С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Прототип -әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға негіз  болатын, өмірдегі бар, түпкі, негізгі тұлға. Роман-эпопея –



Pdf көрінісі
бет88/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Прототип -әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға негіз 
болатын, өмірдегі бар, түпкі, негізгі тұлға.
Роман-эпопея – эпостық шыңы, оның негізгі қаһарманы – халық, 
суреткер шындығы – халық басынан өткен кезеңдік құбылыстар. 
Риторика – грек тілінен енген сөз – шешен, ділмар деген мағынаны 
білдіреді. Көне Грекиядағы шешендік өнер туралы ілім.
Рефрен – әннің қайталанып келетін бөлігі. Әдебиеттану 
терминологиясында өлеңнің қайталанып отыратын жолы осылай аталады. 
Сонет – (итальянша – сылдырлау, сыңғырлау) - арнайлы өлшеммен, әр 
түрлі тақырыпқа жазылатын сырлы өлең. Сицилияда он үшінші ғасырда 
пайда болып, Данте, Петраркалар көп қолданған, Шекспир классикалық 
үлгілерін жасаған лириканың түрі. Көлемі он төрт жол болады, алғашқы 
сегіз жолы бірінші бөлім – катрен, ақырғы алты жолы – терцет, мазмұны 
ұқсас болады. 
Сентиментализм (франц. сезімталдық)ХҮІІІ-ХІХ ғғ. бас кезінде 
Еуропа халықтарының әдебиетіндегі бағыт. Ағылшын әдебиетінде С. 
орнықтырған Л.Стерн. Оның «Сентименталдық сапарлары» Еуропаға кең 
тарады. Орыс әдебиетінде Н.М.Карамзиннің «Бейшара Лиза» повесінен 
С.нің негізгі сипат-өзгешеліктерін айқын аңғарамыз. 
Силлабикалық өлең өлшеміндегі шешуші нәрсе – буын; ырғақ, 
шумақ, тармақ, бунақ.
Синекдоха – мегзеу – (грекше – арақатысын ашу) – бүтіннің орнына 
бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану.
Символ – (гр. symbol – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура 
суреттемей, бұларға ұқсас бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, ойды 
ашық айтпай, тұспалмен түсіндіру. Ол романтизм поэтикасында кең орын 
алады. 
М.Лермонтовтың 
«Жалғыз 
желкені», 
М.Жұмабаевтың 
«
Қойлыбайдың қобызы» - символмен жазылған шығармалар.
Символизм – ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Еуропада, кейіннен басқа 
елдердің әдебиеті мен өнерінде өріс алған модернистік көркем-әдеби 
бағыт. Символизм эстетикасының негізін ХІХ ғ. 60-70 жж. алғаш француз 
ақындары П.Верлен, А.Рембо, С.Малларме жасады. Сонымен қатар 
символизм 
белгілері 
М.Метерлинк, 
П.Валери, 
Р.М.Рильке 
шығармаларында да көрініс тапты. Сол кезең философиясындағы 
күнделікті күйбең тіршілік шындығының жалғандығы, құр бос 
күйгелектігі және шынайы, бұлжымас, мәңгілік құндылықтардың 
трансцендентті әлемі туралы көзқарастары символизмнен көрініс тапты. 
Сондықтан да С. сезімдік қабылдау шеңберімен шектелмеген жоғары 
шындық, жоғары ақиқат әлемін іздестірді. Күнделікті болмыстан жоғары 
жатқан шынайы құндылықтарды танытудың пәрменді құралы – 
поэтикалық символ деп таныған символистер үшін алыстағы шалғай сырды 


218 
тек интуиция арқылы сезіну мүмкін болып көрінеді. Символизмнің 
философиялық идеологиясы – платонизм, қосәлемділік, «идеялар әлемі» 
және «заттар әлемі». Символистік сарындағы шығармалар шындықтан гөрі 
мистикаға, ақылға түсініксіз таңғажайып құбылыстарға, жұмбаққа жақын. 
Түп тамыры романтизммен, сентиментализммен өзектесіп жатқан
символизм адамның субъективті ішкі әлемін дербес құрылым ретінде, сезім 
еркіндігін, ой-түйсіктің жүйеге түсуді қажет етпейтін ырықсыз жарқылын, 
астарлы, ғарыштық мәнін дәріптеумен ерекшеленеді. Символизм арқылы 
сырт дүние мен ішкі өмірдің жарасымын іздестіретін, әсем, көрікті, 
ырғақты поэзия құдіреті салтанат құрғаны аян.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет