Қырық қыз және күйеу тас. (Аңыз-поэма)
Орны бөлек Қазығұрттың аймағы,
Аңыздарға толы әрбір тау тасы.
Қорғандар-ай, үйіндіде қаңқасы,
Аңыздар да ақиқатқа жақындау,
Осы маңда сұлулықтың қаймағы.
Жазу жеткен балбал тастың арқасы.
Жартас шыңдар жаудан қорған қалқасы.
Ұлылықты жөн болады мақұлдау.
Сенбегендер балбал тастан үй салып,
Жиһаз жинап айналдырған сарайға.
Зәулім үйі құт болмаған алайда,
Тыныштығын әруақ бұзып, мазалар.
Тастап қашқан, күйінішті күй қалып,
Ашкөзділік опа бермес маңайда,
Қасиетті қаралаған талайға,
Түптің түбі жаза бар.
Ұқсас аңыз, нұр құйылып санамда,
Өгем, Таңмен, Қаржантаулар үндескен.
Үш аңыз бар бір-бірімен үйлескен.
Жанға жақын табиғаттың ғажабы.
Тіл жетпейтін керемет көп ғаламда.
Не айтамыз кешегіні білместен?
Өткен күндер, небір қайғы мұң кешкен.
Қатар жүрген рахаты азабы.
Ел аузында аңыз былай сақталған:
Серуенге шыққан қырық қыз гүл теріп,
Ару қыздар иманына шын берік.
Әрбір ауыз дуалы еді ол заман.
Қызғалтақтар көз қуантар тәтті арман,
Кенет шыққан жаулар жылдам үнге еріп,
Жалмауыздық жыртқыш аңдық күйге еніп,
Дәмеленген оңай түсер олжадан.
Мөлдіреген табиғатта сыр тұнған,
Осы маңда батыр жігіт қырағы.
Бақылайтын, көрші ауылда тұрағы.
Сырттай ғашық, сездіре алмас ынтығып,
Жауды көріп, үміт жібі қырқылған.
Құтқаруға жанын сала ұмтылған.
Ер екенін көрсететін күн туып.
Жанұшыра қыздар қашып жаулардан,
Құтқармасын біліп, дұшпан азабын,
Сезіп тағы арды таптар мазағын,
Бір Құдайдан жылап тілек тілеген.
Пана таппай небір әсем баулардан,
Бірте-бірте тасқа айналды ғажабым.
Қара түнек тұрып алды азалы үн,
Нет тілесең тәңір берер шын екен.
«Құтқарам»-деп жеткен батыр соңынан,
Тасқа айналған бірте-бірте ол дағы.
Бар амалын жасағанмен қолдағы,
Қорған болып, тас мүсінге айналған.
Заманымның туса да айы оңынан,
Зерттей алмай тұр ғой ұлы олжаны.
Бірі болып көз тартатын жолдағы,
Сыры жұмбақ тас түйін боп байланған.
Осы аңыздан тазалықты ұққамыз,
Ар намыстың туы жеткен желбіреп.
Арулардың рухы елес мөлдіреп.
Табиғатта әз таңбасын қалдырған.
Жаңғырық боп даламызда бұл аңыз,
Сол заманнан жүрек келер елжіреп.
Әр уақытта елге, жерге ер тірек.
Ерлігімен санаға ой салдырған.
Бұлжымайтын дала заңы, тау салты,
Есті жанды ерліктерге бастаған.
Құпияда қаншама жыр дастан ән.
Алыптықты айқын ете алдық па?
Болашаққа сақтала ма сол қалпы?
Жалғана ма үзіп, кесіп тастаған?
Неге келді бұл өмірге баста Адам?
Ойланбаймыз, тасқа айналып қалдық па???
19.09.2009жыл.
Жаныңа керек үндестік.
Алыстан көңіл аңсаған,
Жақынды жаның сезе ме?
Сағынышта жүрген барша адам,
Арманын іздеп кезе ме?
Қымбат боп қиыр шеттегі,
Жандағы көзге ілінбес.
Әр күнің тарих беттері,
Өтуде өмір, білінбес.
Бәрін де ойлап, күн кештік,
Ту етіп ар мен ұятты,
Жаныңа керек үндестік,
Бір нәрсе жетпес сияқты.
Ардақтап барлық жандарды,
Үздігіп «Ел»-деп үдейсің.
Жылы сөзден көңіл заңғар-ды,
Өзің де соны тілейсің.
Қиналған жанға қарасып,
Жаралы жаның жүдеген,
Өзіңдей жанмен жарасып,
Сүйікті әлем гүлдеген.
Өткінші бәрі, аңғардым,
От болып лаулап жандық па?
Өмірдей қымбат жандардың,
Қадіріне жете алдық па?
23.09.2009жыл.
Домбырашы, күйші-сазгер Әлімбек Қонысбекұлының әкесіне арнаған «Өттің дәурен» атты керемет күйін өз орындауында тыңдай отырып туылған толғаныс.
Шетелдегі қарияның зары...
Ей, өмір, не айтамын өткеніме?
Налыдым өкінішпен кеткеніме.
Жастық шақ өтті, кетті жалынымен,
Тарихтың үңілемін беттеріне.
Құрбаны болған жұртпыз саясаттың,
Еске алсам ол бір кезең ала шапқын.
Бір түнде тас түйініп, бесігімде,
Түсінбей шекара асып бара жаттым.
Келгенде қызыл қырғын ашаршылық,
Төнгенде «Халық жауы» қасапшылық.
Көшпеске болмады ғой халайықтың,
Шетелге өз табытын жасап шығып.
Күн өтті өзге жерде жаншылғандай,
Қанаған қабырғамыз аршылғандай.
Бір уыс топырағың бұйырмай ма?
Туған жер бар ғұмырым таусылғанда-ай...
Жаратқан жалбарындым, жылап тұрып,
Сұм тағдыр пенде еттің лақтырып.
Тілерім ұрпағымды елге оралт!
Кең төсін туған жердің тұрақ қылып...
Біз көрген қиындықты көрмесін тек,
Ол зұлмат заман қайта келмесін тек.
Арманым ұрпағыммен елге оралу,
Тілерім өз ауылымда жерлесін-деп.
Тал бесік тамған жері кіндік қаным,
Жете алмай сағынышта булыққаным.
Төбемнен шетте алтын құйылса да,
Жаныма сая таппай құлдықтамын...
Алыста ұлы дала от бейне екен,
Есіңнен салт дәстүрің кетпейді екен.
Аңсатқан атамекен, туған жерге,
Әлемде ешнәрсе де жетпейді екен...
22.04.2012жыл.
Адамдық атты айқында!
Көңіліңді көтер, шуағын шашсын гүл-өмір,
Өмірің өтер, шын арың сақшың, біле біл!
Жақсылық жайнар, тілегің қайнар, нұр ортаң,
Адам боп келдің, адамша өмір сүре біл!
Ғажайып өмір, еңбекпен одан нәр алғын,
Кеңпейіл болғын, маңынан жүрме сараңның.
Жақсылық жасау-адамдық бейнең, парызың,
Жауқазын жансың жауһарыменен жаралғын!
Адаммен өмір, бәріне болғын тілекші,
Сауапты ісің жайнатар сені, үдетші.
Имандылығың мен ибалығың қорғар мәңгілік!
Жаныңа қорған күзетші...
Көрінер пенде жақсылық қана іспенен,
Жасайды тағы ынтымақ, бірлік күшпенен.
Қайратын таныр қайырымдылығымен өлшенген,
Жалғанды бейне жұмылса жанар түс дер ем...
Мәңгілік қалар жазылған хатың, ізгі атың,
Әлем де жақұт,танытар мақсат мұратын.
Адам боп келсең адамдық атты айқында,
Барлық жан іздеп тұратын!!!
02.05.2012жыл
Аманат
Қырандардың тектілігі,
Ептілігі кешегі.
Батырлардың өжеттігі,
Қалай ғана өшеді???
Бар әлемді бағындырған,
Табындырған біліммен.
Ұлы далам сағындырған,
Ерекше едің үніңмен...
Алаш болып алаңдаттың,
Тұран болып түйілдің.
Тірескенді табандаттың,
Ерлігіңе сүйіндім...
Ар намыстың алдаспаны,
Ерлік, өрлік туыңдай.
Ұрпағыңа жалғасқаны,
Қаныңда тұр суынбай...
Ешкімге де басты имедің,
Кең боп кеуде кермедің.
Күй боп шығып тасты иледің,
Тұнығысың терменің...
Салт дәстүрің сақталады,
Бақ табады ұрпағың!
Жүректерде жатталады,
Жақсылықты шырқағын!!!
Бірігетін күнің жетті,
Бір-біріңді бағалап!
Ынтымақты – құдіретті!
Ұрпаққа осы аманат!!!
24.10.2012жыл.
Ғашықтық дерті
(Поэма)
Балалықтың бал татыған
Сәттері ғой естен кетпес,
Сағым қазір қусаң жетпес.
Қызық еді шынында...
Қуанышпен таңды атырған
Ғашықтық та өмір тектес,
Ата анамен уайым шекпес
Қызың менен ұлың да...
Бір ауылда көрші болып,
Тұрды қыз бен бала іңкәр,
Жігіт болып өсті сұңқар
Жұрт қарайтын қызығып...
Көз алмайтын күн-түн шолып,
Қыдырғанда әнін шырқар,
Жетегінде ылғи тұлпар.
Қыз қарайтын сызылып...
Ғашық еді жастайынан,
Бір-біріне ынтығып,
Қайран жүрек бұлқынып,
Күн батқанда ай астында сырласып...
Табылатын қос қайыңнан,
Бір – біріне ұмтылып,
Жүректерде жыр тұнып,
Ынтық еді шын ғашық...
Уақыт екен тез өтпелі,
Қыз қарайтын наздана
Таң атуға қалғанда бір аз ғана,
Бұлбұл сайрап бақытты етер екеуін.
Алысқан қол серт пе еді?
Ұялушы еді бозбала,
Қысылатын қыз бала
Әттең тағдыр қоймас бәрін шектеуін...
Қоштасатын күн де жетті,
Жігіт елден ұзады
Көшу болды тұзағы
Ата ананың соңына ерді амалсыз.
Сағынумен күндер өтті,
Үміт үзбей қыз әлі,
Түн ұйқысын бұзады
Жігіт кетті хабарсыз...
Амалсыздан тұрмыс құрды,
Шет мұсылман салтымен,
Іштен тынды антымен,
Қайтсін енді қыз баласы бір мұңлық.
Жылап бүкті сезім сырды
Шыдамдылық қалпымен,
Сабырлылық шартымен
Жүрек қиын – бұл шындық...
Тұрған жері тәжік елі,
Ері әскерге аттанды,
Ақ көңілмен шаттанды,
Елге қорған болам деп...
Енді жасы төгіледі
Елесі енді сақталды
Армандаған бақ қалды
Кім ойлаған қара қағаз алам?- деп...
Перзенттерін сүйреп, күйреп,
Жиырма жыл да өтіпті
Өткен өтіп кетіпті
Оралыпты ата қоныс мекенге.
Жүрек қалап, бұрып бүйрек
Жыл құсындай жетіпті,
Уақыт –емші, бекіпті
Өз еліңе жетер ме?
Тағдыр деген толқын тектес,
Қай жағаға лақтырарын білмейсің
Тек үмітпен жүргейсің
Сезім шіркін ұлы тым!
Барлық арман босқа кетпес
Босқа өмір сүрмейсің
Төрт құбылалы кім дейсің?
Кездестірді жігітін...
Көз жанары өзгермеген,
Қарап тұрып қалды да,
Жүрек дүрсіл салды да.
Тіл қата алмай бір орында қап қойды
Ұшып қиял кездерменен
Естен бір сәт талды да,
Көңіл көкті жарды да,
Сезім оты ап бойды...
Жігіт шашы ақ қыраулы,
Отбасымен орныққан
Шыға алмаған сондықтан,
Ата-ананың бұйрығына бас ұрып,
Бәрі дәйім бір сұраулы,
Барлық сырды сонда ұққан
Кете алмайсың шындықтан
Қала алмайсың жасырып...
Қанша тағдыр бұл ғаламда,
Толқын болып өрілген,
Сұлу болып көрінген
Әрбір жанда бір кемдік...
Дархандық бар даламда,
Тектілікпен терілген,
Адамдығың берілген
Сезімменен түрлендік...
Әттеңі көп қой шынында,
Сезімді жүрміз ардақтап.
Абыройды қалап жалтақтап.
Адамдық атты қаладық!
Тәңірдің берген сынында,
Имандылықты салмақтап,
Қасиеттілікті қармап қап,
Арменен қалсақ жарадық!!!
05.12.2012жыл.
Бауырлық-ай...
Сұлтан аға ойға шомды...
Өмірінің қызық кезін қалдырып,
Еңбек еткен күндері тұр жаңғырып.
Қимастықпен еске алды өткенді
Бауыр үшін күйіп тоңды,
Солар үшін үйден безіп қаңғырып,
Әрбірінің қызықтарын ән қылып,
Көркейткен-ді күн көңілін көктемгі...
Ата анасы ерте кетіп,
Бауырларға қорған болып қалған-ды,
Тек соларға арнаған-ды арманды.
Жарты нанын бөліп беріп, жей алмай
Өзідағы ерте ер жетіп,
Еңбектеніп қара күшті салған-ды
Алда болған, ел аймағы таңқалды,
Денсаулығын көрмеген-ді емдетіп...
Қызметке тұрдыдағы
Інілерін тартты барлық биікке,
Оқытты да, қызмет берді үйіп те
Інілерін жеке-жеке үй етті.
Солар үшін құлшынбағы,
Уақыт ұқсар киікке,
Елі ардақтар сүйіп те,
Қайран жүрек сыр берді де , дір етті...
Ұзақ жатты ес түсінен айырылып,
Емханада есін жиған кенеттен,
Ауру келген тым қиналған себептен,
Күрес болып өтіпті ғой өмірі...
Құрмет еткен елі келген қайырылып,
Құрақ ұшып, халқы тағы ер еткен,
Асқақ басын қиын сәтте төр еткен
Қайран өмір қатар қиын жеңілі...
Осы сәтте сынамаққа ой келген,
Бауырлардан сымтетікпен сұраған
«Бауыр керек, басқа жерім дін аман
Бауыр берсең аман қалар түрім бар»
Кенже інісі үндемеген, сенделген,
Ортаншысы «Сары ауру»- деп жылаған,
Сұлтан аға жауаптарға құлаған.
Жырақ кетіп өзі өсірген құлындар...
Ертесіне кенже інісі келінмен,
Сүмірейіп үйіне кеп бас ұрған,
Келіні екен жаралған пәк асылдан.
«Аға менің бауырымды алыңыз.
Ініңіздің мінін ылғи жасырғам
Бауырда ғой өмірдегі асыл мән!
Аман есен қорған болып қалыңыз!»
Келінінің риза болып сөзіне,
Сынағанын айтып салған ашынып,
Өлсемдағы кетер едім жасырып.
Қайтер екен деген едім қызықтап
Қайран өмір жас келеді көзіне,
Кім бауырын жамандайды ашылып?,
Тырнақ еттен ажырамас басылып.
Ағайын ғой қызық бақ!!!
Бауырлыққа жетпес бәрі,
Амандығы қанатың ғой қайырылмас!
Адалдығы бақыт бағың айырылмас!
Күшіңді де танытады бірлігі!
Бауырымен жігіт нары!
Ынтымағы мейірімімен айнымас!
Бауырлықтың ұлылығын мәнін аш!
Текті ұлдың содан болар ірілігі!!!
03.01.2014жыл.
Мәңгілік жасар ұлы ел!
Алты мың жыл бұрын домбыра шерткен,
Күйлерін толғап ұлылық!
Қобыздың үні айырған дерттен,
Қорқытты зертте құнығып...
Дана боп елді соңынан ерткен,
Намыспен қалған құрылып.
Рухымен жанып, жаралып өрттен,
Тұмардан келген сұлулық...
Мың жылғы бұрын ноталық сауат,
Фараби жазған даналық.
Қонақжай халық, иман мен сауап,
Елімді келер дара қып...
Әлемнің зерттеп ғылымын терең,
Жетпіс жеті тағы тіл біліп.
Фараби дана, ойлана берем,
Қарапайымдылығын шын ұғып...
Батырлық, елдік бабадан қалған,
Бірліктің күші - берекем!
Пейілі үшін қолдасын Аллам!
Жерұйық қазақ жері екен!!!
11.12.2013жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |