Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет52/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

сынып бойынша:


  • мақала, аннотация, баспасөз парағы, тезис, үндеу жазу (ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдану);

  • эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу);

  • мәтін (тақырып бойынша жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация);

  • кәсіби және публицистикалық бағыттағы мәтіндер (басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу).

Оқу мақсаттары:


11.4.1.1 ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, аннотация, үндеу, баспасөз парағын жазу;
11.4.2.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
11.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу;
11.4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация);
11.4.5.1 ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру;
11.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
Ғылыми стиль зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет) қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет