С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Сембинова-1

Боdоs)рт журналы
17


«Борт журналы» әдісі оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясы негізінде пайда болған. Жалпы борт журналы - әуе
кемелерінің, автокөліктің техникалық жағдайын, ұшу, жүру барысын, бұзылып
қалғанын толық тіркеп отыратын құжат. Бұл әдіс те соның үлгісінде жүзеге
асырылады. «Борт журналы» сабақтың барлық кезеңдерінде қолданыла береді.
Дегенмен, белгілі бір тұжырымдама, қағида, идея талданатын тақырыптарды
ашуға қолданған тиімді. Ал терминдер, түсініктер көп кездесетін
тақырыптарды басқа әдістер арқылы ашқан дұрыс болар.
5-10 минут оқытушы бүкіл аудиторияға дәріс оқиды. Тыңдаушылар 
20 минут ішінде өз «борт журналдарын» толтырады (тәжірибемен
байланыстыра отырып, түйінді сөздер, суреттер, т.б. жазады). Бірінші жұпта,
сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына
жауап береді, түсінбеген жағдайларда кеңес алады. Оқытушы бүкіл сыныппен
«борт журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.
Борт журналының қарапайым үлгісі

Тақырып бойынша
не білемін?
Тақырып бойынша
нені меңгердім?
Кескіндік
 
үлгісі
(сурет, сызба, т.б.)
 
 
 
 

Негізгі түсініктер
Түсіндірмесі
Кескіндік
 
үлгісі
(сурет, сызба, т.б.)
1.
 
 
Триггерлік суреттер
Әдебиет сабақтарында шығарма сюжетіне
байланысты сурет көрсетіледі. Студенттер
мазмұндайды. Жаңа сабаққа кіріспе кезінде де осы
тәсіл тиімді. Мысалы, қазақ әдебиетінен «Бидай
мен қаңбақ» мысалын меңгерткенде, сабақ басында тақтаға егін, баланың,
ересек адамның, сұрақ белгісінің суреттері салынады. Не көріп тұрсыңдар?
18


Мынау кімдер? Ол не туралы сұрап тұр деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қою
арқылы тақырыпқа қызығушылықтарын оятып, шығарманың мазмұнын
меңгертудің минимумы орындалады.
Бұл тәсіл үй тапсырмасын тексергенде өте тиімді. Студенттерге үйде
оқыған шығармаларының мазмұнын ашатын суреттер салып келу де
тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет