өзіңізге тым сыни көзбен қарамаңыз. Өзіңізді-өзіңіз сынауыңыз креативтікпен
жанаспайды әрі жолыңызда түрлі кедергілер келтіреді;
☺топ мүшелері мейлі ол қандай болсын, әйтеуір ойларына келген кез
келген идеялардың,
шешімдердің, мысалдардың барлығын ортаға тастауы
қажет. Әрбір идея толық айтылуы тиіс. Келесі кезеңде жаңа идеяларды ойлап
тапқанша, айтылғандарды електен өткізіп, ішінен ең ақылға сыйымдысын
таңдау оңай болады;
☺бұл кезеңде идеялардың сапасынан гөрі санының көп болуына назар
аударылады.
Идеялар саны көп болған сайын, олардың ішінен ең орынды
болады дегендеріне сенімділік те арта түседі. Егер жеке-дара жұмыс жасаған
болсаңыз, өз ой-пікірлеріңізді қағазға түртіп жазып отырыңыз;
☺айтылғандардың ішінен енді өзге жаңа идеяларды ажыратып аласыз.
Оларға түсінік беру мен түзетулер енгізуде шығармашылық шабыт қажет. Топ
мүшелерінің қай қайсысы да идеяларды жетілдіруге,
басқа нұсқаларын
ұсынуға құқылы. Сондықтан қолыңызда бар идеяларды тағы бір екшеп қарау
артық болмайды, мүмкін олар тағы да бір жаңа идеялардың тууына алғышарт
қалыптастыруы ғажап емес.
Кезеңдері:
☺мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады: көпшілік алдындағы сөздің
идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып
па?…);
☺қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс
жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық
жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);
☺ әрбір идеяны тақтаға (флипчартқа) жазып отыру;
☺ басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;
☺ идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс
құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;
☺ идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.
«Миға шабуыл» соңында жеке адам немесе топтар айтылған ойлардан
жалпы қорытынды жасау үшін үдерістің нәтижесін қарастырады.
Бұл әдіс
даулы мәселелерді талқылау, пікірталасқа қатысуға онша сенімді емес
қатысушыларды ынталандыру, қысқа мерзім
ішінде идеяны көптеп жинау,
аудиторияның тақырып бойынша білімін анықтауда тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: