6.Өткізу түрі - тәжірибелік
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Сабақ үстіндегі жұмыс, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.
8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері, университет туралы аудиодиск
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. -а, -е жұрнақтарының бірін қойып, орыс тіліне аударыңыз.
1. Мен қалада тұр....мын. 2. Менің шешем дүкеннен азық-түлік әкел...ді. 3. Біздің отбасымыз кешке теледидар көр...ді. 4. Талғат суретті жақсы сал....ды. 5. Жанат шаңғы тебе....ді. 6. Сен кереуетте жат...сың. 7. Сіз-дер қайда қыдыр....сыздар? 8. Сендер көп сөйлес....сіңдер. 9. Сіз маған күнде кел....сіз.
2-тапсырма.Етістіктерді жіктеңіз.
Айту, алу, ұшу, жету, ойнау, түзеу, ойлау.
3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Я газеты не читаю, Алия читает. 2. Ты в магазин не ходишь, я хожу. 3. Ты не живешь в этом доме, Талгат живет. 4. Мурат не спит на этой кровати, Асет спит. 5. Мы не смотрим телевизор, наши друзья смотрят. 6. Он не гуляют в парке, мы гуляем. 7. Самат не играет в футбол, Нурлан и Ахан играют. 8. Его мама не работает на заводе, папа работает. 9. Ты не думаеш, Салтанат думает. 10. Асель не поет, Жанат поет.
4-тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.
Университет – білім ордасы
|
Біз оқып жүрген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің іргетасы 1930 жылы қаланған. Еліміздегі жоғары білім көшбасшысы саналатын 80 жылдық тарихы бар университет мемлекетіміздің тыныс-тірлігімен, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласының білікті мамандарын даярлауда жеткен жетістіктері ұшан-теңіз.
|
|
|
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тек білімді мамандардың ғана емес, біліктілердің де ұясы. Жас студенттер арасында көптеген талантты, дарынды да талапты болашақ дәрігерлерді кездестіреміз.
1989 жылы институтқа оның тұңғыш ректоры С.Ж.Асфендияровтың аты берілді. 1996 жылы тамыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті, 2001 жылдың маусым айында – Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті болып қайта аталды. Қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті жоғары медициналық білім беру саласында республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Қалыптасқан үрдіс жыл сайын желтоқсанның 1-4 аралығы «Университет күндері» деп жарияланып, бұл күндері әр түрлі тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, шетелдік танымал ғалымдардың дәрістері тыңдалады. «Студенттікке қабылдау», тағы басқа да ерекше есте қаларлық, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде мына факультеттер бойынша сабақтар жүргізіледі:
- Жалпы медицина факультеті
- -Медика-профилактика факультеті
-Стоматология факультеті
-Фармацевтика факультеті
- Менеджмент факультеті
-Шет елдік студенттер факультеті
-Дипломнан кейінгі білім беру факультеті
- Білімін жетілдіру факультеті
Ректорлары:
1931 — 1932 Асфендияров Санжар Жапарұлы
1934 — 1943 Зикеев В. В.
1943 — 1952 Зюзин Василий Иванович
1952 — 1954 Қарынбаев Сибугатулла Рыскалиұлы
1954 — 1960 Корякин Иван Сергеевич
1960 — 1963 Самарин Роман Иванович
1963 — 1975 Карынбаев Сибугатулла Рыскалиұлы
1975 — 1987 Маскеев Қуаныш Мубаракұлы
1987 — 1995 Белозеров Евгений Степанович
1995 — 2008 Момынов Талғат Әшірұлы
2008 — қазіргі кезде Ақанов Айқан Ақанұлы
5-тапсырма. Ситуациялық тапсырмалар:
1. Университет күніне байланысты кездесу ұйымдастырмақсыз. Сол туралы радио арқылы хабарландыру беріңіз.
Сөйлесу, пікірлесу: Сіз деканатқа келдіңіз. Декан сізден төмендегілерді білгісі келеді. Берілген сұрақтарды және сөйлеу үлгісін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
- Қай топта оқисыз?
- Болашақта қандай мамандық алмақ ойыңыз бар?
- Оқуда, тұрмыста қандай қиыншылықтарыңыз бар?
- Сізге деканат тарапынан қандай көмек керек?
- Қазір қайда тұрып жатырсыз?
Сөйлеу үлгісі:
... топта оқимын. Болашақта ... мамандығын алмақ ойым бар. ... қиыншылықтарым бар/жоқ. ... керек/керек емес.
10. Бақылау (сұрақтар, тестілер)
Тест сұрақтары:
1. Сөйлемді толықтырыңыз.
Қазақ мемлекеттік медицина институты ... ашылды.
а) 1935 жылғы
ә) 1931 жылы
б) 1938 жыл
в) 1941 жылдың
г) 1945 жылдан
2. Сөйлемді толықтырыңыз.
Университетте 2000-нан астам ... еңбек етеді.
а) қызмет
ә) студентке
б) оқытушы
в) ұстаздың
г) білімді
3. Педиатриялық факультет қай жылы ашылды.
а) 1931
ә) 1933
б) 1938
в) 1939
г) 1940
4. Университетке Ұлттық Мәртебе қашан берілді?
а) 1989 жылы
ә) 1991 жылы
б) 1995 жылы
в) 2001 жылы
г) 2003 жылы
5. Сөйлемді толықтырыңыз.
1943 жылы ... факультет ашылды.
а) емдеу
ә) стоматологиялық
б) формацевтикалық
в) санитарлық-гигиеналық
г) педиатрия
6. Сөйлемді толықтырыңыз.
1989 жылы оған ... аты берілді?
а) тұңғыш ректорын
ә) С.Ж.Асфендияровтың
б) университет ректорлары
в) С.Ж.Асфендияровқа
г) ғылыми кеңес
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қазіргі кезде кітапхана қорында 10/1021 ...
а) кітап беру
ә) кітап оқу
б) кітап бар
в) оқып болды
г) кітаптар көп
8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) құралдармен, техникалық жабдықталған кітапханада
ә) университет ішілік желі жүйесіне қосылған
б) университет бар беті WEB-сайтында кітапхана
в) студент 10500 алады білім
г) бөлімдер байланысты тығыз бір-бірімен
9. Қате аударылған сөзді көрсетіңіз.
а) жабдық – оборудования
ә) жариялану – опубликовать
б) кепіл – гарантия
в) мақала – пословица
г) оқырман – читатель
10. Сөйлемді толықтырыңыз.
Университет өзінің ... , қызу дайындық үстінде
а) 70-ке жуық студент
ә) 90 жылдық мерейтой
б) 80 жылдық мерейтойына
в) 40 жылға жақындады
г) мерейтойға келгенде
11. «Университет күндері» қай кезде атап өтіледі.
а) желтоқсан айының соңы
ә) желтоқсанның 1-4 күндері
б) желтоқсанның 14-і
в) желтоқсан оқиғасы
г) желтоқсан айының ортасы
12. Университетте қанша студент оқиды?
а) он бес мың
ә) он жарым мың
б) он бір жарым
в) он төрт мың
г) он мың бір жүз
13. Университетте неше факультет бар?
а) тоғыз
ә) жеті
б) он бір
в) бес
г) үш
14. Сөйлемді толықтырыңыз.
Студенттер ... ... қамтамасыз етілген.
а) жақсы кітаптың
ә) жайлы тұрмысқа
б) жайлы жатақханамен
в) жайлы жатақханадан
г) жылы киімдер
15. 1931 жылы кітапхана қорында неше кітап болды.
а) алпыс мыңдай
ә) алты мың
б) алпыс бестей
в) алты жүзге
г) алты мың жеті жүз
11. Әдебиеттер:
1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.
2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Алғашқы қазақ дәрігерлері.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Алғашқы қазақ дәрігерлері.
2. Мақсаты: Көмекші етістіктерді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту; мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.
3. Міндеті:
Когнитивті – білім компетенциясы: Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сөйлеу барысында көмекші етістіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; көмекші етістіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.
Операционалды – дағды компетенциясы: Көмекші етістіктерді дұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.
Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтінді
мазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы: тілдік материалдар мен мәтін арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу,
4.Негізгі ұғымдар:
Денсаулық сақтау ісі, шығыс халықтары тарихы, тырысқақ, оба және шешек аурулары, қымызбен емдеу, санитарлық мәдениетін көтеру, әскери кіші дәрігер қызметі, әлеуметтік-саяси тақырыптар, оба індетіне қарсы,
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)
Лексикалық материалмен жұмыс
Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6.Өткізу түрі: танымдық сабақ
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.
8.Көрнекі құралдар: көмекші етістіктерге арналған кесте, үлестірмелі парақшалар, алғашқы қазақ дәрігерлеріне арналған бүктемелер.
9. Тапсырмалар.
Жаңа сабақ
Көмекші етістіктер
Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады.
Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар: ал, бар, баста, бол, жатыр, тұр, жөнел, жібер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, отыр, жүр, шық, қыл, ет т.б.
В казахском языке нет предлогов и приставок. Различные оттенки значений, выражающиеся в русском языке посредством предлогов и приставок, в казахском языке передаются при помощи вспомогательных глаголов. Нужно отличать вспомогательные глаголы жүр, тұр, отыр, жатыр от всех остальных вспомогательных глаголов. Вспомогательных глаголов в казахском языке очень мало. Все они могут употребляться и с самостоятельным значением. Н а п р и м е р:
Түсіп кетті – упал (кетті – вспомогательный глагол).
Кетті – ушел кетті основной глагол.
Қалды – остался, осталось қалды основной глагол.
Баста – в качестве вспомогательного глагола соответствует русским глаголам стать, начинать.
Келе бастады – начали прибывать.
Айта бастады – стал говорить.
Қал – указывает на оттенок мгновенности, неожиданности и пр.
Кетіп қалды – уже ушел.
Сынып қалды –сломалось.
Кет – имеет почти такое же значение, как қал.
Құлап кетті – упал, выпал.
Шығып кетті – 1. Вышел; 2. Взобрался; 3. Соскочило.
Қой – указывает на кратковременность действия, в некоторых случаях соответствует однократному действию.
Жауып қойды – закрыл.
Алып қойды – забрал.
Бара тұр – иди пока.
Тұра тұр – подожди.
Тоқтай тұр – подожди
1-жаттығу Кестеге көмекші етістіктерді жазып, сөйлем құраңыз.
Бара тұр
Құлап қалды
2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, көмекші етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз.
1.Алғашқы қазақ дәрігерлері елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді. 2.Көктемде құстар ұшып келе бастады. 3.Дәрігер кабинеттен шығып кетті. 4.Мәтіннің түпнұсқасын толық жазып берді. 5.Досы ерте кетіп қалды.
3-жаттығу.Төмендегі сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.
Стал говорить, кончилось, упал, забрал, достань, продолжай говорить, уже ушел.
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. «Алғашқы қазақ дәрігерлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.
даярлану-готовиться
оба-чума
бедел-авторитет
шәкірт-ученик
күрделі-сложный
жарқын із-яркий след
қалтқысыз қызмет ету-преданно служить
жергілікті халық-местные жители
көңіл бөлу-уделить внимание
|
тырысқақ-холера
шешек -оспа
емдеп жазу-вылечить
шарт-условие
ағартушы-просветитель
танылу-признаваться
қоғам қайраткері-общественный деятель
қолдан келгенше-по-возможности
дәрігерлік көмек-врачебная медицинская помощь
|
2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.
Даярлау ісі, әскери госпиталі жанынан, кедей топтарына, дәрігерлік көмек көрсету, жарқын із қалдыру, қазан төңкерісі, даярланып шығу, жергілікті халықтар, медицина институтын ұйымдастыру, казак-орыс атқыштар батальоны, қоғам қайраткері, беделге ие болу, алаш қозғалысы, денсаулық сақтау ісінің қалыптасуы, қиыншылықтарға қарамастан.
3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.
Алғашқы қазақ дәрігерлері
Қазақтар арасынан дәрігерлер мен фельдшерлер даярлау ісі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдары-ақ қолға алына бастады. Қазақстанда жергілікті халықтар арасынан шыққан көптеген дәрігерлер мен фельдшерлердің өмірі мен медициналық қызметі республика медицинасының тарихында жарқын із қалдырды. Қазақ халқының алғашқы фельдшерлері 1841 жылы 9 тамызда Орынбор әскери госпиталі жанынан ашылған фельдшерлік мектептен даярланып шықты.
Қазақстан территориясында тырысқақ, оба және шешек аурулары талай халықты қырғынға ұшыратты. Ол кезде қазақтарға орта есеппен 1 дәрігерге 22-25 мың адамнан келген. Қазақтан шыққан алғашқы медициналық қызметкерлер осындай қиыншылықтарға қарамастан, елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді.
Алғашқы қазақ дәрігерлерінің қатарына Мұхамеджан Қарабаев, Әміре Айтбақин, Әбубәкір Алдияров, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедұлы, Есенғали Қасболатов, Гүлсім Асфендиярова т.б. жатқызуға болады.
Санжар Жағыпарұлы Асфендияров 1889 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Дәрігерлер отбасында тәрбиеленген. Ол 1907 жылы Петербург әскери-медициналық академиясына оқуға түсіп, 1912 жылы бітіріп шығады. Академияны бітіргенен кейін Термез қаласында жұмыс істейді.
1919-1920 жылдары С.Ж.Асфендияров Түркістан республикасында Денсаулық сақтау жөніндегі халық комиссары болып қызмет істеген. Ол 1927 жылы Мәскеу университетінің профессоры болып, Шығыс халықтары тарихынан дәріс оқиды және Мәскеу Шығыстану институтының ректоры болады.
1930 жылы С.Ж.Асфендияров Қазақ АССР Денсаулық сақтаудың халық комиссары болып тағайындалады. Алматы медицина институтын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді.
Халел Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұра, қазақ тарихы, әдебиеті мен тілі, медицина, биология, табиғаттану салалары бойынша зерттеу мақалалар мен оқулықтар жазған талантты ғалым 1883 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ол 1909 жылы Петербург әскери- медициналық академиясын алтын медальмен бітірген соң, алдымен Перм губерниясында, содан кейін 2- Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер қызметін атқарады.
Х.Досмұхамедұлы 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес істеріне ат салысады. Ол 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік- сүзек», «Жұқпалы аурулар хақында» атты кәсіби және әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрады. Оның «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. 2009 жылы 27 қазанда университетте Х.Досмұхамедұлы атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі құрылды.
Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, педагог Ы.Алтынсариннің шәкірттерінің ішінен бірнеше дәрігер мен фельшерлер шықты. Олар: Ә.Алдияров пен Ә. Айтбақин.
Әбубәкір Алдияров Троицк қаласында талантты оташы ретінде танылды. Ол қазақтың дарынды ақыны С.Торайғыровқа күрделі ота жасап, халық алдында, өзінің қызметтес әріптестері арасында зор беделге ие болады.
Әміре Айтбақин құрметті дәрігер аталып, «барлық аурулардан емдеп жазушы» ғалым ретінде танылды. Ол өзінің қымызбен емдеудегі байқаған тәжірибелерін Томск университетінің еңбектерінде жариялайды.
Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі - Мұхамеджан Қарабаев 1887 жылы Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1916 жылы «Қызыл кресті» ұйымдастыруға қатысты. Ол 1919- 1921 жылдары Қостанай аймағына сүзек, безгек, оба, шешек сияқты індет көп таралған кезде, медициналық көмек ұйымдастырды. М.Қарабаев уезд халқының санитарлық мәдениетін көтеруге, оларға тазалық пен гигиенаның қарапайым шарттарын үйретуге көп көңіл бөледі. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республиканың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, дамытуға елеулі еңбек сіңірді.
Басқа да көптеген қазақ дәрігерлері мен фельдшерлері қоғамдық істерге белсене араласып, денсаулық сақтау ісінің қалыптасуына үлкен еңбек етті.
4- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
С.Асфендияров академияны бітіргеннен кейін қайда жұмыс істеді?
-
Х.Досмұхамедұлының қандай еңбектерін білесіз?
-
Ә.Айтбақин қандай дәрігер?
-
Қазақстанда қандай жұқпалы аурулар көп тарады?
-
С.Асфендияров Мәскеуде қандай қызметтер атқарды?
5- тапсырма Мәтін бойынша сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.
1. дәріс ...................
2.алғашқы................
3.дәрігерлік..............
4.талантты.............
5.мәдениетін.........
6-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Х.Досмухамедов в 1903 г. успешно окончил Уральское реальное училище. Он активно занимался вопросами противоэпидемической работы, организацией стационаров для инфекционных больных.Учитывая большой неоценимый вклад в развитие просвещения и здравоохранения Казахстана, решением Ученого Совета КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова от 27 октября 2009 г. Школе общественного здравоохранения присвоено имя Халела Досмухамедова.
7-тапсырма. Мәтіннен көмекші етістіктерді тауып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Студенттің білімін бақылау
Когнитивті – білім компетенциясы:
Тест тапсырмалары:
1) Етістікті көрсетіңіз:
а) қалақай
б) дәне
в) сораң
г) еру
д) жұмыс
2) Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз:
а) Балалар ойнап жүр.
б) Олар сөйлесіп отыр.
в) Балалар доп ойнады.
г) Балалар доп ойнап жатыр.
д) Мен театрға барып келдім.
3) Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз:
а) Сәуле орындықта отыр.
б) Сәуле кеше келді.
в) Сәуле келе жатыр.
г) Сәуле келді.
д) Сәуле мектепке барды.
4) Сөйлемді аяқтаңыз:
Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...
а) көмек көрсету үшін.
б) өте сақ болған.
в) бір жүйеге келтіру
г) таза ауаға шығару керек
д) тындау керек
5) Етістікті көрсетіңіз:
а) тыңдайды
б) жаздай
в) жемдей
г) сіздей
д) озіндей
6) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:
а) қашан?
б) не қылды?
в) не үшін?
г) қандай?
д) не?
7) Етістікті көрсетіңіз:
а) ауыр, жеңіл
б) ақылды, сергек
в) бар, жоқ
г) он, жетпіс
д) келді, кетті
8) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:
а) келе бастады
б) сұраған жоқ
в) біреу келді
г)жағдай бар
д) бару керек
9) Етістікті көрсетіңіз:
а) әрбір
б) қоғам
в) оқыды
г) жеміс
д) мектеп
Операционалды – дағды компетенциясы:
Көмекші етістіктер қатысқан тіркестерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.
Жазып бер, қайтып кетті, түсіп кетті, салып бер, оқып қойды.
Коммуникативті компетенция:
а) лексикалық тақырып бойынша
-
Алғашқы қазақ дәрігерлерінен кімдерді білесіз?
-
Алғашқы қазақ фельдшерлері қайда даярланып шықты?
-
С.Асфендияров кім? Қайда оқып білім алған?
-
Х.Досмұхамедұлы туралы не білесіз?
-
Ақын С.Торайғыровқа күрделі ота жасаған дәрігер кім?
-
Дәрігер М.Қарабаев медицинаның қай саласында еңбек етті?
ә) грамматикалық тақырып бойынша
-
Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?
-
Қандай көмекші етістіктерді білесіз?
-
Ал, баста, қой, бол көмекші етістіктеріне мысал келтіріңіз.
-
Тілімізде жиі қолданатын көмекші етістіктерді атаңыз.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы:
Сөйлемді аяқтаңыз.
-
Ә.Алдияров күрделі ота жасап, .........................................
-
Алаш қозғалысының қайраткері ................................................
-
С.Асфендияров 1907 жылы Петербург әскери-медициналық академияға.................
-
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ...............................
Достарыңызбен бөлісу: |