С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет24/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

көркемдік деталь
Көркемдік деталь шығармада
құбылысты тұта-
сынан суреттемей, суреттелетін нәрсенің нақты бір қырын, жеке 
белгісін, бүтіннің бөлшегін дәл тауып, ұтымды бейнелеу арқылы
оны көз алдымызға келтіреді. Жазушы шеберлігі, ең алдымен, 


66 
өмір құбылыстарын іріктеу мен оны дәл детальдар арқылы бей-
нелеу ерекшелігінде көрінеді. Кейде деталь арқылы автор ойын 
түсінуге, қаламгер қолтаңбасын, стильдік ерекшелігін тануға 
болады. Толыққанды бейненің құрамдас бір бөлігі болатын
деталь өзі де ең кіші көркем бейне, микрообраз қызметін 
атқарады. Деталь қай кезде де өзінен ірі, қомақтырақ бейнені 
құрайды: мы-салы, қатал күзетшідей сыздана, тесіле қарайтын 
жалғыз сау көз, қаздың жұмыртқасындай сопақ бас, өңірін 
жапқан ұзын сақал, қадала сөйлейтін мәнер – осы детальдар 
біріге келіп, Құнанбайдың портретін кескіндесе, ол өз кезегінде 
одан да ірі көркем бейнені – тұтас адам бейнесін, мінезді 
сомдауға қызмет етіп тұр. 
Көркемдік детальдарды портреттік, заттық, пейзаждық, 
тілдік детальдар деп жіктеуге болады. Көркемдік детальдар шы-
ғармада түрлі қызмет атқарады. Деталь туындыдағы оқиға 
динамикасына ажар кіргізе отырып, характердің көркемдік 
сипатын белгілейді. Мыс: Б.Майлиннің «Қара шелек» 
әңгімесіндегі заттық деталь – шелек Айшаның характерін ашуға 
септеседі. Қаламгер пайдаланған деталь образ характерінің жан 
дүниесін, нанымдылығын көрсетеді.
Деталь суреттеудегі эстетикалық әсерді, эмоциялық 
бояуды молайтады. Оның эстетикалық функциясы бүтін мен 
бөлшектің бөлінбес бірлігінде көрінеді. М.Әуезов «Абай жо-
лында» Тоғжанның кескін-келбетін оның киіміндегі бір деталь – 
сылдырлаған шолпысын суреттеу арқылы оның сұлулығын,
әсем де кербез жүрісін, сымбатын, көркем мінезін ашады және 
сол арқылы Тоғжан образын тереңнен таныта түседі.
Әдеби туындыда көркемдік детальдың кейіпкер психоло-
гиясын, ішкі құпия сырларын танытудағы көркемдік ролі зор. 
Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының көркемдік шеші-
мінде Әмірші құла түзде, шөлде келе жатып өмір мен өлімнің 
арасында жанталасқан шынашақтай құсты көріп қалады. Тамағы 
бүлк-бүлк еткен, жер апшысын қуырған аптаптан жанын қоярға 
жер таппай, шырылдаған кішкене құстың ақтық азабына қара-
ғысы келмей, көзін теріс әкетеді. Осы тұста – түз тағысының, 
құстың бүкіл қимыл-әрекеті деталь. Ажал алдында адам да, аң 
да, құс та бірдей. Әмірші қаһарымен халықты қақыратқанымен, 


67 
оның ажал алдындағы дәрменсіздігі, астан-кестең көңіл-күйі 
ұтымды бейнеленген.
Әр суреткердің шығармада өз кейіпкерін сом тұлғаға ай-
налдырып, характерін даралау үшін қалап алған әр алуан амал-
тәсілдері болады. Портрет, пейзаж, психологиялық параллелизм, 
диалог, монолог т.б. түрлі көркемдік тәсілдердің көбінесе образ-
дың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, рухани әлемін және ол тір-
шілік ететін ортамен тартыс табиғатын ашудағы қызметі айрықша.
Характер сомдауда, оны психологиялық тұрғыда ашып 
көрсетуде портреттің маңызы зор. Қазақ әдебиеттануында 
портрет поэтикасын зерттеп, портреттің әдеби шығарманың 
тұтастық жүйесін қалыптастырудағы үлесіне арнайы тоқталған 
зерттеушілердің бірі – Б.Майтанов. Ғалым портретке: «Портрет 
– 
өзгеріп тұратын, алайда не-ғұрлым тұрақтылыққа бейім 
құрылым. Портрет поэтикасында да ортақ дискурстар басым. 
Портрет адам бейнесіне қатысты мето-нимиялық құбылыс, бірақ 
көркемдік тұрғыда толымды құбылыс. Ол – жаратылыстың 
шеберлігіне, өмірдің күрделі табиғатына тәнті қылатын, тарихи 
мәні 
зор 
эстетикалық, 
эмоционалды-психологиялық, 
пластикалық, антропометриялық құбылыс» - деп анықтама 
береді
1

Әр адамның сыртқы кескіні оның ішкі жан әлемінің 
айнасы сияқты. Портрет – мінездеудің заттық нұсқасы, 
кейіпкердің сыртқы бітім-пішінін, кескінін, характерін жасайтын 
бейненің материалдық болмысы. Көбінесе автор кейіпкер таби-
ғатының аса маңызды тұстарын портрет арқылы сипаттайды.
Қазақ әдебиетіндегі портреттің даму тарихына көз жібер-
сек, әдеби бейнеліліктің бұл түрі жалпылама-абстрактылы порт-
реттік сипаттамадан біртіндеп адам келбетінің өзгеше жеке қа-
сиеттерін даралауға қарай дамығанын бақылаймыз. Әдебиет да-
муының ерте кезеңіндегі әдеби үлгілерде қаһармандардың сырт 
тұлғасы шартты-символикалық кейіпте кескінделген, мысалы, 
қазақ ертегілеріндегі немесе эпостық жырлардағы батырлар мен 
хас сұлулардың портреттері бір-біріне ұқсас келетіндіктен, олар-
ды ажырату қиынға соғып жатады. Мұндай портрет үлгілерінде 
1
Майтанов Б. Портрет поэтикасы. Ғылыми зерттеу. - Алматы: Қазақ 
университеті, 2006. – 127 б.


68 
кейіпкер туралы жалпы ақпарат қана бар, өйткені бұл кезең әде-
биетінде мінездер әлі даралана қоймаған.
Уақыт өте келе портрет адамның өзіне ғана тән жеке қа-
сиеттерін айқындауға ұмтылып, бір қаһарманды екінші қаһар-
манмен шатастыра алмайтындай қайталанбас қолтаңбамен, дара-
лықпен ерекшеленетін болды. Қаһарманды даралайтын портрет-
тік детальдің тек сол қаһарманды тайға таңба басқандай таныта-
тын тұрақты белгісіне айналатын тұсы да бар, мысалы, 
Құнанбайдың «қатал күзетшідей» көзі, Тоғжанның «хас жендет-
тің жауға шабар жебесіндей» қасы немесе сылдырлаған шол-
пысы, Ұлпанның «мақпал қара меңі», Еламанның «үсік шалған 
қап-қара екі беті, шыт-шыт еріндері», Қожаның қаралығы т.б. 
Портрет шығармада сан алуан сипатта көрінуі мүмкін. 
Көлемді прозалық туындыларда портрет шығармадағы сюжеттік 
желіге байланысты баяндау барысында қайта-қайта толықтыры-
лып отырады. Суреткер кейде кейіпкерінің келбетін жан-жақты, 
егжей-тегжей суреттесе, кейде бірер белгісін ғана беріп, сараң 
сипаттайды. Бір кейіпкердің келбеті екінші кейіпкердің қабыл-
дауы, ой-танымы арқылы бейнеленеді. Портрет көбінесе автор 
тарапынан, үшінші жақтан суреттеледі, сонымен қатар қаһарман-
ның өзіне-өзі сипаттама жасап, сырт пішінін, мінезін суреттейтін 
жағдайлар да баршылық. Осы тұрғыдан келгенде, 
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында кейіпкердің портретін 
беру тәсілі қызық. Ж.Аймауытовтың Бекболат, Мұқаш сияқты 
кейіпкерлері монолог арқылы портреттерін өз аузымен мүсін-
дейді. «Мұқаш» тарауында кейіпкер оқиғаны бірінші жақтан 
баяндай отырып, өзінің сырт тұрпатын кескіндей бастайды. 
«Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, 
кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем 
Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған 
емес. Ес білгелі есікте жүрдім» - деп басталатын монологта бі-
рінші жақтық баяндау дара портрет поэтикасын жаңа мазмұнмен 
байытқан. Портретті зерттеушілер оны бірнеше түрлерге 
жіктейді: толық, дара, жұптық, психологиялық, динамикалық
статикалық, бұқаралық, жалпы, живописьтік, ситуациялық, 
сатиралық, гро-тескілік, портрет-мінездеу, автопортрет т.б. 


69 
Портрет шығарманың жазылу әдісіне қарай да алуан реңк-
ке ие болады. Романтикалық сипаттағы шығармаларда портрет 
кейіпкер мен оны қоршаған орта арасындағы қайшылықты, конт-
расты суреттеп, бедерлі, айшықты, оқыс та әсерлі тілмен бейне-
ленеді. Реалистік шығармаларда психологиялық портрет үлгісі 
кеңінен тараған. Мұнда кейіпкердің сырт тұрқы, киімі, жүріс-
тұрысы, сөйлеу мәнері, тегі, белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы 
да дәйекті, егжей-тегжей суреттеледі. 
Әдеби шығармада қаламгер кейде кейіпкерді оқиғаға кіріс-
тірмес бұрын оның кескін-кейпіне, сыртқы келбетіне тән жеке-
леген 
детальдарды ғана
береді. Динамикалық портрет көбіне өсу, 
даму, тынымсыз іс-әрекет үстінде көрінеді. Кейіпкердің өзіне тән 
портреттік пішіні бірден беріле салмай сюжеттік желі барысында 
көбіне жүре келе, қимыл-қозғалыс, іс-әрекет үстінде ашылады. 
Мұнда кейіпкердің сыртқы келбеті жан толғанысымен тұтасты-
рыла суреттеледі. Д.Исабековтің «Гауһартас» повесінде тау ба-
уырында ән салып жүрген Салтанаттың динамикалық портретін 
автор: «Ол әнді ғажап айтатын еді. Ерке мінезді, сәби сезімді 
менің жеңешем әнші де екен-ау. Оның дірілдеп шыққан ашық 
үніне мына тастар да, анау созылып жатқан кең дала да ұйып 
қалған секілді. Қыр басынан көтеріліп жатқан күн Қаратұмсық 
бауырынан кенет естілген әсем әнге таңданып, бір орнынан 
жылжымай қатып қалыпты. 
Салтанат әннен өзге дүниенің бәрін мүлде ұмытып кеткен 
секілді. Ол бірде көк аспанға шалқалай қарап, дәл төбесінде шы-
рылдап тұрған бозторғайдан көз алмай әндетеді, енді бірде ерке 
қызының нәзік үніне тамсанып, көзін жұмып балқып жатқан кең
даласын түп-түгел құшағына сыйдырып алғысы келгендей екі 
қолын жайып тастап, айналасына таусылмас махаббатпен мейір-
лене қарайды. Осы даладағы сұлулық біткен Салтанаттың кеуде-
сіне кеп құйылып жатса, оның өн бойындағы сұлулық көмейінен 
ән боп төгіліп, төңіректі жаңа леп, жаңа нұрға бөлеп тұрған сияқ-
ты» - деп суреттейді. 
Д.Исабековтің жұп портреттерінде контраст поэтикасы 
басым. «Гауһартас» повесі інісінің өз ағасының мінез-құлқын, 
кескін-келбетін суреттеуінен, яғни Ыбыштың портретінен бас-
талады. Повесте баяндаушы қызметін атқарған Қайыркен сыры-


70 
нан біз Ыбыштың сезімге де, сөзге де сараң, бойына сыймаған 
қара дүрсін күш иесі екендігін ұғамыз. Қашанда салқын қанды, 
сабырлы, жайбарақат ол өз сезімін жария етуді әлсіздік деп 
біледі. Повесте оның я күлгенін, қуанғанын немесе ағынан жа-
рыла сөйлегенін көрмейміз. Томаға-тұйық, мінезі қатал, өзім-
шілдігі де жоқ емес. Үнсіздік, қаталдық жайлаған осы шаңы-
раққа келін болып жаңа түскен Салтанат күндей сәулесін төгеді. 
Салтанаттың портретінде лиризм басым: «Елегізген еліктің
жанарындай мөлт-мөлт етіп ойнақшыған көздері өз иесінің 
бейкүнә пәк сезімділігін паш етіп тұрғандай. Бақытты күлкі ой-
наған әсем еріндерінің ар жағынан көрінген аппақ әсем тістері 
төгіле кететін ақ маржан секілді тізесіне төгілген білектей қос 
бұрымы, ақ тәніне жабысқан көк жібек көйлегі оны бұрынғыдан 
да құлпыртып, 
көріктендіре түсіпті».
Салтанаттың даралық порт-
ретінде қиял, ұлттық қасиеті мол эпитет, теңеулер мол қол-
данылған. Қаламгер портрет, адамның сыртқы келбетіндегі ерек-
ше белгілер арқылы қаһарманның мінез-құлқын, әдет-дағдысын 
ашады. 
Жалпы портретте кейіпкердің өзіне тән тұрақты, үнемі 
көрінетін сипат-белгілері суреттелсе, ситуациялық портретте 
кейіпкердің бір сәттік эмоциялық күйі бейнеленеді. Көркем 
туындыдағы топтық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет