлемдерді табады, қателері болса түзетеді. Жұмысының түзетілген жері көп оқушы оны қайта көшіреді.
Оқушылардың қателерін талдауға арналған сабақтың алғашқы 5-7 минутын мұғалім жазылған жұмысқа шолу жасауға пайдаланады. Онда кейбір балалардың жетістігі аталып, тәуір жазылған жұмыстарының біреуі тұтас оқылып, әңгімеленеді. Кейбір жағдайда мұғалім әр жұмыстың жақсы жазылған жерлерінен үзінді оқиды, мысалы, бір жұмыстың мазмұнының түсініктілігі, екінші бір оқушының ойын жүйелі түрде баяндағаны нашар жақтары айтылады.
Мұнда да мұғалім кейбір жұмыстардан мысал келтіреді, сонан кейін тақтаға алдын ала жазылып қойылған сөйлемдермен жұмыс басталады.
Оқушылардың өз қателерін байқауға және оның дұрысына көз жаттықтырып, екіншілей ол сөзден қате жібермеу үшін қайта көшіріп жазудың пайдасы көп. Ал, оқушылар шартты белгілер қоюға екінші сыныптың алғашқы кезінен үйретіледі. Онда алдымен бір белгі қойылады; оқушылар бұл белгіге әбден үйренген кезде екінші белгі қойылып, оның нені білдіретіні түсіндіріледі. Белгілер осылайша бірте-бірте меңгеріледі. Оқушылардың шығарма, мазмұндама жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың үшінші жолы - қатенің түріне қарай жаттығу сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтарда балалар өздерінің жазба жұмыстарында мән бермеген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дұрыс жазбағандарын саналы түрде түсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады.
Мазмұндама мен шығармаларда кездесетін қателерді түзету үшін дидактикалық материалдарға байланысты жүргізілетін жұмыстардың маңызы зор.
Оқушылардың жазу жұмыстарында кездесетін қателерді болдырмау жолындағы жұмыстарды тиісті дәрежеде жолға қойып, үзбей жүргізіп отырмаса, ол қателер қайталана береді де, балаларда динамикалық стереотип жасалады, яғни ми қабығында шартты рефлекстер жүйесі орнығады. Соның салдарынан кейбір қателерден олар жоғары сыныптарда да арыла алмайды.
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі кестеге (5.3.- кесте) түсіріліп, әр сыныпқа тоқсан сайын диктант – 3 сағат, мазмұндама – 1 сағат, шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.

Мазмұндама мен шығарма көлемі бағдарламадағы оқушыларға қойылатын талаптарға сай алынады. /бағдарламада жазылған/


Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі




Сыныптар

Жазба жұмыстар түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

2

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы

5

5

5

5

20

3

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4




Барлығы

5

5

5

5

20

4

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы

5

5

5

5

20




Жалпы саны:

15

15

15

15

20

Сауаттылықты тексеру қазақ тілі пәнінің міндеті болғандықтан, шығарманың әдебиеттік оқу пәнінде де жазылатыны ескеріліп, шығармаға берілген сағат саны қысқартылып диктанқа бөлінді.


Оқу пәнінің мазмұнында әр сынып бойынша тарауларға берілген сағат сандары өзгертілген.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелер арқылы қалыптасатындығы әр сынып бойынша жеке көрсетілген.
Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет