С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет18/23
Дата23.02.2016
өлшемі2.37 Mb.
#3710
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

1-тапсырма. Мына шылауларды аударып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз. Осылардың ішінен септеулік шылауларды ажыратып, атап беріңіз.

Дейін, кейін, туралы, жайлы, мен, әлде, немесе, үшін, шейін, кейде, не, қасында, жанында, алдында, бойы, бірге.



2-тапсырма. Мына сөздерге барыс септік шылауларын тіркестіре отырып бірнеше сөйлем құраңыздар.

Абай, өлең, үйрену, араласу, мешіт, ел, ғылым, тәрбие.


10. Бақылау ( біліктілікті, коммуникативтік, практикалық дағдыларды, өзін-өзі дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар).

  1. Абайдың туып-өскен жері мен туған жылы.

  2. Абай деген атты кім қойды?

  3. Шын аты кім?

  4. Абай неше жасында, қайда оқуға барды?

  5. Шығыс классиктерінен кімдердің шығармаларымен танысты ?

  6. Абай қандай тілдерді жетік білді?

  7. Ақын шығармашылықпен қай жылдары еркін араласып, өз атынан жаза бастады ?

  8. Абайдың сазгерлік қырын танытатын қандай шығармаларын білесіз?

  9. Абайдың қанша қарасөзі бар?

  10. Қанша поэмасы бар ? Аттарын атап беріңіз.

  11. Абай туралы көлемді шығарма жазған адам кім?

  12. Барыс септігінің қандай жалғауларын білесіз?

  13. Барыс септік шылауларын атап беріңіз.

  14. Қандай септеулік шылаулар бар?

  15. Септеулік шылауларға мысал келтіріңіз.


Тақырыпқа байланысты тестер:

1. Барыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Науқас жақсы күтінк керек.

ә) Науқастың жасын, ауру түрін ескеру керек.

б) Досыма рұқсат етіңіз.

в) Дана көмектесу керек.

г) Дәріні дұрыс ішу керек.



2. Барыс септігіндегі сөзді көрсетіңіз.

а) дәкемен

ә) тамызуға

б) қасиеттері

в) шөптерден

г) тамырын



3.Барыс септігінде тұрған сөзді анықтаңыз.

а) бауырына

ә) емдел

б) деканның

в) сынақты

г) дәптерің



4.Барыс септігінде тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) тағам құрамында

ә) мал өнімдерінде

б) бауырдың ауруына

в) балық бауырында

г)азық-түліктерде



5.Абайдың анасының аты кім?

а) Зере


ә) Ұлжан

б) Әйгерім

в) Айша

г) Хадиша



6.Барыс септігінде тұрған есімдікті көрсетіңіз.

а) осыған

ә) менде

б) менде


в) нешене?

г) неде?


7.Барыс септігіндегі есімдікті табыңыз.

а) менен


ә) өзіңді

б) оған


в) онда

г) осымен



8.Барыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.

а) -на, -не

ә) -ды, -да

б) -н, -ты

в) -да, -де

г) -ның, -нің



9.Барыс септігін меңгеретін шылауды көрсетіңіз.

а) аурудың қоздырғышы

ә) микроб арқылы

б) аурудың алдын алу

в) дәріханаға дейін

г) түрлі әсерге



10. Барыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дәрігердің кеңесін тыңдаған жөн.

ә) Бұл асқазан ауруына шалдықтырады.

б) Гүлдің аталығы көптеген ұсақ дәннен тұрады.

в) Ғылыми еңбекте айтылған.

г) Мерзімі өткен дәріні тастау керек.

Абай қай жылы дүниеге келді?

а) 1845


ә) 1865

б) 1925


в) 1878

г) 1912


11.Барыс септікпен тіркесетін септеулік шылауды көрсетіңіз.

а) шейін, қарай

ә) басқа, гөрі

б) қаралы, жақында

в) ғой, ғана

г) мен, сіз, ол



12.Барыс септіктегі сөзді көрсетіңіз.

Көреген әке Абайға көп үміт артып, 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді.

а) Семей

ә) жасында

б) береді

в)Абайға


г) қаласындағы

13.Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

Картоп, бидай сияқты өсімдіктер крахмалға бай:

а) картоп

ә) бидай

б) өсімдіктер

в) крахмалға

г) бай


14.Барыс септіктегі сөзді табыңыз.

Әр адамның гүл тозаңына аллергиясы болуы мүмкін.

а) адамның

ә) гүл

б) тозаңына



в) болуы

г) мүмкін



15. Абайдың шын аты кім?

а) Абдулла

ә) Ибраһим

б) Фараби

в) Мағауия

г) Ахмет



11.Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 62-63 бб.

2. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. Алматы, 2008 ж.40 б.

3. Тәттібаева А.Е., Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.20бет

4. Ақыжанова А.Т. Қазақ тілі. Мәтіндер мен жаттығулар. Алматы, 2005 ж. 26 бет



ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Мәдениет және өнер қайраткерлері (Ш.Айманов, К.Бәйсейітова, Ш.Қалдаяқов, Ә.Қашаубаев, Н.жантөрин, Ә.Қастеев т.б.).

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Мәдениет және өнер қайраткерлері (Ш.Айманов, К.Бәйсейітова, Ш.Қалдаяқов, Ә.Қашаубаев, Н.жантөрин, Ә.Қастеев т.б.).
2. Мақсаты: Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, жаттығуларды толық түрде меңгерту.

«Мәдениет және өнер қайраткерлері» мәтінін пайдалана отырып әңгіме-сұхбат құрастыруды

үйрету.
3. Міндеті: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.
4. Негізгі ұғымдар:


  1. Музыканың өмірдегі рөлі туралы түсінік

  2. Қазақтың ұлттық музыкасының арғы аталары кімдер?

  3. Қазақстанның музыка ұжымдары туралы әңгімелеп беріңіз.

  4. Театрда тұңғыш қай қойылым қойылды?

  5. Көрген театрлық қойылымыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

  6. Кино өнерінің салаларын туралы мәлімет беру

  7. Бейнелеу өнері туралы не білесіз, қандай суретшілерді білесіз?

  8. Табыс септік дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

  9. Жатыс септік дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?


5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (45-55 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (35-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (15-20 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-4 минут).


6.Өткізу түрі - тәжірибелік
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.


8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері.

9.Тапсырмалар

Табыс септігіндегісөздер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді. Табыс септігінің жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады. Табыс септігіндегі сөз тура толықтауыш қызметін атқарады. (Винительный падеж образуется с помощью окончаний -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н, которые могут прибавляться неспосредственно к основе, окончаниям множественного числа, окончаниям притяжательности в соответсвии с законами сингармонизма. Винительный падеж отвечает на вопросы кого? что?). Мысалы: Мен Сараны (кімді?) көрдім. – Я видела Сару.



Жатыс септігіндегісөздер кімде?не де? кімдерде? нелерде? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігінің жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдарына сәйкес жалғанады. Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? деген сұрақтарға жауап бергенде толықтауыш болса, қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап бергенде пысықтауыш болады. Жатыс септігіндегі сөздер көбінесе пысықтауыштың қызметін атқарады. (Местный падеж образуется с помощью окончаний: да, -де, -та, -те, -нда, -нде, которые прибавляются к основе, окончаниям множественного числа и окончаниями притяжательности в соответсвии с законами сингармонизма. Местный падеж отвечает на вопросы у кого? в ком? в чем? на чем? у чего? где? когда?. В предложении местный падеж выполняет функцию обстоятельства и дополнения). Мысалы: Сенің жүрегіңде (неде?) адамға деген жылылық бар. – В твоем сердце есть тепло для людей.




Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

1-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, табыс септігіндегі сөздердің астын сызыңыздар.

  1. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерін сақтайды, ері елін сақтайды. 2. Жолдасты жол айырады. 3. Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер. 4. Таудағы түлкіні табандағы тазы алар. 5. Тігілмеген тігінді мақтама. 6. От үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.


2-жаттығу. Жатыс септігінде тұрған сөздерге сұрақ қойып, сөйлемдер құрыңыздар.

Әріптесте, көршімде, жігіттерде, әке-шешеңізде, отбасында, ағада, менде, Сізде, досымда, төрағада, онда, оқытушыда, қыздарда, ұлымда, түнде, жазда, бастықта, оларда, қарындасынд, баласында, саябақта, әкеңізде, жиырма бесте, Алматы қаласында, сіңілімде, інісінде, көзінде.


3-жаттығу. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

У моего отца, у тебя, у него, у нашей мамы, у них, у девочки, у детей, в книгах, в городах, в селах, в областях, в управлении, на улице, на улице Кунаева, в дечсть часов, в восемь часов, в молоке, в гостях, в машине, на автобусе, у дедушки, в субботу, на остановке, в магазине, ночью, на курсе, в отделении, в роте.
Мәтін алдындағы сұрақтар:

  1. Қандай мәдениет және өнер қайраткерлерін білесіз?

  2. Жыршы мен жырау дегенді қалай түсінесіз?

  3. Сал, серілерден кімдерді білесіз?

  4. Әнші-күйшілерден кімдерді білесіз?

  5. Атақты қазақтың биші қызын атаңыз?

  6. Атақты суретшілерді атаңыз.

  7. Композиторлардан кімдерді білесіз?


Мәтінге байланысты тірек сөздер:

Адамзат тарихы, қыз ұзату, жастар сауық кештері, күй тарту, жоқтау айту, сайқымазақ, өнерпаздар, бейнелеу өнері, сурет өнері, салт-дәстүрлер, хаық аспаптар оркестері, мәнерлеу амалдары, негізін салушы, туындылар.


Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар

Мәдениет және өнер қайраткерлері

Музыка адамзат тарихында қоғамдық, мәдени тәрбиелік және ұйымдастырушылық рөл атқарады. Ол ғасырлар бойы қалыптасты. Әбу Насыр әл-Фараби (10-11 ғғ), «Музыканың ұлы кітабы» деген трактат жазды. Одан бұрынғы «Қорқыт» (8 ғ.) одан кейінгі Қазтуған мен Асан Қайғы (15 ғ.) – қазақтың көне музыка өнерінің өкілдері.

Халық ән-күй арқылы аңыз әңгімелер мен тарихи оқиғалар, даналық ойларды бейнеледі. Ауыл ақсақалы елге әнмен бата берді, ақсақалдар кеңесі ән немесе күймен ашылды. Жақсылық хабарларды терме түрінде жырлау, үйлену тойында, қыз ұзату, жастар сауық кештері, салтанаттарында ән айту және күй тарту дәстүрі бар. Бесік жыры, балалар әндері айтылды. Өлген адамға әнмен жоқтау арналады.

Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Абай, Дина сияқты халық композиторлары өздерінің күйлері мен әндерінде халық өмірін суреттеді. Әнші-композитор, күйші-композитор ән мен күй шығарды. Орындаушылар жырау, жыршы, әнші, күйші, сайқымазақ, сал, сері деп аталды.

Қазақ музыка мәдениетінің өсіп дамуына күш жұмсаған академик Ахмет Жұбанов, композиторлар Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, Шәмші Қалдаяқов. Әншілер: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев т.б.

Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері жылдар өткен сайын дами түсті. Қазақтың опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі, симфония оркестрі, Қазақтың хор капелласы, Қазақ республикалық ән-би ансамблі, көптеген эстрадалық оркестрлер мен ансамбльдер бар.

Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.

1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-інде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.

Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнерпаздар қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының ашылуына негіз болды.

Қазақ өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы драма театры, Абай атындағы опера және балет театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театры, Ж.Жабаев атындағы филармония т.б. өнер ошақтары бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсетуде.

Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін көрсетеді. Кино өнері – өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Кино өнері негізінен төрт салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық кино және ғылыми-көпшілік кинематография. Кино өнерінде өзіндік орны бар – Ш.Айманов. «Қазақфильм» киностудиясы осы кісінің атымен аталады.

Бейнелеу өнері де жақсы дамыған. Сурет өнерінде көптеген атақты суретшілер бар. Әбілхан Қастеев – кескіндемеші-график, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстан Республикасының халық суретшісі. Оның «Мектепте», «Автопортрет», «Көгілдір көйлекті қыз» т.б. туындылары бар. Оның мұражайы Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан. Одан кейін бейнелеу өнерінде атағы шыққан суретшілер - Б.Түлкиев, Қ.Айтбаев, Т.Тыныбеков, Е.Тоғысбаев т.б. Қазақ тарихында бірінші рет ең үлкен картина салған – Бексейіт Түлкиев. Оның ең үлкен «Ұлы көш» эпопеясына арналып салынған полотносы Президент Резиденциясында ілулі тұр.


Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын жұмыс түрлері:

1-тапсырма. Мәтінге сұрақтар жазыңыздар.



Күләш Байсейітова

Қазақ халқының әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. Ол 1912 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген.

М.Әуезовтің «Еңлік – Кебегіндегі» – Еңліктің, «Айман – Шолпанда» – Айман, «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің рөлдерін ойнаған. Күләш Байсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі болды. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


2-тапсырма. Мәтінді аударыңыз, мазмұны не жайлы екенін әңгімелеңіздер.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы – өнеріміздің мақтан тұтар қара шаңырағы. Елімізге аты мәлім мұражай өзінің қоры жағынан да іргелі мәдени орындардың бірінен саналады.

Оған бұрынғы КСРО және шет ел шеберлерінің авторлық көрмелерінің жиі-жиі ұйымдастырылуы да куә. Бұл мұражайдың үлкен бір залына суретші Ә.Қастеевтің жұмыстары қойылған. Осы залға кірген сәтте қазақ сурет өнерінің биік шыңына шыққандай сезінесің.
3-тапсырма. Төмендегі суреттер бойынша әңгіме құраңыздар.


Қорытынды бақылау.

«Түртіп алу» стратегиясы


Білемін

Білдім

Білгім келеді







10. Бақылау (тапсырмалар, тестілер, т.б.):

1-тапсырма.Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

  1. Әнші-композитор, күйші-композитор ... ... ... шығарды. 2. Халық композиторлары өздерінің күйлері мен әндерінде ... ... суреттеді. 3. Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан ... негізделген. 4. «Қазақфильм» киностудиясы ... атымен аталады.


Тестілер

1. Музыка адамзат тарихында қандай қызмет атқарады?

а) қоғамдық

ә) мәдени тәрбиелік

б) ұйымдастырушылық

в) сөздік

г) шығармалар



2. “Художник” сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а) әнші


ә) биші

б) күйші

в) суретші

г) ақын


3. Табыс септігі жалғауларын көрсетіңіз.

а) -ды, -ты, -ны, -н

ә) -да, -де, -нда, -нде

б) -қа, -ке, -на, -не

в) -ға, -ге, -нің, -дың

г) –мен, -бен, -ты



4. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды көрсетіңіз.

Әсем алма...., ал Қанат нан..... жеді.

а) -ды, -ты

ә) -н, -ды

б) -ны, -ды

в) -ның, -ны

г) –і, -мен

5. «Әнші-композитор, күйші-композитор»-лар қандай қызмет атқарды?

а) айтысты

ә) биледі

б) ән мен күй шығарды

в) көріністер қойды

г) сурет салды



6. «Орындаушылар»-ды қалай атайды?

а) жыршы, жырау

ә) әнші, күйші

б) сайқымазақ

в) суретші

г) сал, сері



7. Театр шымылдығы тұңғыш қай жылы ашылды?

а) 1926 жылы

ә) 1895 жылы

б) 1933 жылы

в) 1986 жылы

г) 1917 жылы



8. Театр шымылдығы тұңғыш қандай қойылыммен ашылды?

а) «Абай» трагедиясы

ә) «Еңлік-Кебек» трагедиясы

б) «Қыз Жібек»

в) «Ләйлі-Мәжнүн»

г) «Турандот Ханшайым»



9. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атымен аталады?

а) Ә.Қастеев

ә) Ш.Айманов

б) К.Бәйсейітова

в) Б.Түлкиев

г) Ғ.Мүсірепов



10. Жатыс септігі жалғауларын көрсетіңіз.

а) -ды, -ты, -ның, -нің

ә) -да, -де, -нда, -нде

б) -қа, -ке, -на, -не

в) -ға, -ге, -нің, -дың

г) –мен, -бен, -ты,- н



11. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Сурет өнерінде көптеген атақты ... бар.

а) суретшімен

ә) суретшілер

б) суреттің

в) суретке

г) суреттермен

12. Көп нүктенің орнына қандай жалғаулар жалғанады?

Аман... көп кітап... бар.

а) -мен, -ты

ә) -нда, -дар

б) -да, -тар

в) -ды, -тың



13. Қай сөз тіркесінде жатыс септігі бар?

а) дүкенге дейін

ә) дәріханаға шейін

б) шығысқа қарай

в) кітапта бар

14. Бейнелеу өнеріне нелер жатады?

а) сурет өнері

ә) кино өнері

б) театр өнері

в) музыка өнері

г) кескіндеме-графика өнері



15. Қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері дамуына үлес қосатындар:

а) Қазақтың опера және балет театры

ә) Республика сарайы

б) Қазақ филармониясы

в) Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі

г) Қазақтың хор капелласы



16. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Әбілхан Қастеев –.., қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

а) ақын, жыршы

ә) халық суретшісі

б) кескіндемеші-график

в) әнші-композитор

г) сал, сері

17. Ә.Қастеев атындағы өнер-мұражайы қай көшеде орналасқан?

а) С.Сейфуллин даңғылында

ә) Қ.Сәтбаев көшесінде

б) Достық даңғылында

в) М.Әуезов көшесінде

г) Құрманғазы көшесінде



18. Атақты суретшілерді көрсетіңіз.

а) Б.Түлкиев

ә) Қ.Айтбаев

б) Ш.Айманов

в) Е.Тоғысбаев

г) Т.Тыныбеков



19. Қазақ тарихында бірінші рет ең үлкен картина салған кім?

а) Б.Түлкиев

ә) Ә.Қастеев

б) Қ.Айтбаев

в) Т.Тыныбеков

г) Е.Тоғысбаев



20. Президент Резиденциясында ілулі тұрған ең үлкен полотно қалай аталады?

а) Мектепте

ә) Автопортрет

б) Еңлік-Кебек

в) Ұлы көш

г) Көгілдір көйлекті қыз




11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 70-72 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Университет – білім ордасы».

2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: «Университет – білім ордасы».




  1. Мақсаты: Ауыспалы осы шақ тұлғаларын студенттерге меңгерту. Сөздік қорын молайту. «Университет – білім ордасы» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізу, қазақ тілінде әңгімелету. Университеттің тарихы, оқу базасы туралы мағлұматтарды қазақ тілінде таныстыру.


3.Міндеті: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру. Ауыспалы осы шақ жасайтын жұрнақтарды білу. Жаңа сөздерді және мәтін бойынша сұрақ-жауап әдістермен сөйлеу.
4. Негізгі ұғымдар:

1. Ауыспалы осы шақ туралы мәлімет беру

2. Ауыспалы осы шақ қандай жолмен жасалады?

3. Біздің университет туралы өз ойыңызды жеткізіңіздер.

4. Біздің университетте қанша факультет бар?

5. Алматы медицина институты қашан құрылды?

6. Біздің университет туралы түсінік

7. Біздің университеттің жетістіктері туралы өз ойыңызды айтыңыз


5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (45-50 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (40-45 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет