Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет50/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Мақала – жоғары сыныпта мақала жазу күрделенеді. Мақаланың төрт түрге бөлінетіндігіне тоқталамыз. Олар:
Бас мақала - заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді;
Проблемалық мақала - шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді;
Насихаттық мақала - ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;
Публицистикалық мақала -қоғамдық әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Мақала жазу алгоритмі

  1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Бір мақала – бір мағына, бір тақырып.

  2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса, тіпті керемет. Себебі, тақырып – мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын

қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам.

  1. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.

  2. Әр сөзіңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың көлемі бірдей болғаны жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

  3. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыштан басталып, баяндауышпен аяқталғаны дұрыс. Түсініксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

  4. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет