207
тілмен ғана емес, жалпыхалықтық тілмен сабақтастықта зертте-
ген В.В.Виноградовтың еңбегі ерекше еді. Олар лингвистиканы
бағдар тұтты. Осының негізінде 1930-1940 жылдары «жаңа сын»,
кейінірек «структуралистік» мектеп қалыптасты. Мұнда зерттеу-
дің сандық көрсеткіштері кеңінен қолданылды.
Структурализм 1940-1950 жылдары француз этнологы
К.Леви-Строс еңбектерінде пайда болды. Структуралық зерт-
теуде трансформациялық талдау – «грамматикаларды» орнық-
тыру маңызды рөл атқарады. Нақты
мақсат мәтіннің туу ме-
ханизмін табу болды. Жалпы структурализм элементтердің өзі-
нен гөрі шығарма құрылымындағы элементтер арасындағы қа-
тынасқа көбірек көңіл бөледі. «Структуралық талдауда көркем-
дік тәсіл – мәтіннің
материалды элементі емес, қатынас»
(Ю.М.Лотман «Поэтикалық мәтінді талдау»). Ю.М.Лотман ең-
бектерінде структурализмге жақын жүйелік-структуралық және
семиотикалық әдіс қалыптасты.
ХХ ғасырдың екінші жартысында
типологиялық әдіс қар-
қынды дамыды. Әдеби байланыстардың әсерін зерттейтін ком-
паративистикадан бұл әдістің айырмашылығы бар. Типоло-
гиялық әдіс өкілдері әдеби
құбылыстардың ұқсастығы мен
өзгешеліктерін тікелей қарым-қатынас негізінде емес, мәдени
өмір жағдайларының ұқсастығын түсіндіру негізінде зерттеді.
1980
жылдардан бастап тарихи-теориялық әдіс қалып-
тасты. Оның екі аспектісі бар, бір жағынан, тарихи-әдеби зерт-
теу мықты
теориялық мәнге ие болады, екінші жағынан, ғы-
лымда тарихи кезеңге теорияны енгізу қажеттігі туралы түсінік
орнығады. Тарихи-теориялық әдіс тарихи дамудың әр түрлі
кезеңдерінде әдеби процесті сипаттайтын бір ғана ұғымдар өз
мазмұнын өзгерте алады және өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: