Е) жарылыс не өрт қоюды дайындаған тұлға.
121. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастырудың құрамы орын алады, егер:
А) кінәлі осы әрекетті қасақана істесе;
В) кінәлі осы әрекетті көпе-көрнеу заңсыз жолмен жүзеге асырса;
С) кінәлі осы әрекетті жеткілікті негіздерсіз жүзеге асырса;
Д) кінәлі осы әрекеттерді жалған құжаттарды пайдалану арқылы жүзеге асырса;
Е) осы әрекетті қателесіп жүзеге асырса.
122. Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару орын алады, егер:
А) кінәлі едәуір мөлшердегі берешекті өтеуден әдейі жалтарса;
В) кінәлі ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден жалтарса;
С) кінәлі 2-тармақта көрсетілген, әрекеттерді істеуден тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жалтарса;
Д) несиелік берешекті өтеуден уақытша әдейі жалтару орын алса;
Е) несиелік берешекті өтеуден жаңылысып жалтарса.
123. Қылмыстық кодекстің 198-бабы құрамының белгілері:
А) көрінеу жалған жарнама беру;
В) тармағындағы әрекет пайдакүнемдік ниетпен жасалса;
С) тармағындағы әрекет пайдакүнемдік және ірі зиян келтіру мақсатымен жасалса;
Д) жоғарыда көрсетілген әрекеттер жалған ақпараттарға негізделіп жасалса;
Е) осы әрекеттер мақтаныш сезіммен жасалса.
124. Тауарларды заңсыз пайдалану үшін жауаптылық туындайды, егер:
А) кінәлі адам тауар белгісін қасақана заңсыз пайдаланса;
В) осы әрекет бір рет жасалса;
С) осы әрекет бірнеше рет немесе ірі зиян келтірумен ұштасса;
Д) осы іс-әрекет үнемі жасалып, аса ірі зиянға әкеп соқса;
Е) осы әрекет екінші рет жасалса.
125. Экономикалық контрабанданың құрам белгілеріне жатады:
А) тауарлар мен заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу;
В) осы әрекеттері топ болып істелсе;
С) осы әрекеттер аса ірі мөлшерде істелсе;
Д) осы әрекеттер бірнеше рет істелсе;
Е) осы әрекетті бұрын сотталған адам тағы да істесе.
126. Азаматтың салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады, егер:
А) ол бір рет көрінеу бұрмаланған деректер арқылы салық төлеуден жалтарса;
В) осы әрекет салықты ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса;
С) осы әрекет салықты едәуір мөлшерде төлемеуге әкеп соқса;
Д) салық төлеуден бұрын сотталған адамның тағы да қасақана жалтаруы;
Е) салық аз мөлшерде төленбесе.
127. 224-баптағы заңсыз сыйақы алудың субъектілері болып табылады:
А) мемлекеттік ұйымның лауазымды адамы;
В) коммерциялық және басқа ұйымдардың лауазымды адамдары;
С) лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік, ұйым қызметшісі, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерлері;
Д) кез келген лауазымды адамдар;
Е) кез келген жай адамдар.
128. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы басқару қызметкерлерінің өкілеттіктерді теріс пайдалануы қылмыс қатарына жатады, егер;
А) осы қызметкерлердің әрекеті заңды өрескел бұзса;
В) осы қызметкерлер өкілеттіктерді теріс пайдаланып, зиян келтірсе;
С) осы қызметкерлер өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, заң қорғайтын мүддеге елеулі зиян келтірсе;
Д) осы іс-әрекет ауыр емес зардаптарға әкеп соқса;
Е) осы әрекеттер орташа зиянға әкеп соқса.
129. Коммерциялық сатып алу құрамы (231-бап) пара алу құрамынан (311-бап) қандай белгі бойынша ажыратылады?
А) объект;
В) субъект;
С) объективтік жақ;
Д) субъективтік жақ;
Е) субъект және объект.
130. Адамды кепілге алу құрамының (234-бап) мақсаттары:
А) кінәлінің кек алу мақсаты;
В) жәбірленушіні өзіне жақтас етіп алу мақсаты;
С) кінәлінің пайда табу мақсаты;
Д) кінәлінің мемлекетті, ұйымды, өзге бір адамды белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе оны жасаудан тартынуға мәжбүр ету;
Е) кінәлінің басқа да жамандық ойлармен осы іс-әрекетке баруы.
131. Заңсыз әскерилендірілген қылмыс құрамының объективтік жағының белгілері:
А) әскери құраманы өзінше құру;
В) әскери құраманы (бірлестік, отряд, жасақ, өзге де топты) заңсыз құру;
С) сол құраманы басқарумен ұштасқан әрекеттер;
Д) әскери құраманы, ұлттық дәстүр бойынша құру;
Е) әскери құраманы спортқа пайдалану үшін құру.
132. Теңіз қарақшылығы құрамының (240-бап) белгілері:
А) бөтеннің мүлкін басып алу мақсатымен қарақшылық жасау;
В) осы әрекетті күш қолданып не қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау;
С) осы әрекетті біреуден кек алу мақсатымен істеу;
Д) осы әрекетті теңіз немесе өзен кемесін тартып алып, пайдалану үшін жасау;
Е) осы әрекеттерді жай ғана қорқыту үшін жасау.
133. Мына әрекеттердің қайсысы жаппай тәртіпсіздіктің негізгі құрамының белгісі болып табылады?
А) жаппай тәртіпсіздікке шақыру;
В) жаппай тәртіпсіздікке, азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру;
С) жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру;
Д) жаппай тәртіпсіздікке қатысу;
Е) жаппай тәртіпсіздікті насихаттау.
134. Терроризм актісі туралы жалған хабарлағандық үшін қылмыстық жауаптылық туындайды, егер:
А) адам терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы жалған хабарлама берсе;
В) адам терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы біреуден естіп хабарласа;
С) адам терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлама жасаса;
Д) адам терроризм актісі дайындалып жатыр дегенді жаңылыс естіп хабарласа;
Е) мұндай хабарды сақтық үшін хабарласа.
135. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ережелерін бұзу құрамы (245-бап) субъекті болып табылады:
А) заңды тұлға;
В) мекеме басшысы;
С) кез келген жай адам;
Д) лауазымды және жай адам;
Е) қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты адамдар.
136. Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеуде қылмыстың объектісі болып табылады:
А) радиоактивті материалдар айналымының қауіпсіздігі;
В) осы материалдармен жұмыс істеудің заңда белгіленген ережелеріне қол сұғу;
С) қоғамның қауіпсіздігіне қол сұғу;
Д) қоғамдық тәртіпке қарсы қол сұғу;
Е) қоғамдық адамгершілікке қол сұғу.
137. Қаруды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
А) атыс қаруын өз бетінше жасау;
В) атыс қаруын, оның бөлшектерін, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды, қару құралдарын заңсыз жасау;
С) осы әрекеттерді әкімшілік жолмен ескерту жасағаннан кейін одан әрі жалғастыру;
Д) атыс қаруын заңсыз жасау зиянды зардаптарға әкеліп соқса;
Е) осы қаруларды жасау зиянға әкеліп соқпаса.
138. Есірткі, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сату, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады:
А) қоғамның қауіпсіздігі;
В) халықтың денсаулығы;
С) адамгершілік;
Д) қоғамдық тәртіп;
Е) ізгілік нормалары.
139. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды:
А) қасақана санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу, ол заңда көрсетілген зардаптарға әкеліп соқса;
В) абайсызда осы ережелерді бұзу жаппай сырқаттануға немесе улануға әкеп соқса;
С) осы ережелерді бұзу адамның сырқаттануына әкеліп соқса;
Д) осы ережелерді бұзу бір адамның улануына әкеп соқса;
Е) осы ережелерді бұзу ешқандай зардапқа әкеліп соқпаса.
140. Параның пәні болып табылады:
А) ақша, бағалы қағаздар, мүлік;
В) акция және құнды заттар;
С) ақша, бағалы қағаздар, мүлік, мүліктік құқық, мүліктік пайда;
Д) ақша, құндылықтар, тегін көрсетілген қызметтер және сыйлықтар;
Е) тұтынушылық құны бар материалдық заттар, құжаттар.
141. Малдәрігерлік ережелерді бұзу қылмыс болып табылады, егер:
А) кінәлі адам осы ережелерді қасақана бұзып, зардап қаупін туғызса;
В) кінәлі адам осы ережелерді бұзу арқылы заңда белгіленген зардаптарды туғызса;
С) кінәлі адам осы ережелерді салақтықпен сақтамай әрекетсіздік зардаппен ұштасса;
Д) кінәлі адам малдәрігерлік ережелерді мемлекетті әлсірету мақсатымен бұзса;
Е) кінәлі адам осы ережелерді байқаусызда бұзса.
142. Заңсыз аңшылық (288-бап) құрамына жатпайтын белгіні табыңыз:
А) заңсыз аңшылық ірі зиян келтірсе;
В) заңсыз аңшылық көлік құралын, әуе көлігін, жарылғыш заттарды, газдарды, қырып-жоюдың өзге де әдістерін қолдану арқылы істелсе;
С) тыйым салынған құстар мен аңдарға заңсыз аңшылық істелсе;
Д) заңсыз аңшылық тыйым салынған уақытта істелсе;
Е) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда істелсе.
143. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы бағытталған қылмыстардың топтық объектісінің дұрыс анықтамасын таңдаңыз:
А) лауазымды тұлғаның қызметін заңды атқару міндетінен тұратын қызметтік борышы;
В) мемлекеттік ақпарат мүдделері;
С) мемлекеттік ақпараттың қалыпты қызметі;
Д) мемлекеттік және қоғамдық аппараттың дұрыс жұмысын қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастар ;
Е) басқару органдарының сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың қалыпты және заңды қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
144. Көлік құралын жүргізуге жіберу (298-бап) құрамына жатпайтын белгіні табыңыз:
А) сапасыз жөнделген көлік құралын жүргізуге жіберу;
В) техникалық ақауымен көлік құралын пайдалануға шығару;
С) жүргізушілік құқығы жоқ адамды көлік құралын жүргізуге жіберу;
Д) мас күйдегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу;
Е) жүруге тыйым салынған көлік құралын жүргізуге жіберу.
145. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату қылмыс болады, егер:
А) ол әрекет жеңіл жарақатқа әкеп соқса;
В) ол әрекеттен кісі өлімі немесе өзге де ауыр зардап болса;
С) осы әрекеттен орташа ауырлықтағы, жарақат орын алса;
Д) ол әрекеттен ешқандай зардап болмаса;
Е) ол әрекет қасақана жасалғанымен болмашы ғана зардап туындалса.
146. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану, жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-бап) құрамының аса ауырлататын түрі:
А) осы ережелерді сақтамау ірі залал келтірумен ұштасса;
В) осы ережелерді бұзу орташа ауырлықтағы залалға әкеп соқса;
С) осы ережелерді бұзу абайсызда кісі өліміне әкеп соқса;
Д) осы ережелерді бұзу абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқса;
Е) осы ережелерді бұзу бір адамның ауыр дене жарақатын алуымен ұштасса.
147. Әскери қызметтен жалтарудың (326-бап) ауырлататын түріне не жатады?
А) заңсыз әскери шақырудан жалтару;
В) өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы жалтару;
С) уақытында келмеу немесе кешігіп келу;
Д) үйленуіне байланысты әскери қызметтен жалтару;
Е) себепті жағдайлармен әскери қызметтен жалтару.
148. 343-бап бойынша кімдерге жала жапқаны үшін қылмыстық жауап туындамайды:
А) судьяға;
В) прокурорға;
С) тергеушіге;
Д) анықтама жүргізуші адамға;
Е) сот мәжілісінің хатшысына.
149. Қылмысты жасырғаны үшін (363-бап) жауаптылық туындайды, егер:
А) адам онша ауыр емес қылмысты жасырса;
В) адам ауырлығы орта қылмысты жасырса;
С) ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні бұрын уәде бермей жасырса;
Д) басқадай тәсілдермен жасырса;
Е) жеңіл қылмысты жасырса.
150. Қылмыс туралы хабарламағаны (354-бап) үшін жауаптылық болады, егер:
А) адам дайындалып жатқан орташа ауырлықтағы қылмысты хабарламаса;
В) онша ауыр емес қылмысты;
С) ауыр қылмысты хабарламаса;
Д) ауырлығы жеңіл қылмысты хабарламаса.
Е) аса ауыр қылмысты.
151.Пара алу қылмысы ақталған болып табылады?
А) пара беру-алу туралы келісімге жеткен кезден бастап;
В) лауазымды тұлға параның бір бөлігін алғаннан бастап;
С) лауазымды тұлға пара берушіге керек әрекеттерді жасаған сәттен бастап;
Д) пара күні бұрын келісілген пәнін толығымен берген сәттен бастап;
Е) лауазымды тұлға параның бүкіл сомасын алған сәттен бастап.
152. Төмендегі қылмыстардың қайсысы басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға жатпайды?
А) өзінше билік ету;
В) әскери қызметтен жалтару;
С) өкімет өкілін қорғау;
Д) қызметтік жалғандық;
Е) жалған құжаттарды мөртаңбаларды, мөрлерді, қолдан жасау, дайындау және өткізу.
153. Ұрлаудың барлық формаларының жалпы саралаушы белгілері болып:
А) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, бірнеше мәрте, ұйымдасқан топтың, ірі мөлшерде ұрлау;
В) сөз байласпай қылмыс жасаған адамдар тобы, ұйымдасқан топтың ұрлауы;
С) ұрлау немесе қорқытып алушылық үшін екі немесе одан да көп сотталған адамның ұрлауы;
Д) қызмет бабын пайдаланып, тұрғын қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлау;
Е) ірі мөлшерде, аса ірі мөлшерде.
154. Диверсия деген не?
А) елдегі қалыпты жағдайда бүлдіру мақсатымен жаппай жарылыс немесе басқадай тәсілдермен объектілерді қирату;
В) бөтен-біреудің мүлкін қасақана жою;
С) көлік құралдарын қасақана жою;
Д) мемлекет мүлкін қасақана бүлдіру;
Е) өштесіп жеке мүлікті жою.
155. Адамды өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу қандай ретте орын алалы?
А) адам кінәліге тәуелді болса;
В) тәуелді болғанынан өзін-өзі өлтіргісі келсе;
С) кінәлі адамның жәбірленушіге өте қатал қарауы немесе үнемі ар-намысына тиюі;
Д) басқадай жолмен тәуелді адамның өзін-өзі өлтіруі орын алса;
Е) ауру адамның өзін-өзі өлтіруі.
156. Абайсызда денеге жарақат салғаны үшін қандай жағдайда қылмыстық жауаптылық белгіленбеген?
А) абайсызда ауыр;
В) абайсызда орта;
С) абайсызда аса ауыр;
Д) абайсызда жеңіл жарақат салғаны үшін;
Е) абайсызда өте ауыр жарақат келтіргені үшін.
157. Жасөспірімдерді сауда саттыққа салу (133-бап) орын алады:
А) егер жасөспірімді бір затқа айырбастаса;
В) немесе оны басқа біреуге уақытша ұстауға берсе;
С) кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату оны біреуге беру;
Д) жаны ашып баланы басқа біреуге берсе;
Е) жас баласы бар біреуге берсе.
158. Балағып асыраудың құпиясы қай уақытта бұзылады?
А) бала ғып асырап алушының тілегіне қайшы түрде жария етілсе;
В) бала ғып асырап алушының тілегі бойынша жария етілсе;
С) пайдакүнемдік немесе өзге де зұлымдық ниетпен жария етілсе;
Д) қызмет немесе кәсіпкерлік міндетіне қайшы түрде, абайсызда жария етілсе;
Е) баланың мүддесін ойлап жария етілсе.
159. Қамқоршылық немесе қорғаншылық құқығына (139-бап) қиянат келтіру орын алады:
А) егер қорғаншы немесе қамқоршы пайдакүнемдік немесе зұлымдық пиғылмен қамқорындағы адамға зиян келтірсе;
В) осы келтірілген зиян елеулі түрде болса;
С) келтірілген зиян зұлымдық немесе пайдакүнемдік пиғылды көздемесе;
Д) қорғаншы немесе қамқоршы өзінің қамқорлығындағы адамды қарауға мүмкіндігі болмаса;
Е) осы зиян елеулі түрде орын алса.
160.Дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап) орын алуы мүмкін:
А) дәрігерлік құпия қызметтік міндеті бойынша жария етілсе;
В) мұндай жариялауды медицина және кәсіптік қызметін атқаратындардың қажетсіз түрде жүзеге асырғаны үшін;
С) мұндай жариялау жұртты аурудан алдын ала сақтандыруды көздеп жасалған жағдайда;
Д) дәрігердің бұл құпиялықты жариялауы кек алу мақсатын көздесе;
Е) бұл құпиялықты жариялау абайсызда жасалса.
161.Соғысты насихаттау (157-бап) орын алады:
А) егер адам соғыс ашу туралы пікір айтса;
В) егер адам басқыншылық соғысты өрістеу туралы шақырулар мен насихаттарды жария түрде жүзеге асырса;
С) егер адам лауазымының пайдаланып осы әрекеттерді істесе;
Д) егер адам соғыс өртін тұтандыру туралы дайындыққа шақырса;
Е) соғысты насихаттау қалжың ретінде айтылса.
162. Экоцид қылмысының құрамына (161-бап) қайсы әрекеттер жатады:
А) жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жою;
В) осы объектілерді жаппай жою;
С) осы объектілерді жою әрекеттері экологиялық апатқа ұшыратса немесе ұшырату қаупін туғыса;
Д) ауа, жер, су ресурстарын уландырса;
Е) басқадай объектілерді уландыру.
163. Қарақшылық (179-бап) қай уақыттан бастап аяқталған қылмыс құрамына жатады:
А) біреудің мүлкін иелену үшін шабуыл жасағаннан бастап;
В) біреудің мүлкін шабуыл жасап иемденгеннен кейін;
С) шабуыл жасап иемдену ойы қалыптасқанда;
Д) шабуыл жасап иемдену жоспары нақты жасалғанда;
Е) шабуылды ойлаған сәттен бастап.
164. Ауырлататын жағдайдағы қорқытып талап ету (181-бап) қандай жағдайларда орын алады?
А) қару қолдану арқылы;
В) сөзбен қорқыту арқылы;
С) топ болып қорқыту арқылы;
Д) күш көрсетіп қорқыту арқылы;
Е) ымдап көрсетіп қорқыту арқылы.
165. Қылмыстық кодекстің 184-бабындағы құрамның объективтік жағы:
А) авторлық немесе аралас құқықты заңсыз пайдалану;
В) заңсыз басқа да авторлық объектілерді пайдалану;
С) авторлықты иемденуге зорлау оны өз бетінше иемдену егер бұл әрекет ірі мөлшерде зиян келтірсе немесе пайда табу мақсатымен істелсе;
Д) басқа да әрекеттер арқылы ой еңбегін пайдалану;
Е) авторлық құқық жөнінде пікір айтса.
166. Заңсыз банк қызметімен айналысу (191-бап) құрамында орын алады:
А) банк қызметін тіркеусіз, лицензиясын жүзеге асыру;
В) ауызша рұқсатпен осы қызметпен айналысу;
С) бұл әрекет ұйымға, адамдарға, мемлекетке ірі зиян келтірмесе немесе ірі мөлшерге табыс алумен байланыссыз болса;
Д) банк қызметін тіркеу арқылы, бірақ лицензиясын жүзеге асырса;
Е) тіркемей, уақытша лицензия бойынша жүзеге асырса.
167. Заңсыз жарнама құрамының белгілері (198-бап) болып:
А) тауар немесе басқа да қызмет туралы жарнама беру;
В) осы жарнаманы пайдакүнемдік мақсатпен ірі залал келтіре отырып әдейі беру;
С) жарнама берушінің пайдакүнемдік мақсатын көздемей жарнама беруі;
Д) жарнаманы кек алу мақсатында жүзеге асырса;
Е) жарнаманы жеке адамның пайда табу мақсатымен беруі.
168. Тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың тікелей объектісі не?
А) әділ бәсекелік құқығын және тауарлық белгіні пайдалану құқығын жүзеге асырумен байланысты қалыптасатын қоғамлық қатынастар;
В) заңсыз пайдалану бірнеше рет ірі залал келтіру арқылы бөтеннің құқығына қол сұқса;
С) заңсыз пайдалану бөтеннің құқығына ескерту жасағаннан кейін осы әрекетті істеп қол сұқса;
Д) кез келген тұрғынның тауар белгілерін заңсыз пайдалануы;
Е) шетел тауарын заңсыз пайдалану.
169.Жалған банкроттық дегеніміз не?
А) несие берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы, бұл әрекет ірі зиян келтірсе;
В) осы жариялаудың мақсаты қарыз берушілерді алдау әрекетімен ұштасса;
С) осы жоғары атылған іс-әрекеттер ірі залал келтірумен ұштасса;
Д) жасалған банкроттық алаяқтық жолмен істелсе;
Е) алдау жолымен істелсе.
170.Салық төлеуден жалтару құрамына жатпайды:
А) азамат табыс туралы декларация тапсырады;
В) декларацияға жалған мәліметтер енгізеді;
С) салық төлеуден жалтару ірі зиянға әкеліп соқса;
Д) салық төлеуден жалтару елеулі зиянға әкеліп соқтырса;
Е) салық төлеуден жасыру болмашы зиянға жалпы соғады.
171. Коммерциялық немесе басқа да ұйымдардың қызметіне қарсы қылмыстардың субъектілері болып:
А) осы ұйымдардың басқару қызметін атқаратын;
В) осы ұйымдардың кез келген жұмысшылары;
С) осы ұйымдардың қатардағы қызметкерлері;
Д) осы ұйымдарда істейтін шетелдіктер;
Е) осы ұйымның күзетшілері.
172. Атылатын қару –жарақты ұқыпсыз сақтаудың құрамы орын алады:
А) осы қару-жарақты ұқыпсыз сақтау басқаның өміріне қауіп төндірсе;
В) осы әрекетсіздік ауыр зардап тудырса;
С) ұқыпсыз сақтау-осы қаруды басқаның пайдалануына жағдай туғызса;
Д) ұқыпсыз сақтау ешқандай зардапқа әкеліп соқпаса;
Е) зардап онша ауыр болмаса.
173. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады:
А) өрт қауіпсіздігі ережесін кез келген адам бұзса;
В) өрт қауіпсіздігі ережесін соның сақталуына жауапты адам бұзса;
С) келтірген зардап абайсызда адам денсаулығына ауыр, орта зиян немесе азаматқа, ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіруге әкеп соқса;
Д) зардаптың анық келтірілу қаупі болса;
Е) осы әрекеттер ұсақ мөлшердегі зардап келтірсе.
174. Мыналардың қайсысы тағылық (258-бап) құрамының белгілеріне жатпайды?
А) үйлерді, ғимараттарды жазулармен, суреттермен қорлау;
В) өзге де қоғамдық адамгершілікті қорлайтын іс-әрекеттер;
С) көлікте немесе қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру;
Д) басқа жағдайда мүліктерді қасақана жойып жіберу;
Е) осы мүліктерді абайсызда жою.
175. Қарулы күш көрсетудің тікелей объектісі болып:
А) Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігі конституциялық құрлымның негізі;
В) Қазақстан Республикасының мемлекетінің егемендігі;
С) мемлекеттік қауіпсіздік азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары;
Д) тұрғындардың денсаулығы мен өмірі конституциялық құрылым;
Е) қоғамдық және саяси құрылым.
176. Қылмыстық кодекстің 274 бабында көзделген қылмыстың пәні болып (Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату).
А) мораль нормаларына қатыгездік сипаттағы баспа басылымдары;
В) қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын кинобейне материалдары;
С) мораль және өнегелікке қатаң және селқос сипаттағы қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындылар;
Д) қатыгездікті насихаттайтын пластинкаларды, компакт дискілерді туындылар;
Е) қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын баспа басылымдары, кинобейне материалдары және өзге туындылар.
177. Мына жазалардың қайсысы ауырлататын жағдайларда адам өлтіргендерге (96-баптың 2-бөлігі) қолданылмайды?
А) өлім жазасы;
В) бас бостандығынан айыру;
С) мүлкін тәркілеу немесе тәркілемей өлім жазасы;
Д) қамау;
Е) өмір бойы бас бостандығынан айыру.
178. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылу қауіпі бар құрылғыларды ұрлау не талан-тараж ету-өзгеше аудармасы немесе қорқытып алу қандай объектіге қол сұғады:
А) қоғамдық тәртіп;
В) конституциялық құрылыстық негіздері;
С) қоғамдық қауіпсіздік;
Д) меншік;
Е) басқару тәртібі.
179. Азаптаудың (107-бабы) ауырлататын түріне жататын белгіні табу керек;
А) ұйымдасқан топ болып;
В) бұзақылық ниетпен;
С) бірнеше рет;
Д) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында;
Е) жай ұйымдасқан топ болып.
180. Ағаштарды және көшеттерді заңсыз шабу Қазақстан Республикасы әрекет етуші қылмыстық заңдылық бойынша келесі қылмысқа жатқызылады:
А) меншікке қарсы (бөтеннің мүлкін қасақана жою не бүлдіру);
В) экологиялық қылмыстарға;
С) басқару тәртібіне қарсы;
Д) экономикалық қызмет саласындка (табиғат пайдалану бойынша заңсыз мәмілелер);
Е) қоғамдық тәртібіне қарсы (вандализм)
181. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабында көзделген қылмыстың субъектісі болып (есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін не улы заттарды ұстау ережелерін бұзу).
А) аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін тұлға;
В) есірткі заттармен, жүйкеге әсер ететін не улы заттармен айналысатын кәсіпорынның жетекшісі;
С) аталған әрекеттерге лицензиясы жоқ тұлғалар;
Д) есерткі заттармен, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттармен айналысудың тәртібін құратын органдар мен лауазымды тұлғалар;
Е) өздерінің кәсіби қызметін атқару үшін жоғарғы аталған заттарды тапсырылған тұлғалар.
182.Қылмыстық кодекстің 266-бабында көзделген қылмыстың субъектісі болып кім танылады (жекеше медициналық практикамен немесе жекеше фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу)
А) таңдап алынған қызмет түріне лицензиясы жоқ, 16 жасқа жеткен, ақыл есі дұрыс тұлға;
В) 14 жасқа жеткен, ақыл есі дұрыс жеке тұлға;
С) таңдап алынған қызмет түріне лицензиясы жоқ, 18 жасқа жеткен ақыл есі дұрыс жеке тұлға;
Д) 16 жасқа жеткен, ақыл есі дұрыс жеке тұлға;
Достарыңызбен бөлісу: |