С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет89/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Социалистік реализм – кеңес дәуіріндегі әдебиеттің көркемдік әдісі. 
Ол өмірді шыншылдықпен, тарихи нақтылықпен бейнелеуді талап етті, 
еңбекші халықты коммунистік, гуманистік идеялар рухында тәрбиелеу 
мақсатын алға қойды, социализм жолында күрес жүргізіп отырған жаңа 
қоғамның әлеуметтік-саяси, философиялық, эстетикалық идеяларын 
уағыздап, өмір шындығын осы идеялар тұрғысынан бейнелеуді қажет деп 
санады. Социалистік реализм әдісі, оған тән идеялық, таптық принциптер
бұлжымас қағидаға айналып, іс жүзінде әдебиеттің саясатқа тәуелді 
болуына жол берілді. Бұл әдіс өз дәуірінің жемісіне жатады. Кеңес 
дәуірінде М.Горькийдің шығармашылығын үлгі еткен бұл әдіс өзге 
әдістердің кей тұстарын (мәселен, романтизмнің «өршілдік», «асқақтық» 
сынды қасиеттерін) өзіне лайықтады. Дегенмен социалистік реализм басқа 
әдістерді саяси жүйеге қатысты өз көлеңкесінде қалдырды, кеңестік 
құрылысты нығайту, уағыздау мақсатын атқарды. 
Сыншы – оқырманның талап,талғамының жаршысы,әдеби құбылысты 
жалпы мемлекеттік тұрғыдан пайымдайтын қоғамдық ой –пікірдің озық 
өкілі.
Сюжеттің басталуы – (латынша – дәйектеме) – оның кіріспесі іспетті; 
Мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-
жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар 
орны суреттеледі. Экспозиция ол шығарманың сюжеттік желісіндегі 
өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, 
дерек, дәйек ретінде ғана болады. Мысалы, «Шұғаның белгісінің» 
басталуы бірден емес, бұрма экспозицияға жатады. 
Сюжеттік байланыс – (завязка) – адамдар арасындағы әрекеттің басы; 
Тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі 
туындау себебі секілді. Мысалы, Шұғаның Әбдірахманды алғаш көруі. 
Сюжеттік даму – адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-
әрекетінен туатын түрлі жағдайларға байланысты өрбиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет