Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет8/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой-өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс- әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:

  1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;

  2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;

  3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;

  4. Оқыған – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;

  5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;

  6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;

  7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу

  8. Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу

  9. Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бастауыш сыныпта жүргізілетін мазмұндама, шығарма жұмыстарының барысында оқушылар:

  • білімдерін бекітеді;

  • өз беттерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады;

  • яғни зейін қойып тыңдай біледі;

  • белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай біледі;

  • сұрақ қоя біледі;

  • қажетті деректерді тере алады;

  • сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруы сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

    • тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

    • арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

    • сөзжұмбақ құру, шешу;

    • шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру;

    • әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу;

    • қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

    • ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру, осы әңгіменің мазмұнына, мағынасы кері әңгіме құру;

    • мазмұндама түрлерін жазу;

    • адасқан сөздерді орнына қою.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін-байыту, қиялын ұштастырумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Бастауыш сыныптарда балалар жазатын шығармаларды мынадай топқа жіктеуге болады:

  1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;

  2. Экскурсия бойьшша;

  3. Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т.б.) байланысты;

  4. Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар,

Шығарма жұмысына байланысты мынадай кемшіліктерді атап өтуге болады:
l) шығарма белгілі бір жүйеге негізделмеген;

  1. шығарманың ойдағыдай шықпауы жұмыс жоспарының болмауынан;

  2. шығарма мәтінінде бір сөздің әрі сөз тіркестерінің бірнеше рет қайталануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет