С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет7/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Сембинова-1

Терминдер арқылы боdоs)лжау
Студенттердің білім деңгейі жеткілікті бола тұра, өз
білгендерін қажетті дәрежеде көрсетіп, басқалармен
бөлісуге келгенде күткен нәтижеге қол жеткізе бермейді.
Оның негізінде өз жауаптарын дұрыс құра білмеуі, қажетті терминдер мен
ұғымдарды орынды қолдана алмауы жатыр. Сол себепті де тақырыпта
14
5
1
2
3
6
7
4
9
8


кездесетін терминдерге назар аудартып, оны өз жауаптарында орынды қолдана
білуге баулып отырған жөн.
Терминдер арқылы болжау - студенттердің оқығалы отырған мәтіндерін
болжауға итермелеуге бағытталған тәсіл.
1-қадам. Мәтіннен қандай да бір жолмен байланыстыратын 4-5 сөз
таңдап алу.
2-қадам. Өз беттерімен ойлануға уақыт беру, жұптарымен өз әңгімелерін
құру.
3-қадам. Дәріс оқылып немесе тақырып түсіндіріліп біткен соң
студенттер жасаған болжамдары, яғни құрған әңгімелерімен сәйкестігін
салыстыру.
Шағын дәрістер
Дәріс – оқу материалының
логикалық тұрғыдан бірізділік қағидатына
құрыла отырып, жүйелі, терең және нақты
берілуі. Оның мақсаты білім алушыларға
тақырып бойынша ақпарат беріп қана қою емес, танымның іргелі
мәселелерін меңгерту, ойлаудың жаңа көкжиегін көрсету болып
табылады. Оқу үдерісінде дәрістің атқарар міндеті көп, атап айтатын
болсақ, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, тәрбиелік,
танымдық, т.б. Білім алуды ұйымдастырудың басқа түрлері: семинар,
зертханалық жұмыстар, курстық жұмыстар, сынақ, емтиханның барлығы
да дәріспен тікелей байланысты. 
Сол себепті де
шағын дәрістер теориялық материалды ұсынудың
тиімді түрінің бірі болып табылады. Оны өткізуде мына мәселелер
ескерілуі шарт:
☺Оны бастар алдында талқыланатын тақырыппен байланысты,
миға шабуылды немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, бұл қатысушылар
үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен
тақырыпқа қатынасын анықтайды.
☺Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір
терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты
бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың
бәрін жинақтау және сізді дұрыс түсінгендеріне көз жеткізу керек.
☺Сенімді дереккөздерге сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін
сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және
сипаттағанына назар аударту абзал. Сосын қатысушыларда пайда болған
15


барлық сұрақты талқылау керек, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға
болады және мұны қандай нәтижемен жүргізу керек, соны сұраған абзал.
☺Шағын дәрістерді интерактивті режимде өткізу реті: қандай да бір
ақпаратты хабарлар алдында оқытушы қатысушылардан олардың бұл туралы
не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін бұл мәселе
бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды. 
Мысалы:
- Ал сіз қалай ойлайсыз?
- Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз? т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет