Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата19.12.2023
өлшемі3.73 Mb.
#487121
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
целлюлоза

 
 
5 Сурет – Қағазға арналған кептіргіш құрылғы 
Алынған қағаз тұрақты массаға дейін бөлме температурасында 
пресстеп кептірілді. 6-суретте алынған қағаз үлгіледі көрсетілен.
 
 
1 – құрамында желім жоқ қарасора целлюлозасынан алынған қағаз; 2 – құрамында 
«BASF» маркалы желімнің 1 мл бар қарасора целлюлозасынан алынған қағаз; 3 – 
құрамында «BASF» маркалы желімнің 2 мл бар қарасора целлюлозасынан алынған қағаз; 
4- құрамында «BASF» маркалы желімнің 3 мл бар қарасора целлюлозасынан алынған 
қағаз; 5 – құрамында желім жоқ сұлы сабанының целлюлозасынан алынған қағаз; 6 – 
құрамында «BASF» маркалы желімнің 1 мл бар сұлы сабанының целлюлозасынан 
алынған қағаз; 7 - құрамында желім жоқ күріш кебегінің целлюлозасынан алынған қағаз.
6 Сурет – Әртүрлі ағаштекті емес шикізат целлюлозаларынан алынған 
қағаз үлгілері


36 
2.5 Зерттеу әдістері
Зерттеулер Satbayev University инженерлік профиль зертханасында, 
Полимерлі материалдар мен технологиялар институтында (Алматы қ.), Орал 
мемлекеттік орман техникалық университетінің целлюлоза-қағаз өндірісі 
технологиясы және полимерлерді қайта өңдеу кафедрасының оқу-зерттеу 
зертханасында (РФ) жүргізілді 
 
2.5.1 Оптикалық эмиссиялық спектрометрия (ICP-OES) және 
плазмамен индуктивті байланысқан масс-спектрометрия (ICP-MS)
әдістері
Талшықтарды сипаттау үшін Lorentzen & Wettre (Швеция) 
фирмасының Fiber Tester анализаторы пайдаланылды. Целлюлоза шикізаты 
және үлгілері оптикалық эмиссиялық спектрометрия (ICP-OES) және 
плазмамен 
индуктивті 
байланысқан 
масс-спектрометрия 
(ICP-MS) 
әдістерімен сипатталды.
Екі сараптама үшін өсімдік материалының үлгілері ETHOS 1 Advanced 
Microwave Digestion System, Milestone (Италия) аппаратында микротолқынды 
бұзу әдісімен дайындалды. Өсімдік материалы (шамамен 0,50 г) мен 
ерітіндісі (7 мл HNO
3
(65 %) және 1 мл (30 %)) бар кюветалар герметикалық 
жабылып, микротолқынды пештің айналмалы роторына орналастырылды. 
Температуралық бағдарламада жүйе температурасы 200 °C дейін көтеріліп, 
сол температурада 10 мин бойы тұрады.
Ағаштекті емес өсімдік шикізатынан алынған целлюлозды материалдар 
үшін үлгілер келесі түрде әзірленді: үлгі (0,50 г) ілмесіне 3 мл HNO
3
(65 %) 
және 9 мл H
2
O
2
(30 %) қосылады. Кюветалар герметикалық жабылып
микротолқынды 
пештің 
айналмалы 
роторына 
орналастырылады. 
Температуралық бағдарлама: алғашқы 5 мин температура 90 °C дейін 
көтеріледі, кейін 10 мин 140 °C дейін көтеріледі, одан кейін 5 мин уақытта 
180 °C дейін температура көтеріліп, 10 мин 180 °C температураны сақтап 
тұрады. Бірінші және екінші сериядағы микротолқынды бұзу аяқталғаннан 
кейін үлгілер фильтрленеді, ерімейтін тұнба алынады, көлемі 50 мл өлшегіш 
колбада сұйылтылады.
ICP-OES-әдісімен макро- және микрокомпонеттердің концентрациясы 
анықталады. 2 % (об./об.) HNO
3
-тың стандартты ерітінділерінің сериясы 
әзірленді. 
Есептеу 
үшін 
стандартты 
калибраторлық 
ерітінділер 
пайдаланылды. ICPOES-әдісімен сандық бағалау үшін қолданылатын 
эмиссионды сызықтардың толқын ұзындығы: Al – 394,4; 396,1 нм; Fe – 238,2; 
259,9 нм. 
ICP-MS-әдісімен үлгілердегі элементтердің іздік және ультраіздік саны 
анықталды. 1 % (об./об.) HNO
3
-тың стандартты ерітінділерінің сериясы 
әзірленді. 
Есептеу 
үшін 
стандартты 
калибраторлық 
ерітінділер 


37 
пайдаланылды. ICP-MS-әдісімен элементтерді сандық бағалау үшін 
қолданылған изитоптар: Cr 52; Rb 85; Cd 112, 114. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет