С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Тақырып – жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып,  өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы. Тартыс



Pdf көрінісі
бет90/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Тақырып жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, 
өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы.
Тартыс – (латынша – қақтығыс, айқас, алауыздық, талас) - өмірдегі 
қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-


219 
қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастығы, идеядағы, сезімдегі, 
нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі керағар құбылыстардың өнер 
туындсындағы жинақталуы, суреттелуі. 
Теңеу – заттың айрықша белгілеріне тоқталмай-ақ, оны басқа затпен, 
құбылыспен салыстыра суреттеу. 
Типологиялық байланыс – бірнеше халықтың сөз өнеріндегі
әдебиетіндегі әдеби ағым, бағыт, стиль, сюжет, образдар ұқсастығы, 
жалғас-жақындығы. 
Типологиялық 
байланыс 
әдебиеттің 
даму 
заңдылықтарын олардың әлеуметтік-тарихи жағдаймен сабақтастығын 
түсіну үшін өте қажет. Типологиялық байланысты анықтаудағы маңызды 
ұстанымдар қандай десек, алдымен типологиялық ұқсастықтың тарихи 
негізділігіне көңіл бөлу, бүтіндей әдеби құбылыстар - әдеби бағыт, жанр, 
стильдік ағымдардардың бірнеше халықтың әдебиетінде ұқсас келетініне 
назар аудару. Романтизмнің де әр ұлттың әдебиетінде өзіндік сілемдерімен 
ерекшеленгенімен, барлың әдебиетке ортақ типологиялық белгілері бар. 
Типтік бейне - әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі сияқтылардың 
бәріне ұқсайтын жалпы тұлға,әрі әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге 
ұқсамайтын жалпы тұлға.
Трагедия – (гр. – текенің әні) – қайғылы , қатерлі жағдайларға 
құрылатын, бас қаһарманның жан азасымен, өлімімен бітетін драма түрі. 
Эсхил, Софокл, Эврипид трагедиялары қазіргі сахнада әлі ойналады.
Трилогия – мазмұны-мағынасы, сюжеті жағынан бір-бірімен тығыз 
байланысты, негізгі кейіпкерлері ортақ келетін, өзара жалғасып, тұтасып 
жатқан үш шығарма. 
Утопия – грек тілінен енген сөз – еш жерде жоқ деген мағынаны 
білдіреді. Қиялдан туған, қол жетпес арманды бейнелейтін әдеби шығарма. 
Философиялық қоғамдық мағынада утопия адамдар қауымы қайтсе жақсы 
болады, қайтсе жақсы тұрмыс құрады деген жоба, долбар, мақсат, ниет 
дұрыс болғанымен, оның жүзеге асуы қиын. Әдебиетке байланысты 
айтқанда, утопия сол идея, жобаларды шындық өмірде орнатқан қоғам 
адамдарының тұрмысын суреттеген туындылар ретінде ұғынылады. 
Адамдардың қиялдағы, ойдағы мақсат-тілегі іске асқанда қоғам, қауым 
қандай жағдайда болар еді деген арманды меңзейді. Қоғам қайшылықтарын 
жойып, бәрін ойдағыдай етіп іске асырам деу көркем қиялдан туатын жайт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет