С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет83/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Библиография –көркем әдебиеттің өзіне тән және әдебиет туралы 
ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, сілтеме, шолулар 
жиынтығы.
Бүкпелеу – айтылатын ойды еркін және толық ақтарып тастамай, 
емеурінмен танытып, қысқаша қайыру, іркіліп сөйлеу немесе сыпайылап 
ишаратпен аңдату үшін қолданылатын стильдік тәсіл.
Глосса – грек тілінен енген сөз – тіл деген мағынаны білдіреді. Антик 
дәуір терминологиясы бойынша – архаизмдер, диалектизмдер және оларға 
түсініктеме беру. 
Градация (латын. біртіндеп көтеру) яғни, дамыту - алдыңғы ойдан 
кейінгі ойды, алдыңғы сөзден кейінгі сөзді асырып, күшейтіп айту, 
біртіндеп асқақтата суреттеу. Сөздердің мағыналарын біртіндеп күшейте 
дамыту. Осындай стилистикалық градациямен қатар кейде дамытудың 
сюжеттік (эпизодтардың рет-ретімен күшейе дамуы) және композициялық
түрлерін де ажыратады. 
Гротеск (французша «таңғажайып, өзгеше» деген мағына білдіреді) - 
шынайы, нақтылы өмір мен фантастиканың шарпысуынан, әдепкі және 
таңғажайып оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын жақсы мен 
жаманды, қайғы мен күлкіні, т. б .шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге 
ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі 
Дамыту – градация – (латынша – бірден-бірге күшейте беру) – алдыңғы 
сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан 
соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Декламация – (тақпақтау) – 
көркем шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқу, тақпақтап айту. Антикалық 
дәуірде шешендік өнер дәстүріне сәйкес салтанатты сөздерді солай атаса, 
бүгінде өлеңді тақпақтап оқуды, не жаттап мәнерлеп айтуды декламация 
дейді. 
Диуан – классикалық түркі тілдес поэзияда қолжазба күйінде келетін 
жинақ. 
Драма (грекше – қимыл, әрекет) - әдебиеттің үшінші тегі, шындықты 
айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар 
үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы 
көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр .Горкийше 
айтсақ ең қиын жанр. 
Ділмар сөз (афоризм) – нақыл-ғибрат түрінде айтылатын бейнелі сөз. 
Афоризмнің баламасы ретіндегі ділмар терминін А.Байтұрсынав енгізді. 
Ал Ш.Құдайбердиев «мәнді сөздер» деп атайды. 


213 
Дүниетаным әдеби шығармашылыққа негіз, тірек болады. Ал әдеби 
шығармаларынан қаламгердің өмірлік позициясы, мақсат-мұраттары
эстетикалық идеалы айқын танылады. Дүниетаным қаламгердің көркемдік 
ойлау жүйесін анықтайды, оның шығармаларындағы бейнелеу тәсілінен де 
көрінеді: жазушының көркем бейнені жасау ерекшеліктері, қақтығыс 
мінезі, әсірелеулер, символиканы пайдалану, т.б. 
Ертегі – адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға тиіс, әр алуан 
қызық, кейде ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін
көркем баян, әсерлі хикая. Өз ішінен қиял-ғажайып ертегілер, хайуанат 
жайындағы ертегілер, салт ертегілер болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет