Құрметті студенттер!



бет13/27
Дата17.06.2016
өлшемі2.47 Mb.
#142407
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

050906 (06)



Пәннің аталуы

Дирижерлау 2

Қысқартылған атауы

Dir2

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Жомартова Ғ.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -15, ОСӨЖ -15, СӨЖ -15 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Фортепиано», «Сольфеджио», «Арнайы музыкалық аспап», «Музыка тарихы», «Оркестр класы», «Оркестр партитурасын оқу», «Аспаптану».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Дирижерлау» пәнінің мақсаты – музыкалық кәсіби деңгейі жоғары, жетік білімді, озық ойлы маман иесін даярлауда. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Ортақ іске деген ұйымшылдығы қалыптасып, жауапкершілік сезімі жоғарылайды. «Дирижерлау» класында қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ орындаушы дирижердің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Әр қолдың қимылындағы дербестігін дамыту жолдары /координация/. Фермата. Оның түрлері. Ферматаны дирижерлау тәсілдері. Дирижерлау кезеңіндегі үзіліс. Оның түрлерін (люфтпауза, генералды пауза т.б.) дирижерлау жолдары. Сол қолдың көркемдік қимылдарының көрсету ерекшеліктері. Күй жанры. Күйлерді дирижерлау ерекшеліктері. Күйлердің мазмұнын ашу жолдары. Ноталық мазмұнымен жұмыс, авторлары жайында мәлімет беру және күйлердің аңыз-әңгімелерін білу. 3/8,5/8 тактілеу схемаларын меңгеру. Музыкалық шығарманың өрлеу, шарықтау шегіне жету (кульминация) және қайта құлдырау кезеңдерін дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін созылыңқы дыбыстар, паузаларды т.б. дирижерлау тәсілдері. Дирижерлауда кездесетін белсенді қимылдарымен жұмыс жасау (акцент, сфорцандо, қатты дыбыс күші т.б.). Шығармадағы дирижерлық қиыншылықтарымен жұмыс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)



4- СЕМЕСТР

Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

әлеумет.

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Рысбаева С.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ– 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Философия», «Мәдениеттану», «Этика»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді.

Мазмұны

Лекция: Әлеуметтануәлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың ролі. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, өзара әрекет механизмдері, әлеуметтік қауымдастықтың әрекет ету және даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Әлеуметтанудың әдістемесі. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы. О.Конт - әлеуметтанудың негізін салушы.

Практикалық сабақтар: Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы. XX ғ. әлеуметтануы. А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы. В.Паретоның циклдық өзгерістер теориялары. П.Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон). М.Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы "веберлік ренессанс". Жаңа тарихи өлеуметтану. " Р.Мертон, Н.Смелзер және т.б. еңбектеріндегі нақты тарихи мәселелер мен оларды әлеуметтанулық талдау. Ресейдегі әлеуметтанулық ойлаудың дамуы. ХІХ-ХХ ғғ. қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастары: Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және т.б. қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың институционализациясы

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады /емтихан.



Пәннің аталуы

Экономика теория негіздері

Қысқартылған атауы

ЭТН

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Ауешова К.Ж.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі, ағытшын тілі

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық –15,ОСӨЖ – 30, СӨЖ– 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитері: Жоғарғы оқу орындарынын бағдарламасына сәйкес көлемдегі білім алу үшін студент әдебиеттерімен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

экономикалық талдаудың қазіргі кездегі әдістерін және экономикалық модельдерді қолдану мен құру дағдыларын меңгеру; практикалық сұрақтарды шешу үшін теориялық әзірлемелерді қолдану бойынша іскерліктерді табу және экономикалық құбылыстарды сипаттаудың функционалдық методологиясын меңгеру.

Мазмұны

Лекция: Қоғам дамуындағы экономикальқ теорияньң орны мен рөлі. Экономикальқ теорияның негізгі мәселелері. Экономикалъқ удерістерді оку әдастері, ерекшешктері. Эконо­микалык даму заңдары мен категориялары және негізгі түсініктемелері. Экономикалық дамуның негізгі моделі экономикалық дамудағы тауарлы - каржылық қатынастар және нарьқ рөлі мен мәні. Постсоциалистік елдердегі нарыктық калыптасу зандары және олардьң кұралу ерекшелисгері, нарыктың негізгі заңдары мен категорияла­ры, жеке ұдайы өндірістік кағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өнддрістік факторлар нарыгыньщ ерекшеліктері, олардың бағасы мен табысы.

Практикалық сабақтар: Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара әрекеті, макроэкономикалық қалыптасу заңдылыктары, экономикалық өсу және оның түрлеріэ экономикалық цикл және әлеуметік-экономикалық цикл мәселелері. Экономикалық; өсуді қамтамасыз етудегі ақша несие және қаржылық саясатыньщң рөлі. Әлеумeтік саясагтың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың белгісіздік жағдайында пайда болған негізгі формалары. Макроэкономиалыө статистика.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Берілген курсы оқу нәтижесінде студенттер экономикалық процесстерді және құбылыстарды сипаттау және болжау үшін, сонымен қатар практикалық ұсыныстарды өңдеу үшін экономикалық модельдер мен әдістерді қолдану бойынша дағдаларды меңгереді/емтихан.



Пәннің аталуы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ҚН

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекции, практические, СРСП, СРС

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ж.:

Козыбакова С.А.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Английский, русский

Оқу жоспармен сайкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттар саны

Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Философия»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студенттер келесідеу түсініктреді меңгереді: қылмыстық заң, қылмыстық заңның қызметі, қылмыс, қылмыс құрамы жазалау, соттау шарттары.

Мазмұны

Лекция: “Құқық негіздері” курсы пәні және оның жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы. Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Құқықтық қатынастар. Заңды мінез-құлық және құқық бұзушылық. Заңдық жауапкершілік. Қазақстан Республикасының негізгі құқық саласы–Конституциялық құқық. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық. Әкімшілік жауапкершілік. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық шарттарының жекелеген түрлері. Мұрагерлік құқық. ҚР отбасы құқығы негіздері.

Практикалық сабақтар: Құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру және оның негіздері. ҚР салық жүйесі. ҚР еңбек құқығы. Еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. ҚР қылмыстық құқық негіздері. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Адам мен азаматтың жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар. ҚР сақтандыру құқығы. Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқық негіздері. ҚР іс жүргізу құқығы. Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері.

Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Курсты меңгеріп болғанна кейін студенттер қазіргі қоғамдағы құқықтық орны мен ролі, қтандық құқықтың салаларын дамыту тенденцияларын меңгеру/емтихан.

050906 – (01, 03, 04, 06)



Пәннің аталуы

Мәдени-тынығу жұмысы тарихы мен теориясы

Қысқартылған атауы

МТЖТМТ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә

Атемова Г.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практика 15, СӨЖ 30, ОСӨЖ 30

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: Көркемөнер тарихы және теориясың, Музыка тарихы, Көркемөнер шығармашылығы

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Оқу-процесінде студенттер мәдени-тынығу жұмыстарының әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде мәнін түсініп, бүгінгі күн талабына сай оның тиімділігіне баға беруге үйренеді. Бос уақытты ықтималды ұйымдастыру саласындағы кәсіби-еңбек қызметіне оң психологиялық үстаным қалыптастыруға алғышарт жасайды. Кәсіби біліктілік, білім, дағды қалауға үйретіп, болашақ қызметтің негізін құрудың жолын керсетеді.

Мазмұны

Дәріс сабақтары: Соғыстан қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру мен одан әрі қарай дамыту жылдарындағы мәдени-тынығу жұмыстары (1946-1952 жж.). Социалистік қоғам құрылысын дамыту күресі жарияланған жылдар барысындағы мәдени- тынығу жұмыстарының сипаты (1952-1961 жж.). 1962-1970 жылдардағы мәдени- тынығу жұмыстары. 1971-1985 жж. аралығы Кеңес қоғам құрылысын кемелдендіру күресі жылдарындағы мәдени- тынығу жұмыстары. Мәдени- тынығу жұмыстары мәселелерінің 80-ші жылдардың екінші жартысы және тәуелсіз мемлекет жағдайындағы ахуалы мен тенденциясы. Мәдени-тынығу жұмысы методологиясы негізі. Мәдени-тынығу жұмыстарының әлеуметтік қағидалары мен функциялары. Мәдени-тынығу жұмыстарының жалпы әдістемелік негіздері. Мәдени-тынығу жұмысының әлеуметтік-педагогикалық жүйе және педагогикалық процесс саналуы. Мәдени-тынығу жұмыстарының формалары, әдістері мен құралдары. Мәдени-тынығу жұмыстарының нысаны мен субъектісі. Мәдени-тынығу мекемелері жүйесі және олардың қызметін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері. Жастар мәдени орталығының қол бос уақытта тынығу-шұғылдануды ұйымдастырудың перспективалы формасы саналуы. Кітапханадағы мәдени-тынығу жұмыстары. Мұражайлардағы мәдени-тынығу қызметі. Мәдени және демалыс саябақтарындағы мәдени-тынығу қызметтері. Мектептен тыс, басқада арнаулы мекемелердегі мәдени тынығу жұмыс ерекшеліктері. Мәдени- тынығу мекемелерінде тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жоспарлауын әдістемесі. Мәдени-тынығу мекемелері қызметі тиімділігінің педагогикалық шарттары.

Практикалық сабақтар: Мәдени–тынығу жұмыстарының нысаны мен субъектісі. Клуб мекемелерінің мәдени-тынығу жұмысы кешенді институты саналуы. Клуб мекемелерінің орнықты моделі. Жастар мәдени орталығының қол бос уақытта тынығу-шұғылдануды ұйымдастырудың перспективалы формасы саналуы. Кітапханадағы және мұражайлардағы мәдени-тынығу жұмыстары. Мәдени және демалыс саябақтарындағы мәдени-тынығу қызметтері. Мәдени-тынығу мекемелерінде тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жоспарлау әдістемесі. Мектептен тыс басқа да арнаулы мекемелердегі мәдени-тынығу жұмыс ерекшеліктері. Мәдени-тынығу мекемелері қызметі тиімділігінің педагогикалық шарттары.

Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Бос уақытты ықтималды ұйымдастыру саласындағы кәсіби-еңбек қызметін қалыптастыру, кәсіби біліктілік, білім, дағды қалауға үйретіп, болашақ қызметтің негізін құрудың жолын керсетеді./Емтихан

050906 – (01, 03, 04, 06)



Пәннің аталуы

Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері

Қысқартылған атауы

МТЖҰД

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә

Атемова Г.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практика 30, СӨЖ 45, ОСӨЖ 45

Еңбек сыйымдылығы

135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

Кредит 3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері: Той мерекелік салт-дәстүрлер, Бос уақытты бұқаралық көркем ұйымдастыру, мәдени - тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері, көркемөнер ұжымының оқу - тәрбиелік жұмыстары, мәдени- тынығу жұмыстарының тарихы мен теориясы.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Мәдени мұраның кең саласын қамтиды. Оның көпсалалығы тұрмыс тіршілігі мен тынығу әрекеттерінің тығыз байланыстылығында. Сол себептен ұлттық салт - дәстүрлерді халқына қайтау арқылы, заман талабына сай өңдеуден өткізіп, мәдени оралымға енгізу халықтың мәдениеті дамуына кәсіби ықпал ету

Мазмұны

Дәріс сабақтары: Мәдени - тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің теориялық негіздері. Дәстүрлі тынығу мен бос уақыт және оның ерекшелігі. Көшпенділік өмір салтына байланысты тынығу әрекеттерінң қалыптасу ерекшеліктері. Мәдени – тынығу әрекеттеріндегі салт, дәстүр, әдет, ғұрып ұғымдары. Мәдени-тынығу жұмыстары ұлттық дәстүрлерінің міндеттері. Мәдени - тынығу әрекеттерінің жіктелуі. Балалар мен жастарды қарым-қатынас мәдениеттілігіне баулу дәстүрлері. Мәдени-тынығу жұмысы және дәстүрлі шешендік сөз өнері. Қарым - қатынас мәдениетін дамытудың ұлттық дәстүрлері. Қазақ халқындағы жастардың дәстүрлі ойын - сауық түрлері. Қазақ халқының ұлттық фольклоры және оның мәдени құндылығы. Көркемөнер мәдениеті және оның түрлері. Қазақ қолөнері құндылығы. Қазақ халқындағы отбасылық дәстүрлер және оның түрлері. Қазақ халқының ұлттық мерекелері және олардың мазмұны. Ұлттық табиғат құбылыстарына қатысты салт - дәстүрлер. Қазақ салт - дәстүрлерін мәдени - тынығу жұмысы саласында дамыту мәселелері. жаңғырту жолдары.

Практикалық сабақтар: Мәдени - тынығу жұмысы ұлттық дәстүрлерінің теориялық негіздері. Бос уақыт мәдениеттілігінің құрылымы. Ұлттық және адамзаттық мәдениет. Дәстүрлі мәдениет және оның негізгі ұғымдары.

Бос уақыттағы мәдени іс-шараларды топтау. Мәдени-тынығу ісінің ұлттық салалары. Қарым-қатынас мәдениетін дамытудың ұлттық дәстүрлері. Дәстүрлі мәдениеттегі шешендік өнер дамыту формалары мен жолдары. Қарым - қатынас мәдениетін дамытудың ұлттық дәстүрлері. Қазақ халқындағы жастар қарым - қатынасын қалыптастыру дәстүрлері. Дәстүрлі тәрбие және фольклордың өзара бірлігі. Дәстүрлі көркемөнер мәдениеті. Ұлттық қолөнер мәдени құндылық ретінде. Қазақ халқындағы отбасылық мәдени-тынығу әрекеттері. Еңбек, шаруашылық мерекелері. Табиғат құбылыстарына байланысты салт-дәстүрлер мен мерекелер. Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлерін дамыту жолдары.



Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Ұлттық салт - дәстүрлерінің теориялық негіздерін бағыттары мен түрлерін, олардың мазмұнынан білім беріп, өңдеу, өмір салтына енгізу жолдарын анықтау./Емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет