С. Т. Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы



бет2/13
Дата29.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#166049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

В) қылмыс істеу құралдарын анықтау;

С) қылмысты жүзеге асыру үшін кедергілерді жою;

Д) қылмыс істеуге кеңестер беру;

Е) азғырып қылмысқа тарту.
70. Қылмысқа көмектесушіге тән белгілерді анықтаңыз?
А) күні бұрын уәде бермей қылмыс істеуге қатысу;

В) қылмыс істеуге кеңес,ақпарат,нұсқаулар беру;

С) күні бұрын уәде бермесе де істелген қылмыстың ізін жасыру;

Д) істеліп жатқан қылмысты көре тұра хабарламау;

Е) қылмысты жасыру.
71. Қылмыс субъектісінің қылмыстық-құқықтық анықтамасы үшін төмендегі белгілердің қайсысы маңызды емес?
А) қылмыстық заңда көзделген жасқа толу;

В) есі дұрыстық;

С) жеке тұлға;

Д) қызмет бабы;

Е) есі дұрыс еместік.
72. Психикасы бұзылудың қай түрі есі дұрыс еместіктің медициналық жігінің (критерийінің) сипаттамасына жатпайды?
А) физиологиялық аффект жағдайы ;

В) созылмалы психикалық ауру;

С) психиканың уақытша бұзылуы;

Д) кемақылдылық;

Е) психиканың өзге дертке ұшырауы.
73. Жазаның мақсатына жатпайтын белгілерді анықтаңыз?
А) қылмыс үшін сазайын тарттыру;

В) сотталған адамды түзеу;

С) әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру;

Д) қылмыс істеуден сақтандыру;

Е) әділеттілікті қалпына келтіру.

74. Төмендегілердің қайсысы негізгі жазаға жатпайды?


А) бас бостандығынан айыру;

В) арнаулы атақтарынан айыру;

С) қамау;

Д) айыппұл;

Е) түзеу жұмыстары.
75.Мыналардың ішінен қосымша жаза түрін тауып, анықтау қажет:
А) айыппұл салу;

В) түзеу жұмысы;

С) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;,,

Д) құрметті немесе арнаулы атағынан айыру;

Е) қамау.
76. Есі дұрыс еместіктің интелектуалдық сәтін не құрайды?
А) өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын ұғына алмау;

В) өз әрекетіне ие бола алмау;

С) өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмау;

Д) өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде ұғына алмау;

Е) өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін ұғына алмау.
77. Ұйымдасқан топ болып қылмыс істеудің белгілерін анықтаңыз:
А) қылмысқа екіден кем емес адам қатысты;

В) қылмыс істеуге күні бұрын біріккен;

С) бір ғана қылмыс істеуге ұйымдасса;

Д) қылмыс істеуге күні бұрын сөз байласпай бірлесіп қатысса;

Е) екі қылмысты ұйымдаспай істесе.
78. Қасақана қылмыстың дамуының қай сатысы аяқталмаған қылмыстың түрлеріне жатпайды?.
А) қылмысты пиғылды біліп қою;

В) қылмысқа дайындалу;

С) аяқталмаған оқталу;

Д) аяқталған оқталу;

Е) аяқталған қылмыс.
79. Бұрын жасаған қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның ұқсас немесе біртектес қасақана қылмыс жасауы рецидивтіліктің қай түріне жатады?
А) қарапайым рецидив;

В) қауіпті рецидив;

С) аса қауіпті рецидив;

Д) айрықша рецидив;

Е) пенитенциарлық рецидив;
80. Бас бостандығынан айыру жазасының ең төменгі мерзімін анықтаңыз:
А) 10 жылға дейін;

В) 12 жылға дейін;

С) 13 жылға дейін;

Д) 20 жылға дейін;

Е) 25 жылға дейін.

81. Қоныс колониясы мына қылмыстардың қайсысын істегенде тағайындалады?


А) ауыр деп саналмайтын қасақана қылмыс үшін бес жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан бірінші рет айырылғанда;

В) ауыр деп саналатын қасақана қылмысы үшін 3 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан бірінші рет айырылғанда;

С) абайсызда істеген қылмысы үшін 7 жылдам астам бас бостандығынан айырылғанда;

Д) абайсыздықпен істеген қылмыс үшін бас бостандығынан бірінші рет 10 жыл мерзімге айырылғанда;

Е) абайсыздық қылмыс үшін екінші рет 10 жылға сотталса.
82. Құрылымдық (конструкциялық) ерекшеліктеріне қарай қылмыс құрамының қандай түрлерін бөліп көрсетуге болады?
А) негізгі, жеңілдетілген және ауырлатылған қылмыс құрамы;

В) қарапайым,күрделі және балама қылмыс құрамдары;

С) материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамдары;

Д) қасақана және абайсыз қылмыс құрамдары;

Е) онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр, аса ауыр қылмыс құрамдары.

83.Қатаң режимдегі түзеу колониясында кімдер жазасын өтейді?


А) ерекше қауіпті мемлекеттік қылмыстар істегені үшін сотталғандар;

В) бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп, қайта сотталғандар;

С) бірінші рет қылмыс істеп, 10 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

Д) ауыр қылмыс ұшін сотталғандар;

Е) аса ауыр қылмыс үшін сотталғандар.
84. Бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге түзеу колониялары қалай тағайындалады?
А) қатаң режимдегі;

В)қасақана қылмыс жасаған адамдарға арналған қоныс колониясында;

С) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;

Д) абайсыздықпен қылмыс жасаған адамдарға арналған қоныс колонияларында;

Е) қатаң режимдегі түзеу колонияларында.
85. Жалпы режимдегі түзеу колонияларына қандай қылмыс жасаған ер адамдар жіберіледі?
А) бірінші рет ауыр қылмыс істеп, 7 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

В) бірінші рет ауыр қылмыс істеп, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

С) бірінші рет абайсыздықпен қылмыс істеп, 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

Д) екінші рет ауыр қылмыс істеп, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар;

Е) екінші рет ауыр қылмыс істеп, 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандар.
86. Жасөспірімдерге қандай түрдегі тәрбие колонияларының түрі белгіленген?
А) жалпы режимдегі;

В) қатаң режимдегі;

С) ерекше режимдегі;

Д) күшейтілген режимдегі;

Е) өте қатаң режимдегі.
87. Бас бостандығынан айыру жазаның бүкіл мерзімінің немесе оның бір бөлігін түрмеде өтейтін етіп, кімдерге тағайындалады?
А) бес жылдан асатын мерзімге сотталған ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге;

В) бандитизм жасағаны үшін 4 жылға сотталған адамға;

С) қылмыстың аса қауіпті түрін қайталап істегендерге;

Д) ауыр қылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған жасы он сегізге толмаған адамдарға;

Е) ауыр қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған жасы он сегізге толмаған адамдарға.

88. Қажетті қорғану құқығына ие адамдар категориясын атаңыз?


А) ҚР-ның кәмелеттік жасқа толған азаматтары ;

В) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

С) кәсіби және басқа да арнайы дайындығына тәуелсіз, бүкіл адамдар;

Д) кәмелетке толмағандар;

Е) мемлекеттік қызметкерлер.
89. Бостандығынан айырмай қолданатын түзеу жұмыстарының мерзімі қандай?
А) бір айдан бір жылға дейін;

В) екі айдан екі жылға дейін;

С) алты айдан үш жылға дейін;

Д) бір күннен екі жылға дейін;

Е) үш айдан үш жылға дейін.
90.Белгілі бір лауазым иесі болу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде қандай мерзімге тағайындалады?
А) 6 айдан 3 жылға дейін;

В) бір жылдан 10 жылға дейін;

С) екі жылдан 7 жылға дейін;

Д) бір жылдан 5 жылға дейін;

Е) үш жылдан 8 жылға дейін.
91.Қылмыс жасаған әскери қызметкерлерді әскери тәртіп бөліміне жіберу қалай жүзеге асырылады?
А) бірінші рет қылмыс жасаған мерзімді әскери қызметкерлерге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;

В) бұрын сотталып, екінші рет қылмыс жасаған мерзімді әскери қызметшілерге 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтан айырылғанда;

С) мерзімнен тысқары әскери қызметшілерге қылмыс істегені үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;

Д) бұрын гаупвахтада отырып шыққан мерзімді әскери қызметшінің қылмыс істегені үшін тағы да 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда;

Е) бұрын гаупвахтада отырып шыққан мерзімді әскери қызметшінің қылмыс істегені үшін тағы да 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылғанда.
92. Бостандыққа шек қою жазасы кімдерге тағайындалады?
А) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

В) алпыстан асқан еркектерге;

С) бұрын қасақана қылмыс істеп сотталғандарға;

Д) елуге толған әйелдерге;

Е) елу беске толған әйелдерге.
93.Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімін жүйелегенде қылмыс объектісінің қай түрі басшылыққа алынған?
А) жалпы объект;

В) топтық объект;

С) түрлік объект;

Д) негізгі тікелей объект;

Е) қосымша тікелей объект.
94. Қоғамдық жұмысқа тартудың шарттары:
А) қоғамдық жұмысқа 60-тан 240 сағатқа дейін;

В) қоғамдық жұмыс тегін;

С) еңбек стажына қосылып;

Д) еңбек стажына қосылмай жүзеге асырылады;

Е) еңбек стажына жартылай қосылады.
95. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды кімдерге қолдануға болады?
А) ерекше ауыр қылмысты қайталағандарға;

В) ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға;

С) қасақана қылмыс істегені үшін екі реттен артық сотталған адамға;

Д) өлім жазасы өмірлік тұтқында болу жазасымен ауыстырылған адамдарға;,

Е) ауырлығы орташа қылмыс істегендерге.

96. Адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін біледі, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді:


А) тура қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) қылмысты немқұрайдылық;

Д) қылмысты менмендік;

Е) эвентуалдық қасақаналық.
97. ҚР қылмыстық заңы бойынша көптілік нысандарын атаңыз:
А) бірнеше мәрте жасау, жиынтық;

В) жеке күрделі қылмыс, бірнеше мәрте жасау, жиынтық;

С) қайталану, жиынтық;

Д) қайталану, жиынтық, қылмысты кәсіп ретінде жасау;

Е) бірнеше мәрте жасау, жиынтық, қайталану.
98. Адамның ҚК-нің Ерекше бөлімінің әртүрлі баптарында немесе баптың әртүрлі бөлімдерінде қарастырылған әрекеттерді екі немесе одан да көп рет жасағаны үшін сотталмағаны, көптіліктің қай нысанын құрайды?
А) бірнеше мәрте жасау;

В) жиынтық;

С) қарапайым рецидив;

Д) қауіпті рецидив;

Е) аса қауіпті рецидив.
99. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік сипаттағы шараларға не жатады?
А) ескерту;

В) айыппұл салу;

С) басқа жаққа жер аудару;

Д) жұмысқа орналасуды міндеттеу;

Е) қамау.

100. Аса ауыр қылмыс істегендер жазасын өтегеннен кейін жаңа қылмыс істемесе неше жылдан кейін сотталғандықтан арылады?


А) он бес жылдан кейін;

В) он жылдан кейін;

С) сегіз жылдан кейін;

Д) жиырма жылдан кейін;

Е) он екі жылдан кейін.
101. Құрамында қылмыстық заң 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру түрінде жазалауды көздейтін қыылмыстың істелуінде адамды кінәлі деп тапқан үкім жиынтық бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түпкілікті мерзімінің жоғарғы шегін көрсетіңіз:
А) 20 жыл;

В) 25 жыл;

С) 30 жыл;

Д) 35 жыл;

Е) 40 жыл.
102. Аса қауіпті қылмысты қайталаған адамдар түзеу колониясының қайсы түріне жаза өтеуге жіберіледі?
А) жалпы режимге;

В) қатаң режимдегі;

С) ерекше режимдегі;

Д) қоныс колониясында;

Е) күшейтілген режимдегі.
103. Бас бостандығынан айыруға сотталған жасөспірім қыз балалар жазаны қайда өтейді?
А) қатаң режимдегі ТК;

В) қоныс колониясында;

С) жалпы режимдегі ТК;

Д) ерекше режимдегі;

Е) күшейтілген режимдегі.

104. Формальдық құрамды қылмыстардың объективтік жағын сипаттайтын белгілердің қайсысы міндетті болып табылады?


А) қоғамдық қауіпті әрекет;

В) қоғамдық қауіпті зардап;

С) әрекет пен зардап арасындағы себептілік байланыс;

Д) қоғамдық қауіпті әрекетті жасау уақыты;

Е) қылмыс орындалған жер.
105. Мына құрамдардың қайсысында кінәнің жанама қасақаналық түрі болуы мүмкін?
А) формальды құрамдағы қылмыстарда;

В) материалдық құрамдағы қылмыстарда;

С) қылмысқа даярлағандықта;

Д) қылмысқа оқталғандықта;

Е) осылардың барлығы.
106. Ұрлық қылмыс құрамының қайсы түріне жатады?
А) формальдық;

В) материалдық;

С) формальдық-материалдық;

Д) келте;

Е) келте-формальдық.

107. Әрқайсысы жеке қылмыс құрамы болатын, бірақ олар қылмыстық іс-әрекеттің ішкі мақсатының көрінісі болғанда заң шығарушы жеке қылмыс құрамына біріктіретін бірнеше әртектес әрекеттерден тұратын қылмыс:


А) құрамдас қылмыс;

В) жалғаспалы қылмыс;

С) созылмалы қылмыс;

Д) баламалы әрекетті қылмыс;

Е) күрделі қылмыс деп аталады.

108. Қылмыстық жауаптылықта не негіз болады?


А) қылмыскердің тұлғасы;

В) қылмыс құрамы;

С) кінә;

Д) қылмыстың зардабы;

Е) қоғамға қауіпті іс-әрекеттер.
109. Заңда көрсетілген әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) әрқайсысының істелуі қылмысты аяқталған деп тану үшін жеткілікті болатын қылмыс:
А) құрамдас қылмыс;

В) жалғаспалы қылмыс;

С) созылмалы қылмыс;

Д) баламалы әрекетті қылмыс;

Е) күрделі қылмыс деп аталады.
110. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімін жүйелеу неге негізделеді?
А) топтық объект;

В) түрлік объект;

С) жалпы объект;

Д) тікелей объект;

Е) факультативті объект.
111. Ізбе-із жасалатын ұқсас, ортақ мақсатқа жетуге бағытталған қылмыстық әрекеттерден тұратын және өз жиынтығында жеке қылмыс құрамын құрайтын қылмыс:
А) құрамдас қылмыс;

В) жалғаспалы қылмыс;

С) созылмалы қылмыс;

Д) баламалы әрекетті қылмыс;

Е) күрделі қылмыс деп аталады.
112. Адам қажетті ұқыптылық пен сақтық танытса зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамды қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмейді:
А) тікелей қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) қылмысты менмендік;

Д) қылмысты немқұрайдылық;

Е) аффектілі қасақаналық.
113. Қай топ адамдарына шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды?
А) түзеу жұмыстарын өтеушілерге;

В) қоғамдық жұмыстарды өтеушілерге;

С) бас бостандығын шектеуді өтеушілерге;

Д) әскери қызмет бойынша шектеулерді өтеушілерге;

Е) тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын өтеушілерге.
114. Мына қылмыстардың қайсысы жанама қасақаналықпен істелуі мүмкін?
А) формальды құрамдағы қылмыстар;

В) материалдық құрамдағы қылмыстар;

С) келте қылмыс құрамдары;

Д) күрделі қылмыс құрамдары;

Е) жай қылмыс құрамдары.
115. Құрылысы жөнінен ұрлық құрамы мына төөмендегі құрамдардың қайсысына жатады?
А) формальды;

В) материалды;

С) құрамалы;

Д) күрделі;

Е) жай қылмыс құрамы.
116. Бандитизм құрамы құрылысына қарай қандай құрамға жатады?
А) негізгі;

В) күрделі;

С) келте;

Д) формальды;

Е) жай.
117. Адамның бір әрекетпен екі немесе одан да көп әртүрлі қылмыс құрамдарын жасауы көптіліктің қай нысанын құрайды?

А) бірнеше мәрте жасау;

В) идеалдық жиынтық;

С) нақты жиынтық;

Д) қауіпті рецидив;

Е) пенитенциарлық рецидив.


118. Қылмыстық заңда мына төмендегі қылмысты қайталаудың қайсысы тура атап көрсетілген?
А) арнаулы;

В) ресми;

С) пенитенциарлық;

Д) аса қауіпті;

Е) жай.
119. Төмендегі қылмыстардың қайсысы үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады?
А) ұрлық;

В) алаяқтық;

С) пара алу;

Д) жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалған автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену;

Е) ұрып-соғу.
120. Мына қатенің қайсысы іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызбайды?
А) заң жөніндегі қате;

В) фактілі қате;

С) қылмыстың зардабы жөніндегі қате;

Д) істеген әрекеттің мәні жөніндегі қате;

Е) істелген қылмыстың тәсілі жөніндегі қате.

121. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі мына қылмыс құрамдарының қайсысы бойынша жүйеленеді?


А) тікелей объект;

В) топтық объект және субъект;

С) қылмыстың объективтік жағы;

Д) қылмыстың субъективтік жағы;

Е) қылмыстың субъектісі.
122. Мына іс-әрекеттің қайсысы қайталанған қылмыс қатарына жатады?
А) құрамдас қылмыстар;

В) созылмалы қылмыстар,

С) күрделі қылмыстар;

Д) үнемі жасалған қылмыстар;,

Е) жай қылмыстар.
123. Банды қылмысқа қатысудың қай нысанына жатады?
А) адамдар тобының алдын ала сөз байласып жасалған топқа;

В) қылмысты топқа;

С) тұрақты топқа;

Д) қылмыстық сыбайластыққа;

Е) бірлесіп қатысқан топқа.
124. Қандай қылмыстық заңның кері күші болмайды?
А) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын;

В) қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін;

С) іс-әрекетті қылмыс деп анықтайтын;

Д) іс-әрекеттің жазалығын жоятын;

Е) қылмыс жасаған адамның жағдайын жақсартатын.
125. Мыналардың қайсысы қылмыс істеу сатыларына жатпайды?
А) пікір-ойда;

В) қылмысқа оқталуда;;

С) қылмысқа даярлануда;,

Д) біткен қылмыста;

Е) қылмыстық іс-әрекетке кірісуде.
126. Қылмыс істеу сатылары мыналардың қайсысында болады?
А) менмендікпен қылмыс істегенде;

В) қылмысты немқұрайдылықта;

С) жанама қасақаналықта;

Д) тікелей қасақаналықта;

Е) қылмыстық ойды қалыптастыруда.
127. Мыналардың қайсысы қылмыстық құқық нормасының міндеттеріне жатпайды?
А) меншікті қорғау;

В) мұрагерлікті қорғау;

С) қоршаған ортаны қорғау;

Д) бейбітшілікті қорғау;

Е) адамзатты қорғау.
128. Шетел мемлекетінің аумағында қылмыс жасаған адамдарды беру кімге қолданылмайды?
А) ҚР-ның азаматына;

В) азаматтығы жоқ адамға;

С) әскери қызметкерге;

Д) шетел азаматына;

Е) дипломатқа.
129. Орындаушының экцесі деп:
А) орындаушының қылмысты өз еркінен тыс мән-жайларға бола аяғына дейін жеткізбеуі;

В) орындаушының қылмысты аяғына дейін жеткізе алу мүмкіндігін сезіне отырып, өз әркеттерін тоқтатуы;

С) орындаушының қылмысқа басқа қатысушылардың қасақана ойларында болмаған қылмысты жасауы;

Д) орындаушының қылмысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын басқа адамдарды пайдаланып жасауы;

Е) орындаушының қылмысты абайсызда әрекет етуші адамдарды пайдаланып жасау.
130. Адам жасаған әрекетте нақты қылмыс құрамының барлық белгілерінің бар болуы, қасақана қылмыс жасаудың қай сатысын құрайды?
А) қылмысты пиғылдың қалыптасуы;

В) қылмысты пиғылды біліп қою;

С) қылмысқа дайындалу;

Д) қылмысқа оқталу;

Е) аяқталған қылмыс.
131. Қылмыстың субъектісін құрайтын белгілерге мыналардың қайсысы жатады?
А) ұлты;

В) жасы;


С) жынысы;

Д) әлеуметтік-демографиялық жағдайы;

Е) психологиялық жағдайы.
132. Қылмысты ауырлататын жағдайда жасөспірімдерге бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы шегі қандай?
А) жеті жыл;

В) тоғыз жыл;

С) он екі жыл;

Д) он жыл;

Е) бес жыл.
133. Егер адам өзінің қылмысты пиғылын жүзеге асыру үшін қажетті деп тапқан нақты қылмыс құрамының объективтік жағын құрайтын әрекеттердің барлығын орындаған болса, бірақ оның санасына тәуелді емес мән-жайларға байланысты қылмысты зардаптар тумаса, қылмысқа оқталудың қай түрі орын алады?
А) аяқталмаған қылмыс;

В) аяқталған қылмыс;

С) жарамсыз құралдармен оқталу;

Д) жарамсыз затқа оқталу;

Е) жарамсыз объектіге оқталу.
134. Үкімнің орындалуын кейінге қалдыру мына жазалардың қайсысына қолданылады?
А) түзеу жұмысы;

В) айыппұл;

С) бас бостандығынан айыру;

Д) қамау;

Е) бас бостандығын шектеу.
135. Сотталғандық атағы жоқ деп танылады, егер;
А) шартты жазаға сотталғандар, сынақ мерзімі ішінде жаңа бір басқа қылмыс істемесе;

В) айыппұлға сотталса;

С) түзеу жұмыстарына сотталса;

Д) қоғамдық жұмыстарға тартылса;

Е) бас бостандығы шектелсе.
136. Қылмыстық құқықтағы себептілік байланыс өзіндік белгілермен сипатталады осы белгілердің қайсысы қылмыстық құқықтағы себеп- тілік байланысқа тән емес?
А) себептілік байланысқа объективтік сипат тән;

В) ол тек қылмыстық заңда көзделген әрекеттер мен зиянды зардаптар арасындағы байланысты қамтымайды, кез келген құбылыстар арасындағы байланысты қамтиды;

С) уақыт аясында әрекет зардаптан бұрын орын алуы керек;

Д) қылмысты әрекет зардапты туындатқан басты қозғаушы күш болып табылады;

Е) қылмысты зардап міндетті түрде қылмысты әрекет нәтижесінде туындайды.
137.Бас бостандығынан айырмайтын түзеу жұмысының мөлшері қандай?
А) бір жылдан 2 жылға дейін;

В) екі айдан 2 жылға дейін;

С) бір жылдан 3 жылға дейін;

Д) бір айдан 1 жылға дейін;,

Е) бір айдан 2,5 жылға дейін.

138. Төмендегі белгілердің қайсысы адамның өзі жасаған қоғамдық қауіпті әрекет пен оның зардаптарына психикалық қатынасын сипаттайды?


А) адамның жасы;

В) есі дұрыстық;

С) кінә;

Д) қоғамдық қауіпті зардаптар;

Е) себептілік байланыс.
139.Ауыр қылмыстар үшін бірінші рет сотталған әйелдер жазаны қандай түзеу колониясында өтейді?
А) жалпы режимдегі;

В) қоныс колониясында;

С) қатаң режимдегі;

Д) ерекше режимдегі;

Е) күшейтілген режимдегі.
140. Қоғамдық қауіпті әрекеттен тікелей зардап шегетін нақты қоғамдық қатынасты қылмыс объектісінің қай түріне жатқызамыз?
А) топтық объект;

В) жалпы объект;

С) тікелей объект;

Д) қосымша объект;

Е) факультативтік объект.
141. Мына төмендегілердің қайсысы қылмыс істеу сатысына жатпайды?
А) қылмысқа даярлану;

В) қылмысқа оқталу;

С) қылмысты аяқтау;

Д) арам пиғылды анықтау;

Е) қылмысты ұйымдастыру.
142. Қажетті қорғану барысында шабуылшыға келтіруге болатын зиянның шектерін атаңыз:
А) келтірілген зиян тойтарылған зияннан аз болуға тиіс;

В) келтірілген зиян тойтарылған зиянға пара-пар болуға тиіс;

С) шабуылшыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру шектен асу болады;

Д) қажетті қорғану барысында зиян келтіруге жол берілмейді;

Е) қажетті қорғану барысында кез келген зиян келтіруге болады.
143.Төмендегі белгілердің қайсысы қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартудың міндетті белгілерінің қатарына жатпайды?
А) бас тартудың еріктілігі;

В) бас тартудың үзілді-кесілділігі;

С) бас тартудың уәждері;

Д) басталған қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғыну;

Е) басталған қылмысты ақырына дейін жеткізбеу.
144. Бұрын жасаған қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы көптіліктің қай нысанын құрайды?
А) бірнеше мәрте жасау;

В) идеалдық жиынтық;

С) нақты жиынтық;

Д) рецидив;

Е) қайталану.
145. Қандай ретте қылмыстық заңдардың кері күші болмайды?
А) қылмыстық жазадан босататын заңдардың;

В) қылмыстық жауаптылықты ауырлататын заңдардың;

С) қылмыстық жауаптылықты жоятын заңдардың;

Д) қылмыстық жазаны жоятын заңдардың;

Е) қылмыстық жазаны азайтатын заңдардың.
146. Бұрын қасақана қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасына екі рет сотталған адамның қасақана қылмыс жасап, бас бостандығынан айыруға сотталуы рецидивтіліктің қай түрін құрайды?
А) қарапайым рецидив;

В) қауіпті рецидив;

С) аса қауіпті рецидив;

Д) айрықша рецидив;

Е) пенитенциарлық рецидив.
147. Төменде көрсетілген шарттардың қайсыбірі қажетті қорғанудың заңды болуының шабуылға қатысты міндетті шартты болып табылмайды?
А) шабуыл қоғамға қауіпті болуы керек;

В) шабуыл қылмыстық болуы керек;

С) шабуыл жалған болмауы керек;

Д) шабуыл шынайы болуы керек;

Е) шабуыл нақты болуы керек.
148. Есі дұрыс еместіктің белгісіне мыналардың қайсысы жатпайды?
А) есі ауысқан ауру;

В) кемақылдылық;

С) есінің кіресілі-шығасылы болуы;

Д) үнемі сандырықтап жүруі;,

Е) ауыр науқаспен ауруы.
149. Мыналардың қайсысы жазаның мақсатына жатпайды?
А) түзеу;

В) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

С) сақтандыру;

Д) тән азатын шектіру;

Е) әділеттілік.
150.Қосымша жазаға жатпайтын жазаның түрін тауып белгілеңіз:
А) арнаулы атағынан айыру;

В) мүлкін тәркілеу;

С) әскери атағынан айыру;

Д) қоғамдық жұмыстарға тарту;

Е) дипломатиялық дәрежесінен.
151. Қылмыстық заң дегеніміз:
А) мемлекеттік билік органдарымен қабылданған қылмыстық заңның міндеттерін, қолдану аясын білдіретін нормативтік-құқықтық акт:
В) Жоғарғы Сот Пленумында қабылданған қылмыс жасаған адамдарға құқықтық әсер ету шараларын көрсететін нормативтік-құқықтық акт;

С) жоғарғы заң шығарушы органымен қабылданған қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қағидаларын бекітетін, қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайсысы қылмыс қатарына жататындығын анықтайтын және сол үшін жазаны белгілейтін нормативтік акт;

Д) ҚР Президенті қабылдаған қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қағидаларын бекітетін, қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайсысы қылмыс қатарына жататындығын анықтайтын және сол үшін жазаның түрі мен мөлшерін белгілейтін заң күші бар жарлық;

Е) Конституциялық кеңестің шешімі.


152. Аса қажеттілік пен қылмыс жасаған адамды ұстаудың қай белгілері өзара ұқсас болады?
А) аса қажеттілік шабуыл жасалғанда орын алады;

В) аса қажеттіліктің мақсаты төнген қауіпті тойтару болады;

С) физикалық зиян келтіру-төнген қауіпті тойтарудың бірден бір жолы;

Д) аса қажеттілік күйінде әлдебір адамға қаза келтіруге айрықша жағдайларда жол беріледі;

Е) аса қажеттілік күйінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан әрқашан аз болуы керек.
153. Қылмысты санаттарға бөлу қандай белгілер бойынша жүргізілген?
А) іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты және дәрежесіне байланысты, сонымен қатар кінәлінің жеке тұлғасын ескере отырып;

В) қылмыстың нәтижесінде туындаған зардаптың көлемі мен кінәнің нысанына байланысты;

С) санкцияда көрсетілген жазаның мөлшері, 54-бапта көрсетілген ауырлататын жағдайда ескере отырып;

Д) іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәнің нысанына, санкциядағы жазаның мөлшеріне байланысты;

Е) іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәнің нысанына, санкцияда көрсетілген жазаның мөлшеріне, кінәлінің жеке тұлғасына байланысты.
154. Қай санаттағы қылмыстардың жиынтығында түпкілікті жаза қатаңдығы төменірек жазаның қатаңдығы жоғары жазаға сіңірілуімен тағайындалады?
А) кішігірім ауырлықтағы қылмыстардың жиынтығында;

В) ауырлығы орташа қылмыстардың жиынтығында;

С) ауыр қылмыстардың жиынтығында;

Д) кішігірім ауырлықтағы және ауырлығы орташа қылмыстардың жиынтығында;

Е) ауырлығы орташа және ауыр қылмыстардың жиынтығында.
155.Қылмыстық материалдық нәтижеге төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады?
А) мүліктік сипаттағы және жіберіп алынған пайда;

В) саяси және өзіндік сипаттағы нәтиже;

С) мүліктік және өзіндік сипаттағы;

Д) тікелей зиян және моральдық зиян;,

Е) елеулі дәрежедегі зиян және ұйымдастырушылық сипаттағы зиян.
156.Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс мынандай белгілермен сипатталады:
А) себепті байланыс субъектінің санасында өмір сүреді және міндетті түрде оның қасақаналық немесе абайсыздық ойымен толығымен қамтылады;,

В) себепті байланыс нақты өмірде, тек қылмысты әрекет пен нәтиженің арасында, әрекет нәтижесінің алдында жасалынған жағдайда ғана болады;

С) қылмысты нәтиже қылмысты іс-әрекеттің қайнар көзі, оны туындататын себеп болып табылады;

Д) себепті байланыс әлеуметтік құбылыс болғандықтан, тек әрекет пен нәтиженің арасында ғана емес, әрекет пен әрекетсіздіктің, басқа да қатынастардың арасында да болады;

Е) себепті байланыс қылмыстың жәбірленушісі мен қылмыстардың арасында қылмысқа байланысты туындаған объективтік байланыс.
157.Есі дұрыстықтың белгілері:
А) адамның қылмысты нақты жасауымен байланысты юридикалық субъектінің психикалық денсаулығының белгілі бір жағдайын қамтитын медициналық, адамға жасалынған әрекеттің антиәлеуметтік қасиеттерін және нақты жағдайларын сезінуге немесе еркін қылмыс жасауға бағыттауға мүмкіндік беретін психологиялық белгілер;

В) адамның психикасының ұзақ мерзімге бұзылуы, әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезінбеуі;

С) уақытша есінің кіресілі-шығасылы болуы, өз әрекеттерін басқара алмауы;

Д) жеткілікті дәрежеге өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінбеуі және толық көлемде басқара алмауы;

Е) кем ақылдылықтың нәтижесінде әрекетін басқара алмауы.
158.Жалпы негізде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық қай жастан бастап туындайды?
А) он сегіз жас;

В) он алты жас;

С) он төрт жас;

Д) жиырма жас;

Е) жиырма бір жас.
159.Қылмыстық заңда қасақаналықтың қандай түрлері көрініс тапқан?
А) алдын ала ойластырылған, табан астында пайда болған;

В) нақты және нақты емес;

С) анықталған, анықталмаған, балама;

Д) тікелей және жанама;

Е) менмендік және немқұрайдылық.

160. Қылмыстың сатылары деп нені түсінеміз?


А) қылмыстық заңда көрсетілген қасақана қылмысты жүзеге асырудың белгілі бір кезеңдері;

В) қылмыстық құқықта қалыптасқан қасақана қылмысты жүзеге асырудың белгілі бір тәртібі;

С) қылмыстық ойдың сыртқа шығу көрінісі;

Д) жанама қасақаналықпен жасалынатын қылмыстарды жүзеге асырудың қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір кезеңдері;

Е) абайсыздықпен жасалынатын қылмысты жүзеге асырудың ерекше тәртібі.


  1. Қылмысқа дайындалудың объективтік белгісі мынандай:

А) әрекетсіздік;

В) қылмыс құрамының объективтік жағын орындауға тікелей бағытталған белсенді әрекеттер;

С) қылмыс жасауға қажетті, қолайлы жағдай туғызу;

Д) қылмыс жасауға деген ойын басқа адамға хабарлау;

Е) әрекет, қоғамға қауіаті нәтиже және себепті байланыс.





  1. Қандай шарттар болған жағдайда қылмыстан бас тарту өз еркімен бас тарту деп саналады?

А) қылмысты аяғына дейін жеткізуге нақты мүмкіндігі барын сезінген болса;

В) қылмысты істеуге бағытталған әрекеттерді өз еркімен тоқтатса;

С) қылмысты істеуден түпкілікті түрде бас тартса;

Д) жәбірленушіге деген аяушылық сезімінің оянуы, қылмыстық заң алдындағы қорқыныш сезімінің жетегінде қылмысты тоқтатса;

Е) бірінші, екінші, үшінші тармақтардағы көрсетілген жағдайлардың жиынтығы болған жағдайда.




  1. Қылмысқа қатысу дегеніміз не?

А) екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмысты жасауы үшін қасақана бірігіп қатысуы;

В) үш немесе екі адамның қасақана қылмысты жасауы үшін бірігіп қатысуы;,

С) бірнеше адамның қылмыс жасау үшін бірігуі;

Д) екі немесе одан да көп адамның қылмысты жасауы үшін абайсыздықта бірігуі;

Е) бірнеше адамның қылмысты жасауы үшін қасақана бірігіп қылмысқа қатысуы.




  1. Қылмысқа қатысудың объективтік белгілеріне мыналар жатады:

А) екі немесе одан да көп адамның болуы, әр қылмысқа қатысушының әрекетінің қасақаналық сипаты;

В) әрекеттердің бірлескендігі және қылмысқа қатысушылардың арасында біржақты психологиялық байланыстың болуы;

С) кем дегенде үш адамның болуы және әрекеттің қасақаналық сипаты;

Д) біреуі қылмыстың субъектісі болып табылмайтын екі немесе одан да көп адамның болуы және әр қылмысқа қатысушының қылмысты жалғыз жеке істеуі;

Е) қылмыс субъектісі болып табылатын екі немесе одан да көп адамның болуы, әрекеттерінің толық көлемде бірлескендігі.




  1. Қылмысқа азғырушы дегеніміз кім?

А) тікелей қылмысты орындаған адам;

В) қылмысты ұйымдастырған адам;

С) қылмыс жасауға деген ойды туындатқан адам;

Д) қылмыс жасауға ақыл-кеңес, нұсқау берген адам;

Е) қылмыстың ізін жасыруға, қылмыскерді жасыруға уәде берген адам.




  1. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту немесе өзге де жолдармен қылмыс жасауға көндірген адамды қылмысқа қатысушылардың қайсысына жатқызамыз?

А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) іспен көмектесуші;

Е) ақылмен көмектесуші.

167.Ұйымдасқан қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастыққа (қылмыстық ұйымға) басшылық еткен қылмысқа қатысушылардың қайсысына жатқызамыз?
А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) іспен көмектесуші;

Е) ақылмен көмектесуші.
168. Қылмыстың жасалуына қылмыс жасайтын қару немесе құралдар беру жолымен жәрдемдескен адамды қылмысқа қатысушылардың қайсысына жатқызамыз?
А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) іспен көмектесуші;

Е) ақылмен көмектесуші.

169.Қажетті қорғану құқығына кімдер ие бола алады?


А) қызмет жағдайына байланысты адамдар;

В) кәсіби билікке ие адамдар;

С) қылмыскерді ұстауға байланысты белгілі бір міндеттерге ие адамдар;

Д) қылмыс жасаған адамдар;

Е) кез келген адам.
170. Төменде көрсетілген шарттардың қайсыбірі тәуекелдің орынды екенін жоққа шығарады?
А) тәуекел қоғамға пайдалы мақсатқа жету үшін жасалады;

В) қоғамға пайдалы мақсатқа тәуекелге бет бұрмай-ақ жету мүмкіндігінің болуы;

С) тәуекелге жол берген адам заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірмеу үшін бүкіл қажетті шараларды қабылдаған;

Д) тәуекелдің жеткілікті дәрежедегі білімге, тәжірибеге негізделуі, сәтті нәтижеге жетудің шынайы мүмкіндігінің болуы;

Е) тәуекел көптеген адамдардың өмірі үшін көрінеу қатермен, экологиялық апат немесе қоғамдық күйзеліс көрінеу қатерімен ұштаспауы керек.
171. Қорғаныс қай ретте қажетті қорғану есебінде қарастырылмайды?
А) жеке адамның заңға қайшы мүддесін қорғайтын әрекеттер;

В) қоғамның мүддесін қорғайтын әрекеттер;

С) сот шешімін орындаушылардың заңды әрекеттеріне қарсы әрекеттер;

Д) мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған әрекеттер;

Е) басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әрекеттер.
172. Қажетті қорғанудың шегінен шығып кету дегеніміз:
А) шабуыл жасаушыға абайсыздықта зиян келтіру;

В) шабуыл басталмас бұрын қорғану;

С) келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса;

Д) шабуыл нақты аяқталғаннан кейін келтірілген зиян;

Е) шабуылдың қоғамға қауіптілдік сипатына қорғаныстың сәйкес келмеуі.
173. Қажетті қорғану кезінде келтірілген зиян үшін адам мүліктік жауаптылыққа тартыла ма?
А) иә;

В) жоқ;


С) екі жақ зиянды өтейді;

Д) мемлекет өтеуі тиіс;

Е) тек ерекше жағдайларда ғана.
174. Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай есебінде тәуекелдің қай түрі танылады?
А) өндірістік;

В) кәсіби;

С) шаруашылық;

Д) негізделген;

Е) мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырау тәуекелі.
175. Негізсіз тәуекел барысында келтірілген зиян үшін жауаптылық мәселелері қалай шешіледі?
А) абайсыздықта зиян келтіргенде;

В) тікелей қасақаналықпен зиян келтіргенде;

С) жанама қасақаналықпен зиян келтіргенде;

Д) жауаптылыққа тартылмайды;

Е) ерекше жағдайларда жалпы негізде жауаптылық көзделінген.
176. Қандай қылмыстар үшін өлім жазасы тағайындалмайды?
А) соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жасалған мемлекеттік опасыздық үшін;

В) бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін;

С) соғыс уақытында немесе әскери жанжал кезінде жасалған аса ауыр әскери қылмыстар үшін;

Д) адам өміріне қол сұғатын аса ауыр қылмыстар үшін ;

Е) аса ауыр сыбайлас жемқор қылмыстар үшін.

177. Мүлікті тәркілеу қылмыстық жаза түрі ретінде-бұл:


А) айлық есептік көрсеткіштердің белгілі бір санына немесе сотталған адамның жалақысының не басқа да табысының белгілі бір мөлшеріне сәйкес тағайындалатын көлемдегі ақшалай өндіріп алу;

В) үкімнің азаматтық талап-арызы бөлігінің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында меншік иесіне мүлікке билік етуіне тыйым салу, ал қажет болғанда оны пайдалануға да тыйым салу;

С) сотталған адамның меншігі саналатын мүліктің барлығын немесе бір бөлігін мемлекет меншігіне күштеп, қайтымсыз аудару;

Д) іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттарды алу, егер олардың қайда және кімде екені белгілі болса;

Е) қылмыс келтірген зиянды өз еркімен өтеу.
178. Мүлікті тәркілеу барысында мынандай ереже қолданылады:
А) мүлік жеке меншікке түседі;

В) мүлікті тәркілеу барысында мемлекет сотталған адамның борыштары мен міндеттемелері бойынша жауап береді;

С) тәркіленген мүлік тек мемлекеттің меншігіне түседі;

Д) мүлік қайырымдылық қорына түседі;

Е) мүлік жәбірленушінің туысқандарына беріледі.

179. Балама жаза есебінде қолданылады:


А) айыппұл және мүлікті тәркілеу;

В) айыппұл және белгілі бір лауазымды иелену, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

С) түзеу жұмыстары және мұлікті тәркілеу;

Д) арнайы әскери атақ дәрежесінен, дипломатиялық рангы мен мемлекеттік наградаларынан айыру;

Е) қоғамдық сөгіс және қамау.
180. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын қайда өтейді?
А) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;

В) қатаң режимдегі түзеу колонияларында;

С) ерекше режимдегі түзеу колонияларында;

Д) жалпы режимдегі түрмеде;

Е) қатаң режимдегі түрмеде.
181. Белгілі бір лауазымды иелену, белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды тағайындағанда мерзім қалай есептеледі?
А) сағаттар бойынша;

В) айлар бойынша;

С) күндер бойынша;

Д) сағаттар және күндер бойынша;,

Е) айлар және жылдар бойынша.
182. Төменде көрсетілген жазалардың сотталғандар үшін ең тиімдісі қайсысы?
А) айыппұл;

В) түзеу жұмыстары;

С) бостандығын шектеу;

Д) қамау;

Е) бостандығынан айыру.
183. Жазаның қай түрі өз бетінше тағайындалатын жазалардың қатарына жатады?
А) негізгі және қосымша;

В) негізгі және балама;

С) қосымша және балама;

Д) тек негізгі;

Е) тек балама.
184. Қылмыстық жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда бас бостандығынан айыру жазасының жоғары мөлшері мына шектен аспауы керек.
А) 25 жылдан;

В) 20 жылдан;

С) 30 жылдан;

Д) 35 жылдан;

Е) 15 жылдан.
185.Төмендегі мән-жайлардың қайсыбірін сот жаза тағайындағанда ескермейді?
А) істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін;

В) тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың өміріне әсерін;

С) қылмыс істеген адамның асырауындағы адамдар санын;

Д) кінәлінің тұлғалық ерекшеліктерін, оның қылмыстың істелуіне дейінгі және істелгеннен кейінгі мінез-құлқын;

Е) жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды.
186. Қылмыскер қай уақытта жазасын ерекше режимдегі түрмеде өтейді?
А) орташа ауырлықтағы қылмыстарға байланысы;

В) қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындалғанда;

С) мемлекеттің мүддесіне қарсы қылмыстар бойынша;

Д) аса қауіпті қайталау болса, өмірбақи бас бостандығынан айырылуға сотталғандарға байланысты;

Е) жеке адамға қарсы қылмыстарға байланысты.
187. Бостандығын шектеу дегеніміз:
А) заңда көрсетілген негізде арнайы режиммен байланысты арнайы мекемелерге орналастыру жолымен сотталған адамды қоғамнан сақтандырып оқшалау;

В) сотталған адамның бос уақытында тегін қоғамдық жұмыстарды атқаруы;

С) әскери қызметті өтеп жүрген сотталған адамның жалақысының бір бөлігін алумен байланысты жаза;

Д) сотталған адамға қадағалауды жүзеге асыру мақсатымен қоғамнан оқшауламай-ақ оны арнайы мекемелерде ұстау.

Е) тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшалау жағдайында ұстау
188. Жауаптылықты және жазаны ауырлататын жағдайға төмендегілердің қайсысы жатады?
А) әйел адамға қатысты қылмыс жасаса;

В) патологиялық маскүнемдік жағдайында жасаса;

С) кінәлі материалдық тәуелді болғандықтан қылмыс жасаса;

Д) отбасылық қайғылы жағдайға байланысты;

Е) өкімет өкілінің құжатын пайдаланып қылмыс жасаса.
189. Кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекеттерінен келтірілген зиянды түсіндіру және бұл іс-әрекеттерді қайта жасау салдарын түсіндіру-бұл:
А) ескерту;

В) ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын басқа адамдардың не болмаса арнайы мемлекеттік органның қадағалауына беру;

С) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына айрықша талаптар қою;

Д) арнайы тәрбиелік немесе кәмелетке толмағандарға арналған емдеу-тәрбиелік мекемелерге орналастыру;

Е) келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу.
190.Қазақстан Республикасының заңы бойынша іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардың толық тізімін көрсетіңіз:
А) қажетті қорғану, аса қажеттілік, орынды тәуекел;

В) қажетті қорғану, аса қажеттілік, орынды тәуекел, жәбірленушінің келісімі, күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу;

С) жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғану, бұйрықты немесе өкімді орындау, қылмыс жасаған адамды ұстау барысында зиян келтіру;

Д) қажетті қорғану, аса қажеттілік, жәбірленушінің келісімі;

Е) қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау барысында зиян келтіру, орынды тәуекел, күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау, жедел іздестіру шараларын жүргізу.
191.Жиынтық құрамында қай санаттағы қылмыстар болғанда түпкілікті жаза жазаларды толық немесе ішінара қосу арқылы тағайындалады?
А) кішігірім ауырлықтағы және ауырлығы орташа қылмыстар;

В) ауыр және аса ауыр қылмыстар;

С) ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар;

Д) кішігірім ауырлықтағы, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар;

Е) ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар.
192. Қылмыстық заң неден тұрады?
А) қылмыстық кодекстен;

В) қылмыстық заңдардан;

С) Президент жарлығынан;

Д) жауаптылықты көздейтін басқа заңдардан;

Е) осылардың барлығының жиынтығынан.
193.Үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалатын бас бостандығынан айыру жазасының жоғарғы шегін көрсетіңіз:
А) неғұрлым қатаң жаза түрінің жоғарғы шегі;

В) 15 жыл;

С) 20 жыл;

Д) 25 жыл;

Е) 30 жыл.
194. Шартты түрде соттауды сынақ мерзімінің қанша уақыты өткен соң алып тастауға болады?
А) 1/3 бөлігі;

В) ¾ бөлігі;

С) ½ бөлігі;

Д) 2/3 бөлігі;

Е) 4/5 бөлігі.
195. «Шартты түрде соттау» институты ҚР Қылмыстық Кодексінің қай бөлімінде қарастырылған?
А) «жаза»;

В) «қылмыстық заң»;

С) «жаза тағайындау»;

Д) «қылмыстық жауакершілік пен жазадан босату»;

Е) «қылмыс».
196. Қандай адамдарға мерзім ұзақтылығы қолданылмайды?
А) аса қауіпті рецидив жағдайында қылмыс жасағандарға;

В) жеке тұлғағағ қарсы аса ауыр қылмыстар жасағандарға;

С) мемлекеттің конституциялық құрылым негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар жасалғандарға;

Д) бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасағандарға;

Е) аса ауыр әскери қылмыстар жасағандарға.
197. Жазадан босату түрлеріне төмендегілердің қайсыбірі жатпайды?
А) айыптау үкімін атқарудың мерзім ұзақтығының өтеуі;

В) төтенше жағдайлар;

С) әйелдің жүктілігі;

Д) шартты түрде мерзімінен бұрын босату;

Е) жәбірленушімен татуласу.
198. Рақымшылық актісін кім қабылдайды?
А) ҚР Президенті;

В) ҚР Парламенті;

С) ҚР Премьер-Министрі;

Д) адам құқықтары бойынша комиссия;

Е) ҚР Конституциялық Кеңесі.
199. Қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке толмағандарға қанша уақытқа тағайындалына алады?
А) 10-нан 100 сағатқа дейін;

В) 20-дан 120 сағатқа дейін;

С) 30-дан 140 сағатқа дейін;

Д) 40-тан 160 сағатқа дейін;

Е) 50-ден 180 сағатқа дейін.
200. Он сегіз жасына толғанға дейін кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қылмыс жасалған соң қанша уақыттан кейін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады?
А) 1 жылдан соң;

В) 2 жыл 6 айдан соң;

С) 5 жылдан соң;

Д) 7 жыл 6 айдан соң;

Е) 10 жылдан соң.
201. Кешірім беру актісін кім қабылдайды?
А) ҚР Президенті;

В) ҚР Парламенті;

С) ҚР Премьер-Министрі;

Д) адам құқықтары бойынша комиссия;

Е) ҚР Конституциялық Кеңесі.
202.Қылмыс жасаған соң психикалық ауруға душар болған адамға медициналық сипаттағы күштеу шаралары қолданылған мерзім жаза есебіне психиатриялық стационарда болудың 1 күні төмендегілердің қайсыбіріне теңестіріледі?
А) бір күн бас бостандығынан айыруға;

В) 2 күн бас бостандығынан айыруға;

С) 3 күн бас бостандығынан айыруға;

Д) 4 күн бас бостандығынан айыруға;

Е) 5 күн бас бостандығынан айыруға.

203. Төменде көрсетілген мән-жайлардың қайсыбірі медициналық сипаттағы күштеу шараларын қолдануға негіз болмайды?


А) адамның ақыл-есі дұрыс емесе күйде қылмыс жасауы ;

В) ақыл-есінің дұрыстылығын жоққа шығармайтын психикалық ауруы бар адамның қылмыс жасауы;

С) қылмыс жасаған соң жаза тағайындауды немесе оны атқаруды мүмкін етпейтін психикалық науқасқа душар болған адамның қылмысы;

Д) соз ауруларынан емделуге мұқтаж деп танылған адамның қылмыс жасауы;

Е) маскүнемдіктен немесе нашақорлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамның қылмыс жасауы.
204.Өзінің психикалық күйі мен істеген қоғамға қауіпті іс-әрекетінің сипатына қарай стационарлық емдеу мен бақылауға мұқтаж, бірақ ұдайы бақылауды талап етпейтін адамға тағайындалған күштеп емдеу психиатриялық стационардың қай түрінде атқарылуы мүмкін?
А) психиатрияда амбулаторлық күштеп емдеу және бақылау;

В) психиатриялық мекемеде амбулаторлық емдеу;

С) жалпы типтегі психиатриялық стационарда күштеп емдеу;

Д) арнайы типтегі психиатриялық стационарда амбулаторлық емдеу;

Е) арнайы типтегі психиатриялық стационарда ұдайы бақылай отырып, амбулаторлық емдеу.
205. Айыппұл қылмыстық жаза ретінде –бұл:
А) орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған салықтық міндеттеме сомасының процеттерімен шығарылатын ақшалай өндіріп алу;

В) қоғамға пайдалы жұмыстарды ақысыз орындау;

С) сотталған адамның жалақысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу;

Д) сотталған адамның бүкіл мүліктерін немесе олардың бір бөлігін мемлекет меншігіне аудару;

Е) айлық есептік көрсеткіштердің белгілі бір еселенген көлеміне немесе сотталған адамның жалақысының немесе басқа да табысының көлеміне сәйкес келетін мөлшердегі ақшалай өндіріп алу жалақысының немесе басқа да табысының көлеміне сәйкес келетін мөлшердегі ақшалай өндіріп алу..
206. Қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық жаза түрі ретінде-бұл:
А) сотталған адамның бүкіл мүлкін мемлекет табысына аудару;

В) сотталған адамға қоғамдық өмірге белсене қатысу міндетін жүктеу;

С) сотталған адамның жалақысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу;

Д) сотталған адамның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар қою;

Е) сотталған адамның негізгі жұмыс не оқу орнынан бос уақытында ақысыз қоғамға пайдалы жұмыстарды атқаруы.
207.Түзеу жұмыстары қылмыстық жаза түрі ретінде-бұл:
А) жазасын өтеп жүрген адамдардың түзеу колонияларында атқаратын жұмыстары;

В) сотталған адамның негізгі жұмыс не оқу орнынан бос уақытында ақысыз қоғамға пайдалы жұмыстарды атқаруы;

С) сотталған адамды жалақысының бір бөлігін мемлекет кірісіне аудара отырып, оның жұмыс орны бойынша күштеп еңбекке тарту;

Д) сотталған адамды жалақысының барлығын мемлекет кірісіне аудара отырып, оның жұмыс орны бойынша күштеп еңбекке тарту;

Е) сотталған адамға өзі келтірген зиянды өз күшімен өтеу міндетін жүктеу.
208. Қамау жаза түрі ретінде-бұл:
А) істелгені үшін заң 2 жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын қылмыстың жасалуында айыпталушы адамға қолданылатын бұлтартпау шарасы;

В) сотталушыны тағайындалған жазаның бүкіл мерзімі барысында қоғамнан қатаң оқшалау жағдайында ұстау;

С) сотталушыны қоғамнан оқшауламай, оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында арнайы мекемеде ұстау;

Д) кейбір әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айрықша жағдайларда қолданылатын шара;

Е) сотталушыны колония-қонысқа, түзеу колониясына немесе түрмеге орналастырып, қоғамнан оқшаулау.
209. Қылмыс санаттары мынандай:
А) онша ауыр емесе;

В) орташа;

С) ауыр;

Д) өте ауыр;

Е) барлығыда.
210. Орташа қылмыс санатына жатуы үшін қасақана қылмысы:
А) екі жылға сотталғандар;

В) абайсызда жасалған қылмысы үшін 5 жылдан аспайтын бас бостандығынан айырылғандар;

С) 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет;

Д) қасақана қылмысы үшін 12 жылға сотталғандар;

Е) абайсыздағы қылмысы үшін 5 жылға сотталғандар.
211. Ауыр қылмыс санатына жатады:
А) ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет;

В) 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

С) ең ауыр жаза 2 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет;

Д) 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

Е) 12 жылдан аспайтын қасақана жасалған әрекет.
212. Аса ауыр қылмыс санатына жатады:
А) 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет;

В) қасақана қылмыс үшін 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылғандар;

С) 12 жылдан аспайтын бас бостандығынан айыруға жататын қасақана қылмыс жасағандар;

Д) 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға сотталған абайсыздықпен қылмыс жасағандар;

Е) осылардың барлығы.
213. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін адам қылмыстық жауапкершіліктен қанша уақыт өткен соң босатылады?
А) қылмыс жасалған соң 2 жылдан кейін;

В) қылмыс жасалған соң 2 жыл 6 айдан кейін;

С) қылмыс жасалған соң 3 жылдан кейін;

Д) қылмыс жасалған соң 3 жылдан 6 айдан кейін;

Е) қылмыс жасалған соң 5 жылдан кейін.

214. Ауыр қылмысты бірінші рет жасап, жәбірленушімен татуласқан адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болады ма?


А) иә, босатуға болады, егер ол жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянды өтеген болса;

В) істің мән-жайларын ескере отырып, сот оны босатуы мүмкін;

С) жоқ, босатылмайды, өйткені қылмыстың ауыр категориясы ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімінің сәйкес нормасында көрсетілмеген;

Д) иә, босатуға болады, егер келтірілген зиян мүліктік сипатта болса;

Е) жәбірленушімен татуласу қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз емес.
215. Қай адамдар тобына қатысты соттылық жазаның шынайы өтелуіне байланысты жойылады?
А) айыппұлға сотталғандарға қатысты ;

В) бас бостандығын шектеуге сотталғандарға қатысты;

С) әскери қызмет бойынша шектеуге сотталғандарға қатысты;

Д) белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыруға сотталғандарға қатысты;

Е) бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты.

216. Қылмыстардың қайталануы орын алады, егер:


А) бұрын жасаған қылмыстан кейін тағы қылмыс істесе;

В) бұрын абайсыздан қылмыс істеп одан кейін тағы да соны қайталаса;

С) бұрын қасақана қылмыс істеп, одан кейін абайсызда қылмыс істесе;

Д) бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның тағы да қасақана қылмыс істеуі;

Е) осылардың жиынтығы.
217. Қылмыстың қауіпті қайталануы орын алады:
А) бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айырылған болса, сол адам тағы да қасақана қылмыс істесе;

В) бұрын ауыр қылмыс жасап сотталса, тағы да ауыр қылмыс істесе;

С) 1,2 –тармақтағы іс-әрекеттерді бұрын сотталмаған адам істесе;

Д) көрсетілген жағдай тұтас орын алса.

Е) осылардың жиынтығы.
218. Қылмыстың аса қауіпті қайталануы болады, егер:
А) бұрын ауыр қылмыс істеп екі рет бас бостандығынан айыруға сотталып, тағы да ауыр қылмыс істесе;

В) осындай әрекеттерден кейін ауырлығы орташа қылмыс істесе;

С) ауырлығы кішігірім қылмыс істесе;

Д) адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталып, тағы да аса ауыр қылмыс істесе;

Е) 1,4-тармақтарда көрсетілген әрекеттерді тұтас істесе.
219. Қылмыс қайталанды деп есептелмейді:
А) 18-ге толмай істеген қылмыстар;

В) заң бойынша сотталғандығы алынған;

С) заң бойынша сотталғандығы жойылған;

Д) өзге заңмен белгіленген негіздер.

Е) осылардың тұтас бәрі.
220. Қылмыстық жауапқа тартылуға кімдер жатады?
А) есі дұрыс ҚР ҚК-те белгіленген жасқа толған жеке адам;

В) есі дұрыс емес деп танылған адам;

С) мекеме;

Д) заңды ұйым;

Е) жануарлар.
221. Төмендегілердің қайсыбірін сот істелген қылмыстың сипатына байланысты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырмауға құқылы?
А) адамдар тобының құрамында қылмыс жасау;

В) қылмыс жасағанда белсенді рөл атқару;

С) кінәлі адамға қызметтік жағдайына немесе келісім-шартқа байланысты берілген сенімді пайдаланып, қылмыс жасау;

Д) алкоголбдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық еліту жағдайында қылмыс жасау;

Е) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау.
222. Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамға сот төтенше жағдайлар орын алғанда жазасын өтеуді қанша уақытқа артқа қалдыра алады?
А) үш айға дейін;

В) алты айға дейін;

С) бір жылға дейін;

Д) бір айға дейін;

Е) екі айға дейін.

223. Төмендегілердің қайсыбірі кешірім беру актісінің негізінде орындалмайды?


А) жазасын әрі қарай өтеуден босату;

В) тағайындалған жазаны қысқарту;

С) тағайындалған жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру;

Д) соттылықты алу;

Е) қылмыстық жауапкершіліктен босату.
224. Қылмыс құрамының белгісі:
А) объект;

В) субъект;

С) объективтік жағы;

Д) субъективтік жағы;

Е) осылар тұтас.
225. Субъективтік жақтың белгілері:
А) кінә;

В) мінез-құлық;

С) психикалық көзқарас;

Д) теріс мінез көрсету;

Е) қылмысты пиғылды қалыптастыру.
226.Объективтік жақтың белгісіне жатпайтынын табыңыз?
А) қылмыс заты;

В) қылмыс тәсілі;

С) қылмыс істелген орын;

Д) қылмыс зардабы;

Е) себепті байланыс.
227. Қай адамдар тобына қатысты соттылық сынақ мерзімі аяқталғанда жойылады?
А) түзеу жұмыстарына сотталғандарға қатысты;

В) қоғамдық жұмыстарға сотталғандарға қатысты;

С) бас бостандығын шектеуге сотталғандарға қатысты;

Д) шартты түрде сотталғандарға қатысты;

Е) әскери қызмет бойынша шектеуге сотталғандарға қатысты.
228. Есі дұрыс еместіктің медициналық белгілері:
А) созылмалы психикалық ауру;

В) кемақылдылық;

С) психиканың уақытша бұзылуы;

Д) психикалық өзге дертке ұшыраса;

Е) осылардың барлығы.
229. Қылмыстық заң бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар деп кімдер саналады?
А) қылмыстың жасалу кезінде 14 жасқа толған, бірақ 17 жасқа толмағандар;

В) 16 жасқа толғандар;

С) қылмыстың жасалу кезінде 14 жасқа толған, бірақ 16 жасқа толмағандар;

Д) қылмыстың жасалу кезінде 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмағандар;

Е) қылмыстың жасалу кезінде 14 жасқа толмағандар..
230. Кінәнің қай нысанының еріктік сәтінің мазмұнын қоғамдық қауіпті зардаптарды болғызбаймын деген негізсіз жеңілтектік құрайды?
А) тікелей қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) қылмысты менмендік;

Д) қылмысты немқұрайдылық;

Е) алдын ала пайда болған қасақаналық.
231. Қылмысты менмендіктің еріктік сәті қалай сипатталады?
А) қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілеу;

В) қоғамдық қауіпті зардаптарға немқұрайдылықпен қарау;

С) қоғамдық қауіпті зардаптарға саналы түрде жол беру;

Д) қоғамдық қауіпті зардаптарды болғызбау мүмкіндігіне жеңілтектікпен сену;

Е) қоғамдық қауіпті зардаптарды болжап білу міндеті мен мүмкіндігінің болуы.
232. Қасақаналықтың түрлері:
А) нақты қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) екі ұшты қасақаналық;

Д) тікелей қасақаналық;

Е) осылардың барлығы.
233. Қылмысты мас күйінде жасаудың құқықтық салдары:
А) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды;

В) жаза жеңілдетіледі;

С) қылмыстық жауаптылықтан босатылады;

Д) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болады;

Е) саралаушы белгі болып табылады.
234. Төмендегілердің қайсыбірі тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларына жатпайды?
А) ескерту;

В) ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын адамдардың не болмаса арнайы мемлекеттік органның қадағалауына беру;

С) келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;

Д) нашақорлықтан,уытқұмарлықтан емделу курсын міндетін жүктеу;

Е) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.
235. Қылмыс жасау үшін қажетті жағдайларды жасау қасақана қылмыс жасаудың қай сатысын құрайды?
А) қылмысты пиғылды біліп қою;

В) қылмысқа дайындалу;

С) аяқталмаған оқталу;

Д) аяқталған оқталу;

Е) аяқталған қылмыс.
236. Қылмысқа оқталғандық үшін жауаптылық болмайды:
А) кішігірім;

В) орташа;

С) ауыр;

Д) аса ауыр;

Е) ауырлығы орташа.
237. Төмендегі белгілердің қайсысы қылмысқа қатысудың міндетті белгілерінің қатарына жатпайды?
А) қылмыстық жауаптылық тартуға қабілетті екі немесе одан да көп адамның қатысуы;

В) қылмысқа екі немесе одан да көп адамның бірлесіп қатысуы;

С) бір қылмысты нәтижеге жетуге бағытталған мазмұны бойынша ортақ пиғылдың болуы;

Д) барлық қатысушыларға ортақ, бірдей ниеттің болуы;

Е) әр қатысушының іс-әрекеті мен ортақ қылмысты нәтиженің арасында себептілік байланыстың болуы.
238. Қылмыс құрамының түрлері қоғамға қауіптілігі дәрежесіне қарай:
А) негізгі құрам;

В) жай қылмыс құрамы;

С) материалдық құрам;

Д) күрделі құрам;

Е) келте құрам.
239. Сипатталу тәсіліне қарай қылмыс құрамы:
А) жауаптылықты ауырлататын;

В) жауаптылықты жеңілдететін;

С) балама қылмыс құрамы;

Д) формальдық қылмыс құрамы;

Е) материалдық қылмыс құрамы.
240. Қылмыс құрамы құрылысына қарай:
А) материалдық қылмыс құрамы;

В) жай қылмыс құрамы;

С) негізгі қылмыс құрамы ;

Д) күрделі қылмыс құрамы;

Е) балама қылмыс құрамы.
241. Қылмыс объектісінің түрлеріне жатпайтын белгіні көрсетіңіз:
А) жалпы;

В) топтық;

С) түрлік;

Д) тікелей;

Е) факультативтік.
242. Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгісіне жатпайтын белгіні табыңыз:
А) қылмыстың тәсілі;

В) қылмыстың жағдайы;,

С) қылмыстың жасалу орны;

Д) себепті байланыс;

Е) қылмыстың заты.
243.Нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді орындаған адамды қылмысқа қатысушылардың қайсысына жатқызамыз?
А) орындаушы;

В) ұйымдастырушы;

С) айдап салушы;

Д) іспен көмектесуші;

Е) ақылмен көмектесуші.
244. Қасақаналықтың интеллектуалдық белгісіне мыналардың қайсысы жатпайды?
А) қоғамға қауіпті мәнін сезу;

В) оның заңға қайшылығын түсіну;

С) қоғамға зиянды зардабын болжау;

Д) зардаптың болуы мүмкін екенін болжап білмесе;

Е) қоғамға қауіпті зардапты тілеу.
245. Жанама қасақаналықтың еріктілік белгісіне мынаның қайсысы жатпайды?
А) іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну;

В) оның заңға қайшылығын сезу;

С) немқұрайды түрде жол беру;

Д) зардаптың болуын тілеу;

Е) оның болуына саналы түрде жол беру.
246. Аса қажеттілік күйінде қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге келтіруге болатын зиянның шектерін көрсетіңіз:
А) келтірілген зиян тойтарылған зияннан аз болуға тиіс;

В) келтірілген зиян тойтарылған зиянға пара-пар болуға тиіс;

С) келтірілген зиян тойтарылған зияннан жоғары болуына жол беріледі;

Д) заңмен қорғалатын объектіге анық шектен тыс зиян келтірмеуге тиіс;

Е) аса қажеттілік барысында кез келген зиян кетіруге жол беріледі.
247. Қоғамға пайдалы мақсатқа жету, бұл мақсатқа тәуекелсіз жетудің мүмкін еместігі, тәуекелге жол берген адамның заңмен қорғалатын объектіге зиян келмеуіне қажетті шараларды қолдануы-бұл:
А) аса қажеттіліктің;

В) орынды тәуекелдің;

С) қажетті қорғанудың;

Д) күштеудің немесе психикалық мәжбүрлеудің;

Е) жәбірленуші келісімінің белгілері.
248. Фактіде жаңылысу қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа әсер етеді?
А) қылмыстық жауаптылыққа мүлде әсер етпейді;

В) заңда жаңылысумен салыстырғанда, фактіде жаңылысу қылмыстық жауаптылыққа әрқашан әсер етеді;

С) қылмыс құрамының белгісі болып табылатын фактіге қатысты жаңылысу ғана қылмыстық жауаптылыққа әсер етеді;

Д) сот адам өз әрекетінің заңға қайшылығы жөнінде жаңылысты деп тапса ғана құқықтық мәнге ие болады;

Е) жазаның түрі мен мөлшеріне ғана әсер етеді.
249. Қылмыстардың қайталануында жаза мерзімі мен мөлшері істелген қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің қанша мерзімі мен мөлшерінен төмен болмауы керек?
А) жартысынан;

В) 1/3-нен;

С) ¼-нен;

Д) 2/3-нен;

Е) ¾-нен.
250. Негізгі жазаға мынаның қайсысы жатпайды?
А) айыппұл;

В) мүлікті тәркілеу;

С) қамау;

Д) түзеу жұмысы;

Е) тәртіптік әскери бөлімде ұстау.

251. Қосымша жазаға мынаның қайсысы жатпайды?


А) арнаулы атақтан айыру;

В) әскери атақтан айыру;

С) наградалардан айыру;

Д) мүлкін тәркілеу;

Е) қамау.
252. Төменде көрсетілгендердің қайсыбірі әрі негізгі, әрі қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін?
А) айыппұл;

В) мүлкін тәркілеу;

С) бас бостандығын шектеу;

Д) түзеу жұмыстары;

Е) қамау.
253. Айыппұл мөлшері мынаның қайсысымен белгіленеді?
А) айлық есептік көрсеткішпен;

В) жалақы мөлшерімен;

С) зейнетақы мөлшерімен;

Д) осылардың барлығы бойынша;;

Е) басқа тәсілдермен.
254. Қоғамдық жұмыстарға тарту мерзімі:
А) алпыс сағатттан 200 сағатқа дейін;

В) елу сағаттан 100 сағатқа дейін;

С) жетпіс сағаттан 180 сағатқа дейін;

Д) алпыс сағаттан 240 сағатқа дейін;

Е) жүз сағаттан 300 сағатқа дейін.
255. Қоғамдық жұмыстарға тарту кімдерге қолданылады?

А) әскери қызметшілерге;

В) 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге;

С) елу бес жастан асқан әйелдерге;

Д) алпыс жастан асқан еркектерге;

Е) үшінші топтағы мүгедектерге.


256. Түзеу жұмысының мерзімдері:
А) бір айдан 1 жылға дейін;

В) екі айдан 6 жылға дейін;

С) алты айдан 2 жылға дейін;

Д) екі айдан 2 жылға дейін;

Е) бір айдан 2 жылға дейін.
257. Бас бостандығын шектеу мерзімі:
А) бір жылдан 3 жылға дейін;

В) бір жылдан 5 жылға дейін;

С) екі айдан 5 жылға дейін;

Д) алты айдан 5 жылға дейін;

Е) үш айдан 3 жылға дейін.
258. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қылмыстық жаза түрі ретінде бұл:
А) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан;

В) кәсіби қызметімен айналысуға тыйым салу;

С) мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айыру;

Д) мемлекеттік қызметте, өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымдарға ие болуына немесе белгілі бір кәсіби немесе басқа да қызметпен айналысуына тыйым салу;

Е) мемелекеттік қызметте жауапты лауазымдарға ие болуына тыйым салу.
259. Қылмыс жасаған адамды ұстау барысында келтіруге болатын зиян шектерін көрсетіңіз:
А) кез келген зиян келтіруге болады;

В) зиян ұсталынып жатқан адам жасаған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне пара-пар болуға тиіс;

С) келтірілген зиянның ұсталынып жатқан адам жасаған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипатымен дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына анық сәйкес келмеуі, жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян келтіру;

Д) зиян ұсталынып жатқан адам жасаған қылмыстық келтірген зиянынан жоғары да болуы мүмкін;

Е) зиян ұсталынып жатқан адам жасаған қылмыстың келтірген зиянынан аз болуы керек.
260. Түзеу жұмысына сотталған адамның табысынан қанша ұсталады?
А) бестен 15 процентке дейін;

В) бестен 20 процентке дейін;

С) оннан 25 процентке дейін;

Д) он бестен 25 процентке дейін;

Е) бестен 25 процентке дейін.
261. Қамау мерзімдері:
А) бір айдан 1 жылға дейін;

В) бір айдан 2 жылға дейін;

С) бір айдан 3 жылға дейін;

Д) бір айдан 6 айға дейін;

Е) бір айдан 4 жылға дейін.
262. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімдері:
А) үш айдан 6 айға дейін;

В) үш айдан 2 жылға дейін;

С) үш айдан 3 жылға дейін;

Д) үш айдан 1 жылға дейін;

Е) үш айдан 9 айға дейін.
263. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру неше жылдан аспауы керек?
А) он жылдан;

В) он бес жыл;

С) жиырма жыл;

Д) жиырма бес жыл;

Е) отыз жыл.
264. Қылмыс жасағандарға қолданылатын түзеу колонияларының түрлері:
А) жалпы;

В) қатаң;

С) ерекше;

Д) осы үшеуі бірдей;

Е) түрме.
265. Төменде көрсетілген жазалардың қайсыбірі шартты түрде тағайындалуы мүмкін?
А) айыппұл;

В) қоғамдық жұмыстарға тарту;

С) бас бостандығын шектеу;

Д) қамау;

Е) белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
266. Әскери қызметін шарт (контракт) бойынша өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге түзеу жұмыстарының орнына қандай жаза тағайындалады?

А) айыппұл;

В) қамау;

С) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

Д) әскери қызметі бойынша шектеу;

Е) бас бостандығынан айыру.


267. Колония- қоныстарда кімдер жаза өтейді:
А) абайсызда қылмыс жасағаны үшін 5 жылға сотталғандар;

В) осы қылмыс үшін 6 жылға сотталғандар;

С) осындай қылмыс үшін 7 жылға сотталғандар;

Д) осы қылмыс үшін 7 жылдан астам мерзімге сотталғандар;

Е) кез келген қасақана қылмыс істеп сотталғандар.
268. Аса ауыр қылмысты қайталағандар деп танылады:
А) аса ауыр қылмыс үшін 6 жылдан астам мерзімге сотталғандар;

В) қылмыстар үшін 8 жылға сотталғандар;

С) қылмыс үшін 12 жылдан астам мерзімге сотталғандар;

Д) аса ауыр қылмыс үшін бұрын 5 жылға сотталғандар тағы да ауыр қылмыс істесе;

Е) басқа қылмыс істегендер.

269. Түрме жазасы кімдерге тағайындалады?


А) орташа санаттағы қылмыс істегендерге;

В) ауыр қылмыс істегендерге;

С) өте ауыр қылмыс істегендерге;

Д) аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылдан астам мерзімге сотталғандарға;

Е) ауыр, аса ауыр қылмысты қайталағандарға.
270.Өлім жазасы қашан орындалады?
А) үкім шыққаннан кейін орындалады;

В) үкім шыққаннан соң 1 жылдан кейін;

С) үкімнен кейін 2 жылдан соң;

Д) үкім заңда күшіне енген соң;

Е) үкім заңды күшіне енбей жатып.
271.Қылмысқа дайындалғаны үшін тағайындалатын жаза мөлшері:
А) біткен қылмыс үшін тағайындалған жазаның ең жоғарғы мөлшерінің немесе мерзімінің үштен бірінен;

В) үштен екісінен;

С) төрттен үшінен;

Д) жартысынан;

Е) ширегінен аспау керек.
272. Қылмысқа оқталғандық үшін тағайындалатын жаза мөлшері:
А) төрттен үшінен;

В) тең жартысынан;

С) ширегінен;

Д) екіден үш бөлігінен;

Е) төрттен бірінен аспау керек.
273. Қай қосымша жаза шартты түрде соттағанда тағайындала алмайды?
А) айыппұл;

В) белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан айыру;

С) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Д) арнаулы, әскери, құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық сыныбынан немесе мемлекеттік наградаларынан айыру ;

Е) мүлкін тәркілеу.
274. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға болады ма?
А) өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығына ие емес;

В) егер сот адамның аса жазаны әрі қарай өтеуінде қажеттілік жоқ деп тапса және ол шын мәнінде 25 жылдан кем емес бас бостандығынан айыруды өтеген болса, ол босатылуы мүмкін;

С) егер сот адамның осы жазаны әрі қарай өтеуінде қажеттілік жоқ деп тапса және ол шын мәнінде 30 жылдан кем емес бас бостандығынан айыруды өтеген болса, ол босатылуы мүмкін;

Д) егер сот адамның аса жазаны әрі қарай өтеуінде қажеттілік жоқ деп тапса және ол шын мәнінде 35 жылдан кем емес бас бостандығынан айыруды өтеген болса, ол босатылуы мүмкін;

Е) егер сот адамның осы жазаны әрі қарай өтеуінде қажеттілік жоқ деп тапса және ол шын мәнінде 20 жылдан кем емес бас бостандығынан айыруды өтеген болса, ол босатылуы мүмкін.
275. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындаудың ең жоғары мөлшері:
А) мөлшері мерзімінің жартысынан төмен;

В) үштен бірінен төмен;

С) үштен екісінен төмен;

Д) төрттен үшінен төмен;

Е) ширегінен көп болуы керек.
276. Бас бостандығынан айырудың бір күніне:
А) түзеу жұмыстарының үш күні;

В) түзеу жұмыстарының екі күні;

С) түзеу жұмыстарының бес күні;

Д) түзеу жұмыстарының бір күні;

Е) түзеу жұмыстарының төрт күніне сай келеді.

277.Төменде көрсетілген шарттардың қайсыбірі аса қажеттіліктің заңды болуының төнген қауіпті тойтаруға қарсы әрекетке қатысты міндетті шарты болып саналмайды?


А) қылмыстық заң қорғайтын кез келген мүдделерді қорғауға болады;

В) қылмыстық заң қорғайтын мүдделер адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінен сақтандырылады;

С) әдетте қорғану кезінде зиян үшінші бір тарапқа келтіріледі ;

Д) келтірілген зиян тойтарылған зияннан аз болуы керек;

Е) зиян төнген қауіпті басқа амал-шаралармен тойтару мүмкін болмаған жағдайда ғана келтірілуі керек.
278. Айыптау үкімінің ескіру мерзімдері заңда былай болып көрсетілген:
А) екі, бес, он, он бес жыл;

В) алты, жеті, он екі, жиырма жыл;

С) үш, алты, он, он бес жыл;

Д) екі,жеті, он екі, он төрт, жиырма жыл;

Е) үш, бес, он екі, он бес, жиырма бес жыл.

279. Соттылықтың жойылу мерзімі заңда былай болып белгіленген:

А) ауыр қылмыс үшін жаза өтегеннен кейін 6 жыл;

В) ауыр қылмыс үшін жаза өтегеннен кейін 5 жыл;

С) ауыр қылмыс үшін жаза өтегеннен кейін 12 жыл;

Д) ауыр қылмыс үшін жаза өтегеннен кейін 8 жыл;

Е) ауыр қылмыс үшін жаза өтегеннен кейін 15 жыл.
280. Кәмелетке толмағандарға тағайындалмайтын жаза түрлері:
А) айыппұл;

В) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

С) түзеу жұмыстары;

Д) бас бостандығынан шектеу;

Е) қоғамдық жұмыстарға тарту.
281. Кәмелетке толмағандар жазаны өтейтін жер:
А) түрме;

В) қоныс колониясы;

С) тәрбие мекемесі;

Д) тәрбие колониясы;

Е) балалар үйлері.
282. Төмендегілердің қайсыбірі қылмыстық жауапкершіліктен босату түрлеріне жатпайды?:
А) шын көңілмен өкіну;

В) қажетті қорғану шегінен асу;

С) мерзім ұзақтығының өтуі;

Д) рақымшылық;

Е) кешірім жасау.
283. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларына жатпайтынын табыңыз:
А) ескерту;

В) келтірілген зиянды қалпына келтіру;

С) бос уақытын шектеу;

Д) арнаулы тәрбие мекемесіне орналастыру;

Е) 15 тәулікке қамап қою.
284. Кәмелетке толмағандардың сотталғандығын жою мерзімдері:
А) ересектерге қарағанда оны жою мерзімдері қысқартылады;

В) қысқартылмайды;

С) ішінара қысқартылады;

Д) төрттен үшіне қысқартылмайды;

Е) үштен екісіне қысқартылмайды.
285. Шартты түрде сотталған адамның оған сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарғаны жағдайында сынақ мерзімінің ұзартылуы қанша уақыттан аспауы керек?:
А) үш айдан;

В) алты айдан;

С) бір жылдан;

Д) бір жыл алты айдан;

Е) екі жылдан.
286. Қай категориядағы қылмысты жасағанда адам шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін?
А) тек кішігірім ауырлықтағы ғана қылмысты жасағанда;

В) тек ауырлығы орташа ғана қылмысты жасағанда;

С) кішігірім ауырлықтағы және ауырлығы орташа қылмыстарды жасағанда;

Д) ауыр категориядағы қылмысты жасағанда;

Е) кішігірім ауырлықтағы, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстарды жасағанда.
287. Аяқталған қылмыс белгілері:
А) объективтік жағынан белгілерді ішінара орындау;

В) осы белгілерді толық орындау;

С) осы белгілердің біреуін ғана жүзеге асыру;

Д) объективтік, субъективтік белгілерді ішінара орындау;

Е) қылмыс құрамы белгілерін толық орындау.

288. Төменде көрсетілген жазалардың қайсыбіріне сотталған кәмелетке толмаған адамға жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылуы мүмкін?


А) айыппұл;

В) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

С) қоғамдық жұмыстарға тарту;

Д) түзеу жұмыстары;

Е) қамау.
289. Кәмелеттік жасқа толмағандарға тәрбиелік әсер ету және олардың мінез-құлқын бақылау бойынша міндеттемелерді белгілі бір субъектілерге жүктеу-бұл:
А) ескерту;

В) ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын басқа адамдардың не болмаса арнайы мемлекеттік органның қадағалауына беру;

С) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына айрықша талаптар қою;

Д) арнайы тәрбиелік немесе кәмелетке толмағандарға арналған емдеу-тәрбиелік мекемеге орналастыру;

Е) келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу.
290. Қылмысқа қатысушылар түріне жатпайды:
А) ұйымдастырушы;

В) орындаушы;

С) айдап салушы;

Д) хабарлаушы;

Е) көмектесуші.
291. Қылмысқа қатысу нысандарына жатпайтынды табыңыз:
А) адамдар тобы;

В) ұйымдасқан топ;

С) алдын ала сөз байласқан топ;

Д) қылмысты ұйым;

Е) қылмыстық кәсіпорын.
292. Шартты түрде соттау мынаны ескере отырып тағайындалады:
А) тек 53-бапта көрсетілген жеңілдететін жағдайларда;

В) тек 54-бапта көрсетілген ауырлататын жағдайларда;

С) қылмысты жасаудағы ролін;

Д) ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды;

Е) қылмыскердің тұлғасын.
293. Тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың мерзімі қандай?
А) үш айдан 2 жылға дейін;

В) бір айдан 6 айға дейін;

С) үш аптадан 2 айға дейін;

Д) алты айдан 3 жылға дейін;

Е) бір айдан 1 жылға дейін.

294. Бас бостандығынан айыру жазасы әскери қызмет бойынша шектелген бөлімде ұстауға ауыстырылған кезде мына мерзім есептелінеді:


А) бір күн- 3 күн болып;

В) бір күн- 2 күн болып;

С) бір күн -1 күн болып;

Д) бір күн- 4 күн болып;;

Е) бір күн- 10 күн болып.
295. Әскери қызметкерлер қамау нысанындағы жазаны қандай жерлерде өтейді:
А) абақтыда;

В) қоныс колонияларында;

С) арнайы мекемелерде;

Д) қамау үйлерінде;

Е) түзеу мекемелерінде.
296. Қамау кімдерге тағайындалмайды?
А) жиырмаға толмағандарға;

В) он сегізге толмағандарға;

С) елуге толған әйелдерге;

Д) үшінші топтағы мүгедектерге;

Е) он алтыға толмағандарға.
297. Медициналық сипаттағы күштеу шараларының қолданылуын кім қысқартады?
А) күштеп емдеуді жүргізетін мекеме әкімшілігінің дәрігер-психиатрлар комиссиясының қорытындысына негізделген ұсынысы бойынша сот;

В) дәрігер-психиатрлардың қорытындысына негізделе отырып, жазаны атқарушы орган;

С) дәрігер-психиатрлар комиссиясы;

Д) соттың келісімімен дәрігерлер-психиатрлар комиссиясы;

Е) науқас күштеп емделіп жатқан психиатриялық емхана әкімшілігі.

298. Медициналық сипаттағы күштеу шараларының мақсаттарын көрсетіңіз:


А) психикалық ауруға душар адамдарды емдеу немесе психикалық күйін жақсарту, сол сияқты олардың жаңа қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауының алдын алу;

В) түзеу,әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;

С) психикалық бұзылыстары бар адамдарды күнәлау және түзеу;

Д) психикалық бұзылыстары бар адамдарды қоғамнан оқшалау;

Е) түзеу, қайта тәрбиелеу.
299. Өзінің психикалық күйі мен істеген қоғамға қауіпті іс-әрекетінің сипатына қарай өзі және басқа да адамдар үшін айрықша қауіптілік туғызатын және ұдайы бақылауды талап ететін адамға тағайындалған күштеп емдеу психиатриялық стационардың қай түрінде атқарылуы мүмкін?

А) психиатрда амбулаторлық күштеп емдеу және бақылау;

В) психиатриялық мекемеде амбулаторлық емдеу;

С) жалпы типтегі психиатриялық стационарда күштеп емдеу;

Д)арнайы типтегі психиатриялық стационарда амбулаторлық емдеу ;
Е) арнайы типтегі психиатриялық стационарда ұдайы бақылай отырып, күштеп емдеу.
300. Қандай жағдайда сот медициналық сипаттағы күштеу шарасын өзгерте не қысқарта алады?
А) адамның психикалық күйінің бұрын тағайындалған шараның әрі қарай қолданылу қажеттілігін жоятындай ретте өзгергенде немесе жалпы типтегі психиатриялық стационарда күштеп емдеуді арнайы типтегіге ауыстыру қажет болғанда;

В) тағайындалған шара толық іске асырылғанда немесе медициналық сипаттағы күштеу шарасының басқа түрін тағайындау қажеттігі туғанда;

С) тағайындалған шара толық іске асырылғанда немесе психиатрияда амбулаторлық күштеп емдеу мен бақылауды психиатриялық стационарда күштеп емдеуге ауыстыру қажеттігі туғанда;

Д) адамның психикалық күйінің бұрын тағайындалған шараның әрі қарай қолданылу қажеттілігін жоятындай ретте өзгеруі немесе медициналық сипаттағы күштеу шарасының басқа түрін тағайындау қажет болғанда;

Е) науқас күйінің нашарлауы немесе сапалық өзгеруі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет