Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет37/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Аргументативті эссе – көтерілген мәселені екіжақты қарастыру үшін аргументтер ұсынылатын эссе түрі. Әдетте аргументке қарсы контраргумент беріледі. Мәселені екіжақты қарастырған кезде аргумент пен контраргумент арасында баланс сақталуы немесе автор өз ұстанымына басымдық беруі мүмкін.
Аргументативті эссе жазу талаптары– тақырыпты кең көлемде зерттеуді талап ететін жазу жанры. Ол дәлелдемелерді жинап, түрлендіріп және тиімділігін бағалап, тақырып бойынша ұстанымыңды жинақы түрде жеткізуді талап етеді.
Эссенің бұл түрі мәселені жан-жақты қарастыру арқылы аудиторияны белгілі бір көзқарасқа сендіру, ұстанымның неліктен тиімді екенін айқын тұжырымдауды мақсат етеді.


Стилистикалық ауытқу лексикалық бірліктердің қолданылу заңдылықтарының бұзылуы, морфологиялық-синтаксистік құрылымдарды құрудағы олқылықтар, стилистикалық сәйкессіздіктер.


Стильдік ауытқулардың түрлері



Лексикалық- стилистикалық ауытқулар – байланыстырып сөйлеуде сөздің лексикалық ұғымын, оның ерекшелігі мен сан- салалы қызметін ескермей,
әдеби норманы бұзушылық.

Морфологиялық- стилистикалық ауытқулар – сөздерге қосымшаларды
дұрыс жалғай білмеу, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеу.

Синтаксистік- стилистикалық ауытқулар– сөз бен сөздің байланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем
түзуінен жіберілген олқылықтар.

  • Сөз, фразалық тіркестің ауыспалы және көп мағыналылығын жете түсінбей орынсыз қолдану.

  • Сөздің мағыналық үйлесімділігінің ерекшеліктерін білмеу.

  • Қыстырма, диалект сөздерді метафораларды талғамай қолдану.

  • Жаргон, арго, сленгтерді орынсыз қолдану.

  • Сөздің экспрессивті-

эмоциональды мәні мен стильдік реңін білмеу.

  • Септік жалғауларының мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдану.

  • Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау.

  • Бір түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану.

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерін ескермеу.

  • Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтамау (инверсиялық тәсілден

басқа).

  • Құрмалас сөйлемдегі

жай сөйлемдер, бір-бірімен байланыстырылмайды.

  • Сөйлемде екі

бастауышты қатар қолдану (уәжді ауытқудан басқа).

Мақала – қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық шығарма.

Проблемалық

қоғамда көкейтесті мәселе сөз етіледі, шешу жолдары
ұсынылады.

Теориялық

қоғам дамуында ғылыми құбылыстар, жаңалықтарды
түсіндіру мақсатымен жазылады.

Ақпараттық

мазмұны кең көлемде талданған, анықталған оқиғалардың
деректеріне негізделеді.

Мақала-зерттеу

жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы
қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге бағытталады.



Мақалаға қойылатын талаптар:

  • өзекті мәселе қозғалады;

  • жаңа ой, жаңа дерек келтіріледі;

  • тақырып туралы мәліметтер жинақталады;

  • ақпараттың шынайылығына назар аударылады;

  • оқырманды сендіріп, қызықтыру үшін кесте, сурет, диаграмма беріледі;

  • жоспарға сай жазылады.



Құрылымы:

Кіріспе

Кіріспе сөйлемде ең маңызды мәселе айтылады. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, оқырмандардың қызығушылығын тудыруға арналады. Егер бұл сөйлем өзіндік жаңалығы бар ақпарат болған жағдайда, оны сәтті деп есептеуге болады.

Негізігі бөлім

Қысқаша баяндаудан кейін мақалаға негізгі деректер келтіріп, көтеріліп отырған мәселеге қатысы бар тұлғалар мен ұйымдар туралы мәлімет беріледі. Талқылау тудыратын сұрақтарын қойып, жауап ізделінеді.

Қорытынды

Өз пайымдауын оқырманмен бөлісе отырып, сұрақ тастаумен тәмамдалады.



Тезистік жоспар құру алгоритмі:
1-қадам: мәтін бойынша қарапайым жоспар құру; 2-қадам: қарапайым жоспарға сұрақ құрастыру;
3-қадам: сұраққа жауап тезистік жоспар болып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет