Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет46/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

сынып бойынша:


  • шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жазу (мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап);

  • эссе (құрылымы мен дамуын сақтап, өз ойын дәлелдеп жазу, жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу, түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану).

Оқу мақсаттары:


9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация, нұсқаулық, шағын мақала, шолу жазу;
9.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу;
9.4.3.1 жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу
9.4.4.1 тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу
9.4.5.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу; сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Шағын мақала - жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз.
Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз.
Мысалы, газетке шығатын мақала баяндау формасында, тым ғылыми емес болуы керек. Бірақ ауызекі сөздерді пайдаланбау керек. Ғылыми мақала эссе форматында 5 параграфтан тұратын ғылыми тілде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет