Тапсырма
«Тұқым қуалаушылық (орта, тәрбие) – дамудың жетекші факторы» тақырыбында рефераттар жазыңыз. Әр рефератта ұсынылған дәлелдермен талқылау өткізіңіз және жалпы қорытындыны жасаңыз.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаның
78
қалыптасуы» В. А. Петровскийдіңжәне т.б. кітабы (М., 1993)бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаның қалыптасу қағидаларын зерделеңіз және талдаңыз.
Тәжірибе уақытында өз тобыңыздың тәрбиелеушісін бақылаңыз және тәрбиеші ересек адамның екі функциясында мақсатты және стихиялық сөйлеген кезіндегі мысалдарды жазып алыңыз.
Т А Р А У
БАЛА – ПЕДАГОГИКА НЫСАНЫ
Бала туған кезден бастап мектепке барғанға дейін мектепке дейінгі педагогиканың нысаны болып табылады. Бұл адам өмірінің жалғасатын бөлігін (6-7 жас) екі үлкен кезеңге бөлінеді
– ерте жас және мектепке дейінгі жас. Өз кезегінде, әр шақты бірнеше кезеңге бөлеміз: ерте жасты – 7 кезеңге, мектепке дейінгі жасты – 4. Мұндай «бөлу» немен байланысты? Алдымен бұл баланың психиологиялық-физиологиялық өсуі мен даму ерекшелігіне байланысты.
Бала өмірінің алғашқы 7 жасындағы оның даму қарқыны мен мазмұны екпінді және түрліше, бұл дамуды қадағалау және бұл дамуға адекватты жағдай жасау үшін, шындығында нақты кезеңдер мен оның шекараларын бөліп қарау керек. Мұндай жастық өзгерісті жете қарау және зерделеу тұлғаны қалыптастыру үшін қолайлы болып табылады, ол маңызды жаңалықты өткізіп алмауға мүмкіндік береді. Әр бала «жеке бағдарлама» бойынша дамығанымен, бұл даму бағынатын жалпы заңдылықтар бар: 3 жастағы бала жасай алатын әрекет сәби үшін қолжетімсіз, ал 5 жастағы баланың жасағанын 3 жастағы бала жасай алмайды, және т.с. Осы заңдылықтарға бағдарлау және оларды дамуға байланысты қалайда реттеу қажеттілігі жас кезеңін қалыптастыруға әкелді. Адамның бар өмір кезеңі мағыналы бөліктерден тұрады, оның ішінде жаңалық пен кезекті кезеңге сапалы өтуді тудыратын қор жүзеге асады.
Ғылымда жастық кезеңге бөлудің бірнеше тәсілдері әзірленген. Әр қайсысында адам дамуының қарқының және
оның нақты,
|
азды
|
көпті аяқталған кезеңдерің
|
бақылауға
|
мүмкіндік беретін
|
қандайда бір негізді бөліп қарауға әрекет
|
етедіМысалы,
|
П.П.
|
Блонский балалықты кезеңге
|
бөлу негіне
|
79
тістердің ауысуын алған. Ол дентиция — тіс жарыла бастауы және ауысуы— тек организмнің физиологиялық өсуі мен нығаюын сипаттамайтынын, сондай-ақ адамның ақыл-ойы дамуымен, оның әлеметтену үдерісімен тікелей байланысты екенін бекітті.
Жастық өзгерістерді қарау үшін бірыңғай негіздемені бөліп көрсетуге әрекет еткендер де болды: сексуалды даму (К. Штратц), психикалық дамудың қарқыны (А. Гезелл) және тб.
Л. С. Выготский ұсынған тәсіл анағұрлым негізді және осы жерде орынды деп санауға болады: «...дамудың ішкі өзгерістері ғана, оның ағымындағы бетбұрыстар мен бұрылыстар ғана біз жас деп атайтын баланың тұлға болып қалыптасуының басты дәуірлерін анықтау үшін сенімді негіз бере алады» (Выготский Л.С. Пед. шығ. — Т. 4. — 247 б.). Белгілі болғандай, Л. С. Выготский тұрақты жастың және дамудағы дағдарыстырдың теориясын жасап шықты, олардың негізінде жас шамасын кезеңге бөлу қалыптасты: жаңа туған, нәресте шақ, ерте жас, мектепке дейінгі жас.
Достарыңызбен бөлісу: |