С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет40/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Тапсырма

Л. С. Выготскидің «Жас проблемасы » (ВыготскийЛ. С . Пед. шығ. — Т. 4. — 244 б.) мақаласын мұқият оқыңыз. Неге педагогке (психолоққа ғана емес) жас шақтарын кезеңге бөлу амалдары туралы білу маңызды екені туралы ойланыңыз.


Д. Б. Эльконин жас шақтарын кезеңге бөлуді бала әрекетінің жетекші түрінің ауысуымен байланыстырды. Оның теориясы Выготскийдің теориясына қарама-қайшы келмейді, керісінше, ол оған сүйеніп, оны толықтырады. Әрекеттің көрінуі баланың


психологиялық дамуының нақты деңгейімен, оның мүмкіндіктерімен байланысты. Әрекет түрлері толыққанды дамуды қамтаммассыз ете отырып, бірін-бірі бірте-бірте ауыстырады.


Бала туралы дамудың шарқына қарай әр кезеңнің сапалық сипаттамасы мен балалықтың ұзақтығы туралы пікір өзгерді. Белгілі болғандай, адамның балалық шағы – Жердегі басқа тірі тіршілік иелерінің өкілдеріне қарағанда ең ұзақ шақ (тек, аналық піл ғана өз төлін 5 жасқа дейін мәпелеп өсіреді, ал басқа аналар өз ата-аналық функцияларын бірнеше айлар ішінде, ал көбінесе күндер немесе сағаттар мен минуттар атқарады, ал содан кейін



80

өз ұрпағымен қоштасып, оны одан кейін есіне де алмайды). Психологиялық жас кезеңін негізге ала отырып, білім беру
мекемелерінің құрамына кіретін педагогикалық кезеңдер қалыптасты: балалар бақшасы, балабақша, мектеп.Әр ұйымның ішінде топтар одан да жете бөлінеді: туғаннан 3 айға дейін; 3 — 5 ай.; 5 — 9 ай.; 9 айдан — 1 жас; 1 жас — 1,5 жас; 1 жас 6 ай. — 2 жас; 2 — 3 жас; 3 — 4 жас; 4 — 5 жас; 5—6 жас; 6—7 жас.

Педагогикалық ғылым мен тәжірибенің міндеті баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып, оны тәрбиелеу және оқыту стратегиясын әзірлеу болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына көмектесу үшін, баланың жас мүмкіндіктері мен ерекшелігін білу керек.


Сонымен, мектепке дейінгі педагогиканың нысаны қандай?


Ерте жастағы бала

Бала жарық дүниеге кішкентай және қорғансыз жаратылыс болып келеді— бұл барлық жаңа туған сәбидің қалыпты сипаттамасы. Ол сондай кішкентай ма және сондай қорғансыз ба? Әрине, сәбиді кіммен салыстырғанға байланысты. Жаңа туған баланың салмағы шамамен 2 500 — 4 500 г. Ал жаңа туған кенгуру барлығы 1-ден бастап 5,5 г дейін салмағы болады, оның денесінің ұзындығы – 25 мм; піл туғанда ұзындығы 1 м дейін болғанда 100 кг болады. Сонымен, адам баласы үлкен бе немесе кіші ме?


Сәби ата-аналарына қараған анағұрлым кішірек болады, бірақ жиырма жылдан артық уақытта (ата-аналарының жасына дейін) қарқынмен салмақ жинайды – мектепке дейінгі жастың сонында оның орташа салмағы шамамен 25 кг, ал 20 жаста – барлығы 50 кг, немесе оданда көп болады! Әрине, бала өседі: туғанда 55 см– ден ата-ана қатарына кіргенге дейін 180 см дейін өседі


Әрине, егер адамды жануармен салыстыруды жалғастырсақ, онда адам физикалық (нақтылап айтқанда, антропрометриялық) даму қарқынында көп артта қалған Ал дамудың басқа бағыттарында қалай?


Жаңа туған үйрек балапаны сәл теңселіп бірден анасына қарай жүгіреді (немес басқа қозғалатын заттарға К.Лоренцтің дәлелдеуі бойынша. Бұл құбылыс импритинг — жадында



81

сақтау). Балапан жұмыртқадан шығу үшін, өздігінен қабығын тұмсығымен теседі – нәтижесінде бостандыққа ие болады! Жұмыртқа басушы ана енді оған жылу қажет болған кезде ғана керек (алайда оны инкубатордағы жылытқыштар жеңіл айырбастай алады). Ал адамзаттың сәбиі көптеген жылдар бойы ересек адамсыз әрекет ете алмайды. Демек, біз бұл жерде де жануарларды алдыға жібердік пе? Қортынды жасауға асықпайық, ойланайық.

Импритинг құбылысы (қозғалған заттын артынан жүретін үйрек балапанын еске алайық) – тұқымды сақтау түйсігі, ол тамақты іздеу үшін қажет. Жаңа туған үйрек балапаны оны тамақтандыратын және жүзіп үйрететін үйрек-ананың сонынан ереді. Бірақ Лоренц жаңа туған үйрек балапаның алдына үйректің орнына допты лақтырып, өзі сонынан еріп жүрді – нәтиже сондай болды: балапандар бірлесіп, қозғалып бара жатқан нысанның артынан ерді. Қабықты өзі (!) жарып шыққан балапанды бірден басқа анағұрлым жұқа қабыққа салғанда, ол бұл міңдетті атқара алмады – оның түйсігінде бұл шараны бір-ақ рет орындау салынған!


Ал адаммен не болады? Оның ерекше өзгешілігі тез үйрену қабілеті болып табылады. Тек алғашқы бір жылында бала үлкен көлемде икемділікті, тәсілдерді, білімді игереді, бұл қор оның әлеуметтік өмірінің негізі болып қалыптасады. Анығында, бұл қор міндетті түрде адам қоғамында және тікелей ересектер көмегімен алынады. Адамда жануарлардағыдай импритинг механизм жұмыс істейді деп айтуға болмайды, алайда түйсіктің барын жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен адамға эйдетизм (грек. eidos—бейне) тән— бейнелі ес, яғни заттар бейнесін олардың көз алдынан кеткеннен кейінде ұзақ уақыт сақтау қабілеті. Бейнелі ес қоршаған әлемді қабылдауды жарқын, жанды етеді және одан кейін есте сақтау оңай. Адам да эйдетизге биімділік бар. Алайда бейнелі есбаланың тіршілік ортасының қанықтығы және сәбидің өз даму деңгейінде оны адекватты қабылдауы туралы қамқорлық көрсететін ересектің бұл үдерісті белсенді еткен кезде іске қосылады. Бейнелі ес балада барлық мектепке дейінгі жас кезінде дамиды және ол ақыл-ой мен эмоционалдық дамуына оң әсер етеді.


Баланың ерте жасын зерттеген және зерттеп жүрген зерттеуші (В.М.Бехтерев, Н.М.Щелованов, Н.Л.Фигурина, Н.М.Аксарина, М.Ю.Кистяковская, А.М.Фонарев, О.Л.Печора,



82

С.Л.Новоселова, Л. П. Павлова, Э. Г. Пилюгина, Г. Г. Филиппова және көптеген басқалар) адам өмірінің бұл кезеңінің сипаттамалық ерекшелігі физикалық және психологиялық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет