С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет25/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

 
портреттердің 
әр түрлі әлеуметтік
топ өкіл-
дерінің таным-түсініктерін, мінез-құлықтарын, дағдыларын
бейнелеудегі көркемдік қызметі қомақты. Ж.Аймауытовтың 
«Ақбілек» романы Алтай аруларының топтық портретінен 
басталады: «Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі 
айтарлықтай айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан 
таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраң-
дасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, бойың бо-
сап, ойың босап, қиялың қия кезеді». Жазушы әрі қарай
Ақбілектің сыртқы келбетін суреттеп жатпайды, алайда топтық 
портрет Ақбілектің сұлулығын асыра суреттеп, даралауға қызмет 
еткен.
Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» рома-
нында қыздардың топтық портреті Ерболдың қабылдауы арқылы 
беріледі. «Гүл бақшасында болып па едіңіз? Гүл ашылған ғажа-
йып сәтті көріп пе едіңіз? Бақшаның жер нәрі, күн нұрына қа-


71 
нып, толысқан ақ, қызыл, қызғылт, сары, көк гүлдері біртіндеп,
бірімен бірі жарыса ашыла бастағанда жаныңызды ләззәт кер-
неп, өз-өзіңізден өзгеше бір рахатқа кенелмейтін бе едіңіз. Сол 
гүлдердің торғыннан жұқа әсем үлбіректерінің әр дірілі жаны-
ңызды толқын-толқын қуаныш боп кернеп, басқаның бәрін 
ұмыттырып, елжіретіп, елтітіп әкетпейтін бе еді?! Міне, қыз-
дардың менің сәлемімді алып, еріндерін сәнмен қозғаған осы бір 
сәті менің көз алдыма гүл бағын елестетті. Иран бақ деген осы 
болар деп ойладым. Қыздардың томпақ, толық, жұқа, жұмсақ 
еріндері сәл ашылғанда олардың ауыздарынан ақ маржан ақта-
рылып кеткендей көрінді. «Ал, енді не айтасың» дегендей, жазық 
маңдай, қыр мұрын, ақ құба, аққу мойын, аршын төс, қара торы, 
қиғаш қас, ақ сары қыздар әлі маған жаудырап қарап отыр. Енді 
не айтарымды өзім де білмедім. Алма ағаштың бұтақтарын 
қайыстырып, «өзіме кім қолын созар екен?» деп жерге телміре 
қарасып сабағында самсап тұрған хош иісті піскен алма секілді 
осынау тәтті қыздардың қасынан ілгері қарай өте» берген 
Ерболдың қабылдауында поэтикалық метафоралар (қыздар – жұ-
мақтың гүлдері, қыздар – хош иісті қызыл алма) арқылы бейне-
ленген қыздардың эмоционалдық бояуы басым топтық пішінде-
месі соншалық нанымды суреттелген. Ұлы Отан соғысынан 
оралған солдат Ерболдың қыздарға таңырқай қарауы, оған топта-
ғы отыз қыздың бәрінің бірдей ақылды, бәрінің бірдей сұлу кө-
рінуі де кейіпкер характерін аша түседі. Эпикалық шығармадағы 
портрет лирикалық шығармаларға қарағанда анағұрлым 
толығырақ және көлемді, нақты болып ке-летінін айту керек. 
Әдеби шығармада кейіпкер мінезін, көңіл-күйін ашуда 
қоршаған ортаны, табиғатты суреттеудің маңызы зор. Пейзаж – 
адамның ішкі әлемін суреттеудің, яғни психологиялық талдау-
дың кең тараған көркемдік құралы. Пейзаждың кейіпкердің жан 
дүниесін, болмысын жан-жақты бейнелеудегі көркемдік қызметі 
ерекше. Ол оқиғаның дамуына, кейіпкер жан дүниесіндегі ішкі 
өзгерістердің өсуіне тікелей әсер етеді. Пейзаждың әдебиеттегі 
көркемдік қызметі туралы Б.Майтанов: «Көркем туындыдағы 
пейзаждың функциясы үш түрлі арнаға саяды. Сюжеттік орайда 
ол – оқиғалық уақыттың өлшемі. Композициялық тұрғыда ол 
көркемдік жолмен қабылданған әлемнің тұтастығын білдіреді. 


72 
Шығарманың идеялық-мазмұндық астарларына қатысты ол ха-
рактерологиялық міндеттер атқарады»
1

дейді.
Пейзаждық детальдар шығармада көпфункционалды рөл 
атқарады. Пейзаж кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ақтаруға 
септесіп, ерекше психологиялық фон қалыптастырады. Кейде 
пейзаж ұлттық ерекшеліктерді де таныта алады. Сонымен қатар 
әдебиет тарихында әр қаламгердің өзіне тән табиғатты суреттеу 
ерекшелігі болатыны да белгілі. 
Жалпы әдебиеттегі пейзаж суреткердің қайталанбас дара 
тұлғасымен, ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста болады. 
Л.Толстой, біздің түсінігімізде, Ясная Поляна пейзажынан, 
Ф.Достоевский - Петербург көрінісінен, М.Әуезов - Шыңғыстау 
табиғатынан, Ә.Кекілбаев Маңқыстау өңірінен ажырағысыз бай-
ланыста. О.Бөкеевтің туған жері Алтаймен жаны да, табиғаты да 
туыс. Л.Толстой пейзажды көбінесе өмірге, қоғамға, адамға қа-
рама-қайшы суреттейді екен.
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде этносоциум 
заңдылықтарына қарсы дәрменсіз, қорғансыз Ғазизаның өлімі-
мен тұстас долданған ақ түтек боранның үдей соғуы осы қасірет-
тің лейтмотиві секілді. Долы, мейірімсіз боран, қыс пейзажы 
қыздың трагизмін күшейтуде көркемдік қызмет атқарады. Әңгі-
менің басталуында суреттелетін тау суреті трагедиялық әсер мен 
жалғыздық, жатсыну сарынынан емеурін танытады. Шығармада 
символикалық мәнге ие болған «бауыры көбінесе бораннан 
босамайтын», «бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман 
отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын» Арқалық 
тауының, Күшікпай зиратының қатыгез, ызғарлы сипаты өмірдің 
үрейлі де таусылмас қайшылығына, енді болатын сұмдық дүние-
ге әзірлейтіндей. 
Ш.Құдайбердиевтің «Әділ-Мария» романында табиғат 
суреті - композицияның көмекші емес, маңызды элементтерінің 
бірі. Автор жанына поэтикалық қуат құйып, шабыт берген туған 
жер табиғатын патетикалық лепте бейнелеген. Шәкәрімге дейін 
қазақ әдебиетінде табиғатты дәл осылай суреттеу тәжірибесі жоқ 
1
Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –Алматы: 
Санат, 1996. 196-б.


73 
болатын. Бұл турасында Б. Майтанов: «Шыңғыс тауы – тап-таза 
символикалық бейне. Өз қойнауында туған Әділмен бірге опық 
жеп, зар төгетін кәрі Шыңғыс. Ұқсастыра, қабаттастыра суреттеу 
принципі басым... Шыңғыстау мен қаламгер – автор әрі сырлас, 
әрі мұңдас. Жазушы өзімсіне сөйлейді. Баланың әкеге ерке-
легеніндей. Тау-анадан аспан-атаның қаһарына араша сұрау. Та-
биғат пен адам дүниесінің тұтастығы. Пейзаждың түпкі мәні 
әлеуметтік өмір қайшылығын, сұрапыл қиянаттың құрық бермес 
асаулығын ишаралау»
1
– 
дейді. 
Пейзаждық суреттемелер баяндаудың жалпы реңін береді, 
оған лирикалық бояу дарытып, әуез қосады. Романда 
Шыңғыстау кейіпкердің психологиялық ахуалына да сәйкес 
суреттелген. Әділді урядник ауылға келіп, алды-артына қарат-
пай, жаламен абақтыға айдап алып бара жатқанда, кейіпкердің 
көңіл-күйімен табиғат та сабақтас бейнеленген: «Сол кезде 
Шыңғыс жақтан қайғылы қара бұлт шығып, қара дауыл болып, 
қарлы жаңбыр жауа бастады. Ауылдан шыға бергенде, бір қабақ-
ты жел ұшырып, дедектетіп апарып құры құдыққа салғанын Әділ 
көріп, абақты есіне түсіп: 

Әттең, көмексіз, туысқансыз жалғыздық-ай! Шіркін опа-
сыз дүние-ай! Көрсетпегенің осы екен ғой! – деп көзінің жасы 
сорғалап, амалсыз кетіп барады... Міне, кәрі Шыңғыстау, осы-
ның бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Дәл сол кезде сен қарлы, 
жаңбырлы қара дауылыңды соққызып, Әділді урядник бір айда-
са, ыққа қарай сен дауылыңмен екі айдап, бурадай бұрқыраға-
ның жерді қара түтек боран қылып, аспанды қара жаңбырлы қара 
бұлтпен қаптағаның Әділге қылған кәрің бе? Әйтпесе, рахым-
сыз зұлымдыққа ызаланып, жазасызды аяп жылағаның ба?..». 
Үзіндідегі «қара бұлт», «қарлы жаңбыр» сөздерінің үдеме-
лене қайталануы кейіпкердің басына төнген жамандықтан, қай-
ғыдан хабар береді. Ол – кейіпкер тағдырының символы. Қара 
бұлтты аспан, қарлы жаңбыр Әділдің жан толғанысымен байла-
нысты. Кейіпкер характеріне сәйкес табиғат та құбылып отыра-
ды. Адамның көңіл-күйін табиғат құбылысымен салыстыра су-
1
Майтанов Б.Қ. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: 
Санат, 1996. – 30 б.


74 
реттеу психологиялық параллелизм деп аталады. Ол адам мен 
табиғат, әлем бірлігінің тұңғиығына барлау арқылы жасалады. 
Психологиялық параллелизм өз бастауын фольклорлық 
шығармалардан, халық лирикасынан алады. Фольклор поэтика-
сында шарықтау шегіне жеткен психологиялық параллелизм тә-
сілі біртіндеп ХХ ғасырдың басында жаңадан қалыптаса бас-
таған прозалық жанрларға ауысты да, бүгінгі әдеби тәжірибеде 
жаңа сапалық қасиеттермен толықты. Бұл тәсілдің ерекшелігі, 
аллегориямен салыстырғанда адам қасиетін табиғатқа немесе 
табиғаттың қасиетін адам бойына тікелей әкелмейді. Ол адам 
мен табиғат бейнелерін қатар қояды, екеулерінің арасындағы нә-
зік байланысты сабақтастырады. Табиғат образының пластикасы 
логикалық тұрғыда, сөзбен түсіндіруге келмейтін нәрселерді 
бейнелеуге мүмкіндік береді.
Психологиялық параллелизм Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» 
романында Ақбілектің жан-сезіміндегі арпалысын, терең 
дағдарыс сарынын суреттеуде ұтымды пайдаланылған. Ақтар
қашып, тау ішінде жалғыз қалған Ақбілекті түнде түз тағысы – 
қасқырлар жан-жағына қамалап қоршайды. Ақбілектің өмір үшін 
жан дәрмен күресі: «Қасқыр одан жаман өршеленеді. Ақбілек 
жанұшыра сермейді. Қасқар қамалайды. Ақбілек сабалайды» - 
деп суреттеледі. Табиғат жанданып, адами кейіпке түскен. Аш 
жыртқыш аңдар қызды қамалап, ортаға алғанда оқиға шарықтау 
шегіне жетеді. Ақбілек жандәрмен аласұрып, өмірі үшін 
жанталасады. Орыстар Ақбілектің жалғыз өзін айдалаға тастап 
кеткен сәтінде Алтайдың түні «қызыл көз, қасқыр жүз, қабылан 
азу, қара» болып бейнеленген. Поэтикалық антитеза (күздің 
көзсіз қара түні – ақ бас Алтай), қара түбірінен өрбитін қара түн, 
қара бұлт, қара бурадай шөгу, қарауыту сөздерінің қайталануы 
кейіпкердің басына төнген қауіп пен қатерді меңзейді. Романда 
жазушы күзгі түнді тұтастай бейнелей отырып, енді табиғат 
құбылыстарының әрқайсысына жекелей (саял-дық қара 
бұлттарға, күздің сарғыш жапырақтарына, бұлттарға, ызылдаған 
ызғырыққа) қаратпа сөзбен тіл қатады. Ақбілектің бойындағы 
қорқыныш, көңіліндегі үрей күзгі табиғат суретімен үндесе, 
психологиялық параллелизм арқылы бейнеленген. Бұл көркемдік 
тәсіл романда өзіндік айшығымен кейіпкердің жан дү-ниесіндегі 


75 
толқу сезімдерін суреттеуде жиі қолданылған. Таби-ғатқа 
арналған қаратпа сөздер мағыналық байланыста жұмсалып, ойды 
әсерлі жеткізген. Сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де 
болса құбылта түсу үшін қаратпа сөздердің құрамына -ау 
модальді шылауы («мейірімсіз шіркіндер-ау!») контекстте ерек-
ше психологиялық көңіл-күй тудырып, әуезділік пен суреттеліп 
жатқан оқиғаларға автордың қатынасын танытып отырады. Осы 
арқылы мәтінге «жан бітіп», поэтикалық қуат, эмоция дариды. 
Психологиялық егіздеу тәсілінің кейбір жазушылардың 
шығармаларында стильдік ерекшелікке айналатын тұсы да бар. 
Мысалы, О.Бөкеев прозасында психологиялық егіздеу жеке тә-
сілден тұтас поэтикаға ұласып, стильді айқындайтын ұстанымға 
айналған. Жазушының «Қар қызы», «Сайтан көпір» т.б. шығар-
маларының бүкіл эмоционалдық тіні мен образдар жүйесі адам 
мен табиғаттың берік байланысын негіздейді. Кей туындыла-
рында ол тұтастай сюжеттік желіні жарып өтеді. Қаламгер шы-
ғармаларында өркениетке табиғат қарсы қойылады. Шынайы-
лықтың, тазалықтың поэтикалық символы ретінде бой көрсеткен 
табиғат бейнесі адами кейіпке ие. Пейзаж өз экспрессиясымен 
таң қалдырады. О.Бөкеевтің сөздік қорында мистикалық «си-
қыр» сөзі маңызды қызмет атқарады. Шын мәнінде, жазушы шы-
ғармаларында табиғат ғажайып, сиқырлы күшке ие. Оның ға-
жаптығы да табиғаттың рухтануында жатыр.
О.Бөкеев шығармашылығындағы пейзажға тән белгілердің 
бірі - кейіпкердің табиғатпен оңаша шын жүректен сырласуы, 
сұхбат құруы. Мұндай пейзаж түрі қаламгердің барлық шығар-
маларында дерлік ұшырайды. Мысалы, оның "Құм мінезі" по-
весінде табиғатқа тіл біткен, ол сыңсып сырын айтады. Ал, оның 
үнін естуді тек Барханға ғана жазған: «Иә, құм жылайтын... Иә, 
құм сөйлейтін... Иә, құм жырлайтын... Иә, құм толғайтын... Иә, 
құм ән айтатын...Иә, құдая құм күлетін, кәдімгідей сақ-сақ кү-
летін... Иә, құмның даусы қандай әдемі еді десеңізші, көңіл-
ден де шалғай ұжмақ дүниеден хабар жеткізгендей, алыста, әрі 
тым жақында жатқан сиқырлы дүниені аңсап, жалғызсыра-
ғанда, жабыққанда айтар әсем әні, әмәнда ұзақ-сонар толғауға 
барып, бебеу қаға тоғысар еді. Қызылқұмның тілін тек өзі ғана 
білетін Бархан онымен күбір-күбір әңгіме шертісер еді».


76 
Пейзаж қаламгердің философиялық ой-толғамдарын айқы-
нырақ жеткізуге қызмет етеді. Суреткер шығармашылығында 
адам мен табиғат екеуі екі бөлек әлем емес, олар біртұтас, бір-
лікте. Олардың арасында қайшылық немесе өзара үйлесім болуы 
мүмкін. Тек бір-біріне бейтараптық жоқ. Повесте адамдар 
арасында жалғызсыраған қойшының құммен өзара ұғысуы адам 
мен табиғат арасындағы түсіністікке ұласқан. Табиғатты ұға білу 
қасиеті арқылы кейіпкер характері, болмысы ашылады. Жалпы 
табиғатқа деген көзқараста уақыт қолтаңбасы, замана тынысы 
жатады. Мәселен, XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында 
табиғаттың әсемдігіне емірене сүйсіну, оны идеал тұту
тазалықтың өрісі деп қарау аңғарылады. XX ғасырдың 70- 
жылдарындағы әдебиетте (Ш.Айтматовтың «Ак кеме», 
В.Васильевтің «Патша балық», В.Распутиннің «Матерамен қош-
тасу» повестері, О.Бөкеев, М.Мағауин, Т.Әбдіков шығармалары) 
табиғатты тамашалаумен қатар, оның келешегіне алаңдау, адам 
мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықты тереңнен түсіну, 
оны концептуалдық деңгейде суреттеу бар. Тағы бір айтатын 
жайт, көркем шығармадағы образды жасауда қолданылатын кез-
келген көркемдік тәсілдер - портрет, пейзаж, монолог, диалог
т.б. жеке-дара тұрып ешқандай қызмет атқармайтыны белгілі. 
Сондықтан да жазушы кейіпкерінің ішкі сезімдерін, характерін 
бейнелеу құралдарын өзара сабақтастыра суреттеу арқылы аша-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет