Республикасының аумағында өсіріліп жатқан, ағаштекті емес біржылдық


 Техникалық целлюлозаны алу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата19.12.2023
өлшемі3.73 Mb.
#487121
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
целлюлоза

 
2.3 Техникалық целлюлозаны алу әдістемесі
 
Ағаштекті емес өсімдік шикізатынан сатылы сілтілі органосольвентті 
қайнатумен целлюлоза алудың ең қолайлы әдісі [66] әдебиетте сипатталған, 
бейімделген нұсқа осы жұмыста қолданылған. 
Ағаштекті емес өсімдік шикізатынан техникалық целлюлозаны алу екі 
сатыда жүргізілді: бірінші саты – сілтілі өңдеу, екіншісі – органосольвентті 
қайнату. Екі саты да зертханалық LR-2.ST реакторлы жүйесінде жүргізілді.
Бірінші сатыда NaOH сулы ерітіндісімен шикізатты өңдеу келесі 
жағдайларда жүзеге асады: гидромодуль 1:10; NaOH концентрациясы 0,2-1н.; 
сілтінің шығымы 9,6-48,0 %; өңдеу температурасы 90 °С; температураның 
көтерілу ұзақтығы – 15 мин; сілтілі өңдеудің ұзақтығы 60-240 мин. Алынған 
талшықты материал дистилденген сумен бейтарап ортаға дейін жуылады
ауада кептіріледі және талдалады.
Екінші саты (органосольвентті қайнату): талшықты материалды тепе-
тең перуксус қышқылымен (тПУҚ) келесі жағдайда өңдеу: сұйық модуль 
1:10; өңдеу температурасы – 90 °С; температураны көтеру ұзақтығы – 20 
мин; өңдеу ұзақтығы – 90 мин; а.с.с. шамасынан 0,8 г-нан 1г тПУҚ 
айналдырудағы 
қаунату 
композициясының 
шығымы. 
Қайнату 
композициясының құрамы: тПУҚ, а.с.с. массасынан 0,01 % мөлшеріндегі 
пероксидті 
байланыстардың 
ыдырау 
тұрақтандырғышы. 
Қайнату 
аяқталғаннан кейін алынған техникалық целлюлозаны бейтарап реакция 
пайда болғанша дистилденген сумен жуады.
2.4 Қағаз құймаларын алу 
 
Тұрақты массаға дейін кептірілген целлюлоза үлгілері 0,20л сумен 24 
сағат аралықта периодты араластыру арқылы ұнтақталады. 3-суретте суда 
ұнтақталған целлюлозаның жалпы көрінісі бейнеленген.


34 
 
 
3 Сурет – Суда ұнтақталған целлюлоза 
Біртекті массаны алу үшін целлюлозаға 0,75л су қосылып, блендермен 
30с ұнтақтақталды (4 Сурет). Қағаз құймаларын қалыптастыру үшін 
целлюлозалы массаға әртүрлі қатынаста (1-3 мл) BASF желімі қосылады. 
4 Сурет – Целлюлозадан алынған қағазды масса 
 
Кептіру процессі қағазды заттарды кептіру құрылғысында 80 °C 
температурада 5 мин жүргізілді. 5-суретте кептіргіш құрылғының жалпы 
көрінісі көрсетілген.


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет