С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет77/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Компаративизм (латынша сomparativus - салыстырмалы) әде-
биеттегі жалпы және ерекше құбылыстарды айқындап, ондағы 
даму заңдылықтарын айқындайды. Ол түрлі елдердің әдебие-
тіндегі жақындық пен ұқсастықтарға, әдеби байланыстарға назар 
аударып, идеялар мен образдарды, характер мен сюжеттерді 
салыстырады және әдебиеттің өзара байланысын әлемдік әде-
биет арнасындағы құбылыс деп санайды. Компаративизм бірне-
ше әдістерді ұсынды: салыстырмалы әдіс (әр текті әдеби құбы-
лыстарды салыстыра отырып, табиғатын ашу), тарихи-типоло-
гиялық салыстыру (даму жағдайлары ұқсас, алайда шығу тегі 
жағынан түрлі құбылыстардың ұқсастығын түсіндіреді), тарихи-
генетикалық салыстыру (құбылыстың ұқсастығы олардың шығу 
тегі жағынан жақындығының нәтижесі деп санайды). 
Теодор Бенфей ұсынған миграциялық теория бойынша 
ежелгі үнділік прозалық мысалдарының жинағында «Панча-
тантры» сюжет мотивтерінің басқа Еуропа халықтарының әде-


206 
биеттерімен ұқсастығын көрді. «Ұқсастықтар теориясын» («Тео-
рия заимствований») жасап, бір әдебиеттің екінші әдебиетке ық-
палы, әсері болады деп түйді. Ресейде А.Веселовский, Миллер, 
Батюшков болды. А.Н.Веселовский тарихи-салыстырмалы әдіс-
тің нәтижелеріне сүйене отырып, тарихи поэтика идеясын жаса-
ды. Т.Бенфейдің «көшпелі сюжет теориясы» бойынша
Индиядан, Ираннан, араб елдерінен, яғни шығыс әдебиетінен
батыс әдебиетіне сюжеттер енді. Тарихи-салыстырмалы әдіс 
өкiлдерi дәстүр теориясын қалыптасқан сюжеттік мотивтерден 
ғана шығарып, әдеби ықпалды дәріптеп, әдебиеттің ұлттық ық-
палын ескермей, космополитизмге бой ұрды. Олардың басты 
кемшілігі – ұқсас сюжет пен оқиғаларды, образдарды схема тү-
рінде қарап, нақтылы тарихи жағдайды, әдебиеттің ұлттық, ха-
лықтық сипатын ескере бермеді. Әртүрлі дәуірлер мен халықтар 
әдебиетінің құбылыстарын өзара ұқсас қайталаулар деп санау 
шығарманың танымдық мәнін жеткілікті дәрежеде бағаламауға 
алып келді. 
ХХ ғасырдың басында 1910-20 жылдары әдебиеттануға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет