Е) дәрігерлік құпияны ауру адамға жаны ашып жария етсе.
61. Соғысты насихаттау (157-бап) орын алады:
А) егер адам соғыс ашу туралы пікір айтса;
В) егер адам агрессиялық соғысты өрістету туралы шақырулар мен насихаттарды жүзеге асыру туралы ойласа;
С) егер адам лауазымын пайдаланып осы әрекеттерді істесе;
Д) егер адам соғысты тұтандыруға насихат жүргізсе және жария түрде шақырса;
Е) осылардың барлығы.
62. Экоцид, қылмысының құрамына (161-бап) қайсы әрекеттер жатпайды?
А) жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жаппай жою;
В) осы объектілерді жаппай жою;
С) осы объектілерді жою әрекеттері экологиялық апатқа ұшыратса немесе ұшырату қаупін туғызса;
Д) ауа, жер, су ресурстарын аздап уландырса;
Е) өсімдіктер дүниесіне аздап зиян келтірсе.
63. Қарақшылық (179-бап) қай уақыттан бастап аяқталған қылмыс құрамына жатады?
А) біреудің мүлкін иелену үшін шабуыл жасағаннан бастап;
В) біреудің мүлкін шабуыл жасап иемденгеннен кейін;
С) шабуыл жасап иемдену ойы қалыптасқанда;
Д) шабуыл жасап иемдену жоспары нақты жасалғанда;
Е) шабуылды топ болып жасауды ұйымдастырған сәттен бастап.
64. Ауырлататын жағдайдағы қорқытып талап ету (181-баптың 2-бөлігі) қайсы жағдайларда орын алады?
А) қару қолдану туралы;
В) сөзбен қорқыту арқылы;
С) сөз байласпай, топ болып қорқыту арқылы;
Д) қорқыту арқылы;
Е) күш қолдану арқылы.
65. Қылмыстық кодекстің 184-бабының құрамына жататын белгіні табыңыз?
А) авторлық немесе аралас құқықты заңсыз пайдалану;
В) заңсыз басқа да авторлық объектілерді пайдалану;
С) авторлықты иеленіп алу, оны өз бетінше иемдену, егер бұл әрекет ірі мөлшерде зиян келтірсе немесе пайда табу мақсатымен істелсе;
Д) басқа да әрекеттер арқылы ой еңбегін пайдалану;
Е) авторлықты автордың келісімімен иемдену.
66. Заңсыз банк қызметімен айналысу (191-бап) құрамына жатпайтын белгілерді табыңыз?
А) банк қызметін тіркеусіз, лицензиясыз жүзеге асыру;
В) арнаулы рұқсатсыз осы қызметпен айналысу;
С) бұл әрекет, ұйымға, адамдарға, мемлекетке ірі зиян келтірсе немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болса;
Д) банк қызметін тіркеп, бірақ лицензиясыз жүзеге асырса;
Е) банк қызметін тіркеп, лицензия алып жүзеге асырса;
67. Заңсыз жарнама беру құрамының белгілері (198-бап) болып табылады:
А) тауар немесе басқа да қызмет туралы жарнама берсе;
В) осы жарнаманы пайдакүнемдік мақсатпен ірі залал келтіре отырып әдейі берсе;
С) жарнама берушінің пайдакүнемдік мақсатты көздемей жарнама беруі;
Д) жарнаманы жеке адамның пайда табу мақсатымен беруі;
Е) жарнаманы өз атағын мадақтау үшін жариялауы.
68. Тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың (199-бап) объектісі не?
А) басқаның тауар белгілерін заңсыз пайдалану;
В) заңсыз пайдалану бірнеше рет ірі залал келтіру арқылы бөтеннің құқығына қол сұқса;
С) заңсыз пайдалану бөтеннің құқығымен мүддесіне зиян келтіріп, қол сұқса;
Д) кез келген адамның тауар белгілерін заңсыз пайдалану;
Е) басқаның тауар белгісін бір рет зиян келтірмей пайдалану.
69. Жалған банкроттық (217-бап) дегеніміз не?
А) коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің жеке кәсәпкердің несие берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе жаңылыстыру мақсатында ірі зиян келтірсе;
В) осы жариялаудың мақсаты қарыз берушілерді алдау әрекетімен ұштасса, тиісті төлемдерді төлемеу мақсатын көздесе;
С) екінші тармақтағы іс-әрекет ірі залал келтірумен ұштасса;
Д) жалған банкроттық алаяқтық жолмен істелсе;
Е) жалған банкроттық өзін-өзі дәріптеу мақсатымен ұштасса.
70.Салық төлеуден жалтару құрамына жатпайды:
А) азаматтың табыстары туралы декларацияны табыс етуі;
В) декларацияға жалған мәліметтер енгізеді;
С) салық төлеуден жалтару ірі төлемді зиянға әкеліп соқса;
Д) салық төлеуден жалтару елеулі зиянға әкеліп соқтырса;
Е) салық төлемеу аздаған зиянға әкеліп соқса.
71.Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу ҚР ҚК-нің 183 бабының 2 тармақшасы бойынша жасалды деп:
А) автокөлік немесе басқа да үлкен мөлшерде мүлік;
В) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы;
С) ұйымдасқан топ;
Д) ұрлық, қорқытып алу көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамдар;
Е) ұрлық немесе қорқытып алушылық бойынша бұрын сотталған адам..
72. Атылатын қару-жарақты ұқыпсыз сақтаудың құрамы орын алады:
А) осы қару жарақты, ұқыпсыз сақтау, басқаның өміріне қауіп төндірмесе;
В) осы әрекетсіздіктен жеңіл зардап туындаса;
С) ұқыпсыз сақтау осы қаруды басқаның пайдалануына жағдай туғызса, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса;
Д) ұқыпсыз сақтау ешқандай зардапқа әкеліп соқпаса;
Е) ұқыпсыз сақтау едәуір зиянға әкеп соқса.
73. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу субъектісі:
А) өрт қауіпсіздігі ережесін кез келген адам бұзса;
В) өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға тиісті жауапты адам бұзса;
С) келтірілген зардап ортадан төмен немесе елеулі түрде болса;
Д) зардаптың айқын келтірілу қауіпі туған болса;
Е) зардап едәуір түрде келтірілсе.
74. Мыналардың қайсысы тағылық (258-бап) құрамының белгілеріне жатпайды?
А) үйлердің, ғимараттардың сынық жазулармен, суреттермен қорлау;
В) өзге де қоғамдық, адамгершілікті қорлайтын іс-әрекеттер;
С) көлікте немесе қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру;
Д) осы айтылған мүліктерді аздап бүлдіру;
Е) осы мүліктерді өзіне иеленіп алып кету.
75. Мына әрекеттердің қайсысы үшін 259-бап бойынша жауапқа тартылмайды:
А) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды көп мөлшерде сату, сатып алу, сақтау;
В) осы заттарды дайындау, ұқсату, тасымалдау;
С) осы заттарды жөнелту;
Д) осы заттарды аз мөлшерде сату, сатып алу, ұқсату;
Е) осы заттарды аз мөлшерде сақтау.
76. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғаны үшін жауаптылық орын алады:
А) егер осы ережелерді бұзу өмірге қауіпті болмаса;
В) егер осы ережелерді бұзу жаппай сырқатқа немесе улануға әкеп соқса;
С) егер осы ережелерді бұзу, бірлі-жарым сырқатқа немесе улануға әкеліп соқса;
Д) егер осы ережелерді, бұзғаны үшін кінәлі адам әкімшілік жауапқа тартылса;
Е) осы ережелерді бұзу ел ішінде қобалжу туғызса.
77. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 348-бабының (айғақтарды бұрмалау) 3- бөлігі бойынша негізгі саралаушы белгілер болып танылады:
А) ауыр зардаптарға әкеліп соққан, айғақтарды бұрмалау;
В) ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша айғақтарды бұрмалау;
С) айтарлықтай, қоғамдық қауіптілігі жоқ қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша айғақтарды бұрмалау;
Д) қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалауы;
Е) бір топ адамның айғақтарды бұрмалауы.
78. Экологиялық ластау зардаптарын келтіргені үшін (294-бап) жауаптылық орын алады, егер:
А) экологиялық ластау зардабын келтірген жағдайда;
В) экологиялық ластау өлімге, жаппай ауруға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқса;
С) экологиялық залалсыздандыру жүргізуге міндетті адамдардың оны іске асырмауы;
Д) экологиялық ластау зардаптары едәуір зиян келтірсе;
Е) экологиялық зардап едәуір қауіп төндірмесе туындайды.
79.Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалудың субъектісі болып (297-бап) табылады.
А) кез келген адам;
В)көлік құралын жүргізуші немесе осы құралдарды пайдалану ережесін бұзған адамдар;
С) лауазымды адамдар;
Д) оқиғаға куә болған адамдар;
Е) өзге де осы оқиғаны көрген адамдар.
80. Қызмет бабына қиянат жасау (307-бап) құрамы орын алады, егер:
А) лауазым адамы қызмет бабын кереғар пайдаланса;
В) лауазым адамы қызмет бабын кереғар пайдаланып, заң қорғайтын мүддені елеулі түрде бұзса;
С) лауазым адамы қызмет бабын пайдакүнемдік немесе өзге де мүддесі үшін кереғар пайдаланып, заң қорғайтын мүддені елеулі түрде бұзса;
Д) осы іс-әрекеттер заң қорғайтын мүддеге шамалы ғана зиян келтірсе;
Е) осы іс-әрекеттер аздаған материалдық зиян келтірсе.
81. Лауазымды адамның өкілеттілігін иемдену орын алады, егер:
А) басқа лауазым адамы басқа лауазым адамының өкілеттігін иемденсе;
В) лауазымды адам деп танылмайтын жай адамның осы өкілеттікті иемденуі;
С) мемлекеттік қызметшінің осы өкілеттікті пайдалануы;
Д) мемлекеттік қызметшінің осы өкілеттікті пайдаланып, заң қорғайтын мүдделерді елеулі түрде бұзуы;
Е) кез келген адамның өкілеттікті пайдаланып, бірақ сол арқылы зиян келтірмеуі.
82. Пара алудың субъектісі болып табылады:
А) мемлекеттік қызметші;
В) коммерциялық немесе басқа да ұйымдардың лауазымды адамдары;
С) мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары;
Д) кез келген қылмыстың субъектісі болып табылатын адамдар;
Е) қоғамдық ұйымдардың басшылары.
83. Қызметтік жалғандық жасау құрамының белгілері:
А) іс-әрекетті лауазымды адамының істеуі;
В) іс-әрекетті лауазым адамының немесе басқа да қызметшілердің істеуі;
С) іс-әрекетті басқа да лауазым адамдарымен бірге қызметшілердің пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдде үшін істеуі;
Д) осы әрекеттер белгілі бір зардаптарға әкеліп соқса;
Е) осы іс-әрекеттер белгілі бір зардаптарға әкеліп соқпаса.
84. Салақтықтың құрамы орын алады, егер:
А) лауазымды адамның салақтығынан заң қорғайтын мүддеге елеулі залал келсе;
В) осы іс-әрекетсіздіктерден заң қорғайтын мүдде елеулі түрде бұзылса;
С) осы іс-әрекетсіздіктен заң қорғайтын мүддеге елеулі қауіп төнсе;
Д) лауазым адамы немесе басқа да қызметшілер осы көрсетілгендерді жүзеге асырмақшы болса;
Е) осы іс-әрекеттерден болмашы ғана залал келсе.
85. Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану қылмысындағы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану дегеніміз:
А) кез-келген ауырлықтағы жеңіл, орташа, немесе ауыр дәрежеде денсаулыққа нақты зиян келтірумен ұштасқан күш қолдану;
В) денсаулыққа ауыр және орташа дәрежеде зиян келтіретін күш қолдану;
С) денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сонымен қатар денсаулыққа зиян келтірмей, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтіретін қауіп төндіру;
Д) денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіру, сонымен қатар денсаулыққа зиян келтірмей,жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтіретін қауіп төндіру;
Е) денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келтіру, сонымен қатар денсаулыққа зиян келтірмей, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтіретін қауіп төндіру.
86. Өкімет өкілін қорлау деп:
А) өкімет өкілін оның қызметіне байланысты жария қорлауды;
В) өкімет өкілін оның қызметіне байланыссыз кек алу мақсатында қорлауды;
С) өкімет өкілі туралы, оның қызметі жөнінде сын тұрғысында жария пікір айтуды;
Д) өкімет өкілін жария емес басқа түрде қорлауды;
Е) өкімет өкілін, ұрыс-керіске байланысты балағаттауды айтамыз.
87. Әскери қызметтен (326-бап) жалтарғаны үшін жауаптылық:
А) заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтару;
В) себепті жағдайлармен әскери қызметтен жалтару;
С) әскери қызметке шақырылған адамның кешігіп келуі;
Д) әскери қызметтен жаңылысып жалтару;
Е) әскери қызметтен біреу жібермей қалып кешігу.
88. Мына іс-әрекеттердің қайсысы 331-баптың құрамына жатпайды?
А) мемлекеттік шекаралық белгілерді алып тастау;
В) мемлекеттік шекаралық белгілердің орнын ауыстыру;
С) мемлекеттік шекаралық белгілерді жою;
Д) мемлекеттік шекаралық белгілерді қолдан жасау;
Е) осы белгілерді бүлдіру.
89. Шет мемлекеттердің саяси партияларына кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету құрамының белгілері:
А) осы ұйымдарға үй-жай, мүлік беру, өзге де жәрдем көрсету, қаржыландыру;
В) осы ұйымдарға құжаттарын жасауға кеңес, көмек беру;
С) осы ұйымдарға жәрдем көрсету қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін елеулі түрде бұзса;
Д) осы ұйымдарға жәрдем беруге тілеулестік, ой-пікір білдірілсе;
Е) осы ұйымдарды жақтап пікір айту.
90. Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың объектісі болып табылады:
А) әділ соттылықты жүргізуге қылмысты қол сұғу;
В) сот әділдігі мүддесіне қол сұғу;
С) сот төрелігін жүргізуге кедергі жасау, оның бір қалыпты қызметін бұзу;
Д) сот төрелігін әділ атқаруға кедергі келтіру;
Е) сот төрелігіне тіл тигізу.
91. 344-бап бойынша қандай жағдайда кінәліні жауапқа тартуға болады:
А) заңсыз жауапқа тартқаны үшін;
В) негізсіз жауапқа тартқаны үшін;
С) көрінеу кінәсіз жауапқа тартқаны үшін;
Д) жаңылысып қылмыстық жауапқа тартқаны үшін;
Е) заңды білмей, шатасып жауапқа тартқаны үшін.
92. Куә, жәбірленуші жауап беруден бас тартқаны, жалтарғаны үшін жауаптылыққа:
А) өздеріне қарсы жауап беруден;
В) жұбайына қарсы жауап беруден;
С) діни қызметшілер, сеніп сырын айтқан діндестеріне қарсы;
Д) куәгердің және жәбірленушінің сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде жауап беруден ;
Е) туыстарына қарсы жауап бергені үшін тартылады.
93. Алдын ала анықтаудың немесе тергеудің деректерін жария еткені үшін:
А) жариялауға болмайтын деректерді жария еткені;
В) жариялауға жол бермейтіні туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның жария етуі;
С) жариялауға жол берілмейтіні туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның сол деректерді прокурордың, тергеушінің, анықтама органының келісімінсіз жариялауы;
Д) осы деректерді әкімшіліктің өтініші бойынша жариялауы;
Е) осы деректерді басқа біреудің өтініші бойынша жариялағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
94.Қандай ретте Қылмыстық кодекстің 358-бабына сәйкес жауапқа тартылмайды:
А) бас бостандығы орнынан;
В) тұтқындау орнынан;
С) мәжбүрлеп емдеу мекемесінен;
Д) түрмеден;
Е) қамау орнынан қашқаны үшін.
95. Қылмысты жасырғаны үшін жауаптылық (363-бап) туындайды, егер:
А) орта дәрежедегі қылмысты жасырса;
В) іс-әрекеттің қылмыс екенін білмей, оны жасырса;
С) ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні бұрын уәде беріп жасырса;
Д) онша ауыр емес қылмысты жасырса;
Е) ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні бұрын уәде бермей жасырса.
96. Қылмыс туралы хабарламау үшін жауаптылық шарттары болып:
А) дайындалып жатқаны анық онша ауыр емес қылмысты хабарламау;
В) істелгені анық кез келген қылмысты хабарламау;
С) дайындалып жатқан немесе істелгені анық аса ауыр қылмысты хабарламау;
Д) дайындалып жатқан ауырлығы орташалау қылмысты хабарламау;
Е) дайындалып жатқан немесе істелгені анық белгілі ауыр қылмысты хабарламау.
97. Мыналардың қайсысы өлгендердің мәйітін немесе олар жерленген жерлерді қорлаудың ауырлататын түріне жатпайды:
А) адамдар тобы алдын ала сөз байласқан топ немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер;
В) ұлттық нәсілдік немесе діни өшпенділік не араздық тұрғысында істелген әрекеттер;
С) бұрын сотталған адамның осы әрекеттерді істеуі;
Д) күш қолдану арқылы осы әрекеттерді істеуі;
Е) әлденеше рет істелген осы әрекеттер.
98. Жезөкшелікпен айналысуға тартудың ауырлататын түріне жатады:
А) бұрын сотталған адам жасаған осы әрекеттер;
В) жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру;
С) пайдакүнемдік мақсатпен жезөкшелікті ұйымдастыру;
Д) жезөкшелік мақсатпен притон ұстау;
Е) жезөкшелікпен айналысуға қорқытып мәжбүрлеу.
99. Бөтеннің мүлкін абайсызда жойғаны және бүлдіргені үшін жауаптылық:
А) мүлікті орта дәрежеде бүлдірсе не жойса;
В) мүлікті орта дәрежеде жойса, бүлдірсе, бірақ оны басқа мүлікпен ауыстырып орнын толтырса;
С) мүлікті ірі зиян келтіріп абайсызда жойса немесе бүлдірсе;
Д) мүлікті кінәсіз жағдайда аса ірі зиян келтіріп жойса немесе бүлдірсе;
Е) мүлікті жартылай жойса.
100. Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапқа тартылады, егер адам:
А) өз бетінше ұсақ кәсіпкерлікпен шұғылданса;
В) тіркеуден өтіп, бірақ лицензиясыз кәсіпкерлікпен шұғылданса;
С) тіркеуден өтпей және рұқсат (лицензия) алмай шұғылданса;
Д) ауызша рұқсат алып, тіркеуге келісім жасалып, осы қызметпен шұғылданса;
Е) лицензияны сатып алып шұғылданса.
101. Заңсыз аборт жасаудың (117-баптың 1- бөлімі) бойынша субъектілері:
А) жоғары медициналық білімі бар адамдар;
В) орта арнаулы білімі бар адамдар;
С) тиісті медициналық білімі жоқ адамдар;
Д) орта білімді мамандар;
Е) кез келген адам.
102.Нәсіпқұмарлық сипаттағы қылмыс құрамының субъектілері:
А) тек әйел;
В) тек еркек;
С) әйел де еркек те;
Д) кез келген адам;
Е) қыз балалар ғана.
103. Адам ұрлаудың аса ауырлататын жағдайлары:
А) алдын ала сөз байласқан адамдар жасаған әрекет;
В) бірнеше рет жасаған әрекет;
С) пайдакүнемдікпен жасалған әрекет;
Д) анық кәмелетке толмаған адамға қарсы істелген әрекет;
Е) ұйымдасқан топ жасаған әрекет.
104.Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру құрамына жатады:
А) адамды психиатриялық стационарға өз өтініші бойынша тиісті құжатсыз орналастыру;
В) адамды психиатриялық стационарға заңға толық сиымсыз түрде орналастыру;
С) адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе сонда заңсыз ұстау;
Д) психиатриялық стационардағы адамды мерзімінен бұрын шығарып жіберу;
Е) психиатриялық стационарға адамды тексеру үшін орналастыру.
105. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту орын алады:
А) кәмелетке толмағандарды есірткілік заттарды тұтынуға тарту;
В) кәмелетке толмағандарды ішімдікке ұдайы тарту;
С) кәмелетке толмағандарды қаңғыбастыққа, жезөкшелікке, қайыршылыққа тарту;
Д) кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту;
Е) кәмелетке толмаған адамдыц құмар ойынға үйрету.
106. Баланы қасақана ауыстырудың ауырлататын түріне жатады:
А) баланы ұйымдасқан топ болып қасақана ауыстыру;
В) қызмет бабын пайдаланып осы әрекетті істеу;
С) қызғаныштан баланы ауыстыру;
Д) кек алу мақсатымен жасалған әрекет;
Е) пайдакүнемдікке немесе өзге де жамандық ниетпен істелген әрекет.
107. Еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан әдейі жалтару қылмыс болады, егер:
А) кінәлі адам сот шешімін қасақана орындаудан жалтарса;
В) сот шешімі бойынша төлем төлеуден бір жыл бойы жалғастырса;
С) сот шешімі бойынша төлем төлеуден бес айдан астам жалғастырса;
Д) сот шешімі бойынша төлем төлеуден үш айдан астам әдейі жалғастырса;
Е) сот шешімі бойынша төлем төлеуден бір жыл бойы жалтарса.
108. Заңсыз әскери құрамның қатысушысы қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, егер:
А) өз еркімен заңсыз әскери құрамға қатысуын тоқтаса;
В) өз еркімен қаруды және әскери құралды тапсырып өзінің кінәсін толығымен мойындаса;
С) өз кінәсән толығымен мойындаса және қылмысты ашуға белсенді түрде көмектессе, сондай-ақ мән-жайдың өзгеру салдарынан оның жасаған әрекетінің қоғамдық қауіптілігі жойылса;
Д) оның іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаса;
Е) өз еркімен құрамға қатысуды тоқтатып, қаруын және әскери құралын тапсырса оның іс-әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаса.
109. Тұрғын үйге қол сұғушылық құрамының ауырлататын түріне жатады:
А) тұрғын үйге үй иесінің еркінен тыс басып кіру;
В) тұрғын үйге күш қолданып кіру;
С) тұрғын үйге күндізгі уақытта басып кіру;
Д) қызмет бабын пайдаланып тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру;
Е) тұрғын үйге алдап кіру.
110.Еңбек туралы заңдарды бұзудың ауырлататын түрі:
А) қызметкерлерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату;
В) жұмысқа қайта орналастыру туралы соттың шешімін қасақана орындамау;
С) жүкті әйелді жұмыстан заңсыз босату;
Д) жалақы төлеуді бірнеше рет кідірту;
Е) осылардың барлығы.
111. Журналистік заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру қылмысы орын алады, егер:
А) журналистің қоғамдық қызметіне кедергі келтірілсе;
В) журналистің заңды кәсіптік қызметіне байланысты оған ақпарат алуға дер кезінде көмек берілмесе;
С) журналистің заңды кәсіптік қызметіне ақпарат алуға, одан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі келтірсе;
Д) журналистің заңға толық емес талаптарына кедергі келтірілсе;
Е) журналистің заңды талаптары кешіктірілсе.
112. Жаппай қырып -жою қаруын өндіру немесе тартудың заттары болып табылады:
А) химиялық қарулар;
В) биологиялық қарулар;
С) жаппай қырып-жоятын басқа қарулар;
Д) бактериологиялық қарулар;
Е) осылардың барлығы және халықаралық шартпен белгіленіп тыйым салынған басқа қарулар.
113. Мемлекеттік опасыздықтың объективтік жағының белгілеріне жатпайтынды табыңыз:
А) соғыс кезінде жау жағына шығып кету;
В) мемлекеттік құпияны дұшпандық ниетпен жатқа беру;
С) шпиондық жасау;
Д) шет өкілдеріне басқадай жәрдемдесу;
Е) шетелден келуден қасақана бас тарту.
114. Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау болып табылады, егер:
А) мемлекет немесе қоғам қайраткеріне кек алумен қастандық жасаса;
В) мемлекет немесе қоғам қайраткеріне мемлекеттік немесе өзге саяси қызметіне байланысты кек алу мақсатымен қастандық жасаса;
С) мемлекет немесе қоғам қайраткеріне оның қоғамдық жұмысты белсене атқарғаны үшін көре алмаушылық мақсатымен қастандық жасаса;
Д) осы әрекеттерді оның негізсіз мемлекет немесе қоғам қайраткері деген атаққа ие болғанына ызаланып істесе;
Е) осыларды өш алу ниетінде істесе.
115. Ерекше құнды заттарды ұрлаудың заты болып табылады:
А) ерекше бағалы інжу заттар;
В) ерекше бағалы, тарихи, ғылыми заттар, құжаттар.
С) ерекше тарихи, ғылыми, көркем және мәдени құнды заттар, құжаттар;
Д) ерекше маржан заттар;
Е) ерекше маңызды мемлекеттік құпиясы бар құжаттар.
116. Қылмыстық кодекстің 183-бабында құрам орын алады, егер:
А) қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей сатып алса;
В) осы әрекетті күні бұрын уәделесіп істесе;
С) осы әрекетті жанама қасақаналықпен істесе;
Д) осы әрекетті абайсыздықпен жүзеге асырса;
Е) осы әрекетті қасақана немесе абайсызда істесе.
117.Жерге заттай құқықтарды бұзудың негізгі құрамы орын алады, егер:
А) бөтен үйдің учаскесіне заңсыз кіру;
В) бөтен үйдің учаскесіне заңсыз елеулі зиянға әкеліп соқса;
С) бөтен үйдің учаскесін қателесіп, басып алу;
Д) жерге байланысты басқа да әркеттерді істеу;
Е) бөтен учаскені көрейін деп кірсе.
118. Басқа адамның мүлкін қасақана жою орын алады:
А) осы әрекет тікелей қасақаналықпен істелсе;
В) осы әрекет жанама қасақаналықпен істелсе;
С) бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру тікелей қасақаналықпен істеліп, едәуір зиян келтірсе;
Д) бөтеннің мүлкін қасақана жою тікелей қасақаналық арқылы ауыр зиян келтірумен ұштасса;
Е) осы әрекеттер абайсыздықпен істелсе.
119. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру деп саналапды, егер:
А) кінәлі адам заңды кәсіпкерлік қызметке қасақана кедергі жасаса;
В) осы кедергі ірі зиянға әкеліп соқтырса;
С) осы кедергі келтіру зиянға әкеліп соқтырса;
Д) осы кедергіні лауазымды адам қызмет бабын пайдалану арқылы істелсе;
Е) осы кедергі келтіру болмашы зиянға әкеліп соқса.
120.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242-бабының (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) көзделген қылмыстың субъектісі болып табылады:
А) 16-ға толған есі дұрыс жеке тұлға;
В) 14-ке толған есі дұрыс жеке тұлға;
С) 18-ге толған есі дұрыс жеке тұлға;
Д) терроризм актісі туралы жалған хабарлау оқиғаларына жиенеліп кетуіне байланысты субъект ретінде жас шегінсіз кез келген тұлға;
Достарыңызбен бөлісу: |