30
судың əсерінен кобальт хлориді сіңген сорғыш қағаз түсінің
өзгеруіне негізделген. Сорғыш қағаздың көк түстен (құрғақ
CoCl
2
) күлгін түске (CoCl
2
•6H
2
O)
өзгеру уақытына қарай өсім-
діктің транспирация қарқындылығын сипаттауға болады.
Өсімдіктің түрлі мүшелеріндегі транспирация қарқыны
сыртқы орта жағдайларына байланысты өзара ерекшеленеді. Су-
дың транспирациялануы устьица немесе кутикула арқылы
жүреді. Устьицалық аппараттың жапырақ тақтасында орналасуы
өсімдіктің табиғатынан тəуелді болады.
Əдістеме.
Целлулоид
кесіндісіне жабыстырылған хлорко-
бальтты қағаз дөңгелекшелерін жапырақтың екі жағына қағаз
қыстырғышпен бекітеді. Жапырақтың жоғарғы жəне төменгі жа-
ғындағы хлоркобальтты қағаздың көк түстен қызғылт түске
өзгеру уақытын анықтап, транспирация қарқындылығын салыс-
тырады. Устьицалары көп шоғырланған жапырақ тақтасының
(астыңғы немесе үстіңгі) бетінде қағаз түсі тез өзгеріске ұшырай-
ды, бұл жапырақтың осы бетінде транспирация қарқындылығы-
ның жоғары екенін көрсетеді. Ал
устьицалары аз жапырақ
тақтасының бетінде транспирация қарқынының төмендігіне бай-
ланысты қағаз түсі баяу өзгереді.
Тəжірибе соңында жапырақтың екі жағынан алынған эпидер-
мис кесінділерінен препараттар дайындап,
микроскоп астында
устьицалардың санын анықтайды. Санауды 4-5 рет қайталап,
орташа мəнін алады. Жапырақтың жоғарғы жəне астыңғы қаба-
тынан алынған эпидермис ұлпаларының суреттері салынады
жəне 10-кесте толтырылады. Алынған нəтижелерден
тиісті
қорытындылар жасайды.
10-кесте
Достарыңызбен бөлісу: