С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


Сапаны басқарудың шетелдік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

3.2 Сапаны басқарудың шетелдік тәжірибесі 
Халықаралық ұйым өнімнің сапасына деген техникалық 
талаптарды нормалаудың бірлік әдісін таңдайды. Бұл қызметте 
маңызды орынды заң шығару алады, ол сапаны мемлекеттік басқару 
мен оны қамтамасыз ету әдістері ретінде көрсетеді (7-сурет). 
Қазіргі кезеңде өнім сапасының ғылыми-техникалық прогресінің 
дамуы ұлттық экономиканың дамуымен бірге жылжып келе жатыр. 
Әлемнің барлық өндірісі дамыған елдерде өнімнің сапасын жоғарылату 
проблемасын шешу жолдарын бірлесіп табу жүргізіліп жатыр, сонымен 
қатар әлемдік нарықта оның бәсеке қабілеттілігі де. 
Әлемнің ең негізгі региондарында сапаны басқарудың даму 
тарихын қарастырамыз: АҚШ, Жапония, Батыс Европа және Ресей 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Техникалық нормалар мен талаптардың пирамидасы 
 


40 
 
7 сурет 

 
3.2.1 АҚІІІ-да сапаны басқару 
40-50 жылдары Америкада өндірілетін тауарлардың сапасы өте 
төмен болды. АҚШ-да өнеркәсіп үшін ең маңызды проблемасы сапаның 
төмен деңгейіне байланысты көптеген шығындар болды. Американдық 
кәсіпорындардың барлық өтпелі шығындардың 20-25 пайызы өнімдегі 
ақауларды табуға және болдырмауға кетті. Егер нарыққа шыққан және 
кәсіпорынның шегінен шыққан ақауы бар бұйымдарды ауыстыру 
немесе жөндеуге кеткен шығындарды осыған қоссақ, онда сапа деңгейі 
төмен болғандықтан соммалық шығындар 30 және одан жоғары 
пайызды өндірістік шығындар құрайды. 
АҚШ-ғы көптеген мамандар американдық өнімдердің бәсеке 
қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін өсу шегі тоқтататын төменгі сапаны 
деп санады. 
Сапа деңгейін жоғарылату немесе жеңілісте болу - американдық 
өнеркәсіп үшін басқа альтернативтер қалыптасқан жоқ. 
АҚШ-да сапаның проблемасын шешуді көбінесе әртүрлі 
протекционды шаралардан, тарифтен, квотадан, бәсекелестіктен, 
американдық өнімдерді қорғаудан, баж салығынан табуға тырысты. Ал 
сапаны жақсарту сұрақтары екінші жоспарға қалдырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет