С. Ж. Асфендияров атындағЫ


« Китаб аль-Шифа » еңбегінің авторы



бет21/23
Дата23.02.2016
өлшемі2.37 Mb.
#3710
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

6. « Китаб аль-Шифа » еңбегінің авторы.

а) Әбу Насыр әл –Фараби

ә) Әбу Әли ибн Сина

б) Қожа Ахмет Яссауи

в) Жүсіп Баласағұни

г) Әбу Райхан әл-Бируни



7.Сведения сөзінің баламасын табыңыз.

а) жаңалықтар

ә) үлгілер

б) зерттеулер

в ) мәліметтер

г) жоспарлар



8. « Чжень » сөзінің мағынасы.

а) сумен емдеу

ә) бумен емдеу

б) балшықпен емдеу

в)инемен емдеу

г) балмен емдеу



9. « Цзю » сөзінің мағынасы.

а) күйдіріп емдеу

ә) сумен емдеу

б) дәрілік өсімдіктермен емдеу

в) иенмен емдеу

г) балмен емдеу



10. Ибн-Синаның еңбегін атаңыз.

а) « Құтадғу-білік »

ә) « Диуани лұғат-ат-түрік »

б) « Китаб ал-Канун фит-т-тибб »

в) « Хуанди нэй-цзин »

г) « Білге қаған »



11.Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.

а) жазу, оқу, отыру

ә) шегелеу, бастау, тұздау

б ) алу, салу, әкелу

в) көру, келу, жүгіру

г) айту, бару, жасау



.

Ә) Жағдаяттық тапсырма:

1. Сіз шығыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

2. Сіз батыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

3. Сіз науқас адам роліндесіз, өзіңізге тиімді клиниканы таңдауыңыз керек, сізді қызықтыратын сұрақтарыңызды дайындаңыз.


11.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы,2000 ж.

2. Исаева Ж.,Тәттібаева.Қазақ тілі. 2011ж.

3. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Бастауыш деңгей. Алматы,2011 ж.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

2. Мақсаты:

- «Адам деген ардақты ат» деген сөздің мағынасын ұғындыру, оларды адамгершілікке, имандылыққа, салауаттылыққа баулу;

- Адам ағзасы тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін кеңейту, адам ағзасы таұырыбының қазақша атауларын білдіру, сол арқылы сөздік қорын дамыту;

- Анық өткен шақтың жұрнақтарын пайдалана отырып сөйлемдерді дұрыс құрғызу. Қажетті сөйлемдерді үйрету арқылы кәсіби сөйлеу тілін дамыту. Лексикалық тақырыпты грамматикамен байланыстыра отырып, сөйлем құруға үйрету, сөздік қорын байту.
3. Міндеті: Коммуникативтік құзіреттілік талаптарына сай қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Соның негізінде, студентті дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.
4. Негізгі ұғымдар:

1. Адамның кеуде қуысында орналасқан мүшелер;

2. Құрсақ қуысында мүшелер;

3. Бұлардан басқа мүшелердің адам ағзасындағы маңызы;

4. Тірек – қимыл жүйесі туралы мағлұмат;

5. Қаңқаның сүйектері жайында;

6. Бұлшық еттің қасиеті;

7. Ас қорыту жүйесінің маңызы;

8. Зәр шығару жүйесінің маңызы;

9. Қан айналу жүйеснің қызметі;

10. Тыныс алу жүйесі маңызы;
5. Сабақты өткізу жоспары:


  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезені ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жатығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.



6. Өткізу түрі: тәжірибелік
7. Білім берудін және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.
8. Көрнекі қүралдар: Кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.
9. Тапсырмалар

а) Төмендегі сөздедің аудармасымен танысу:



Ағза - организм

Тыныс - дыхание

Қан айналымы - кровообращение

Құрсақ қуысы - брюшная полость

Зәр шығару жуйесі - мочевыделительная система

Көбею - размножение

Тірек-кимыл жуйесі - опорно- двигательная система

Бұлщық ет – мышцы

Беку – укрепиться

Жұтқыншақ – глотка

Өңеш – пищевод

Бездер – железы

Қорытылу – перевариваться

Кеңірдек – трахея

Сіңіру – впитывать, всасывать

Несепағар – мочеточник

Құық – мочевой пузырь

Ішек-қарын жолы – желудочно-кишечный тракт


ә)Төмендегі сөз тіркестері мен сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Ардақты ат. Кеуде қуысында өкпе, жүрек бар. Құрсақ қуысында бүйрек орналасқан. Ауыз қуысында тіс бар. Көз қайда орналасқан? Бауыр, көкбауыр қайда орналасқан? Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған. Адам жүреді. Адам жүгіреді. Адам жұмыс істейді. Ас жұтқыншаққа түседі. Ас асқазанға түседі. Мүшелерге қоректік заттар жеткізеді. Бронхтар тыныс алу жүйесіне жатады. Көмір қышқыл газын бөледі. Оттегін сіңіреді. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады. Бүйректе несеп (зәр) түзіледі.
б) Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Адам деген – ардақты ат, казақ халқы ежелден құрмет тұтып, оны ерекше «кім» деп сұрайды.

Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.

Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында - ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар. Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.



Тірек - қимыл жүйесі қанқа мен бұлшық еттен тұрады. Қанқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, дене еңбегі мен басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек қарын жолында қорытылады.

Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен коректік заттарды, жеткізіп отырады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның отегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы - тыныс алу жүйесіне өтеді.
1 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз.

1. Әрбір ... белгілі қызмет атқарады. 2. Адамның кеуде ... өкпе, жүрек орналасқан. 3. ... қуысында зәр шығару, көбею мүшелері орналасқан. 4. Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған ... . 5. Сүйектерге ... бекиді. 6. Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, жатады. 7. Жүйке жүйесі мүшелердің ... реттейді. 8. Тыныс алу жүйесінде оттегінің сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу процесі ... . 9. Ас ... арқылы өңешке, асқазанға барады.



Керекті сөздер: жұтқыншақ, мүше, мықты тірек, жүреді, жұмысын, құрсақ, қуысында, қуық, бұлшық ет.
2 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып (7) жеті сөйлем құрастырыңыз.

Кеуде қуысы, қан айналу жүйесі, сүйектер, оттегі, бүйрек, қамтамасыз ету, қимыл.


3 – тапсырма. Мәтін бойынша септелген сөздерді теріп жазып құрамын анықтаңыз. Мысалы, көмегімен: көмек – түбірі, -і – тәуелдік жалғау (ІІІ ж), -мен – көмектес септік жалғауы.

4 – тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдердің көбі ауыспалы келекр шақ тұлғасында ерілген назар аударыңыз. Егер осы сөйлемдерді өткен шақ, осы шақ немесе келер шақтың басқа түрлерімен берсек сөйлем мағынасына қандай өзгеріс енеді?
Мысалы:

а) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады.

ә) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталды.

б) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып тұр.

в) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталмақ.
5–тапсырма. Төмендегі Абай өлеңінен үзінді берілегн өлең жолдарын қалай түсінетініңізді айтыңыз.

Малда да бар жан мен тән

Ақыл, сезім болмаса,

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын...
6 – тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз. Қандай жаңа сөздерді меңгердіңіз?

организм __________________

хание __________________

размножение __________________

мышцы __________________

глотка __________________

пищевод __________________

железы __________________

трахея __________________
7 - тапсырма

мочеточник ________________________

мочевой пузырь _____________________

кровообращение _____________________

брюшная полость ____________________

опорно-двигательная система_____________________________

мочевыделительная система_____________________________

перевариваться______________________



Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздермен сөз тіркесін құраңыз ( сұрақ арқылы)

бұлшық еттен

бөлінеді ( нешеге?)

асқазанда

орналасқан ( қайда?)

кеуде қуысында

тұрады (неден?)

оттегені

қорытылады (қайда?)

ауыз қуысына

жеткізеді (нені?)

екіге

басталады (қайдан?)

сыртқа

реттейді (нені?)

жұмысын

шығарады (қайда?)


Зәр шығару жүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылып, несеп түзіледі.


  1. Бақылау

  1. Адамның кеуде қуысында қандай мүшелер орналасқан?

  2. Құрсақ қуысында қандай мүшелер бар?

  3. Бұлардан басқа тағы қандай мүшелер бар?

  4. Тірек – қимыл жүйесі неден тұрады?

  5. Қанқа дегеніміз не?

  6. Бұлшық еттің қандай қасиеті бар?

  7. Ас қорыту жүйесі қайдан басталады?

  8. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?

  9. Қан айналу жүйесі қандай қызмет аткарады?

  10. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?




1. Келер шақты көрсетіңіз.

а) сен зертханаға барасың

ә) ол дәріханаға бара жатыр

б) ол дәріханаға барды

в) ол дәріханадан шықты

2. Қай сөзде болжалды келер шақ бар?

а) Сабақтан келерсің.

ә) Ауруханада жатыр.

б) Кітап оқыдым.

в) Ол әкесімен келді.

3. Келер шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) Қаламмен жазды.

ә) Кітап оқыды.

б) Дәптерді аларсы.

в) Үстелге отыр.

4. Мақсатты келер шақты көрсетіңіз.

а) Мен бүгін үйден тамақтанармын.

ә) Мен бүгін үйден тамақтандым.

б) Мен бүгін үйден тамақтанып отырмын.

в) Мен бүгін үйден тамақтанбақпын.

5. Ауыспалы келер шақты көрсетіңіз.

а) Ол ертеңгі пойызға отырды.

ә) Ол ертеңгі пойызбен келді.

б) Ол ертеңгі пойызбен бармақ.

в) Ол ертеңгі пойызбен келмек.

6. Етістігі келер шақ формасындағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қасен қазір келіп қалар.

ә) Әзімбек ертең жол жүрмекші.

б) Нәзира бүгін келген жоқ.

в) Мәтіннің кеше аударып біттім.

7. Болжалды келер шақта жіктелген етістіктерді көрсетіңіз.

а) Мен барамын.

ә) Сен оқырсың.

б) Сіздер білмейсіздер.

в) Олар келмес

8. Сөйлемді аяқтайтын сөздерді көрсетіңіз.

Біз олармен ... .

а) жолығыстыңдар

ә) сөйлестік

б) кездестіңіз

в) таныстық



9. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) университетті барды

ә)... көрді

б) жазып отыр

в) ауруханадан сурет салды

10. Қай сөз тіркесі дұрыс.

а) сіз отырсың

ә) ол кешіктім

б) мен ұйықтадық

в) сен жаттамақсың


11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.



ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы

2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


    1. Сабақтың тақырыбы: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы


2. Мақсаты:

- Жыл сайынғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат беру

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат беру

мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту
3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

- Жыл сайынғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат

- 2011 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).


6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма


8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, 2011 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы
9. Тапсырмалар

1-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

« - Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.»

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы 2011 жыл
Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.


Жағдаяттық тапсырма.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.


Тест тапсырмалары:

1. Аудармасы дұрыс сөзді көрсетіңіз.

а) бөртпе-сыпь

ә) ісік-травма

б) жара-опухоль

в) тері -пот

г) тер –кожа



2. Аудармасы дұрыс емес сөзді көрсетіңіз.

а) итмұрын-шиповник

ә) қарақат-смородина

б) жүгері-кукуруза

в) қаймақ-жидкость

г) сұлы-овес



3. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

а) Адам оттегісіз өмір сүре алмайды.

ә) Оттегісіз сүре адам өмір алмайды.

б) Адам сүре өмір оттегісіз алмайды.

в) Өмір оттегісіз сүре алмайды адам.

г) Алмайды адам сүре оттегісіз өмір.



4. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Балдың қасиетін адамзат білген ерте заманнан емдік.

ә) Адамзат балдың емдік қасиетін ерте заманнан білген.

б) Қасиетін балдың білген ерте заманнан адамзат емдік.

в) Емдік білген адамзат ерте заманнан балдың қасиетін.

г) Білген балдың адамзат емдік заманнан ерте қасиетін.



5. Сөйлемді толықтырыңыз.

Түрлі аурулардың алдын қалай алуда ... орны ерекше.

а) студентпен

ә) дәрігердің

б) оқытушыға

в) баладан

г) анама

6. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

- Қазақстан қандай мемлекет.

а) -Ұзын

ә) -Тәуелді

б) -Қызғаншақ

в) -Тәуелсіз

г) -Йықты

7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

а) бейнелеу

ә) бійнелеу

б) бинелеу

в) бенелеу

г) бейнилеу



8. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

а) -Әнші

ә) Күйші


б) -Жазушы

в) -Ақын


г) -Батыр

9. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.

..., бөлменің ауасын таза ұстау керек.

а) Аурулардан сақтану үшін.

ә) Жедел жәрдем шақырдық.

б) Дәріні көп қолданғаны.

в) Дәрігердің бақылауында

г) Ауруханаға жылдам келді.

10. Керекті сөзді қойыңыз.

Қысқы сессияға студент ... дайындықпен келді.

а) әлдеқашан

ә) жоғары

б) ақырын

в) солай


г) әлдеқашан

11. Сөйлемді толықтырыңыз.

... бүгін жиналыста болдым.

а) Менде

ә) Кешке


б) Мен де

в) Сен


г) Онымен

12. Адамға қатысты сөздерді көрсетіңіз.

а) ақылды, сұлу, адал

ә) жалпақ, қалың, жылжымалы

б) үш бұрышты, төрт бұрышты

в) жасыл, көк, сұр

г) мықты, жеңіл, қабаған



13. Адамға қатысты емес сөздерді көрсетіңіз.

а) қатты, қышқыл

ә) әдепті, көңілді

б) пысық, салмақты

в) жалқау, қатыгез

г) көрікті, келбетті



14. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Науқас аурудан ... жазылды.

а) перде

ә) сақина

б) әрең

в) ертең


г) еден

15. Дұрыс сөзді қойыңыз.

Сіздің қандай ... бар?

а) ұсыныстарыңыз

ә) сұрақтар

б) әңгіме

в) шағымдары

г) айтыңыз

16. Адамның қасиетін білдіретін сөзді көрсетіңіз.

а) ақылды, сусыз, құрғақ

ә) жалпақ, қалың, жылжымалы

б) ұқыпты, сақ, қарлы

в) пысық, жалқау, қатыгез

г) мықты, жеңіл, жұмсақ



17. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мен .... азық-түлік сатып алдым.

а) дүкенде

ә) дүкеннен

б) дүкенге

в) дүкенмен

г) дүкен

18. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Сіздің қандай шағымыңыз бар?

а) басымыз ауырады.

ә) жүрегім айнып, құсқым келеді.

б) қолы қақсайды

в) басы айналады

г) үсті бөртпелер шығады

19. Жағымды мінез-құлықты білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

а) қатыгез, ашушаң

ә) ұқыпты, еңбекқор

б) кекшіл, әділетсіз

в) үнемшіл, тиянақсыз

г) жағымпаз, жалқау



20. Қай сөйлемнен сұрақты естисіз?

а) Бірақ ол келмеді.

ә) Қашан келер екен.

б) Ол келмесін.

в) Тезірек келсе ғой.

г) Келмекші болды.




11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 2-6 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы
2. Мақсаты:

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту


3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (50-55 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).


6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма


8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

9. Тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы
Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді (2008 жылғы мамыр, қазан).

Халықтың дамуы, нығаюы мен өсіп-өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Іске асырылатын Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімге арналған үлгісін қалыптастыру көзделді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын. Азаматтардың медициналық ұйым мен дәрігерді ерікті түрде таңдау, сондай-ақ сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға құқығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған.

Тұжырымдаманы құру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жүйелі өзгерту қажеттілігінен туындады.


2-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

Тұжырымдама қорытындысы
Осы тұжырымдаманы іске асыру Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құруға және ұлттық денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау қызметтерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе пациентке және түпкі нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру, Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру.

Пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәселекестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметті ұсынушыларды, медицина қызметкерлерін нақты экономикалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.


Жағдаяттық тапсырма.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру туралы тұжырымдамамен танысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.


Тест тапсырмалары:

1. Науқастың халы нашар. Қандай сөздермен баяндайсыз?

а) Түнде терлемейді.

ә) Тәбеті ашылды.

б) Есін жоғалтты.

в) Көңіл-күйі жаман емес.

г) Ас қорытуы жақсарды.



2. Науқастың жағдайының жақсарғанын хабарлаңыз.

а) Науқас аяқ-қолын қозғалта алмайды.

ә) Науқас әлсіз.

б) Науқас ішкен асын құсып тастайды.

в) Науқас есін жиды.

г) Науқастың көңіл-күйі төмен.



3. Қай сөздер бөлек жазылады?

а) Асқармен келеді.

ә) Студенттен сұрадым.

б) Трамваймен жеттім.

в) Әкесімен бірге.

г) Басымда ауырады.



4. Қай сөздер бөлек жазылады?

а) Басыңмен ойласаңшы.

ә) Басымен әуре.

б) Көрермен айтсын.

в)+Армен ұят болсын.

г) Әрмен кетші.



5. да (де) бөлек жазылатын сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сізде қатысасыз

ә) Ауылда жүрген.

б) Әлияда білім жоқ.

в) Оқуда баласы бар.

г) Сенде шаруам бар.



6. Дұрыс жазылмаған сөздерді көрсетіңіз.

а) Жүрегіңіз қағама?

ә) Асқазаным қыжылдайды.

б) Ауру жылдам сауықты.

в) Көрдіңіз ғой.

г) Ауылға кетемін.



7. Сұрақтың керекті жауабын көрсетіңіз.

- Биылғы жылдан не күтесіз?

а) - Көпшілік

ә) - Арзан

б) - Сәтті

в) - Артық

г) - Табыс



8. Мағынасы жақын, синоним сөздерді көрсетіңіз.

а) дереу, жылдам

ә) қисық, дөңгелек

б) қыңыр, қоңыр

в) салмақты, жеңіл

г) күңгірт, бұлтсыз



9. Бағытты білдіретін сөздерді көрсетіңіз. а) жұмсақ

ә) баяу


б) лас

в) алға


г) кең

10. Адамның ниетін білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

а) түсті


ә) бармақшы

б) білімпаз

в) кірген

г) жолығады




11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 3 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.




ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Дәрігердің міндеттері мен құқықтары

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Дәрігердің міндеттері мен құқықтары
2. Мақсаты:

- Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы мағлұмат беру

- Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту


3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

- Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы мағлұмат беру

- Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (55-60 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (30-35 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-5 минут).
6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма


8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының дәрігер анты.

9. Тапсырмалар

1-тапсырма. Болашақ дәрігер ретінде дәрігердің міндеттері мен құқықтары қандай болуы керек деген тақырыпта өз ойларыңызбен беріңіздер.

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Қазақстан Республикасының дәрігер анты

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқымыа қалтқысыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.

Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайдығым үшін ант етемін.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бастартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант етемін.

Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.

Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігрелік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының Дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.

Осы антты өз еркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.



Аударған: М.Қожанұлы, Ш.М.Үмбетова
10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.б.).

Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы және Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.
Тест тапсырмалары:

1. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың денсаулығы ... .

а) ұлғайды

ә) көтерілді

б) араласты

в) түзелді

г) терледі

2. Адамның мінезіне байланысты жағымсыз қасиетін көрсетіңіз.

а) іскер


ә) жауапты

б) ақкөңіл

в) ұқыпты

г) арам


3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Науқастың кеудесі ... ауырады.

а) бүлкілдеп

ә) шаншып

б) айғайлап

в) сырқырап

г) тұншығып

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың терісі ... .

а) естиді

ә) түлейді

б) шыңылдайды

в) табылады

г) естіледі

5. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

Ас – адам... арқауы.

а) -ның

ә) -дің


б) -тың

в) -тің


г) -нің

6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қабынуы қарсы

ә) әсер етеді

б) мүшелерді арқылы

в) дәріні дайындалады

г) емхана айтты



7. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) біз шаршайды

ә) жүйкесі тозады

б) ашуаншақ байқалады

в) дәріхананың сатылу

г) әкесін қайтты



8.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас қатты ауырған соң, .... .

а) киімін киді

ә) сабақ оқыды

б) сөйлем аударды

в) еден жуу керек

г) дәрігер шақырды

9. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

а) аласа-төмен

ә) ауыр-жеңіл

б) кең-мол

в) кір-лас

г) денсаулық-байлық



10. Қазақтың ұлттық ойындарын көрсетіңіз.

а) алтыбақан

ә) қымыз

б) төбелес

в) доп ойнау

г) мазмұндама




11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 5 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Дәрігерлік этика.

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1.Сабақтың тақырыбы: Дәрігерлік этика.



2. Мақсаты:

- Дәрігерләк этика туралы мағлұмат беру;

- Дәрігерлік этика туралы мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- мәтінде кездесетін жаңа сқздердің мағнасын түсіндіру;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- себеп-салдар күшейткіш үстеулердің қолданылуын практикалық жолмен меңгерту;

- оз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.-жаңа сөздер арқылы сөздік

қорын байыту
3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

- студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

- студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

- практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

а ) лексикалық материал бойынша:

1. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе;

2. Дәрігерлік деонтологияға дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігі;

3. Дәрігердің сырқат адаммен тіл табысып, сөйлесе алуы;

4. Дәрігермен сырқаттың қарым-қатынасы;

5. Дәрігердің парызы мен міндеттері, білімділігі;

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1.Себеп-салдар, күшейткіш үстеулерінің жасалу жолдары;

2. Үстеулердің атқаратын қызметі;

3.Себеп-салдар, күшейткіш үстеулерінің қолданылу ерекшеліктері.
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).


6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.


8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9. Тапсырмалар

А) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Сырқат, этика, дионтология, дәрігерлік құпия, сырқаттың интелекті, еркін ұстау, аурудың психикасы, дәрігердің міндеті, дәрігердің парызы, сырқаттың көңіл-күйі.
Ә) Тапсырмалар:

1-тапсырма. Берілген үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Амалсыздан, құр, босқа, әбден, бекерге, тым, аса, өте, өңкей, өңшең, мүлдем, лажсыздан.


2-тапсырма. Күшейткіш үстеулерін қолданып, сөйлем құраңыз.

Кілең, әбден, бекер, тым, аса, өңкей, мүлдем, орасан, нақ, нағыз, ең.


3-тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті себеп-салдар, күшейткіш үстеулерін қойыңыз.

1. Сіз бұл жерге ... келіпсіз. 2. Анар ... көнді. 3. Жол ... ұзақ екен. 4. Ол мен үшін ... қымбат. 5. Басқа дәрігерлерге барғанда ол ... қымбат. (бекер, тым, аса, амалсыздан, өте).


Б) Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Дәрігерлік этика

Дәрігердің сыркат адаммаен тіл табысып сөйлесе алуы өте маңызды болып саналады. Дәрігер мен сырқаттың қарым-катынасы, дәрігердің парызы мен міндеттері дәрігерлік деонтология деп аталады.

Ауру адампсихикасы өте сезімтал келеді, ол дәрігердің сөзіен не ісінен сезіктену мүмін, Сондықтан науқасастың көзінше түсініксіз терминдер мен сөздерді қолданбауға тырысу керек, Сырқат адамның психологиясын, интелектін, сол кезде көңіл куйін-д ұрыс ескере білу керек.

Дәрігердің сырқатпен арадағы жақсы психлолгиялық қатынасы аурудың тез сауығына әсер етеді. Адамды толық есімімен атаған дұрыс. Сырқкаттың шағымдарын сұрастырғанда телефон қоңырауына, бөтен әңгімелерге көңіл ьермеу керек.

Сонда гана ауру өзін еркін ұстап, дерті туралы сыр ашады. Рецепт берген кезде дәрігерлер дәрігерді қабылдайтын уақыты, қанша емделетінін, қабылдау әдістерін түсіндіріп, ақыл –кеңес айту керек.

Дәрігердің білімдігіне, емнің комектесетіндігіне сену, дертке қарсы жасалған үлкен қадам болыпесептеледі.

Дәрігерлік деонтологияға дәрігірлік құпияны сақтау қажеттігі жатады. Науқас адам және оның дерті туралы мәліметтер ешкімге жарияланбауы тиіс.

Сондай-ақ, дәрігердің сыртқы пішіні, киім киісі, жүріс-тұрысы, сойлеу мәдениеті де талапқа сай болуға тиісті.


В) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?.

2.Дәрігерлік деонтология деген не?

3.Ауру адам қандай болады?

4.Дәрігер нені ескеруі қажет?

5.Дертке қарсы үлкен қадам не?


10. Бақылау.

1. Дәрігермен сырқаттың қарым-қатынасықандай болу керек?

2.Рецепті қалай берген дұрыс?

3.Дәрігерлік деонтологияға не жатады?

4.Дәрігер нені ескеру қажет?

5.Науқас адамның дерті туралы мәліметтерді қалай сақтау керек?


Жағдаяттық тапсырма.

Сіз университетті енді бітірген жас мамансыз, сіздің алдығызда мінезі қиындау науқас отыр, сізге онымен тілдесу қиын. Не істеу керек?


Тест тапсырмалары:

1. Себеп-салдар үстеулерін көрсетіңіз.

а) дереу


ә) бекерге

б) балаша

в) басқа

г) амалсыздан



2. Себеп-салдар үстеулерінің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) неге?


ә) қалай?

б) себептен

в) қалайша?

г) қайтып?



3. Күшейткіш үстеулердің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) әбден


ә) шапшаң

б) мүлдем

в) нағыз

г) тіпті


4. Күшейткіш үстеулердің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) кімше?

ә) қалай?

б) қандай?

в) қалайша?

г) қайтіп?



5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіңіз.

«Адамды ... есімімен атаған дұрыс».

а) қысқа


ә) толық

б) өте


в) ұзақ

г) қымбат



6. «Тіл табысу» деген сөздің аудармасын табыңыз.

а) найти общий язык

ә) найти родного человека

б) найти друга

в) найти хорошого врача

г) найти общий интерес



7. Күшейткіш үстеуді табыңыз.

а) Біз ең биікке ұштық.

ә) Асқарға ол туралы бекер айттың.

б) Мен амалсыздан көндім.

в) Сіз дәріханағ кіммен келдіңіз.

г) Тісіңізді қашан емдеттіңіз.



8. Дионтология грек тілінде не деп аталады.

а) deonos-парыз logos-оқу

ә) deonos-парыз logos-ғалым

б) deonos-сырым logos-білім

в) deonos-құпия logos-парыз

г) deonos-оқу logos-дәрігер



9. «Сезімтал» деген сөздің аудармасын табыңыз.

а) чувствительный

ә) подозрительный

б) стремительный

в) бдительный

г) разговорчевый



10. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?

а) сөйлесе алуы

ә) дәрігердің білімсіздігі

б) қолданбауы

в) дәрігерлік құпия

г) сөйлесу алмауы




11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.



ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі
2. Мақсаты:

- Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру

- Валеология туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту


3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Негізгі ұғымдар:

- Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру

- Валеология туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;
5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (35-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (50-60 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (35-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).


6. Өткізу түрі: Тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма


8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Салауатты өмір салтына арналған кестелер
9. Тапсырмалар

1-тапсырма. «Салауатты өмір салты туралы» тақырыпта өз ойларыңызбен беріңіздер.

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуі керек. Денсаулық аамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді.

Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Түрлі аурулардың алдын қалай алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі темекі тартады, арақ ішеді, ретсіз тамақтануынан денелерін май басады. Осылардың әсерінен адамның көңіл күйі, мінез-құлқы өзгеріп, сана сезімі төмендейді, зат алмасу процесі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады. Соңғы жылдары елімізде аурулардың түрлері (гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті) көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру қзақтығы кеміп барады.

Денсаулықты сақтауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.

Валеология латынның «Valeo» - дені сау болу және гректің «logos» ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға ХХ ғасырдың 60 жылдарында проф.М.И.Брехман енгізді. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйренеді.

Денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы – дене шынықтырумен айналысып, тамақтану рационын сақтау, зиянды әдеттерден (есірткі, темекі тарту, арақ ішу т.б.) аулақ болу.
10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.б.).

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.



11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 3 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен

Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В050700 Менеджмент

Құрастырушылар: доцент Абдуллина З.А.

Аға оқытушы Рахымбаева А.Т.


2012ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

Менеджмент факультетіне арналған тестілер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет