«кроссенс» сөзі «мағыналардың қиылысуы», «пайымдаулар қиылысы» дегенді
білдіреді. Осы атаумен аталатын әдісті жазушы, педагог, математик Сергей
Федин мен техника ғылымдарының докторы, суретші және философ Владимир
Бусленко ойлап тапқан. Авторлар бұл әдісті «сөздер қиылысы» деген мағына
беретін «кроссворд» сөзінің баламасы ретінде алған және алғаш рет 2002 жылы
«Наука и жизнь» журналында жариялаған.
Кроссенс – кескіндер мен суреттердің өзара байланысы арқылы құрылған
ассоциялық тізбек, біртұтас әңгіме. Тоғыз сурет тор көздерге орналастырылады.
Олардың әрқайсысы алдыңғы және өзінен кейін тұрған суреттермен логикалық
байланыста болады, ал ортасындағысы мағынасы жағынан барлығын бір арнаға
тоғыстырады. Суреттердің өзара байланысы
мағынасы жағынан оқиғаның,
құбылыстың даму эволюциясын білдіруі мүмкін.
Кроссенсті жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай оқу керек, сосын алға
жылжи отырып, ортасындағы: 5-тор көзде тұрған суретпен аяқтау қажет.
Оқыған кезде қайсы суреттің мағынасы түсінікті содан бастап шеше беруге
болады. Әдетте тор көздердегі байланыс былайша құрылады: 1-2, 2-3, 3-6, 6-9,
9-8, 8-7, 7-4, 4-1, сондай-ақ, орталық тор көзбен мына тор көздер байланысуы
ықтимал: 2-5, 6-5, 8-5 және 4-5.
Кроссенстің сабақта қолданылуы:
☺ жаңа материалды оқып үйренуде: сабақ тақырыбын анықтауда,
жағдаятты шешуде;
☺оқу
материалын бекіту, қорытындылауда;
☺шығармашылық жұмыс берілгенде.
Кроссенс құру алгоритмі:
☺тақырыпты, жалпы идеяны анықтау;
☺идея мағынасын ашатын суреттерді іздеу, іріктеу;
☺ идеяға, тақырыпқа қатысты 9
элементті көрсету;
☺ элементтер арасындағы байланысты табу, реттілігін анықтау;
☺бір элементке негізгі –орталық ойды шоғырландыру;
☺әр элементтің ерекше белгілерін танып білу.
«Адам дамуы» тақырыбындағы кроссенс
13
1 – тіршіліктің бастауы -жасуша;
2 – кез келген тіршілік иесі сияқты адам да
жасушалардан құралған;
3 – адам дамуы сулы ортадан басталады;
4 – эволюция идеясын ағылшын ғалымы Ч. Дарвин негіздеп берген;
5 – Ч. Дарвин еңбегінің бірі – «Адамның пайда болуы»;
6 – Ч. Дарвин өз еңбегінде адамның биологиялық
дамуын көрсеткенімен,
интеллект жоғары рөлге ие әлеуметтік және мәдени дамуды назардан тыс
қалдырған;
7 – интеллект дамуы арқылы тәжірибе қалыптасып,
келесі ұрпаққа беріліп
отырады;
8 – адам дамуын жайқалған, жеміс беріп тұрған ағашпен теңеуге болады;
9 – «ағаш жемісі», яғни адам білімі Леонардо да
Винчи Витрувианский
суретінде белгіленген үйлесімділікке, экологиялық тепе-теңдікке әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: