Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет3/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқыту:
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылған. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы білім алушыға қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік
жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.
Білім беру ұйымдары басшылыққа алатын негізгі нормативтік құжаттар:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). Бұйрықтың 2-тарауына тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:
9. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.

  1. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

  2. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту

мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
21-тармаққа сәйкес тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
Педагог бағалауды нормативтік-құқықтық актілерге және мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға көмектесу үшін әзірленген әдістемелік материалдарға сәйкес жүргізуі тиіс:

  • «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы;

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

  • Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

  • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал;

  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;

  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;

  • Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

«Қазақ тілі» пәнінен оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер:

  • оқыту мақсаттары арқылы білім алушылардың тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері жүзеге асырыла отырып, олардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталады;

  • қысқа мерзімді жоспар құрылу барысында сөйлесім әрекетінің бір- екі түрі басшылыққа алынады, бір сабақта бірнеше сөйлесім әрекетін басшылыққа алу сабақты мақсатына жеткізбейді;

  • мұғалім бір сабақ барысында бірнеше оқу мақсаттарының ішінен тақырыпқа қатыстыларын таңдап алуға құқылы;

  • үлгілік оқу бағдарламасы білім алушының жас ерекшелігіне сай функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Мысалы: оқылым әрекеті бойынша «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады;

  • грамматика өмірмен байланыстырыла мәтін талдау барысында оқытылады;

  • грамматикалық бірліктердің мәтін құруға қатысуда қандай функционалдық қызмет атқаратындығын білім алушы өзі жұмыс жасау барысында анықтап, меңгереді.

Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасындағы білім мазмұны бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас субъект-субъектілік қарым-қатынасқа құрылады. Мұғалім кеңесші, бағыт беруші, бағыттаушылық қызмет атқарса, оқушы ізденуші, зерттеуші қызметін атқарады. Сол арқылы алған білімі тиянақты болады. Себебі, білім алушы өз қолымен, ізденуімен жасаған жұмысын ұмытпайды, өмірде қолдануға да, басқаға үйретуге де бейім болады. Бұл білім алушыны сыни тұрғыдан ойланып, әрекет етуіне, функционалдық сауаттылығының қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

  • сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

  • диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы

  • қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

  • жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу мәдениетін қалыптастырады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы алдына нақты мақсат қоятын, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, өзгені қызығушылықпен тыңдай алатын жеке тұлға болып қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттілікті меңгертудің алғышарты болып табылады. Себебі, бұл жұмыс түрлерін мұғалім  әр сабақта қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар білім алушының сөйлеу тілін дұрыс меңгеруіне, қатысым және жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға ерекше ықпал ететінін көруге  болады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы өз қатарларымен, өзге де жастағы адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетін болады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша балаға берілетін тәрбие мәтін арқылы жүзеге асады. Сабақ барысында алынатын мәтіннің мазмұны ұлттық құндылықтарға негізделуі қажет. Әрбір жасаған жұмысының мазмұнынан адам бойына қажетті жақсы қасиеттердің ұшқыны сезіліп тұрса, ол бала бойына жақсы қасиеттерді дарытады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет