Құрметті студенттер!



бет24/27
Дата17.06.2016
өлшемі2.47 Mb.
#142407
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

050906 (04)



Пәннің аталуы

Хор класы

Қысқартылған атауы

HK

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Казақ, Орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30, ОБСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Хор жүргізу, Дирижерлау техникасының негіздері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Хор (академиялық) ұжымының жетекшілерін дайындау; студенттердің көркемдік талғамдарын, хор өнеріне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Оқу хрымен жұмыс істеу – хор класының негізгі оқыту формасы. Хор класы дирижерлық хор мамандануының арнайы циклінің орталық пәні ретінде оқытылады. Оқу пәндері арасында «Хор класы» пәні орталық орынды иеленеді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ұзақ музыкалық фразаларда өзінің ән айтудағы тынысын тиімді пайдалануы, хордағы әншілердің тынысын дұрыс ұйымдастыру, әншілік дыбысты жоғары және төменгі ән айту форманталарын қолануда қалыптастыруды, ән айтудың әртүрлі атакаларын қолану «жұмсақ, қатты), әртүрлі штрихтарды артикуляциалауды. «штрихтар –legato, non legato, staccato, portamento.)

050906 (06)



Пәннің аталуы

Оркестр класы3

Қысқартылған атауы

OК3

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жомартова Ғ.Р., Мейірбеков Б.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар-30, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30.

Еңбек сыйымдылығы

90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Сольфеджио», «Музыка тарихы», «Арнайы музыкалық аспап», «Дирижерлау».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Оркестр класы» пәнінің негізгі мақсаты – ұлт аспаптар оркестрінің шеберлігі жоғары орындаушысын даярлау. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Ортақ іске деген ұйымшылдығы қалыптасып, жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Оркестр класында қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ ұжым жетекшісінің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Ойын тәсілдерінде бірізділік сақтау жолдары. Шығарманың фразировкасымен жұмыс жасау. Қурманғазы «Ақбай»-парақтап оқу

Тақырып4. Тәттімбет «Қосбасар»I-түрі парақтап оқу. Шығармалардың агогикалық өзгерістерімен жұмыс жасау әдістері. Тілендиев Н. «Махамбет» - оркестрлік функцияларының байланысы. Шығармадағы штрихтар ерекшелігі. Төкпе күйлерді орындау ерекшеліктері. Қурманғазы «Сары-арқа» - нота үлгісі,штрихтар. Дәулеткерей «Қыз Ақжелең». Шертпе күйлерді орындау ерекшеліктері. Әшімтай «Қоңырқаз» - аппликатура, штрихтар. Сүгір «Кертолғау» -ойын тәсілдерінде бірізділік сақтау. Күйлердің мазмұның ашу жолдары. Румын халық биі «Жаворонок» әуен мен аккомпанемент байланысын меңгеру.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентация, фонотекалар.

050906 – (01)



Пәннің аталуы

Бос уақыт педагогикасы және шет елдерде бос уақытты ұйымдастыру

Қысқартылған атауы

БУПжШЕБУҰ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ., практикалық., СӨЖ, ОСӨЖ ,

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә

Атемова Гульзада Тұрсынқызы

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент МК

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15., практикалық -15., СӨЖ/ 30., ОСӨЖ/ 30

Еңбек сыйымдылығы

90

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиттері: Бос уакытты көркемдік-бұқаралық ұйымдастыру

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курс мақсаты мен міндеттері

Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік- педагогикалық әдістемесі''- ''Бос уақытты ұйымдастырушы- педагогының'' мамандану пәні болып табылады. Пән болашақ мектеп және мектептен тыс мекемелердегі мәдениет сарайлары мен оқушылар сарайларындағы бос уақытты ұйымдастырушы – педагогтардың бос уақыттың мәдениеттілігі ісі саласындағы әр түрлі іс шаралардың сценарийін жазуға, сондай-ақ оның режиссурасы мен ұйымдастыруға қатысты білімдерін, қабілеттерімен дағдыларын қалыптастырудағы лайықталған пән болып саналады.



Мазмұны

Жеке сабақ:

Орталық Европада бос уақыт мәдениеттілігі ісінің өркендеу тарихы. АҚШ –да бос уақыт мәдениеттілігі ісін ұйымдастыру. Скауттық ұйымдар тарихы Жас ерекшелігіне жіктелуіне орай бос уақытты ұйымдастыру Жазғы бос уақыт мәдениеттілігі ісін ұйымдастыру ерекшеліктері. Шет елдерде бос уақыт мәдениеттілігі ісін ұйымдастыру үшін кадрлар даярлау жүйесі. Карнавалдар және маскарадтар тарихы Бос уақытты зерттеудің ғылыми-әдістемелік талдамалары (шет елдерде) Жас ерекшелік жіктелуіне орай бос уақыт методикасы Жыл мезгілдеріне байланысты шет ел бос уақыт мәдениеттілігі ісі



Практикалық:

«Шет елдерде бос уақытты ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері, пәні, объектісі. Шет елдердегі бос уақыт мәселесі.ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар-дағы Англия мен АҚШ – тағы бос уақытты ұйымдастыру.ХХ ғасырдағы Англиядағы бос уақытты ұйымдастыру тарихы.. Англия мен АҚШ – та бос уақытты ұйымдастырудың қазіргі жағдайы. Скауттық ұйымдар жұмыс мазмұны Шет елдердегі демалу мекемелерінің ұйымдастырылуы, мазмұны және методикасы Шет елдерде жас ерекшелігіне жіктелуіне орай бос уақытты ұйымдастыру негіздері. Селолық және қалалық жерлерде бос уақытты ұйымдастырудың ерекшеліктері. Жазғы бос уақыт мәдениеттілігі ісін ұйымдастыру ерекшеліктері Шет елдерде бос уақытты ұйымдастыруда спорттық ойындардың ролі

Шет елдерде бос уақыт мәдениеттілігі ісін ұйымдастыру үшін кадрлар даярлау жүйесі.



Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Емтихан

050906 – (03)



Пәннің аталуы

Режиссура

Қысқартылған атауы

Р

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық., жеке сабақ, СӨЖ, ОСӨЖ ,

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә

Емкулова А.И., Жандарбеков А., Туреханов К.Е

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент., МК

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, жеке сабақ – 15, СӨЖ/ 30., ОСӨЖ/ 30.,

Еңбек сыйымдылығы

90

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиттері Актер шеберлігі., Сахна тілі

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Курс мақсаты мен міндеттері:

Режиссура курсы арнаулы мамандану пәні болып саналады. Пәннің негізгі мақсаты-студенттердің мамандану бойынша қажетті білім алып, режиссура ілімінің негіздерімен танысуына бағдар беру.

режиссерлық жаттығулар, этюдтар, пьеса үзінділерімен өзіндік жұмыс, спектакльдің қойылымдық жоспары, режиссерлық ой-түйіні; дайындық процесі, ,музыкалық және көркемдік безендіру жұмысы, «Режиссура негіздерің курсына теориялық, тәжірибелік және жеке дәрістер енеді. Студенттерді оқытып-үйрету кезеңдерінің қорытындысы олардың мамандану тәжірибесінде өтіп, өзіндік режиссерлық жұмысын көрсету болып саналады.


Мазмұны

Практикалық:

Театр - өмір айнасы. . Театр өнерінің ерекшеліктері. Драматургия – театр өнерінің негізі.. Театр өнерінің компоненттері режиссер көркем-идеялық ұйымдастырушы Режиссердің өміршең көзқарасы мен көркемдік мәдениеті.. Режиссер-театр ұжымының оқу-тәрбие жұмысын басқарушы және адамгершілік микроклиматын алыптастырушы.шығарманы сахналандыру. көркем шығарма таңдаусеместрдің негізгі мақсаты: шығарманы сахналандыру, оны қою Сахналандырылған шығарманың режиссуралық талдау

Шығармамен режиссерлік жұмыс. Пьеса мен рольдің әрекеті, тәсілі Режиссуралық талдаудың негізгі кезеңдеріҮзіндіні талдау-студенттің пьесамен жеке жұмыс істеу қорытындысы Пьесадан алған үзіндіні режиссуралық іске асыру Спектакльдің түпкі ойы-драмтургиялық шығарманы бейнелі эмоциямен көру

Курстық спектакльмен жұмыс Спектакльдің қойылым жоспары режиссердің түпкі ойын жеткізу жолы Курстық спектакль бойынша режиссерлық жұмыс Спектакльмен жұмыс Спектакльді ұйымдастыру мен сахна техникасын қамтамасыз ету Табиғаты мен жанры күрделі пьесамен өз бетінше режиссуралық жұмыс



Жеке сабақтар: Белгілі бір бейнелеу өнерінің кескіндемесін суреттеп оның тақырыптық-идеялық негізін әңгіме үлгісінде жеткізу. Берілген үш сөзге қисынды, тартысты қызық мазмұнды әңгіме құрастыру. Мысалдың тақырыптық негізін анықтау. Өзі таңдаған мысалдың тақырыптық –идеялық негізін , компазициялық құрылысын, драмалық қақтығысын анықтаумен қатар сахналық жүйесін жасап , қойылымын қою. Өзі таңдаған шет ел немесе ұлтымыздың қыл қалам шеберлері мен жазушыларымыздың шағын әңгімелерінің сахналық жүйесін жасап, оның қойылымын көркем мәнерлеу тәсілдері арқылы әсерлі етіп қою. Болашақ қойылымның режиссуралық талдауы. Қойылымның сахналық шешімі. Мизансцена. Режиссердің актерлармен жұмысы. Болашық спектакльдін музыкалық, шу. Жарық партитурасы. Монтаждық бет. Көріністер эскизі мен болашақ спектакльдің макеттік үлгісі.

Оқу жұмысының нәтижелері қорытынды бақылау түрлері

Емтихан

050906(04)



Пәннің аталуы

Дирижерлау

Қысқартылған атауы

Dіr

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5, 6

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Казақ, Орыс.

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-30, ОБСӨЖ-30,СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері:Музыка теориясы, Гармония, Сольфеджио, Хортану, Хорды дирижерлау

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттің нағыз дирижерлық, көркемдік- орындаушылық техникасын игеруі, студентті қажетті музыкалық ойлау жүйесімен қаруландыру; өзінің аспабына (хорға) қажетті ториялық және практикалық білімді игеруі.

Мазмұны

Жеке сабақ: Студентпен өткізілетін әрбір сабақ шығармашылықты тұрғыда ұйымдастырылады. Бір-бірімен мазмұны жағынан айырмашылықтары болғанымен, жекелеген сабақтардың ортақ заңдылықтыры болып, бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар: шығарманың таңдамасы; шығарманы орындау (тексті оқу және фортепианода ойнау), партитурадағы дауыстарды айта білу; дирижерллық міндеттерді анықтау, дирижерлау.Дирижерлаудың өз тарихымен даму кезеңдері бар.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Өз даусында дәл және мәнерлі түрде ән айта білуі және және де дұрыс дыбыс қаралуын көрсете білуі; өз қызметінде кәсіби лекцияны сауатты түрде қолдана білуі; кез-келген құрамдағы хор ұжымының, оның әрбір мүшесінің вокалдық және музыкалық ән салу қабілетінің дамуерекшеліктеріне ескере отырып, шығарманы таңдауды анықтай алатын дағдылары болуы.

050906 (06)



Пәннің аталуы

Дирижерлау 6

Қысқартылған атауы

Dir6

Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жомартова Ғ.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау бойынша компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақтар -30, ОСӨЖ -30, СӨЖ -30 .


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Музыка теориясы», «Фортепиано», «Сольфеджио», «Арнайы музыкалық аспап», «Музыка тарихы», «Оркестр класы», «Оркестр партитурасын оқу», «Аспаптану».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Дирижерлау» пәнінің мақсаты – музыкалық кәсіби деңгейі жоғары, жетік білімді, озық ойлы маман иесін даярлауда. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады.

Мазмұны

Жеке сабақтар: Клавирге түсірілген симфонияның бір бөлімін немесе программалық увертюраны дирижерлау. Орындаушылық жоспар жасау жолдары. Шығарманың музыкалық формасын талдау. Агогикалық өзгерістермен жұмыс. Шығармадағы кульминацияны дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Қол қимылындағы дербестік, еркіндік және мазмұндық сипаттарды ждамыту. Күрделі көлемдегі күйлерді дирижерлау. Күйді дирижерлау ерекшелігі. Күйлердің аңыщ-әңгімелерін білу. Күйдің формасын талдау жолдары. Күйдің екпіндік-ырғақтық тұтастығы. Күйлердің техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Күйлерде кездесетін люфтпаузаны дирижерлау тәсілдері. Агогикалық өзгерістермен жұмыс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет