331
Тапсырма
Балалар ойынында ойыншықтар «өзінің негізгі міндетінде» қолданылмау себебін түсіндіріңіз, бұл жайында К.Д. Ушинский былай деп жазған болатын: «Сіз балаға жарық және әдемі үй сатып алып берсеңіз, ол үйден түрме жасайды; сіз оған дихан және шаруа әйелдің қуыршақтарын сатып алып қойсаңыз, ал ол олардан әскерлер қатарын сапқа тұрғызады; сіз оған жақсы ұл-бала қуыршақты салып алып берсеңіз, ол оны ұрады…» (Сонда
— 484 б.).
Кішкентай баланың ойынын «адам – зат» схемасы түрінде
көрсетуге болады. «Адам – …» рөлдік ойынның толық формасын аяқтаңыз.
Ойындық қызметтің сипаттамасы
Қазіргі педагогикалық теорияда ойын мектепке дейінгі баланың қызметінің жетекші түрі ретінде қарастырылады. Ойынның жетекші қағидасы бала жұмсайтын уақыт мөлшерімен емес, оның негізгі талап-тілектерін қанағаттандыруымен анықталады; ойын аясында қызметтің басқа түрлері пайда болды және дамиды; ойын психикалық дамуына жоғары деңгейде мүмкіндік береді. Бұл қағдидаларды қарастыралық.
Ойында мектепке дейінгі баланың негізгі қажеттіліктері бой көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендей,ең алдымен дербестіккеұмытылыс, ересектердің өміріне белсенді қатысу балаға тән. Баланың дамуына қарай олардың таныған әлемі кеңейеді, шынайы өмірде қол жетпейтін ересектердің қызметтеріне қатысуға деген ішкі қажеттіліктері туындайды. Бала ойында өзінің тәжрибесінде сақталған бейнелердегі ересектерге еліктеуге тырысып, өзіне рөлді алады. Бала ойнай отырып, өз бетімен әрекет етеді, өзінің тілек, ықыластарын, түсініктерін, сезімдерін еркін білдіреді. Баланы әрқашан оқытатын, қорғаштайтын (жүгірме, құлап қалма, қолыңды жу, ойыңнан шығара беруді қой) күнделікті өмірден айырмасы ойында бала барлығын жасай алады: кемеде жүзеді, космосқа
332
ұшады, мектепте оқышыларға сабақ береді және т.б.Осылайша бүлдіршін, К.Д. Ушинский айтқандай, болашақта күтіп тұрған өмірді сүре отырып, «өзінің күштерін сынап көреді».
Балаға алғашқы күндерінен қ о р ш а ғ а н о р т а н ы т а н у психологтар тарапынан тойымсыз деп аталған қ а ж е т т і л і к т
р тән. Алуан түрлі балалар ойыны балаға жаңаны тануға, оның тәжрибесіне енгендер жайлы ойлануға, ойынның мазмұнына өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Н.К. Крупскаяның «оқу-ілімнің маңызды формасы» ретіндегі ойын жайында айтқан сөзі орынды.
Бала – жетілетін және дамитын тіршілік иесі. Қозғалыс – баланың толық өсу және даму шарттарының бірі. Б е л с е н д і
қ о з ғ а л ы с т а р ғ а қ а ж е т т і л і к ойынның барлық түрінде, әсіресе бильбоке, үстел крокеті, доп және т.б. секілді ойыншықтармен қозғалмалы және дидактикалық ойындарда қанағаттандырылады. Сюжеттік ойындарда балалардың қарамағында оларды түрлі қозғалыстарға түрткі болатын автокөліктер, қоларба, бесік арба болады. Түрлі құрылыстық-конструктивтік материалдар (ірі және ұсақ құрылыстық материалдар, түрлі конструкциялар, қар, құм және т.б.) қозғалыстық белсенділікке ынталандыру, қозғалыс сапасын жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.
Балаға тән қ а р ы м - қ а т ы н а с қ а
қ а ж е т т і л і к т е р д і қанағаттандыруда ойынның
мүмкіндіктері өте үлкен. Мектепке дейінгі мекемелер
жағдайында әдетте балалардың ортақ қызығушылықтары, өзара симпатиялары бойынша балаларды біріктіретін ойын топтары жинақталады. Ойынның ерекше қызықтырғыштық салдарынан мектепке дейінгі балалар онда шынайы өмірден гөрі келіскіштік, жұмсақтық, шыдамдылыққа қабілетті болып келеді. Балалар ойнай отырып, басқа жағдайларда әлі «жете қоймаған», қарым-қатынастарға түседі, атап айтқанда өзара бақылау және өзара көмек, бағындыру, талап етушілік. Мұндай қатынастардың болуы ойнаушы топтың «ойнаушы ұжым» болып келе жатқаны
333
туралы айтады (А.П.Усова).
Достарыңызбен бөлісу: |