С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина


Дәріс №12 Тақырыбы: «Жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензия»



бет4/31
Дата17.06.2016
өлшемі5.99 Mb.
#141854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Дәріс №12

Тақырыбы: «Жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензия».

Мақсаты: жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензиясы, жіктелуі, диагностикасы, емдеу принциптері, шұғыл көмек көрсету жөнінде ақпарат беру.

Дәрістің тезистері

Жүктілікпен шақырылған ерте токсикоздар мен гипертензияның қазіргі замандағы этиопатогенезінің теориялары. Жүктілер құсуының жіктелуі, диагностикасы, емдеу принциптері. Жүктілер гипертензиясы (ЖГ) – бұл жүктіліктің екінші жартысында дамитын, полиорганды және полижүйелі жетіспеушіліктің синдромы. ЖГ өзіндік ауру болып табылмайды, ол ана мүшелерінің бейімдеуші жүйелердің мүмкіншілігі мен дамып жатқан ұрық қажеттілігін адекватты қамтамасыз етудің сәйкессіздігі. ДДСҰ бойынша ЖГ жиілігі 0,51-38,4%, ТМД мәліметтері бойынша 6,9-14%. ҚР ЖГ 1998ж 15,2% 22002 ж 26,7% көтерілуі анықталады. Ана және перинатальді өлім құрылымында ЖГ 2-3 орында. ДДСҰ ұсыныстары бойынша қазіргі уақытта «гестоз» термині орнына «жүктілер гипертензиясы» қолданылады. 2004 ж. бастап ҚР ДДСҰ 10 қайта қаруымен МКБ бойынша жіктелу қабылданды: созылмалы гипертензия; жүктілер ісінулері; жеңіл дәрежедегі преэклампсия; орта дәрежедегі преэклампсия; ауыр дәрежедегі преэклампсия; эклампсия. ЖГ диагнозы лабораторлы және клиникалық мәліметтеріне негізделе қойылады. Ұрық жағдайын зерттеуді жүргізген дұрыс – УДЗ, КТГ, доплерометрия. Жүктілер гипертензиясын емдеудің негізгі принциптері: емдік-қорғау режимін түзу, гиповолемия мен метаболикалық бұзылыстарды жою, қанның реологиялық және коагуляциялық қасиетін жақсарту, құрсақ ішілік ұрықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар. Ауыр преэклампсияны емдеуде сенімді әдіс болып босандыру табылады. . Ауыр преэклампсия мен эклампсияда шұғыл көмек көрсету. Табиғи жолдары арқылы босандыру оптимальды болып табылады. ЖГ үдемелі ағымында, жағдайы нашарлаған жағдайда кесар тілігі операциясы арқылы босандырады.

Ауыр преэклампсия мен эклампсияда шұғыл көмек көрсету.

Көрнекті материал: сызбалар мен суреттер қосылған мультимедиялық презентация

Литература:

Орыс тіліндегі негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.С.- 400-428.

қосымша :

1. Айламазян Э.Г. Акушерство: учебник для студентов мед.ВУЗов. С.- Петербург. – 2005. – С. 188-205.

Қазақ тіліндегі негізгі;

1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. – Алматы, 2006

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):



  • Жүктілер құсуының жіктелуі

  • Жүктілер құсуының емдеу принциптері

  • Жүктілікпен шақырылған гипертензияның патогенезінің негізі звеносы

  • Преэклампсияның негізгі клиникалық симптомдары

  • Эклампсияның негізгі клиникалық симптомдары

  • Жүктілікпен шақырылған гипертензия кезіндегі дәрігер тактикасы

  • Ауыр преэклампсия мен эклампсияда шұғыл көмек көрсету

Дәріс №13

Тақырыбы: «Нәрестенің дұрыс емес орналасуы. Нәрестенің жамбаспен жатуы»

Мақсаты: Нәрестенің дұрыс емес орналасуының, нәрестенің жамбаспен жатуының себептеріне, диагностикасына, жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктеріне түсінік беру.

Дәрістің тезистері.

Нәрестенің дұрыс емес орналасуына нәрестенің көлденең және қиғаш жатуын жатқызады. Көлденең жатуы деп, нәресте денесінің ұзынша осінің жатырдың ұзынша осіне перпендикулярлы қатынасын айтады. Қиғаш жатуында нәресте денесінің ұзынша осі жатырдың ұзынша осімен үш бұрыш жасайды. Нәрестенің дұрыс емес орналасуының жиілігі барлық босанулардың 0,5-0,7% құрайды. Этиологиясы. Диагностикасы. Жүктіліктің ағымы: жүктілікті мерзіміне дейін көтере алмаушылық, созылмалы ФПЖ, қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі. Нәрестенің дұрыс емес орналасуында табиғи жолдарымен босану мүмкін емес. Профилактикалық сыртқы бұру әдісі мен қосарланған сыртқы-ішкі аяқтарынан бұруды қазіргі кезеңде асқынуларының көп болуына байланысты тағайындалмайды. Кесар тілігі операциясына көрсеткіш. Жоспарлы түрде кесар тілігі арқылы босандыру ұсынылады.

Жамбаспен жату. Нәрестенің жамбаспен жатуының пайда болу жиілігі– 2.7-5,4%. Жамбаспен жатудың жіктелуі. Таза (толық емес) жамбаспен орналасуы. Аралас (толық) жамбаспен орналасуы. Аяқпен орналасуы (толық және толық емес). Этиологиясы. Диагностикасы. Жүктілік пен босанудың ағымы. Табиғи жолдары арқылы босандыру кезінде преинатальды өлім көрсеткішінің жоғарлауы байқалады, баспен жатудағы босану мен салыстырғанда аналогты көрсеткіші 4-5 есе көп. Ол босану кезіндегі асқынулардың жиі болуына байланысты. Анамнезін ескергеннен кейін, объективті қараудан кейін,УДЗ, нәрестенің жағдайы мен әйел ағзасының босануға дайындығын бағалағаннан кейін босану болжамын анықтап акушерлік тактиканы дұрыс таңдау керек. Кесар тілігі операциясына көрсеткіш.
Көрнекті материал: сызбалар мен суреттер қосылған мультимедиялық презентация

Әдебиеттер:

Орыс тілінде

негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.С.- 249-267., С.- 526-531.

дополнительная:

1. Айламазян Э.Г. Акушерство: учебник для студентов мед.ВУЗов. С.- Петербург. – 2005. – С. 291 - 300.

Қазақ тілінде

негізгі:

1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. – Алматы, 2006

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

Нәрестенің көлденең орналасуының анықтамасы

Нәрестенің қиғаш орналасуының анықтамасы

Нәрестенің дұрыс емес орналасуының этиологиясы

Нәрестенің дұрыс емес орналасуының диагностикасы

Нәрестенің дұрыс емес орналасуында босануды жүргізу тактикасы

Жамбаспен жатудың жіктелуі

Жамбаспен жатудың диагностикасы

Жамбаспен жату кезіндегі босануды жүргізу тактикасы

Жамбаспен жату кезіндегі кесар тілігі операциясына көрсеткіш.


Дәріс №14

Тақырыбы: «Акушериядағы іріңді – септикалық аурулардың асқынуларының өзекті мәселелері»

Мақсаты: Босанғаннан кейінгі іріңді – септикалық аурулардың жіктелуіне, диагностикасына, емдеу мен алдын-алу шараларына түсінік беру.

Дәрістің тезистері

Босанғаннан кейінгі іріңді – септикалық аурулар 4-6% жағдайда дамиды. Бұл көрсеткіш көбінесе кесар тілігі операциясынан кейін жиі дамиды. БКІСА жарқатты инфекциядан кейін, әйелдің физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктеріне де, оның жыныс жүйесіне де, жүктілік пен босануға байланысты, реактивтіліктің өзгерістеріне де байланысты. Патогенетикалық көзқарас бойынша БКІСА микро және макроорганизмдердің өзара әсерлесуінен дамитын динамикалық процесс болып табылады. Макроорганизмнің реактивтілігі шешуші орын алады. Негізгі қоздырғыштары болып табылады: анаэробтар, энтерококктар, срептококктар, стафилококктар, микст-инфекция немесе аралас инфекция. Инфекцияның өту жолдары. БКІСА – ң дамуын жоғарылататын факторлар. Әйелдердегі қабыну ауруларының дамуында одонтогенді инфекцияның маңызы.

БКІСА-ң Сазонов-Бартольс бойынша жіктелуі. БКІСА – ң емі патофизиологиялық бұзылыстардың компенсациясына және инфекциямен, әрі интоксикациямен күресуге бағытталған. Кешенді консервативті емнің құрамына антибактериальды ем кіреді бір мезетте 2-3 препараттарды; инфузия-трансфузиялық терапияны; иммунотерапияны; десенсибилиздеуші; жалпы күшейтуші емді тағайындайды. Хирургиялық ем инфекция көзін жоюға бағытталады ( жатырда плацента тінінің қалып қоюы). БКІСА алдын алу жүкті және босанған әйелдер арасында санитарлық – ағарту жұмысын жүргізуге байланысты, созылмалы инфекция ошақтарын санациялау, акушерлік стационарларда – санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіпті қатаң сақтау, босануды абайлап жүргізу, босану инвазивті әдістерді қолданбау емшекпен емізудің пропагандасы.

Көрнекті материал: сызбалар мен суреттер қосылған мультимедиялық презентация

Әдебиеттер:

Орыс тілінде

негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008., С.- 746-768., С-786-787.

1. Айламаязин Э.Г. Акушерство: учебник для студентов мед. ВУЗов. С.- Петербург.-2005-С.-362-373.

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Раисова Ә.Т. Акушерия және гинекология.- Алматы,2006.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

БКІСА әсер ететін факторлар

БКІСА-ң Сазонов-Бартольс бойынша жіктелуі

Босанғаннан кейінгі эндометриттің клиникасы, диагностикасы

БКІСА-ң емдеудің негізгі принциптері

БКІСА-ң алдын – алу


Дәріс №15

Тақырыбы: «Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық аурулары»

Мақсаты: Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық ауруларының клиникасына, диагностикасына, емдеу мен алдын-алу шараларына түсінік беру.

Дәрістің тезистері.

Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық ауруларының этиологиясы мен патогенезі. Құрсақ ішілік инфицирленудің рөлі. Перзентханада жаңа туылған нәрестелердің инфицирлену көзі. Инфекцияның таралу жолдары. Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық ауруларының қаупін жоғарылататын факторлар: анасындағы инфекцияның созылмалы ошақтары (созылмалы пиелонефрит, созылмалы тонзиллит және т.б.), жүктілік кезінде өткерген жедел инфекциялық аурулары, қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі, ұзаққа созылған босанулар, жетіспеушілік, гипотрофия, жасанды емізу.

Тері мен тері асты май қабатының инфекциялық аурулары (везикуло-пустулез, жаңа туылған нәрестелердің көпіршіктері). Клиникасы, диагностикасы, емі. Кіндік жарақатының аурулары (омфалит). Клиникасы, диагностикасы, емі.

Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық ауруларының алдын-алу. Жүктілік кезінде құрсақ ішілік инфекцияның алдын алу (инфекция ошақтарын санациялау). Перзентханада санитарлы-гигиеналық тәртіп қатаң сақталуы қажет, бациллотасымалдаушыларын анықтап оларды санациялау, босануды рационалды және ұқыпты жүргізу, босанғаннан кейін бірден «тері-теріге» жанасу, жылулық тізбектік тәртібін сақтау, кеудеге ерте жатқызу, ауырған балаларды дер кезінде изоляциялау.

Көрнекті материал: сызбалар мен суреттер қосылған мультимедиялық презентация

Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгілері:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.С.- 732-738.

Қосымша:


1. Айламазян Э.Г. Акушерство: учебник для студентов мед.ВУЗов. С.- Петербург. – 2005. – С. 408-412.

Қазақ тілінде

Негізгілері:

1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. – Алматы, 2006

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық ауруларының қаупін жоғарылататын факторлар

Перзентханада жаңа туылған нәрестелердің инфицирлену көзі.

Везикуло-пустулездің клиникасы

Омфалиттің клиникасы

Жаңа туылған нәрестелердің сепсисінің клиникасы

Жаңа туылған нәрестелердің іріңді – септикалық ауруларының алдын-алу
Дәріс №16

Тақырыбы: «Экстрагениталды патология және жүктілік»

Мақсаты: Экстрагениталды патологияның жүктілік пен босану ағымына және нәрестенің құрсақ ішілік жағдайына әсер етуіне, сонымен қатар жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктеріне түсінік беру.

Дәрістің тезистері.

Тақырыптың өзектілігі. Экстрагениталды патология ана өліміне әкелетін жетекші себептердің біреуі болып табылады. ЭГА-ң қазіргі кездегі диагностикасы мен емдеу принциптері, жүктілік мерзімін ары қарай жалғастыруға қарсы көрсетілетін контрацепцияларды қолдану ана өлімін төмендетуге өз әсерін тигізеді.

Жүрек қан тамыр жүйелерінің аурулары бар кезіндегі жүктілік пен босанудың ағымы. Жүктілік кезіндегі гемодинамиканың өзгерістері. Жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері. Жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Жүкті әйелдердегі жүрек қан тамыр жүйелерінің ауруларын емдеу принциптері.

Зәр шығару жүйелерінің аурулары бар кезіндегі жүктілік пен босанудың ағымы. Жүктілік кезіндегі бүйрек қызметінің ерекшеліктері. Гестациялық пиелонефрит. Бүйрек аурулары кезіндегі жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері. Жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Жүкті әйелдердегі бүйрек ауруларын емдеу принциптері.

Эндокринді жүйенің аурулары кезіндегі жүктілік пен босанудың ағымы. (қант диабеті, қалқанша безінің аурулары). Жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері. Жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Жүкті әйелдердегі эндокринді жүйенің ауруларын емдеу принциптері.

Тыныс алу жүйенің аурулары кезіндегі жүктілік пен босанудың ағымы. Жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері. Жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Жүкті әйелдердегі тыныс алу жүйенің ауруларын емдеу принциптері.

Асқорыту жүйелерінің аурулары бар кезіндегі жүктілік пен босанудың ағымы. Жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері. Жүктілікті ары қарай жалғастыруға қарсы көрсеткіштер. Жүкті әйелдердегі асқорыту жүйелерінің ауруларын емдеу принциптері.

Көрнекті материал: сызбалар мен суреттер қосылған мультимедиялық презентация

Әдебиеттер:

Орыс тілінде

негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.С.- 328-380.

Қосымша:

1. Айламазян Э.Г. Акушерство: учебник для студентов мед.ВУЗов. С.- Петербург. – 2005. – С. 205-231.

Қазақ тілінде

негізгі:


1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. – Алматы, 2006
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

ЭГА бар кезінде ана өлімінің себептері

Жүктілік кезіндегі гемодинамиканың өзгерістері

Жүрек қан – тамыр жүйесінің аурулары бар кезінде жүктілікті ары қарай көтеруге қарсы көрсеткіш

Жүктілік кезіндегі бүйрек қызметінің ерекшеліктері

Бүйрек аурулары бар кезінде жүктілікті ары қарай көтеруге қарсы көрсеткіш

ЭГА бар кезінде жүктілікті жүргізу ерекшеліктері.

Дәріс №1
Тақырыбы: «Зерттеу әдістері. Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы»

Мақсаты: гинекологиядағы негізгі зерттеу әдістері туралы түсініктеме, гинекологиялық аурулардың негізгі симптомдары, гинекологиялық аурулардың құрылымы

Дәріс тезистері


  • Гинекология –әйелдердің жыныс ағзаларының жүктіліктен тыс кезеңіндегі дерттерін зерттейтін ғылым.

  • Гинекологиялық науқастарда анамнез жинау ерекшелітері.

  • Негізгі симптомдар: ауру сезімі, менструальді циклдің бұзылыстары, репродуктивті қызметтің бұзылуы(бедеулік, көтермеу), көрші ағзалардың қызметінің бұзылуы(қуық, ішек). Қосымша шағымдар: қабыну процесінде – температура көтерілуі, интоксикация симпотомдары; қан аққанда жалпы әлсіздік, бас айналу және т.б. шағымданады

  • Объективті зерттеу: жалпы қарап тексеру, жүйелер және ағзалар бойынша зерттеу. Гинекологиялық науқастарды зерттегенде дене бітімін анықтау және тері жабындыларын бағалау маңызды орын алады. Дене бітімінің негізгі 4 түрін ажыратады: пикнотикалық, инфантильді, астеникалық, интерсексуальді. Қарап тексергенде түктелу(оволосение) түріне назар аударады. Қалыпты түктелу шап аймағында және қолтық ойысында байқалады. Гирсутизм – түктердің еркек типі бойынша өсуі(іштің ақ сызығы бойымен, бетте, сүт бездерінде, санның ішкі бетінде), жиі ол әйел ағзасында андрогеннің артық өндірілуімен байланысты. Гирсутизм дәрежесін Ферриман-Галвей шкаласы бойынша бағалайды. Сүт бездерін зерттегенде, көлеміне, гипотрофия немесе гипертрофия болуына, терідегі трофикалық өзгерістерге назар аударады және науқастың тұрған және жатқан қалпында жүйелі пальпациясын жүргізеді.

  • Арнайы гинекологиялық тексеру: сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, айналарда(на зеркалах) қарап тексеру, бимануальді қынаптық тексеру, ректальді тексеру, комбинирленген тік ішек-қынап-құрсақ қабырғалық зерттеу.

  • Гинекологиядағы қосымша зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеу, функциональді диагностика әдістері, гистологиялық зерттеу, цитологиялық әдіс, эндоскопиялық, УДЗ, ретнтгенологиялық, радиоиммунологиялық әдістер.

  • Гинекологиялық аурулар құрылымы: әйел жыныс ағзаларының қабынулық аурулар тобы, етеккір циклінің бұзылуы, жаңа түзілімдер, эндометриоз, нейроэндокринді синдромдар, әйел жыныс ағзаларының дұрыс емес қалпы және даму ақаулары.

  • Гинекологиялық науқастың патологиялық мәліметтер жинағы,болжама диагноз, алдын-ала диагноз, қорытынды диагнозі.

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация кесте және суреттерімен бірге.

Әдебиеттер:

Орыс тілінде:

негізгі:


1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.,

С.- 1- 23.

қосымша:

Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских

колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-5-7

Қазақ тілінде:

негізгі:

Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.

қосымша:

Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):


  • Гинекологиялық науқастарды зерттеу әдістері?

  • Гинекологиялық зерттеуге не кіреді?

  • Гинекологиялық аурулардың семиотикасы?

  • Гинекологиялық аурулардың құрылымы?

  • Жатыр мойнын айнамен қарап тексергенде нені бағалайды?

  • Қынаптың бимануальді зерттелуінде нені анықтайды?


Дәріс №2

Тақырыбы: Менструальді циклдің бұзылуы. ДЖҚК(Дисфункциональді жатырлық қан кету).

Мақсаты: қалыпты менструальді циклі, оның реттелуі және менструальді қызмет бұзылуымен жалпы таныстыру; этиология, клиника, диагностика және цикл бұзылысы кезіндегі емдеу принциптерімен таныстыру.



  • Дәріс тезистері

  • Менструальді цикл (МЦ) – әйел организміндегі күрделі биологиялық процесс. Ол әйелдің жыныс ағзаларындағы белгілі заңдылықтарға бағынатын циклдік өзгерістермен және басқа жүйелердің функциональді жағдайының ауытқуымен сипатталады. Қалыпты менструальді цикл негізгі үш компоненттен тұрады:

  • -әйел жыныс безіндегі – аналық без, дәлірек – гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі(аналық бездік цикл) циклдік өзгерістер;

  • -Жатыр, көбінесе эндометрийдегі циклдік өзгерістер (жатырлық цикл);

  • -организмнің әр түрлі функцияларының физиологиялық ауытқуы (менструальді толқын).

  • Репродуктивті жүйенің 5 түрі бар:

  • I -деңгей: тін–нысана – гормондар нүктесі.

  • II- деңгей: эндокриндік без – аналық без.

  • III- деңгей: гипофиз

  • IV -деңгей: гипоталамус

  • V -деңгей: ОЖЖ-ң экстрагипоталамикалық құрылымы.

  • Менструальді цикл бұзылысы әйелдердің әр түрлі жастық кезеңдерінде кездесуі мүмкін: жыныстық жетілу кезінде, репродуктивті кезінде және пременопаузада.

  • Клиникалық көріністеріне байланысты 3 негізгі тобы бар:

  • Аменорея және гипоменструальді синдром;

  • Қан кетуге байланысты, менструальді цикл бұзылыстары

  • Ауыру сезімімен өтетін менструация – альгодисменорея.

  • Менструальді цикл бұзылыс себептері.

  • Стресс, психикалық және жүйкелік аурулар;

  • Тамақтану бұзылыстары, семіру, авитаминоз, кахексия;

  • Кәсіби зияндар;

  • Инфекциялық , септикалық аурулар;

  • Жүрек-қантамыр, қан жасау жүйелері және бауыр аурулары;

  • Гинекологиялық операциялар;

  • Зәр шығару жолдарының жарақаттары;

  • Жыныстық жетілу кезеңіндегі гипоталамоө-гипофизарлы жүйенің жасқа байланысты даму бұзылыстары;

  • Пременопаузадағы гипоталамустық орталықтардың инволюциялық қайта құрылуы.

  • ДЖҚК. Дисфункциональді жатырлық қан кету(ДЖҚК) – гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесінде, репродуктивті органдар патологиясі және қан аурулары болмаған жағдайдағы функциональді бұзылыстар.

  • ДЖҚК классификациясы: овуляторлы, ановуляторлық. ДЖҚК : ювенильді, репродуктивті кезеңдік, климактерикалық.

  • Әйел жасына байланысты емдеу принциптері: хирургиялық гемостаз(цервикальді өзек, жатыр қуысын бөлек емдеу-диагностикалық қыру), гормональді гемостаз, реттейтін гормонотерапия.

  • Менструальді циклдің бұзылыстарының профилактикасі.

  • Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).



  • 6. Әдебиет:

  • Орысша негізгі:

  • 1. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

  • қосымша:

  • 1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

  • ●В.П. Сметник, Л.Г. Тумилович. Неоперативная гинекология.Сотик.- Санкт-Петербург, 1995.

  • ● А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.-Ростов на Дону, 2000.

  • ●Қазақша

  • негізгі:

  • 1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

  • 2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

  • қосымша:

  • 1.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

  • 2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

  • Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  • Менструальді циклдің реттелуінің қанша деңгейі бар?

  • Менструальді цикл бұзылыстарының жіктелуі?

  • Менструальді цикл бұзылыстарының себептері?


Дәріс №3

Тақырыбы: Аменорея, гипоменструальді синдром

Мақсаты: аменорея жайлы, оның жіктелуі,этиологиясі, клиника, диагностика және

терапия принциптерімен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Аменорея – етеккірдің 6 ай және одан көп уақыт бойы болмауымен сипатталатын менструальді функциянің патологиясінің ең ауырлардың бірі. Аменорея – жеке ауру емес, бұл тек қана репродуктивті жүйенің ғана симптомы емес, басқа да нейроэндокринді және қатерлі, қатерсіз ісіктердің симптомы. Репродуктивті жастағы әйелдер арасында жиілік – 1,8-3,5%студенттер арасында 3,5-5%, менструальді және генеративті құрылым ішінде 10-15%. Біріншілік аменорея екіншілікке қарағанда өте сирек кездеседі, аменорея құрылымында 10% алады.

Аменорея жіктелуі: біріншілік, екіншілік..

Біріншілік аменорея – 16 жастан асқанда менархе болмауы.

Екіншілік аменорея – бұрын менструациясы болған әйелдерде етеккірдің 6 айдан аса болмауы.

Аменорея жіктелуі: жалған, нағыз(патологиялық, физиологиялық).

Зақымдалу дәрежесіне қарай аменореяның жіктелуі:

Орталық генезді (гипоталамикалық, гипофизарлы);

Перифериялық генезді (аналық безді, жатырлық, бүйрекүсті без, қалқанша без

қызметінің бұзылуы.

Жалған аменорея – Гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесіндегі циклдік процесстер дұрыс өтеді, бірақ менструальді қан сыртқа шықпайды: қынап, жатыр мойнының өзегінің атрезиясі,

Нағыз аменорея –аналық без, жатыр, гипоталамус-гипофиз жүйесіндегі циклдік өзгерістер, менструация жоқ.

Физиологиялық аменорея - менструация болмауы:

- жыныстық жетілуге дейін

- жүктілік кезінде,

- лактация кезінде,

- постменопаузада

Патологиялық аменорея – гинекологиялық, не экстрагенитальдік аурулар симптомы.

Біріншілік аменорея – менархенің 16 жастан кейін болмауы.:

- Гонадалар қызметі бұзылғаны салдарынан пайда болады(гонадалар дисгенезиясі, тестикулярды феминизация)

Экстрагонадты себептер(ГГ жүйесінде функциональді және органикалық өзгеріс, қынап және жатырдың даму ақаулары)

Екіншілік аменорея: Нормогонадотропты, Гипергонадотропты, Гипогонадотропты.

Нейроэндокринді жүйе зақымдалуына қарай:

Аменорея:

Гипоталамикалық,

Гипофизарлы,

Аналық безді,

Жатырлық

Бүйрек үсті безі, қалқанша без патологиясімен сипатталатын.

Гипоталамо-гипофизарлы жүйе бұзылыстары: функциональді(дене салмақ төмендеуі, психогенді, гиперпролактинемия), органикалық(краниофарингиома).

Жыныс мүшелерінің даму ақаулары: гинатрезия, қынап бөлігінің атрезиясы, жатыр аплавзиясы(Майер-Рокитанский-Кюстнер синдромы).


Жатыр патологиясы: цервикальді өзек атрезиясы, жатырішілік синехиялар (Ашерман синдромы).

Екіншілік аменореяның аналық безді түрлері: резистентті аналық без синдромы, әлсіреген аналық без синдромы, аналық бездің гипертежелу.

Аменорея диагностикасы:

Анамнез


Жалпы қарап тексеру және арнайы гинекологиялық тексеру мәліметтері

Функциональді диагностика тесті (ФДТ)

Гормондар деңгейін зерттеу

Генетикалық тексеру (кариотип және жыныстық хроматинді анықтау).

Гормональді сынамалар: прогестеронді, эстроген-прогестеронді, дексаметазонды

Краниография

Кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Лапароскопия

Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).

Орыс тілінде негізгі:

1. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

Қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

●В.П. Сметник, Л.Г. Тумилович Неоперативная гинекология.Сотик.- Санкт-Петербург, 1995.

● А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.- Ростов на Дону, 2000.

Қазақ тіліндегі негізгі :

1. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:


1.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар. - Алматы, 2006ж.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

Аменорея жіктелуі?

Физиологиялық аменореялардың жіктелуі?

Аменорея диагностикасының әдістері?

Біріншілік аменореяну анықтау?

Екіншілік аменореяны анықтау?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет