22
8-жұмыс. Тұқым бөрткенде сіңіретін су
мөлшерін анықтау
Зерттеу мақсаты
: əртүрлі
өсімдік тұқымдарының бөрту
кезінде суды сіңіру ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу объектілері
: бидай, арпа, ас
бұршақ, күнбағыс,
жүгері тұқымдары.
Қысқаша түсініктеме
. Тұқым өнгенде ең алдымен топырақ-
тағы
суды сіңіріп,
бөртеді де қабығы жарылып, өне бастайды.
Түрлі дақылдар тұқымдарының бөртуіне қажетті су мөлшері олар-
дың құрамындағы қор заттардың түріне жəне мөлшеріне тəуелді.
Əдістеме. 10-20 г өсімдік тұқымдары өлшеніп алынады. Тұ-
қымдарды таңдағанда құрамындағы қор заттардың түрлеріне мəн
беру керек. Тұқымдардың бір түрлері крахмалға (арпа, бидай),
екіншілері белокқа (ас бұршақ), үшіншілері майға (күнбағыс,
сорго) бай болады. Өлшеніп алынған тұқымдардың əрқайсысын
стакандарға салып, оның үстіне толтыра су құйып, бетін жауып,
жылы жерге бір тəулікке қояды.
Өңдеу уақыты өткен соң, ста-
кандардағы
суды сарқып төгіп,
бөрткен тұқымдарды сорғыш
қағаз бетіне жайып кептіреді де қайта өлшейді.
Құрғақ жəне ылғал салмағының
айырмашылығына қарап, тұ-
қымның бір тəулікте сіңірген суының мөлшері есептеледі. Тəжірибе
нəтижелерін 6-кестеге енгізіп, тиісті қорытындылар жасайды.
6-кесте
Түрлі өсімдік тұқымдарының суды сіңірген мөлшері
Вариант
Тұқым салмағы
Сіңірілген су
құрғақ
ылғал
грамм %
бидай
арпа
ас бұршақ
күнбағыс
жүгері
Қажетті құралдар мен заттар: стакандар, сорғыш қағаз, таразы.