С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Монолог - әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл күйін білдіретін  толғау сөз . Миф



Pdf көрінісі
бет86/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Монолог - әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл күйін білдіретін 
толғау сөз .
Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын 
қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. 
Метрикалық жүйе - ең көне өлең жүйесінің түрі әуезді жүйе, оның 
арқауында ән жатады.
Модернизм (французша жаңа, қазіргі) - буржуазиялық әлем 
дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. 
әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Ф.Ницшенің, 
З.Фрейдтің, К.Т.Юнгтің концепциялары негіз болды. М. әдебиеттің негізі 
қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің 
терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен 
тұрады. Қоғамнан,өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен 
алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің 
абсурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Кафка, Джойс 
сынды модернист-жазушылар шығармаларында белгілі жағдайда 
мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғасырдағы буржуазиялық қоғамның
кейбір даму өзгешеліктерін, ерекшеліктерін ашып берді. 
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне 
сатиралық сипатта, аң, хайуанат, зат туралы жазылады да, сол арқылы адам 
бойындағы мінді, кемшілікті сынайды. Мысалы, Эзоп, Лафентон, Крылов 
мысалдары.
Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық
ерекшеліктерінің жиынтығы.
Неологизм – жалпы қоғамдық дамумен сабақтас, тыңнан туған соны 
сөздер. 
Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде 
өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден 
тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. 
Ода - «грекше - ән) – (қасида) есімі елге тараған жеке адамдарды не 
батырларды мадақтаған, ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса 


216 
көтеріңкі, көңілді жырлар. Мысалы, Гораций, Овидий, Лермонтов пен 
Державин, Байтоқ т.б. 
Ойдан шығару - шығармада суреттеулер шындықтан шалғай
жатпайтын, сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі, шындыққа
суарылған адам бейнесін әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет