40
2.5.7 Қағаз құймаларының оптикалық қасиеттерін зерттеу
Қағаздың ақтығы ISO, CIE D65/10° и CIE С/2° стандарты бойынша
Konica
Minolta
фирмасының
«CM-2500»
модельді
портативті
спектрофотометрінің көмегімен жүзеге асты.
ISO (МЕМСТ 30113-94) бойынша ақтықты анықтау әдісі 457 нм
толқынның тиімді ұзындығы кезінде спектрдің көк аймағында 100 % - ға
қабылданатын абсолюттік шашыратқыштың шағылысу коэффициентіне
қатысты үлгілердің жарық өткізбейтін
табанының беттік диффузды
шағылысу коэффициентін өлшеуге негізделген. Спектрдің көк аймағындағы
диффузиялық шағылысуы немесе ақтығы – құралдағы тиімді толқын
ұзындығы 457 нм болатын ішкі диффузиялық шағылысуы.
CIE D65 / 10° жарық беруші бойынша ақтықты анықтау әдісі (күндізгі
жарық МЕМСТ Р ИСО 11475-2010) қағаз бен қатырма қағаз бетінің
энергетикалық жарықтылық коэффициентін толқынның 457 нм
тиімді
ұзындығы (ИСО бойынша ақтық немесе жарықтық) кезінде, спектрдің көк
аймағында, диффузды шағылысу коэффициентін өлшеуге қарағанда,
спектрдің толық көрінетін аймағында (CIE бойынша ақтық)
өлшеуге
негізделген.
CIE С/2° жарық беруші (жасанды жарық беру МЕМСТ Р ИСО 11476-
2010) бойынша ақтықты анықтау әдісі
CIE D65/100 бойынша ақтықты
анықтау әдісіне ұқсас. Бөлмедегі күндізгі
жарыққа сәйкес, ультракүлгін
жарықты қамтитын болғандықтан, оңтайлы жарық беруші ретінде С
таңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: