С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Мағынасы қарама –қарсы сөздер қалай аталады?



бет16/23
Дата23.02.2016
өлшемі2.37 Mb.
#3710
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

4. Мағынасы қарама –қарсы сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) тұрақты тіркес

б) антоним

в) омоним

г) мақал - мәтел



5.Сөздердің дұрыс жазылу ережесі қалай аталады?

а) омоним

ә) синоним

б) антоним

в) орфография

г)орфоэпия



6.Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

а) болашағым

ә) заманға

б) өнеркәсіп

в) комбинаттар

г) қоғам


7.Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

а) нарықтық

ә) пайдалы

б) зауыттар

в) саясатының

г) арнайы



8.Ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері қалай аталады?

а) үндестік заңы

ә) бүгін

б) орфоэпия

в) тұрақты сөз тіркестері

г) антоним



9.Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) тәуекелші

ә) саналы

б) арбакеш

в) қарлығаштың

г) амандасу



10.Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.

а) жаратылыстану

ә) философия

б) археология

в) филология

г) тарих


11. Тек дауысты дыбыстар берілген қатарды көрсетіңіз.

а) к, л, м, о, у

ә) а, о, ұ, ы, е

б) л, м, н, ң, ә

в) ц, ш, щ, ң,б

г) й, ж, з, и



12.Тәуелдік жалғауының 1-жағында тұрған сөзді табыңыз.

а) орманға қарай

ә) тілім барда, халқым бар

б) біздің жатақхана

в) тіс салу

г) еңбектің жемісі



13.Тәуелді жалғаулы сөз тіркесін табыңыз.

а) білім алдым

ә) кінәлі адам

б) кінәсі ашылды

в) бітім жасау

г) адамнан біл



14.Ілік септігіндегі сөзді табыңыз.

а) аз уақыты

ә) шөптің басы

б) алтын емес

в) ауылда қалу

г) ұнай ма



15. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қай септіктің жалғауын жалғаймыз? Жамбылдың көптеген өлеңдері дүние жүзі халықтары ... тілдеріне аударылған.

а) атау


ә) ілік

б) барыс


в) табыс

г) жатыс


16.Көпше түрде дұрыс тәуелденген сөзді көрсетіңіз.

а) балаларының

ә) дәрігердің кеңесі

б) білімді дәрігер

в) дәрігерге барды

г) қаладан келді



17. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) студенттен

ә) келгеннен

б) дәптеріңіз

в) баланың

г) анада


18.Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

а) ақылды

ә) көрікті

б) сұрады

в) елдің

г) баласы



19. Тәуелдік жалғауының ІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) досқа


ә) досымыз

б) доспенв) досының

г) достар

20.Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) сенің көмегің

ә) кітап алды

б) емханаға бардыңыз

в) болашақ дәрігермін

г) оқусыз білім жо





Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж 15-16 бет

3. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы. Әділет 1998 16-17бет


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Халық қаһармандары –ел мақтанышы (Б.Момышұлы, Т.Әубәкіров).

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



Сабақтың тақырыбы: Халық қаһармандары –ел мақтанышы (Б.Момышұлы, Т.Әубәкіров).



2. Мақсаты: Студенттерге халық қаһармандары туралы мәлімет беру. Олардың ерлігі

туралы айту. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру.


3.Міндеті: Қазақ тілінде сөйлеп, өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Мәтінді дұрыс оқуға, мазмұнын айтуға, тапсырмаларды дұрыс орындауға, жаңа сөздерді білуге үйрету.
4.Негізгі ұғымдар:

1. Б.Момышұлы кім?

2. Б.Момышұлының қандай шығармаларын білесіңдер?

3. Оның даңқы, батырлығы туралы қай кітапта суреттеледі?

4. Ол кітап қай тілдерге аударылды?

5. Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

6. М.Ғабдуллин шығармалары туралы айтып беріңіздер

7. Халық қаһармандары туралы әңгімелеңіз

8. Алғашқы ғарышкер Т.Әубәкіров қайда дүниеге келді?

9. Ол қандай жұмыстар жүргізді?

10. Кеңес Одағының батыры деген атақ қай жылы берілді?
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).


6.Өткізу түрі - тәжірибелік
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері

Ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.


8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері.
9.Тапсырмалар

1- тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Дүниежүзілік соғыс, халық қаһарманы, баға жетпес мұра, кітабында суреттелді, шет тілдеріне аударылды, ғылыми жұмыстар, халық өлеңдері, ддүниеге келді, алтын әріппен жазылды, ерлікпен орындалды, ғылыми – зерттеу жұмыстары, атақ алды.


2 -тапсырма: Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Б.Момышұлы – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, ... . 2.Соғыстан кейін ... . 3.Ел тәуелсіздік алғаннан кейін жылдарда ... . 6.Тоқтар Әубәкіров ... . 7. 1990 жылы ... . 8. Ал, Кеңес Одағының батыры ... .


3 -тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Халық қаһармандары – Б.Момышұлы, Т.Бигальдинов, М.Ғабдуллин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев – еліміздің мақтанышы. Б.Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. М.Ғабдуллин – Кеңес Одағының Батыры, қазақ фольклорисі, жазушы, педагог, ғылым қайраткері. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылады. Т.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери – патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.


4 -тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.
Халық қаһармандары – ел мақтанышы

(Б.Момышұлы, Т.Әубәкіров т.б).


Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп

Қызмет етуден аянба.

Б. Момышұлы


Бауыржан Момышұлы(1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері.

1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1-Май ауылында туған. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.1990 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды... Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін берілді.
5-тапсырма. Көмекші есімдерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Астыңда, үстінде, жанында, маңында, қасында, басында, ішінде, сыртында.


6-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті көмекші есімдерді қойып жазыңыз.

Ауылдың ... қалың орман бар. Таудың ... қар бар. Үйдің ... үлкен демалыс орталығы орналасқан. Өзеннің ... көптеген адамдар серуендеп жүр. Оның ... әдемі пальтосы бар. Қала ... әдемі йын – сауық комплексі салынып жатыр.


10. Бақылау (тестілер, тапсырмалар т.б.):

Тест тапсырмалары:

1. Көп нүктенің орнына керекті көмекші есімді қойыңыз.

Үстелдің ... нде кітап жатыр.

а) арты


ә) үсті

б) жаны


в) қасы

г) маңы


2. Б.Момышұлы қай жылы дүниеге келген?

а) 1900ж


ә) 1910ж

б) 1912ж


в) 1915ж

г) 1913ж


3.Көмекші есімдерді табыңыз.

а) кейін


ә) туралы

б) жанында

в) сондықтан

г) дегенмен



4. Б.Момышұлына ҚР Презтденті Н.Ә.назарбаевтың жарлығымен қандай атақ берілді?

а) Қоғам қайраткері

ә) Халық әртісі

б) Халық қаһарманы

в) Мәдениет қайраткері

г) ғылым қайраткері



5. Қай сөйлемде көмекші есім бар?

а) Менің пәтерім таза.

ә) Студент кітап алды.

б) Университет жанында ағаш көп.

в) Ол өте білімді дәрігер.

г) Сейіткәрім кездесуге келді.



6. М.Ғабдуллин қай жылы Ғылым академиясының мүшесі болды?

а) 1956ж


ә) 1958ж

б) 1960ж


в) 1959ж

г) 1962ж


7. М.Ғабдуллин қай жылы еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағына ие болды?

а) 1960ж


ә) 1957ж

б) 1961ж


в) 1965ж

г) 1963ж


8. М.Ғабдуллин кім?

а) жазушы

ә) тарихшы

б) дәрігер

в) суретші

г) мүсінші



9. М.Ғабдуллин қай жылы «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғады?

а) 1950ж


ә) 1954ж

б) 1956ж


в) 1958ж

г) 1952ж


10. Алматыда М.Ғабдуллин атында не бар?

а) театр


ә) мұражай

б) көше


в) кітапхана

г) мектеп



11. Б.Момышұлының туған жерін атаңыз.

а) Шығыс Қазақстан облысы

ә) Алматы облысы

б) Жамбыл облысы

в) Ақмола облысы

г) Оңтүстік Қазақстан облысы



12. Т.Әубәкіров кім?

а) спортшы

ә) педагог

б) дәрігер

в) ғарышкер

г) зерттеуші



13. Т.Әубәкіров қай жылы туылған?

а) 1945ж


ә) 1943ж

б) 1947ж


в) 1940ж

г) 1946ж


14. Т.Әубәкіров тұңғыш рет әуеге қай жылы ұшты?

а) 1990ж


ә) 1989ж

б) 1988ж

в) 1987ж

г) 1991ж


15. Т.Әубәкіров неше жасында ғарышкер атанды?

а) 30 жасында

ә) 35 жасында

б) 40 жасында

в) 45 жасында

г) 42 жасында



16. 1988 жылы Т.Әубәкіров қандай атаққа ие болды?

а) Кеңес Одағының батыры

ә) Қоғам қайраткері

б) Ғылым қайраткері

в) Халық қаһарманы

г) Мәдениет қайраткері



17. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.

Университет находится возле театра.

а) Театр жанында орналасқан университет

ә) Университет орналасқан жанында театр

б) Университет театр жанында орналасқан

в) Жанында университет театр орналасқан

г) Орналасқан университет театр жанында

18.Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Жаңа асхана қай жерде?

а) Ғимаратта сол орналасқан

ә) Келесі үйде тұрады

б) Көшенің қиылысына келді

в) Мына мекеменің артында

г) Саябақта кездесейік

19.Б.Момышұлы кім?

а) жазушы

ә) ғарышкер

б) тарихшы

в) суретші

г) этнограф



20. Көмекші есімді көрсетіңіз.

а) соң


ә) бірақ

б) өйткені

в) шейін

г) үсті




11.Әдебиет:

1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.47-48 бб.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова. Қазақ тілі (для начинающих). Алматы, 1994 ж.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

2. Мақсаты Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; жіктік жалғауын орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру; мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: жаттығу жұмыстары арқылы сөйлем құрауға дағдыландыру; жіктік жалғауды дұрыс қолданып, сөйлей білуге машықтандыру.

Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойларын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтінді мазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: қазақтың танымал қоғам қайраткерлері туралы мәліметтер беру арқылы студенттердің өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыру, ұлы тұлғалардың қоғамдық істерін білуге ұмтылдыру.
4.Негізгі ұғымдар: ұлы тұлға, зор сенім көрсету, қазақ зиялылары, аса көрнекті қайраткері, саяси әлеуметтік, мәдени рухани, қазба байлықтары, ғылыми мұра, аспан денелері, баспасөз тарихы, еңбек сіңірген қызметкер.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ



Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін тексеру (15мин.)

Студенттің білімін бағалау (3 мин.)
6.Өткізу түрі: танымдық сабақ
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік,
8.Көрнекі құралдар: Жіктік жалғауға арналған кесте, үлестірмелі парақшалар, тірек белгілері, қоғам қайраткерлерге арналған бүктемелер.

9. Тапсырмалар.

Жаңа сабақ

Жіктік жалғау

Жіктік жалғау тек қана синткасистік қызмет атқарады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Жіктік жалғауы, басқа қосымшалар сияқты сөзбен сөзді байланыстырады және қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметіне жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге де жалғанады.

Мысалы: мен дәрігермін, сен дәрігерсін, бүгін кезекші сенсін, біз көппіз, сен келдің.

Жіктәік жалғаудың толық түрі және қысқа түрі бар:



Толық түрі

Жекеше

І мын/ мін, бын/бін, пын/пін

ІІ сың/сің сыз/сіз

ІІІ третье лицо не имеет окончания


Көпше

І мыз/міз, быз/біз, пыз/піз

ІІ сыңдар/сіңдер, сыздар/сіздер

ІІІ третье лицо не имеет окончания




Қысқа түрі

І –м, -қ, -к

ІІ –ң, -ңдар, -ндер

-ңыз. –ңіз, -ңыздар, -ңіздер

ІІІ жақта жіктік жалғау жалғанбайды.

Жіктік жалғаудың қысқа түрі жедел өткен шаққа және шартты райлы етістікке жалғанады: бардым, барсаң, келдің, келсең, айтыңыз, көрсеңіз, барды, барса.


В казахском языке, в отличие от русского, существительные, местоимения, прилагательные принимают личные окончания.
Следует отметить, что личные окончания принимают и порядковые числительные: сен үшіншісің, мен екіншімін.

Обратите внимание: Когда имена и глаголы сочетаются с отрицанием емес, то личные окончания принимают пін, мін бын.Мысалы: мен заңгер емеспін, дәрігермін.

Жаттығулар:
1-жаттығу. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлем құрастырыңыз.

Дәрігер, инженер,заңгер, отыр, екінші, ақылды, сен.


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойыңыз.

Сен бірінші курс студенті... . Біз практикада ауруханада болды... . Сендер сабаққа кешігіп келген жоқ... .Сіздер театрға барған жоқ ... Бүгін кезекші мен емес...



3-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер жазыңыз. Қай сөз табы екенін анықтаңыз.

Студентсіңдер, агрономсыз, көріктісің, үшіншімін, отырсың, оқыпты.


4-жаттығу. Қазақ тіліне аударып, жазып алыңыз.

Он вчера не пошел в театр. Ты купил книгу С.Муканова «Ботагоз»? Вы прочитали роман М.Ауэзова «Путь Абая»? Нет, я не читал его, скоро прочту. Мы сидим за столом и слушаем урок.


5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз, жаттап алыңыз. Жіктік жалғауындағы сөздерді тауып, теріп жазыңыз.

МЕН ҚАЗАҚПЫН

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құүрдаспын, данамын мен.

Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Мен қара көз сұлумын, сайтан қызбын,

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

Ж.Молдағалиев
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.


тұлға-личность

төраға- председатель

ғалым-ученый

аудармашы- переводчик

құрылтай- учредительное собрание

әлеуметтік- социальный

ұлт-азаттық қозғалыс- национально- освободительное движение


көрнекті- выдающийся, видный

негізін салушы- основоположник

шығыстану- востоковедение

мұра- наследие

бағалану-оценивает

ғұлама- гений(мудрый)

марапаттау- наградить



2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Қоғамдық және мемлекеттік істер, ұлт - азаттық көтеріліс, өшпестей із қалдыру, ұйымдастырушы, тау-кен ісі саласы, орденмен марапатталу, негізін салған, теміржол құрылысы, металлогениялық болжам карталары.


3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

Елімізде қоғамдық және мемлекеттік істерге араласып, басшылық жасаған қайраткерлер көптеп саналады. Олардың бірі Қазақстандағы ұлт - азаттық көтеріліске және мемлекеттік істерге басшылық жасаса, енді бірі әр ғылым саласында жаңалық ашып көлемді еңбектер қалдырды. Қазақтың танымал қоғам қайраткерлеріне Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Қ.Сатпаев, Ә.Марғұлан т.б ірі тұлғалар жатады.



Әлихан Бөкейханов (1866-1938ж.ж) -19 ғ. соңы мен 20 ғ.басындағы қазақ зиялылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше, Алашорда мемлекеті мен Алаш партиясын (1917-1920ж.ж) ұйымдастырушы әрі төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Ол 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған.

1917жылы желтоқсанда бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.



Тұрар Рысқұлов (26.12.1896.-10.02.1938) - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясатшы, ғалым, Кеңес Үкіметі мен Компартияның Түркістандағы аса көрнекті қайраткері. 1918-37жылдар аралығында әр түрлі мемлекеттік басшылық қызмет атқарды.1926 жылдан бастап (11жыл) Тұрар Рысқұлов Қазақстан автономиялы Республика ретінде құрамына кірген Ресей Федерациясы Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып істеді.

Тұрар Рысқұлов - Орта Азиядағы ең бірінші Кеңес тарихшыларының бірі. Ол Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа, ауылдарда социализмнің орнауына, қазақ баспасөз тарихына, Түркістан-Сібір теміржол құрылысына және тағы басқа мәселелерге арнап кітаптар, ғылыми мақалалар және кітапшалар жазды. Т.Рысқұлов 10- нан астам кітаптың, тарихи және экономикалық тақырыптарға арналған 100-ден астам гаэет, журнал мақалаларының авторы. Оның редакциялауымен 7 кітап жарық көрді. 1938 жылы Т.Рысқұлов репрессия құрбаны болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет