С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Қажетті құралдар мен заттар: нейтралды-қызыл бояқ (1:5000), фильтр 
қағазы, 1М сахароза ерітіндісі, вазелин, ұстара, заттық жəне жабын шынылар, 
ине, Петри табақшалары, микроскоп. 
 
 
41-жұмыс. Хлорофилді ұлпалардың зақымдану
дəрежесіне қарай өсімдіктердің экстремалды жағдайларға 
төзімділігін анықтау 
 
Зерттеу мақсаты: жоғары температураның əсерінен əртүрлі 
өсімдіктердің хлорофилді ұлпаларының зақымдану дəрежесіне 
қарай, олардың ыстыққа төзімділігін анықтау жəне өзара салыс-
тыру.  
Зерттеу объектілері:
 əртүрлі өсімдік жапырақтары. 
Қысқаша түсініктеме. Өсімдіктің күйін анықтаудың ең 
қарапайым əдістерінің бірі – түрлі зақымдаушы факторлардың 
əсерінен феофетиннің түзілуіне негізделуі. Бұл жағдайда клетка 
мембраналарының бұзылуына байланысты жартылай өткізгіштік 
қасиеті өзгеріп, осының əсерінен клетканың қышқыл сөлі хлоро-
пласт ішіне енеді. Сутек ионы хлорофилл молекуласындағы 
магний ионын сыртқа ығыстырады, осының салдарынан хлоро-
филл молекуласы күрең түсті феофетинге айналады. Өсімдік 
ұлпасы неғұрлым зақымданған болса, күрең түсті дақтар соғұрлым 
көп пайда болады. 
Əдістеме. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін анықтау үшін 
40
о
С су моншасындағы суға зерттеуге алынған өсімдіктердің 
жапырақтарын малады. Бірінші үлгіні су моншасынан 30 минуттан 
кейін шығарып, суық су құйылған кристаллизаторға уақытша 
салады. Осыдан кейін су моншасының температурасын 5
о
С көте-
реді, 10 минуттан кейін су моншасындағы екінші үлгіні шығарып, 
суық су құйылған кристаллизаторға ауыстырады. Осы əдіспен су 
моншасындағы температураны 5
о
С көтере отырып, 60
о
С дейін 
жеткізеді, осы аралықта жоғарыда айтылған əдісті бірнеше рет 
орындайды. Соңында үлгілерді суық судан шығарып 0,2 Н тұз 
қышқылының ерітіндісі құйылған бюкстерге ауыстырады. 
20 минуттан кейін алынған нəтижелерді қарастырады. Тірі 
қалған жапырақтар жасыл, ал өлі жапырақтар қошқыл түске боя-
лады (қышқыл сөлі жоғары өсімдіктерде жапырақтардың қошқыл 


97 
түске боялуы тұз қышқылымен өңдемес бұрын жүзеге асады). 
Тəжірибе нəтижелерін 39-кестеге ендіріп, тиісті қорытындылар 
жасайды (+ таңбамен алғашқы зақымдану белгілерін жəне +++ 
таңбалармен толық зақымдану, яғни күрең түске боялуын 
белгілейді).
39-кесте
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет