Интервью жүргізушінің рөлі басым.
Респонденттің құзыры артып, соңында ол өмірін, кәсібін баяндаушыға айналып шыға келеді.
Талаптары:
Сұрақтардың орынды, тек тақырыпқа сай қойылуы.
Интервью алу барысында 2-сұраққа сұқбат беруші жауап берсе, келесі сұрақты қоймау.
Сұхбат алушының намысына тиетін сұрақтарды қоймау.
Сұхбат жазудың талаптары:
Сұхбат беруші адаммен сәлемдесіңіз.
Сұхбат беруші адамға сұхбат алу мақсатыңызды хабарлаңыз.
Неге дәл осы сұхбат берушіні таңдағаныңызды түсіндіріңіз.
Сұхбат алудағы мақсатыңызға орай сұрақтарды іріктеп қойыңыз.
Сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолданыңыз.
Сұхбат беруші толық жауап қатпағанда қайта бағыттау сұрақтарын қойыңыз.
Сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарыңызды өзгертіңіз.
Сұхбат берушіге алғыс білдіріңіз.
Төмендегі ұяшықтарды пайдаланып сұхбат жазыңыз.
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен бекіту процессі. Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады. Тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі. Оқушылар жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болатынына назар аударады. Оқушылардың өз ойлары жинақы мәтінге
қосылмауы қадағаланады. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.
Мәтінді мазмұндық өңдеу:
Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу
Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай...,
«Ұлан» газетінде ..., Мақалада « » берілген, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |