С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат


Біілім беруді жаңа технологияға көшіру уақыт талабы



бет13/25
Дата09.06.2016
өлшемі1.71 Mb.
#123785
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

Біілім беруді жаңа технологияға көшіру уақыт талабы

Нұрсейітов Ш.Ш.,- профессор, «Сейхун»

академиясының проректоры, Қызылорда
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасы» баспасөзде жарық көріп, көпшілік талқылауға алып, өз ұсыныстарын айтуда. Жақында Үкімет осы тұжырымдаманы ұсыныстар мен ескертулерді ендіріп, өңделген жобасын мақұлдады. Енді білек сыбанып, сол тұжырымдаманы іске асыруға осы бастан кірісу қажет.

Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел деп танылып отыр. Аз ғана уақыттың ішінде экономикада жақсы табыстарға жетіп дамушылық болғанымен, білім мен ғылым саласында артта қалушылық орын алып отыр. Сол артқа қалушылық біздің мамандарымыздың жақсы дамыған технологиялар мен техниканы игеріп кетуге кері әсерін тигізуде. Техникасы мен технологиясы дамымаған мемлекет – экономикада жақсы көрсеткіштерге төтеп беру үшін үнемі алға қарай дамып отыру керек. Міне, осы стратегиялық талаптарға сай атқарылатын жұмыс – бұл білім беру саласын реформалау.

Тұжырымдама бойынша білім беру жүйесі негізгі сатылардан тұрады:


  • мектепке дейінгі тәрбие білім;

  • орта білім;

  • орта білімнен кейінгі білім;

  • жоғары білім;

  • жоғары оқудан кейінгі білім;

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім 6 жасқа дейін балалар бақшасында, мектеп базасында, балалар үйінде, арнаулы мектеп-интернаттарда жүргізіледі. Орта білім баланы 6 жастан оқытып, 12 жылдық мектеп базасында жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған орта білім моделі 4+6+2. Осы он екі жылдық орта білім бағдарламасы үш сатыдан тұрады.

Біріншісі – бастауыш білім 1-4 сынып оқушылары жатады.

Екінші сатыға – 5-10 сынып оқушылары жатады.

Осы алты жылдық оқуда оқушы негізгі орта білім алып, тұлға ретінде қалыптасып, кәсіптік бағдар алады. Кейбір негізгі пәндерді тереңдетіп оқып, өзіне қажет еткен біілім саласы бағдарламасы бойынша таңдап алуға үйренеді.

Орта білімнің үшінші сатысына 11-12 сыныптар жатады.

Соңғы екі жылда оқушылар кәсіптік білімге даярлықтан өтеді. Ал ауылдық жерлерде жаңа типті бағдарлық мектеп-интернаттар ашылмақшы.

Техникалық және кәсіптік білім алудың оқу мерзімі 2 жыл. Егер оқушы жоғарғы білікті маман болғысы келмесе, тағы бір жыл оқытылады. Кәсіптік және техникалық оқу орындарының жұмыс бағыты жаңа техника мен технологияны меңгерген жаңа нарық заманына сай жұмысшы мамандар даярлау болып табылады. Бұл саладағы оқудың сапасын білу үшін дайындалған маманның білімі мен біліктілігін тексеретін тәуелсіз жүйе керек екендігі тұжырымдамада айтылған.

Орта білім берудің мәні мен мазмұнының өзгеруіне байланысты мектептердегі оқу жүйесін қайта құру қажет. Жоспарлық-нормативтік құжаттардан бастап оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар қайта жасалады. Ең негізгісі жаңаша оқыта білетін мұғалім мамандарды даярлау керек. Олар жаңа технологиялық оқыту әдістемесімен қатар информатикалық оқуды және жаңа заманға сай тәрбие әдістерін меңгеруі тиіс.

Орта білім беру – ең күрделі, ең негізгі білім беру сатысы болып табылады. Орта білімді дұрыс меңгермеген әрі қарай жоғары білім алуға қабілеті жетпейді. Сол себепті бұл білім беру сатысы – бірыңғай мемлекеттік аттестация жүргізумен аяқталады. Аттестациялаудың қазіргі ұсынылып отырған түрі Бірыңғай ұлттық тестілеу болып табылады. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білімге негізінен орта буын білікті мамандар даярлау жатады. Бұл мамандар қызмет көрсету, басқару және техникалық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейде даярланады. Оқыған кезде студенттер кәсіптік біліммен қатар әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми пәндерін оқып, егер жоғары оқуды бакалавриатта жалғастырғысы келсе, үшінші курстан қабылданады.

Егер студент тереңдетіп оқытатын бағдарламамен оқитын болса, оқу мерзімі тағы 6 айға ұзартылады. Бұл кезде студент біліктілігін арттыру орталықтарында білім алуы мүмкін. Орталықтар мекемеде, фирмаларда, қайта даярлау және біліктілік көтеру орталықтарында болады.

Қазіргі уақытта жоғары білім алуға жаңа сапа мен статус беру қажет. Жоғарғы білім ғылыми зерттеу, халық шаруашылығын жаңаша ойлай алатын, жаңа технологияларды меңгерген, информациялық тәсілдерден хабары мол мамандар даярлауға бағытталған болу керек.

Жоғарғы оқудың мақсаты: қоғамды, мемлекетті және жеке тұлғаны қанағаттандыратын білім беру. Сонымен қатар әр адам өзіне қажетті біілім саласын керегінше таңдауға қол жеткізу.

Жоғарғы оқу орнындағы білім – бакалаврлық білім болып алынады. Ол төрт жылдық мерзімді қамтиды, сабақ кредиттік технология бойынша жүргізіледі және белгілі бір типтік жоспар мен бағдарлама бойынша мамандыққа дайындайды. Оқу мемлекеттік қорытынды аттестациямен, белгілі бір сала бакалавры академиялық дәрежесін берумен аяқталады.

Жоғарғы оқудан кейінгі білім магистратура мен докторантурадан тұрады. Магистратура үш бағытта дайындық жүргізеді:



  • әкімшілк және менеджмент;

  • ғылыми және ғылыми-педагогикалық;

  • аралас бейімдік;

Магистратуралық дайындық оқу бағдарламаларына негізделіп, ғылыми-методикалық бағытта тереңдетіліп, мамандандырылып оқытылады. Магистратура бітіргендерге магистр атағы беріледі, олар докторантураға оқуын жалғастыруға рұқсат алады.

Докторантура – білім берудің ең соңғы сатысы болып есептеледі. Оның мақсаты жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады. Докторантура бағдарламасымен білім алған, докторлық диссертация қорғағандарға философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Докторантура оқу мерзімі 3 жыл. Бұл бағыт жастардың білім алуға ынтасын арттырып, академиялық доктор дәрежесін алатындардың жас шамаларының төмендеуіне ықпал етеді.

Осы тұжырымдаманы қалай іске асыруға болатындығына талдау жасайық:


  • барлық білім системасын қайта құру керек;

  • оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жаңадан жазылу қажет;

  • мектептер мен оқу орындары қайта жарақталып, материалдық және техникалық базалары жаңартылуы керек;

  • мектепке дейінгі оқу мен тәрбие мекемелерін құру;

  • жоғары оқу орындарын басқаруды жетілдіру;

  • магистратура мен докторантураға база жасау;

  • оқу процесіне жаңа технология мен ақпараттарды пайдалануды енгізу;

  • тұжырымдаманы іске асыру үшін қаржылық және мамандармен қамтамасыз ету;

Жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарлы түрде орындалып отырса, 2010 жылы жаңа тұжырымдама бойынша білім беруге болады. Бірақ келешекті болжаудан бұрын қазіргі білім беруді жан-жақты талдап, кемшіліктері мен жетістіктерін көре білуіміз керек.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын мекеме – балабақшалар әлдеқашан қолды болып кеткен. Қалғандары саусақпен санарлық, тұжырымдаманың талаптарын орындауға шамалары келмейді. Мектепке дейінгі оқу мен тәрбиені жүргізуді – мектептің атқаруы екіталай. Сондықтан бала 6 жастан 1-сыныпқа баратын болса, балабақша сияқты тәрбие орындарын 3-4 жылда қалпына келтіріп, мемлекет қамқорлығына алыну керек. Дайындықтан өткен бала мектепте үлгеріп кетеді.

Мектепте үлгеріміне қарай сыныптан сыныпқа көшіру тәжірибесі қолданылғаны жөн. Үлгермеген бала бір сыныпта екі немесе үш жылға дейін болатын болу керек. Бірақ бұл тәжірибе бастауыш сыныптан кейін қолданған дұрыс сияқты. Он екі жылдық білім беруге мектептердің қазіргі жағдайы сай келмейді. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, лабораториялар, компьютерлер және басқа оқуға қажетті нәрселер жетіспейді. Оларды қайта жарақтандыру мен толықтыруға қыруар қаржы керек.

Мектепте алған білім сапасын бірыңғай ұлттық тестілеу әдісімен тексереміз деу дұрыс емес сияқты. Тестілеу – білім сапасын бағалау үшін емес, алдын-ала бала қабілетін байқау үшін қолдану қажет. Бала бір пәннен екінші пәнге өту үшін 2-3 сағат психологиялық дайындық керек.

Жоғарғы оқу орны – маман даярлауда ерекше бағаланады. Қазіргі ұсынылып отырған бакалавриат моделі барлық жоғарғы оқу орындарына тура келеді деп айта қою қиын. Себебі – техникалық оқу орындарында маман даярлау, гуманитарлық мамандықтарға қарағанда күрделірек, ұзақ және көптеген ғылым саласын меңгеруі тиіс.

Тұжырымдаманы іске асырудың жолы – кредитті технология деп, қазір сол оқыту әдісіне жаппай көшу қолға алынып жатыр. Басқа елдерде қолданылып жүрген тәжірибелерді тереңірек зерттеп, Қазақстан халқының сана-сезіміне, менталитетіне лайық оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Немесе ұсынылып отырған технологиялардың жақсы жағын алып, өзіміздікін қосып, ұлттық оқыту технологиясын ұсынған жөн болар еді.

Қазіргі кезде жоғарғы оқу орны білім мен ғылым беруден диплом беретін орынға айналып отыр. Сондықтан олар дайындаған мамандар жұмыс орнын таба алмай жүр. Оқу орындары студенттерге терең фундаментальді білім берсе, білім өзінің құндылығы мен қолданбалығын 10-15 жылға дейін жоймайды. Мамандар өз мамандығы бойынша еңбек етуге қол жеткізеді.

Жоғарғы оқу орнын басқаруды жетілдіру туралы ұсыныстар негізінен студенттердің құқығын кеңейтіп, оқу орнын басқаруға тікелей қатыстыруды қарастырады. Ол тек студенттерді қатыстырумен шектелмей басқару органдарына өзгерістер енгізуді қажет етеді. Ректор мен басқару аппаратын сайлау және тағы басқа ұсыныстар бар.

Қызылорда «Сейхун» академиясы гуманитарлық мамандықтарға маман дайындайтын оқу орны болғандықтан тұжырымдаманы талқылап, оны орындауға алғышарттар жасау үстінде. Кредиттік технологиямен маман даярлауға алдағы жылда көшеді. Жаңа стандарт, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ақпараттық технологиямен оқу процесін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізілуде. Профессорлық-оқытушы кадрлар біліктілігін арттыру курстарында оқып, академитяда ғылыми-әдістемелік семинар өткізілуде.

Қаазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білімді дамыту Тұжырымдамасы Үкіметте мақұлданды. Енді нақты бағдарламалар мен ұсыныстарды қаржылық және материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету шешілсе, тұжырымдама іске асады деп сенеміз.

Әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, Егемен Қазақстан, № 332-333, 26.12.2003 жыл

Құлекеев Ж.,- Білім беруді дамыту: Жаңа кезең жаңа талаптар, Егемен Қазақстан, № 4-5, 6.01.2004 жыл

Құсайынов А.,- «Бұрынғы мен бүгінгіні таластырып жүріп, болашағымызды жоғалтып алмасақ игі», Заң газеті, 26.12.2003 жыл.



«Психологически-адаптированные» учебные пособия.
Кокшетауский университет.

Айтуаров Е.Е., инженер


С.Л.Сауытбеков неоднократно принимал участие в республиканских конкурсах школьных учебников.

Дело, начатое С.Л.Сауытбековым особенно актуально сейчас:



  1. Известно, что качество учебных пособий снизилось после достижения Республикой Казахстан независимости.

  2. Казахской этнопедагогике приходится не просто возрождаться, не просто внедрять достижения, накопленные за много веков, не просто учитывать культурно-психологические особенности казахского народа, но приходится с ходу включаться в современную научно-техническую гонку.

Сейчас казахский язык становится полноценным языком бизнеса, права, промышленности. Неизбежна и его информатизация. «Нет худа без добра»: из-за неразвитости казахского языка, его легче сделать машиноориентированным, чем, например, русский, который структурно связан с доинформационным производством. Этнопедагогика базируется на казахской культуре. Этнокультура взаимоотражена в языке. Поэтому этнопедагогика имеет шанс «обогнать не догоняя» - другие педагогические школы.

  1. Идеологические «требования» к форме и содержанию сменились рыночными:

Монополия на издание учебных пособий ушла в прошлое, вместе с цензурой.

Можно сказать, вместо идеологически-адаптированных, стали востребованы - «психо-ориентированные», «психологически-адаптированные» учебные пособия.



  1. Неразвитость психологической науки в сфере учебных пособий. Точнее говоря, отставание ее переориентации от политических изменений.

Отрыв достижений психологических наук от педагогики.

  1. «Информационная эра», «информационный взрыв»:

Благосостояние человека зависит от владения языком общения с электроникой больше, чем от владения естественным языком, поскольку "через" компьютеры сейчас «идет» все производство.

Специальный язык общения с компьютером необходим прежде всего по экономическим причинам:

Программы владеющие не естественным человеческим, а "компьютерным" языком дешевле. Дешевле и "железо", которое они требуют для своей работы.

Целью «Психологически-адаптированных» учебных пособий является выработка языковых стандартов общения с компьютером.

Известно, что существующие учебники не соответствуют требованиям «жизни»: работодателей и динамики рыночной среды.

Не соответствует материал, но, главное не соответствует иерархия целей: в частности, учебники обучают, а не помогают развивать психологические качества, например, необходимые для самообразования и переквалификации.



  1. Переход с «бумажных» носителей информации, в частности книг, на электронные. Этот переход масштабен, и с ним связаны значительные и значимые проблемы: социальные, психологические, правовые.

Уменьшение значимости фактора стоимости носителя: Отпала необходимость плотно заполнять текстом весь лист. Возможность размещения синтагм на отдельных строках. (Синтагмы – это смысловые единицы изложения).

Компьютер становится доступен почти каждому городскому учащемуся. Образовался рынок обучающих программ, дистанционного обучения и электронного производственного обучения.

Считается, что эффективнее участвовать в развитии новой отрасли, чем, спустя 20 лет бороться с последствиями стихийного процесса.


  1. Новые возможности связанные с компьютерами и средствами связи.

Можно сказать, что в формуле: «Учащийся - компьютер – педагог», рентабельному достижения учебных целей адекватна лишь вспомогательная роль последнего.

Компьютер не просто берет на себя значительную часть работы, а принципиально меняет содержание работы педагога.

Обучающая компьютерная программа контролирует учебно-психологические процессы учащегося индивидуально.

То есть она, на основании информации об ученике, как «генетической», так и оперативной, оптимизирует предлагаемые ему задания.

В настоящий момент как раз происходит развитие описанных компьютерных программ. Не отставание системы образования является одним из главных факторов входа Казахстана в семью развитых стран.
Экономически оптимальной траекторией представляется проведение научно-психологических исследований по этапам:


  1. Исследование перцептивных, семантических и проч. процессов у учащихся, при их работе с компьютерными программами, но с без создания самих компьютерных программ. В частности, использование достижений психологии, связанных с «бумажными» носителями.

  2. Те же исследования, но с созданием специализированных, для целей исследования компьютерных программ.

Научно целесообразна проверка выводов 1-го этапа - в традиционных «бумажных» учебных пособиях.

Экономически целесообразно - использовать результаты исследований 1-го этапа - в традиционных «бумажных» учебных пособиях, а также – в «простых» электронных.

«Простые» электронные пособия – это те же «бумажные» - в электронном виде, с небольшими дополнениями, использующими сервисные возможности стандартных браузеров и текстовых процессоров:


  • система гиперссылок и переходов, расширяющийся текст, сноски, всплывающие определения терминов, выпадающие иллюстрации и анимации,

  • поиск,

  • структура, терминологическая система, тезаурус,

  • многооконность, многозадачность, коллективная работа,

Направления экспериментальных исследований по «психологической адаптации»:

Исследование влияния на процесс взаимодействия с компьютерными программами, в частности, на активность обучающегося, а также на восприятие, понимание и запоминание материала:


  • машиноориентированной терминологии, синтаксиса и структуры предложений,
    (в частности, формулирования вопросов обучающегося к компьютерной программе);

  • ассоциативной базы знаний;

  • ввода информации в компьютер без таких устройств ввода, как «мышь», клавиатура («мановением рук»);

  • отделения синтагм, выделения логических элементов и структуры,

  • гиперссылок и переходов;

  • анимаций и видео-иллюстраций;

  • коллективного обучения;

  • особенностей казахского языка.

Пиктограммы и иллюстрации - эффективны лишь как дополнения к языку.

Интерфейсные элементы управления словесно-понятийный ввод в компьютер не заменят, поскольку: усложняются задачи решаемые с помощью компьютерных программ, и, например, там, где использовалось одно диалоговое окно, теперь не хватает 18-ти уровней вложенности и 46 типов органов управления.

Иллюстрации словесно-понятийный "ввод в человека" тоже не заменят. Например, как иллюстрацией передать понятие "соединительная линия"?

Иллюстрируется – обычно лишь один вариант, а понятийно передается все пространство возможностей.

Иллюстрация является эффективной - лишь для передачи понятийных структур, например, в виде древообразных структур.

Тогда как общающийся человек получает информацию о собеседнике преимущественно невербально, имеет предварительную информацию о нем и о вопросе, то компьютерные программы общаются пока еще даже не словесно, и мало знакомятся с предисторией и целями вопросов.

Однако, как ни парадоксально, языка общения с компьютерами нет.

Консервативные нормы литературного языка применяются обычно нерационально.

В технической литературе допускаются синонимы, неоднозначность, многократные повторения элементов знаний.

Почти отсутствуют ссылки-связи.


Почему "компьютерный" язык должен быть стандартизованным?

В жизни побеждает тенденция к стандартизации интерфейса и ограничение количества элементов интерфейса, несмотря на бурное расширение и усложнение компьютерных программ.

Унифицируется не только общение в разных профессиональных областях, но и интернационально.

В условиях падения тиражей книг до индивидуального изготовления, покупают не автора, а - стандарт изложения: "Подлинник", "Эффективная работа",...

На основании проведенных в 1995-96 гг. экспериментов с электронным справочником, делающим примитивный семантический анализ вопросов пользователя задаваемых естественным языком (подобные справочники называются сейчас "Мастер ответов"), а также с "действующими" справочниками, производящими действие вместо ответа (подобные инструменты пока не появились), был сделан вывод, что главным фактором эффективности электронного справочника является стандартизованность "естественного" языка.

Т.е. движение должно быть встречным: как со стороны развития интеллектуальных способностей комп.программ, так и развития языковых средств общения.

Пока здесь наблюдается резкая асимметрия.

Не заметно даже научных исследований по компьютерному языку.

Наиболее дешевы исследования по компьютерному языку - с «психологически-адаптированными» эл. пособиями, поскольку:

1. Создание экспериментальных компьютерных программ дороже создания текстовых и электронных пособий.

2. «Психологически-адаптированные» эл. пособия эффективны и как просто традиционное пособие.
Структура «психологически-адаптированного» эл. пособия адекватна структуре памяти человека.

Психоидентичный справочник основывается на ассоциативной модели памяти и мышления:

"Адрес ячейки" элемента знаний состоит из "строки букв"-разных ощущений-"понятий".

"Буквы"-ощущения едины для множества элементов знаний и т.о. образуют иерархическую структуру абстрагирования, точнее обобщения.

"Логическое устройство" в процессе мышления, на основе предыдущих, вызванных элементов знаний отбирает ссылки - "буквы"-ощущения последующих вызываемых из долговременной памяти элементов знаний, а также создает новые комбинации "букв"-ощущений - новые "априорные" элементы знаний.

Сами элементы знаний содержат:

равенства по отдельным ощущениям, т.е. ссылки-связи и классификацию: один элемент является подклассом другого.

Строка справочника идентична элементу знаний - "строке букв"-ощущений.

Хотя отдельные слова вызывают множество ощущений, но в контексте они обычно выполняют функцию отдельных "букв"-ощущений или комбинаций нескольких "букв"-ощущений.

Первыми в строке, как и в механизме памяти, идут обобщенные слова.

Психоидентичный справочник эффективен и как просто традиционный справочник поскольку:

1. Использует компьютерный язык.

2. Выполняет функции совершенного бумажного учебника, обучая "от практики":

- Наращивает психологически оптимальную научную модель изучаемого предмета в процессе решения реальных производственных задач.

- Использует методику проблемного обучения.

- Развивает понятийное "математическое", научное мышление:

"знание немногих принципов заменяет знание многих фактов".
Процесс обучения можно представить как процесс "перевода" на внутренний язык психики человека.

Показателем успешного обучения является ощущение простоты предмета обучения.

Совершенным должно быть обучение - с наивысшей производительностью, т.е. получение умений при минимальных затратах времени.

Оптимально, если изучение языковых средств общения с компьютером составляет 90% курса информатики, поскольку спецификой информатики является непрерывная смена не только используемых компьютерных программ, но и обновление самого - искусственного предмета.

Компьютеры имеют отношение к информатике, лишь поскольку они эффективные инструменты обработки информации.

Да, психоидентичный справочник имеет сложное обоснование, но – лишь необходимое для максимальной эффективности помощи: "вместе со сложностью приходит и комплексность" (Стив Бэйн)



Қазақстанның экологиялық жағдайы
К. Дүйсенова, әдіскер

А. Ахаева, магистр Астана


Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

2002 жылы Иоханнесбургте өткен Тұрақты даму жөнінідегі әлемдік саммиттесөз сөйлеген Елбасымыз Кеңес Одағы тоқырауға ұшырағаннан кейін, Қазақстанның түрлі экологиялық, саяси, экологиялық проблемалар ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын айта келе, бір ұрпақтың көз алдында «ғайып болған» Аралтеңізі мен есепсіз жасалған ядролық сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға әлем назарын аударды.

БҰҰ мемлекеттік хатшысы Кофи Аннен Қазақстанға келген кезінде Президент Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы экологиялық проблемалардың біршама бөлігін шешу мәселелері бүгінгі Арал жөніндегі халықаралық ұйымның араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі экологиялық, әлеуметтік-экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастырады.

Арал экологиялық апат аймағында тұратын халықтық денсаулығы өте нашар. Жекелеген аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды құрайды, ана мен бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын аштық.

Ал Семей ядролық сынақ айлағына қатысты айтар болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталады.

Біз үшін экологиялық проблемалардың жаңа нүктесіне айналып отырған Каспий теңізіндегі техногендік апаттар мен ластанулар көмірсулы ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен байланысты. Мұнай өндіру мен оны тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының толық экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді. Осы және бұдан басқа да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта шешімін табуы үшін біз Президент бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Каспий экологиясы бойынша бірінші халықаралық конференция өткізілді. Каспий теңізінің экологиясын қорғау жөніндегі шектеулі конференцияның жобасы жасалып, оны барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында аталған коференцияға қол қойды. Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың міндеттіліктері, Каспий теңізі ресурстарын пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу, оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға қойылады деген сенімдеміз.

Еліміздегі экологиялық ахуалға әскери сынақ айлақтары да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын Қазақстан аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ айлағы жұмыс істесе, қазір соның төртеуі қалды. Сынақ жүргізу кезінде, ракета ұшырылған уақытта, сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады, сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс орындары бар қалаларда ауа атмосферасының ластануынан экологиялық қауіп деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді қалалар сол бұрынғы ластанған күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға айналып отырған ең ірі өндіріс бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты» , «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан тиісті шаралар қолданылуда.

Еліміздегі экологиялық нүктелердің енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған су көздері. Бірінші кезекте Ертіс өзені мен Ертіс бассейнінің басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі проблемалар көп-ақ.

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы экологияландыруда экономиканың барлық саласындағы экологиялық фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде міндетті түрде олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын аңғартады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар аталған бағдарламада мүлде болмайтын. Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз - әр азаматтың құқықы мен міндеті.




Сауытбеков шығармаларындағы табиғат пен жануарлар туралы

Темірханова Б.Қ.,- Қазақ лицейі, Көкшетау


Қазіргі кезеңде барлық адамзат алдында тұрған келелі де, күрделі міндеттердің бірі – біздің өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудың өзі тікелей табиғатты қорғау және оны көркейту мәселесімен тығыз байланысты.

Бүгінде біз дәмін татып отырған азық-түлік өнімдері өзінің нағыз табиғи сапасында емес. Айналаға көз жіберсек, дала қурап, өзен мен көлдер тартылып, құстар әні сиреп, шөптер мен гүлдердің жұпар иісі аңқымайды. Сондықтан экология мәселесі жалпы білім беру мектептерінің көптеген пән бағдарламаларына енгізілген, өйткені қандай да болмасын тәрбиелік процесті балалық жастан бастаған орынды деп санаймыз.

Ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбеков табиғатқа, яғни қоршаған ортаға адамның қиянатты ықпалын болдырмау үшін жас ұрпақты жастайынан экологиялық мәдениетке тәрбиелеу қажеттігін өз шығармаларында арқау еткен. С.Л.Сауытбеков шығармаларын мен сабақ үрдісінде 1993-1994 жылдардан бері пайдаланып келемін. Әсіресе, төрт түліктің төлдеріне арналған педагогикалық тәжірибелерім жайлы тоқталғым келеді.

Қазақта өз баласын біреу «қозым» десе, біреулер «ботам», ал кейбіреулер «құлыным» деп, жақсы көргендіктен айтады. Ал, бірде-бір ата-ана баласын «лағым» деп атамайды. Осыған дәлел ретінде мен Сейтен Сауытбековтың «Қара лақ» өлеңін оқып бердім.

Қара лақ, қара лақ

Жеңілтексің, лағым ! Шошаңдама шырағым

Шығар болсаң аязға, үсіп кетер құлағың

Лағым демей сосын мен, деп жүремін шұнағым


Қаңғыбассың қара лақ, кеттің бақты аралап

Сындырыпсың қабығын, сау ағашты жаралап

Бүйте берсең қара лақ – ұстармын да қамалап

Қамармын да қоярмын, қараңғыға жазалап

Лақтың жағымсыз мінездері талдана келіп, ата-аналар балаларының бойынан ондай жаман мінездердің болғанын қаламайтындығын және лақтың ағаштың өсуіне зиянкестік жасайтындығын білдік. Қабығы жоқ ағашты киімі жоқ, қатты аязда тұрған баланың жағдайымен салыстырдық. Оқушылар лақ туралы өз ойларын, ағашқа-талға деген аяушылық сезімдерін біліп жатты.

Табиғатты қорғау қажеттігін оқушылар айналадағы ортадан өздері байқаған фактілер негізінде саналы түсініп, өздері дәлелдеп, өздері қорытынды жасағаны сезілді. Бұл арада оқушы тек экологиялық тәрбиемен шектеліп қалмайды. Ол балалық шағынан бастап – сын, өзара сын рухында тәрбие алады. Олардың қара лақ секілді жіберген кемшіліктері мен қателіктерін мойындауға, оны түзетуге тырысу – адамды ешбір кемітпейтін, қайта басқа адамдар оны құрметтейтіндігін түсіндірген дұрыс.

Қазақ халқы негізінен төрт түлік мал өсірумен айналысқан. Бұл ата-баба кәсібі. Осы кәсіпке байланысты оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін үйге өздігінен төрт түліктің төлдерін жазып келу тапсырылғанда, ата-аналар тарапынан көмек болыңқырамай қалды. Сол кезде С.Сауытбековтың «Тағылым тегі» кітабы көмекке келді. Маған «ұрпақ атакәсіптен беймағлұм болмасын, білсін, пайдалансын» деген Сейтен ұстаздың өсиеті терең ой салды. Себебі, төлдердің атын білмесек, біз олардың орнын ауыстырып айтатын едік. Қазақ лицейінің жанында бақ болды, біз кейде сабақты сонда өткізіп жүрдік. Сабақ өткізу әрі экскурсия-саяхат іспеттес болатын. Дүниетану пәнінен орман-тоғай өсімдіктері жайлы өткенде, С.Сауытбековтың «Жер түгі» жайлы жазған еңбегін пайдаландық. Оқулықтағы берілген ағаш түрлерінен басқа да ағаш түрлерімен таныстық. Олардың пайдасы мен әдемілігіне назар аудардық.

«Сен табиғатты сүйесің бе» деген сұраққа оқушылар үлкен сезіммен және қобалжумен табиғатты тек қана негізгі эстетикалық байлық деп қоймай, сонымен қатар жер бетінің өмір-тірлігі деп таныды.

«Табиғатты ауадай аялаймын, ауасыз жерде тіршілік жоқ, яғни табиғатсыз планетада тіршілік жоқ» деген оқушылар пікірі мені толғандырды.

Бақтағы ағаш-гүлдердің өздігінен өсуіне қарамай, қолдан өсіру қажеттігіне назар аударттым. Жер түгінің дұрыс өсуіне С.Л.Сауытбековтың экологиялық тақырыпқа жазған тағы бір шығармасы «Жаңбыр жауғанда» деп аталады.

Жан нұрымсың жаңбырсың

Жау шөлейтке, жан кірсін

Көк кілемдей құлпырып

Гүлденсін, жер жаңғырсын

Нұрға қанып құмары

Егін шөлін қандырсын

Еселеніп құнары

Шығымы таң қалдырсын

Екі шумақтық бұл шығарманы оқу барысында бала жан-жағымыздың жасыл түрге еніп жайқалуына табиғаттың өзі де ат салысатына көз жеткізеді. Ұстаздық тәжірибесі мол және бала тілін, оның жанын дәл түсіне білген ақын-ұстаз баланы өзіне еліктіріп, жаңбыр жаумаған кездерде суару адамдар еншісіне тиетіндігін де байқатып өтеді. Еңбек тәрбиесі де байқаусыз түрде беріліп қалады.

Автордың «Жақсылыққа жақсылық» әңгімесі де экологиялық тақырыпқа жазылған. Табиғат тек жасыл желегі, төрт түлік малымен ғана әдемі емес, құсымен де, жәндігімен де әдемі екендігін ескертеді. Оларды қинамай, өлтірмей, қайта олардың тіршілік құруына жағдай жасауға үйретеді.

Дегенмен, осы жағдайлар айтылып, талданып жатқанда – жұдырықтай жүректерінен аяушылық сезімі орын алып, шарасыздық танытқан оқушылар да кездесті. Сонда оқушылар «Құстарға тиіспеу керек дегенді үлкен кісілер тыңдамай, атып әкеледі» деді

Бұндай жағдайда табиғат пен қоғам байланысын да айта кеткеніміз жөн болады.

Сейтен Сауытбековтың жылдың төрт мезгіліне сай жазған «Қыста», «Күзде» атты шығармалары баршылық. Ол өзінің «Жазда» деген өлеңінде былай дейді:

Балақай, балақай – жаз келді алақай

Жалаң аяқ жүреміз, балақты да түреміз

Көлден балық сүземіз, жалтылдатып тіземіз

Тау мен тасты кеземіз, сан қызықты көреміз

Сайдан жидек тереміз, сайдан жидек тереміз

Алтыбақан тебеміз

Байқасаңыз, ұстаз жаз мезгіліндегі ерекшелікті жай баяндап қоймайды. Жарқыраған жаз күнінде бастауыш сынып баласы балақты түріп тастап, сан қызықтың бел ортасында жүреді. Бұл – баланың логикасына, жас ерекшелігіне сай құрылған шығарма. Әр маусымның айырмашылығын өз ерекшелігімен, қасиетімен таныстырады. Оқушы көп нәрсені аңғарады, салыстырады, әр мезгілдің сұлулығын тамашалауға дағдыланады және үйренеді.


Әдебиеттер

Сауытбеков С.Л.,- Тағылым тегі, Көкшетау, 2003, 195 бет

Сауытбеков С.Л.,- Өс, бөбек, А, Жазушы, 1974, 85 бет

Сауытбеков С.Л.,- Ақ көңіл (ертегілер), А, Жалын, 1981

Құрсабаев М.Қ.,- Сейтен әлемі һәм ұлттық педагогика (ғылыми-монографиялық еңбек) Көкшетау, 2004, 195 бет.


Құстар әлеміне саяхат

( С.Л.Сауытбековтың шығармалары негізінде)
Сарғұлова Б.С.,- Қазақ лицейі, Көкшетау
Елімізге белгілі ұстаз, ақын, балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан Сейтен Сауытбеков артына мол әдеби-педагогикалық мұра қалдырған айтулы тұлға. 1991 жылы Қазақстанның солтүстік өңірінде тұңғыш ашылған қазақ лицейі (Жанат Жақыпсейітұлының басқаруымен) тәрбие жұмысына «Тағылым тегі» кітабын әдістемелік құрал ретінде енгізген кезде С.Л.Сауытбеков 84 жаста болатын.

Қазақ лицейінің – ұлттық білім жүйесінің қалануына негіз болатын ордаға айлануына Сейтен ағамыз ақ батасын берген еді. Мен лицей қабырғасынан тұңғыш бастауыш сыныбым ашқан адамдардың бірімін. Содан бері көп уақыт өтсе де біз, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері Сейтен Сауытбеков еңбектерін оқу-тәрбие үрдісінде барынша пайдаланып келеміз

С.Л.Сауытбеков физика және математика пәнінің маманы болумен бірге, білікті басшы, өнерлі, ақын-жазушы және қара сөзге шешен адам болған. Республикалық пән оқулықтары (Әліппе кітабы бойынша) сайысына қатысып, Білім минстрлігі тарапынан жүлдеге ие болғаны туралы хабардармыз.

Ардагер ұстаз араб-парсы тілінде жазылған шығармаларды аударған. Мектеп жасындағы балаларға арнап әңгімелер, ертегілер және мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жазған. Қазір Сейтен Сауытбековтың әдеби-педагогикалық мұралары қайта зерделеніп, ғылыми тұрғыдан жүйелену үстінде. Бұл іске «Көкше» университетінің профессорлық-оқытушылық ұжымы, этнопедагогика және этнопсихология лабораториясы, лицей ұжымы және жас ғалымдар мен ғылыми ізденушілер Сейтен тағылымдарын жан-жақты зерттеуді мақсат етуде.

Аталмыш игі шаралардың бастамасы ретінде 2003 жылдың тамыз айында Сейтен Сауытбековтың 95 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Онда ұлағатты ұстаз шығармаларындағы ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері, әдеби мұралары және аталмыш этнотәлімдік идеяларды оқу-тәрбие жұмыстарында кешенді түрде жүзеге асыру жөніндегі талдаулар жасалды, әдістемелік ұсыныстар айтылды.

Бүгінде Сейтен Сауытбековтың әдеби мұраларын (С.Жетпісқалиев), патриоттық тәрбие мәселелері (А.Байтанұлы) және этноэкологиялық тағылымдарын (М.Қыдырбайұлы) зерттеу жөніндегі жұмыстардың қолға алынғаны қуантарлық жайт.

Біздің мақаламызға арқау болған негізгі мәселе – бастауыш сынып оқушыларын қазақтың табиғатты қорғау дәстүрлері негізінде тәрбие беру проблемасына арналған М.Құрсабаевтың «Сейтен Сауытбековтың шығармалары негізінде бастауыш сынып оқушыларына этноэкорлогиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары» атты диссертациясы болды. Автор өзінің зерттеуінде С.Сауытбековтың этнопедагогикалық мұраларына талдау жаса отыра, жас ұрпаққа жан-жақты экологиялық (этноэкологиялы)

тәлім-тәрбие беру қажеттігіне тоқталады.

Зерттеу жұмысындағы 19-кестеде автор «Сейтен Сауытбековтың тыйым сөздеріндегі экологиялық ұғымдардың тақырыптық топтамалары» атты кестесінде Сейтен идеялары негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәрбие берудің алты түрін ұсынады. Олар:


  1. Антропоэкологиялық ұғымдар

  2. Орнитоэкологиялық ұғымдар

  3. Геоэкологиялық ұғымдар

  4. Зооэкологиялық ұғымдар

  5. Фитоэкологиялық ұғымдар

  6. Гидроэкологиялық ұғымдар

Ғылымда құстар дүниесін зерттейтін саланы – орнитология деп атайтыны белгілі. Ол ойымыз С.Сауытбековтың «Құс ұясын бұзба», «Аққуды атпа», «Құстарға арнап үйшік жаса», «Нан түйірін құстарға таста» атты этноэкологиялық тыйым сөздер арқылы өрнектелген. М.Құрсабаевтың пайымдауынша Сейтен Сауытбеков Балуан ауылында мектеп басшысы болып жүрген жылдары мектеп жанынан дала және орманды дала зонасында тіршілік ететін құстар мен жабайы аңдарды ұстайтын «Ауыл зоопаркін» ащқан екен. Сейтен мұғалім жыл сайын Балуан көліне аққулардың мамырлайтын уақытын дәл болжап, оқушылар мен мұғалімдердің ерте көктемде аққу-қаздардың келуіне дайындық жасау жөнінде ұсыныс береді екен. Аққу қонған сұлу Балуан көлінің жағасында ашық аспан астында сабақ өткізуге кеңес беретін көрінеді.

Осы көріністер бізге үлкен ой салып, нәтижеде «Құстар әлеміне саяхат» атты тәрбие сағатын өткізуді жөн санадық. Тәрбие сағатын өткізу алдында біздер С.Сауытбековтың «Жануарлар қалай үн шығарады» атты университет жанынан құрылған мультипликациялық студияның мультфилімін тамашаладық, алған әсеріміз жайлы пікір жаздық.

Тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында жоспарымыз мынадай жүйе бойынша іске асырылды:


  1. Ұйымдастыру бөлімі

  • Тәрбие сағатының жалпы жоспарын белгілеу, міндеті мен мақсатын, педагогикалық маңыздылығын айқындау;

  • Көрнекіліктерді, әсіресе техникалық құралдарды (мультипликациялық туындылар, деректі фильмдер) аудиотехниканы (құстардың дауыстары жазылған үн таспалар), ғылыми-әдістемелік оқулықтар (Сейтен шығармалары және оны зерттеуге арналған әдеби-педагогикалық еңбектер, ой-пікірлер жинақтары) пайдалану;

  1. Негізгі бөлім

  • Қазақ халқының қоршаған ортаны қорғау дәстүрлері туралы қысқаша анықтамалар беру;

  • С.Л.Сауытбеков шығармаларындағы экологиялық тәрбие дүниелеріне байланысты ұғымдармен таныстыру;

  • Құстар тақырыбына байланысты Сейтен Сауытбековтың жазып кеткен педагогикалық шығармалары туралы толық түсінік беру;

  • Құстар дүниесін зерттейтін орнитология ғылымы жөнінде мағлұматтар беру;

  • «Сейтен зоопаркі» және ондағы шаруашылық-ұйымдастырушылық мәселелер жөнінде әңгімелеу;

  • С.Л.Сауытбековтың көктем айларындағы аққу-қаздардың миграциялары туралы танымдық әңгімелері туралы баяндау;

  • Табиғи ортадағы құстар өмірі және экологиясы туралы айтып беру;

  • Құстар дүниесін дүниетаным пәні бойынша байланыстыру және мектептен тыс жұмыстарда тиімді қолдану жолдарын көрсету;

  • Құстар әлемі туралы материалдар жинастыру, құстар күнін атап өту және басқа іс-шаралар ұйымдастырудың қажеттігін түсіндіру;

  1. Қорытынды бөлім

  • Тәрбие сағатынан алған әсерлер бойынша пікір жазу;

  • Мектеп жанынан «зоопарк» ашу;

  • Туған жердің табиғатына саяхатқа шығу;

Сейтен Сауытбековтың салып кеткен ізгі дәстүрлерін жаңғырту мақсатында, жоғарыда аталынған этноэкологиялық бағыттарды басшылыққа ала отырып, лицей оқушыларымен мынадай жұмыстар жасалынды:



  1. Оқушыларға орнитологиялық тәлім-тәрбие беру мақсатында далада сабақтар өткізілді. Бақтардағы құстардың үнін тыңдау, іс-әрекеттерін бақылау, оларға үйшік жасау ісі атқарылды.

  2. Фитоэкологиялық тәлім-тәрбие тұрғысында айналадағы өсімдіктер әлеміне бақылау жасалынып, ағаш,шөп, бұталар атауларына, өсу ерекшеліктеріне бағдарлау жүргізілді.

Осындай игі дәстүр қалыптастыра отырып «мың рет естігеннен бір рет көр» дегендей бала бойында, табиғатты сүюге деген сезімді орнықтыру – Сейтен тағылымдары арқылы іске асырылып жатқаны, әрқашан құптарлық та, жемісті әрекет деп ойлаймын.


Әдебиеттер:

М.Құрсабаев.,- Сейтен Сауытбеков шығармалары негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары (диссертациялық жұмыс) Тараз, 2004, 156 бет

С.Л.Сауытбеков.,- Өлеңдер, поэмалар, Көкшетау, 2003, 185 бет

С.С.Жетпісқалиев.,- Сейтен тағылымы, Көкшетау, 2003, 86 бет




Тағылым – тектіден


Шонова Б.А.,- «Көкше» университеті
Қазақ тағылым етерлікте: «Бірін еңбасты, ал біреулерін екінші қатардағы» деп тізбектеп жатпаған. Бәрі басты, бәрі алғашқы. Бұл- тағылым кезегі,- дейді ғалым, педагог Сейтен Сауытбек «Тағылым тегі» деген еңбегінде.

Біздің халықтың психологиясы әлімсақтан бері қалыптасып қалғасын, соңғы кезде кезекке түсінбейді. Бәрін араластырып жібереді, мәслихатқа жиналғандай, алқа- қотан болып тұрады.Сол психология тәрбие саласында көбірек көріңкірейді « Ең әуелі – адам тәрбиелеу»- деп түйіндеген ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбек, сол адамнан жақсылықтардың бәрін табуды ойластырған. Ол туралы, яғни адамның тәрбиесі туралы « Үлес» деген кітабында құнды ой маржандарын жазған.

Адам деген ұғымға қазағым қазақты сыйғызған, ал қазақта адам да жеке бастан тұрады. Адамға керектілер жекелердің керектілеріне тұрады. Яғни, адам деген ұғым жекелердің адам болуын қадағалайды.

«Адам бол, қарағым!» деген ұлағатты сөзін ұрпағына айтқанда, ақыл-кеңес берушінің ой қисыны жекеге бағышталған, ондай ұлағатты сөзін өз еңбектерінде айқын жазған Сейтен ұстаз.


Бала бейне өсімдік,

Күтсең жайнап өседі.

Көрсе кесел кесірлік,

Оған да тез жетеді,- деп.

Бала тәрбиесіне басты мән берген Сейтен ата, оның өсіп өнуіне ата- ананың ықпалы зор екенін тура айтқан. Яғни, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген қазағымның нақылына сай келіп тұр емес пе?

Қыз балалар тәрбиесіне баса назар аударып, оларға болашақ ана, ұрпақтың сүйеніші деп қараған.Жат қылықтардан шошындыра білген.

Үлгілі қыз өсірген,

Миуалы бақта көсілген.

Үлгісіз қыз өсірген

Тірлікте текке есірген.

Бейпіл өскен қыздарда,

Қилы-қилы қылық болар.

Мән бермесе оларға,

Қызда бейбас құлық болар,деп
Қыз баланың ақылды, тәрбиелі болуын, оны өсіруде қателіктер

жібермеуді талап еткен, қыздардың инабатты, ибалы болуын арман еткен. «Қызға қырық үйден тыю» деген қазақ тән болған көне тарихымыздан салтымыздан білеміз.Ендеше Сейтен Сауытбек ұстаздың қыз бала тәрбиесіне деген жанашырлығы, жанайқайы өте дұрыс деп білуіміз керек.

Тәрбиенің жеке адамға, ұл мен қызға, бөлек болуы тарихымыздан белгілі. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін болмай, біртұтас қылу әбестік деп білемін. Қыз балаға қойылатын талаптар мен ер балаға қойылатын талаптардың өз деңгейінде болуы күн талабындағы өзекті мәселе.
Уа, әкелер, ойласаң ұлдар жайын,

Хас батыр бағыландай еткен дайын,

«Алыптай екен» десін жат жастары,

Ер қазақтан ез тумас етпе уайым.- деп

ер балаларды батыл,өжет, шыныққан шымырлы етіп тәрбиелеуді әкелерге аманат еткен.

Шындығына келсек қазіргі таңдағы тұлға тәрбиесі, оның ішінде ер бала мен қыз бала тәрбиесі ақсап өз еркімен жүгенсіз кетіп бара жатқаны баршамызға аян. Сөйте тұра ұрпақ тәрбиесіне, тұлға тәрбиесіне мойын бұрмай отырғанымыз алаңдатады, жүректі ауыртады.

Ұлағатты ұстаз, ғалым, жазушы Сейтен Сауытбек еңбектерін басшылыққа ала отырып, тұлға тәрбиесіне бет бұрғанымыз абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет