Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Жазбаша жұмыстарды жүргізудің мақсаттары, міндеттері, нысандары



бет4/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Жазбаша жұмыстарды жүргізудің мақсаттары, міндеттері, нысандары


Жаңартылған білім беру мазмұны еліміздегі орта білім беру жүйесіне үлкен жаңалық болып келді. Жаңа дүниелермен бірге оқыту кезінде әр түрлі жазба жұмыстарын орындату жүйесіне де өзгерістер кірді.


«Білім беру ұйымдары білім алушыларының «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндерінен жазба жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттар» бөлімінде жалпы жазба жұмыстарына байланысты әзірленген нормативті құжаттар қаралған. Байқағанымыздай жаңартылған білім беру мазмұны кіргеннен бері жазба жұмыстарының жаңа нормативтері жасалмаған.
Келесі «Жазбаша жұмыстарды жүргізудің мақсаттары, міндеттері, нысандары», «Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» бөлімдері мұғалімге көмек ретінде ұсынылатын талаптар жүйесін құрайды.
«Жазба жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» бөлімінде тіл мен әдебиет пәндерінен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ұсынымдар жинақталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жазылым дағдыларына негізделіп, үлгілері берілуі мұғалімдер үшін әдістемелік көмек болады деп саналады.
Үш тілде де жазылып жүрген жазба жұмыстарын қатар алып, талдаудың маңызы зор. Әр тілдің мамандары тек өздеріндегі жазба жұмыстарды ғана емес, өзге тілдегі ерекшелік пен ұқсастыққа бір мезетте қарау мүмкіндігі туып отыр. Мәселен, орыс тіліндегі немесе, ағылшын тіліндегі жазба жұмыстардың жалпы атауы бірдей болып тұрғанымен тілдің өзіндік ерекшелігі мен пәннің мақсатына сай ерекшеліктері бар. Үш тілдегі жазба жұмыстарын біріктіріп беру
– әдістемелік ұсынымның негізі мақсаттарының бірі.
Жаңартылған білім беру мазмұнында жалпы жазба жұмыстарын орындатуға байланысты жеке әдістемелік көмекші құралдардың болмауы аталған әдістемелік жұмыстың маңыздылығын арттырады.
Жалпы жазба жұмыстарының түрлері оқушылардың БЖБ, ТЖБ жазу кезінде де жаңа формаларда беріле бастады. Мысалы, диктант, мазмұндама, шығарма, эссе сияқты жазба жұмыстары іштей әр түрге жіктеліп беріледі.
Оқу мақсаттарына негізделген жазба жұмыстарының түрлері қазақ тілі пәні бойынша әр алуан. Мәселен, 6-сыныптар бойынша қазақ тілі пәнінде: күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, эссе, постер, сызба-кестелер деген түрлері берілген. Осы жазба жұмыстарын орындату барысында мұғалімге көмек ретінде ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме өз мақсатына жеткен деп санауға болады.
Сонымен қатар эссе және оның түрлеріне байланысты ұсынылған әдістемелік талдаулар мен эссе үлгілері де мұғалім еңбегін жеңілдетеді деп саналады.
Бүгінгі күні мектеп мұғалімдері әр түрлі курстардан үйренген және жеке бастамаларымен жасап алған талаптар бойынша жазба жұмыстарын алып жүр. Себебі, біріздендірілген, жинақталған әдістемелік құрал жоқ. Осындай олқылықты толықтыру мақсатында дайындалған әдістемелік ұсыным өзінің өзектілігін айқындайды.
Мақсаты - мектеп бағдарламаларында оқу мақсаттарында қарастырылған жазба жұмыстарының талаптары, орындату әдістері және жазба жұмыстарының жазылу үлгілерін мұғалімдерге көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсыну.
Міндеттері:

  • Үлгілік оқу бағдарламаларындағы жазба жұмыстарының түрлерін анықтап, дайындау;

  • Жазба жұмыстарының сипаттамаларын, анықтамаларын сыныптар бойынша әзірлеу;

  • Сыныптар бойынша жазба жұмыстарының үлгілерін дайындау;

  • Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын орындатудың әдістемелік ұсынымдарын жасау.

«Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымы жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдеріне көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет