С. Т. Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы



бет7/13
Дата29.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#166049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Д) арнайы субъект;

Е) он алты жасқа толған есі дұрыс адам немесе арнайы субъект болуы мүмкін.
249. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық (289-бап):
А) экологиялық ластауды келтірген жағдайда;

В) жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырған жағдайда;

С) жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу әкімшілік жауаптылық болып табылады;

Д) жануарлар дүниесі едәуір мөлшерде жойылса;

Е) аңшылық алапаттары ірі шығынға соқтырса.
250. Заңсыз аншылық субъектісін көрсетіңіз (288-бап):
А) кез келген 16 жасқа толған есі дұрыс кінәлы адам;

В) он төрт жасқа толған адам;

С) он алты жасқа толған есі дұрыс адам немесе арнайы субъект;

Д) ұйымдасқантоп;

Е) лицензиясы жоқ 18 жасқа толған адам.
251. Әскери қызметкерді қорлаудың тікелей объектісі болып танылады:
А) әскери ар-ождан тәртібін сақтау;

В) әскери қызметкердің жеке намысын силау;

С) мемлекеттің қауіпсіздігі;

Д) әскери қызметкердің жеке тұлғалары;

Е) әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастардың тәртібі, әскери қызметкерлердің ар-ожданы.
252. Әскери қызметтен қамаушылықтың объективтік жағы немен сипатталды?
А) өз еркімен қызмет жерін қалдыру;

В) әскери қызметті жалпы өтемеу мақсатында қызметке келмеу;

С) жау жағына өту;

Д) әскери қызметке шақырудан жалтару;

Е) өз еркімен қызмет жерін қалдыру немесе әскери қызметті жалпы өтемеу мақсатында қызметке келмеу.
253. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алудың субъективтік жағы (287-бап) қалай сипатталады?
А) тікелей қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) абайсыздық;

Д) қасақаналық;

Е) немқұрайлық.

254. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алудың ауырлатылған түрін (287-бап) көрсетіңіз:


А) ұйымдасқан топ жасаса;

В) екі немесе одан да көп адам жасаса;

С) адам өз қызмет бабын пайдаланып, не адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;

Д) су жануарлары мен өсімдіктерін едәуір мөлшерде жойса;

Е) дұрыс жауабы жоқ.
255. Жерді бүлдірудің (285-бап) объектісі:
А) Жерді ұрлау, ластау немесе бүлдіруден қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар;

В) жерді химиялық, радиоактивті заттардан қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар;

С) жерді бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген;

Д) жерді пайдалану ережелерін бұзуды қорғайтын қоғамдық қатынастар;

Е) жердің табиғи қасиетін қорғауды қамтамасыз ететін катынастар.
256. Жерді бүлдірудің субъектісі (285-бап):
А) он төрт жасқа толған есі дұрыс адам;

В) он сегіз жасқа толған есі дұрыс адам немесе арнайы субъект;

С) он алты жасқа толған есі дұрыс адам;

Д) он төрт жасқа толған есі дұрыс адам немесе арнайы субъект;

Е) он алты жасқа толған есі дұрыс адам немесе арнайы субъект.
257. Теңіз аясын ластаудың объектісі болып:
А) теңіз аясының экологиялық қауіпсіздігі;

В) ҚР-ның ашық теңіз суларының экологиялық қауіпсіздігі;

С) ҚР-ның ішкі теңіз суларының экологиялық қауіпсіздігі;

Д) ҚР-ның аумақтық теңіз суларының экологиялық қауіпсіздігі;

Е) осылардың барлығында.
258. Теңіз аясын ластаудағы қылмыстың заты:
А) ішкі теңіз ортасы, ашық теңіз, теңіздің тірі ресурстары немесе теңіз аясы;

В) теңізде орнатылған жасанды құрылғылар;

С) теңіз қондырғылары, демалыс аймақтары;

Д) ҚР-ның ашық теңіз сулары және сонда орнатылған жасанды құрылғылар;

Е) Каспий теңізінің аумағы.
259. Атмосфераны ластаудың аса ауырлататын түріне мынаның (282-баптың 3-тармағы) қайсысы қатысты?
А) абайсызда кісі өліміне әкеп соғатын әрекеттер;

В) адам денсаулығына зиян келтіру ;

С) атмосфераны аса ірі мөлшерде ластау;

Д) ауаның табиғи қасиеттерінің бұзылуы;

Е) атмосфераға ластайтын зат шығарылады.
260. Суларды ластау, бітеу және саркудың объектісі болып:
А) су ресурстарының қауіпсіздігін сақтаудағы қоғамдық қатынастар;

В) жер үсті сулары және мұздақтарды ластаудан қорғау саласындағы қатынастар;

С) жер асты суларын, ауыз сулары, мұздақтарды бітеу мен сарқудан қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар;

Д) қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар;

Е) Су кодексінде көрсетілген қоғамдық қатынастар.
261. Суларды ластау, бітеу және сарқудағы қылмыс субъектісі:
А) жасы 16 жасқа толған есі дұрыс кез келген адам;

В) жасы 16 жасқа толған кез келген адам немесе арнаулы субъект;

С) арнаулы субъект;

Д) он төрт жасқа толған кез келген адам;

Е) он төрт жасқа толған кез келген адам және арнаулы субъект.
262. Суларды ластау, бітеу және сарқудағы қылмыстың заты болып табылады:
А) жер үсті немесе жер асты сулары, мұздақтар , ауыз сумен жабдықтау көздері;

В) Қазақстан Республикасының су кодексінде көрсетілген су көздері;

С) жер үсті жер асты сулары;

Д) Қазақстан Республикасының шекарасының шегіндегі теңіздерді қоспағандағы су қорын құрайтын сулар ;

Е) мұздақтар мен ауыз су көздері.
263. Малдәрігерлік ережелерді және өсімдіктердің аурулары мен зияндылықтарына қарсы күресі үшін белгіленген ережелерді бұзғаны үшін (280-бап) қылмыстық жауаптылық:
А) індеттерге, өзгеде зардаптарға және ауыр зардаптарға әкеліп соқса;

В) індеттер мен ауыр зардаптарға әкеліп соқпаса;

С) әр түрлі ауруларға және өзге де зардаптарға;

Д) жаппай эпизотия мен адам өліміне әкеліп соқса;

Е) абайсызда екі немесе одан да көп кісі өліміне әкеп соқса.
264. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуындағы (277-бап) қылмыс субъектісі:
А) он алты жасқа толған, арнаулы, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды сақталуына жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар (277-бап);

В) он алты жасқа толған есі дұрыс кез келген адам;

С) он сегіз жасқа толған есі дұрыс кез келген адам;

Д) он сегіз жасқа толған және лауазымды адамдар;

Е) Тек қана лауазымды адамдар.
265. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуындағы қылмысты ауырлататын түрін табыңыз:
А) қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сондай-ақ төтенше экологиялық жағдайда аумақта жасалған дәл сол әрекеттер;

В) қоршаған ортаның ластауына, улануына немесе зақымдануына, сондай-ақ абайсызда адамдардың жаппай ауруына әкеп соққан әрекет;

С) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сондай-ақ кісіөліміне әкеп соққан әрекет;

Д) жаппай эпидемия мен эпизотияның таралуына әкеп соққан әрекет;

Е) адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызатын жағдайда.
266. Экологиялық қылмыстар тікелей объекті ерекшелігіне байланысты төмендегіше бөлінеді:
А) экологиялық қауіпсіздікке, суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар;

В) жерді, құрылықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар;

С) жануарлар дүниесін тиімді пайдалану ; сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар;

Д) өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне ерекше табиғи-биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар;

Е) жоғарыда көрсетілгеннің барлығын қосқанда.
267. Экологиялық қылмыс дегеніміз не?
А) қоршаған ортаға, оның, ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын, қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер;

В) нақты табиғи ресурстар мен адамның денсаулығына елеулі түрде зиян келтіретін қылмыстық кодексте көзделген іс әрекеттер;

С) қоршаған ортаға, соның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қол сұғатын, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер;

Д) қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы табиғи ресурстарға, яғни жер, су, ауаға қол сұғатын іс-әрекеттер;

Е) экологиялық нормативтік құқық актілермен қорғалатын қоғамдық қатынасқа қол сұғатын іс-әрекеттер.
268. Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі:
А) экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар;

В) қоршаған ортаны қорғап, адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар;

С) экологиялық қауіпті аймақта тұратын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар;

Д) қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурсын тиімді пайдалану, тірі организмдерде қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар;

Е) осылардың барлығы да.
269. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстарға Қылмыстық кодекстің төменде көрсетілген қандай бабы жатады?
А) су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз алу (287-бап);

В) жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап);

С) малдәрігерлік ережелерге сәйкес өсімдіктің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап);

Д) экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап);

Е) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы.
270. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс дегеніміз не?
А) мемлекеттік кәсіпорынның мекеменің ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттер;

В) мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдардың дұрыс қызмет істеуіне кедергі келтіретін Қылмыстық кодексте көрсетілген қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер;

С) мемлекеттік емес ұйымдар мен мекеменің басқару саласындағы дұрыс қызметін бұзатын Қылмыстық кодекстің баптарында көрсетілген іс-әрекет;

Д) басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережеге қол сұғатын іс-әрекеттер;

Е) мемлекеттік органды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдерінің қызметі мен өміріне қол сұғатын іс-әрекеттер.
271. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың қосымша тікелей объектісі болып:
А) лауазымды адамдардың денсаулығы мен өмірі;

В) адамдардың өмірі мен адамгершілігі;

С) адамдардың ар-намысы мен бостандығы;

Д) адамдардың өмірі,денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі;

Е) лауазымды адамның өмірі, ар-намысы, адамгершілігі мен қауіпсіздігі.
272. Өкімет өкілін қорлағаны үшін қылмыстық жауаптылық :
А) өкімет өкілін өз қызметтік міндетін атқаруы кезінде жария түрде қорлау немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып қорлау;

В) өкімет өкілін өз қызметтік міндеттерін атқаруға байланыссыз жария қорлау;

С) өкімет өкілін және оның жақындарын күш қолдану арқылы қорқыты;

Д) өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты өмірі мен денсаулығы зиян келтіру мақсатымен күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту;

Е) өкімет өкілінің беделі мен абыройына қол сұғу.
273. Дәлелдемелерді бұрмалау субъектісін көрсетіңіз:
А) талапкер, жауапкер, сотталушы;

В) тараптық өкілі;

С) прокурор, сарапшы, сезікті, айыпталушы;

Д) сарапшы;

Е) прокурор, сарапшы, тараптың өкілі, талапкер, жауапкер.
274. Әскери қызметтен жалтарудың (326-бап) субъектісі кім?
А) он алты жасқа толған есі дұрыс шетел азаматтары;

В) он сегіз жасқа толған есі дұрыс азаматтығы жоқ адамдар;

С) Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған кез келген азаматы;

Д)Қазақстан Республикасының әскери қызметті өтеуге міндетті шақыру жасына толған, әскери қызметке жарамды деп танылға, одан босатылуға заңды негізі жоқ азаматтар;

Е) он алты жасқа толған әскери қызметке жарамды деп танылған, одан босатылуға заңды негізі жоқ азаматтар.
275. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау қандай қылмыс құрамына (317-бап) жатады?
А) материалдық құрам;

В) формальдық құрам;

С) келте қылмыс құрамы;

Д) формальдық материалдық құрам;

Е) жоғарыда көрсетілгеннің барлығы.
276. Мемлекеттік туды заңсыз көтерудің субъектісі кім болып (329-бап) табылады?
А) Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған есі дұрыс кез келген азаматы;

В) он сегіз жасқа толған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;

С) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын сауда кемесінде заңсыз көтеруге бұйрық берген кеме капитаны;

Д) Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған кемеде жұмыс жасайтын кез келген азаматы;

Е) Қазақстан Республикасының 14 жасқа толған есі дұрыс кез келген азаматы.
277. Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзудың диспозициясы (333-бап) қандай?
А) жай;

В) сілтемелі;

С) бланкеттік;

Д) сипаттамалы;

Е) сипаттамалы және бланкеттік.
278. 16 жастан келесі ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды?
А) қорқытып алушылық;

В) ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленуі;

С) қарақшылық;

Д) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру;

Е) ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіруі.
279. Заңсыз қоғамдық бірлестіктерді құру немесе олардың қызметіне қатысудың субъектісін көрсетіңіз:
А) заңсыз қоғамдық бірлестіктерді құрып, оған басшылық жасаған он алтыға кез келген адам;

В) 14 жасқа толған қоғамдық бірлестіктің кез келген мүшесі;

С) заңсыз қоғамдық бірлестіктерді құрып, оған басшылық жасаған шетел адамдары мен азаматтығы жоқ адамдар;

Д) заңсыз қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысқан мемлекеттік органдардың қызметшілері;

Е) кәмелетке толған қоғамдық бірлестіктің кез келген мүшесі.
280. Зорлау объектісі:
А) жәбірленушінің денсаулығы және жыныстық бостандығы;

В) жәбірленушінің жыныстық бостандығы және физикалық рухани дамуы;

С) әйел адамның жыныстық бостандығы және жыныстық қолсұғушылығы;

Д) әйел адам денсаулығы жыныстық бостандығы;

Е) әйел адам денсаулығы жыныстық бостандығы, қолсұқпаушылығы.
281. Әскери қызметтен жалтаруда қылмыстың ауырлататын түрі (326-бап) қандай?
А) денсаулығына зиян келтіру ауруды сылтаурату, құжаттарды бұрмалау, алдау;

В) денсаулығының ¾ бөлігіне зиян келтіргенде;

С) құжаттарды бұрмалау арқылы басқа адамның заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуы;

Д) әскери қызметке шақырудан жалтару;

Е) екі немесе одан да көп адамның әскери қызметтен жалтаруы.
282. Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізуде қылмыс қай кезде (325-бап) аяқталған болып саналады?
А) объективтік жағдайда көрсетілген балама әрекеттің біреуі жүзеге асқанда;

В) азаматтың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келгенде;

С) 325-баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттің біреуін жасау, мемлекеттің мүддесіне зиян келтірсе;

Д) жалған құжаттарды өткізу Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығына зиян тигізгенде;

Е) осылардың барлығында.
283. Ресми құжаттарды және Мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізуде қылмыстың субъективтік жағы қандай?
А) абайсыздық;

В) қасақаналық;

С) тікелей және жанама қасақаналық;

Д) жанама қасақаналық;

Е) тікелей қасақаналық.
284. Өкімет өкілінің қызметтік жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер қылмыс қатынастарына жата ма?
А) жатады;

В) жатпайды, егер де азаматтың заңмен қорғалған мүдделері бұзылмаса;

С) жатпайды, егер өкімет өкілінің отбасына материалдық зардап келмесе;

Д) жатпайды;

Е) жатады, өкімет өкілін оның қызметіне байланысты жария түрде заңсыз қорласа.
285. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстағы өкімет өкілі дегеніміз кім?
А) қызметті жағынан тәуелсіз адамға қатысты заңмен өкім ету құқығы берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы;

В) қызметі жағынан тәуелсіз адамдарға қатысты заңмен өкім ету құқығы берілген лауазымды тұлға;

С) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінде қызмет ететін лауазымды тұлға;

Д) Қазақстан Республикасының Парламентінде істейтін адамдар;

Е) Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған өкімет өкілі бола алатын кез келген азамат.
286. Зорлау субъектісі бұл:
А) 14 жасқа толмаған ер адам;

В) жыныстық жасқа жеткен ер адам;

С) 14 жасқа толған есі дұрыс тұлға;

Д) 16 жастағы кез келген тұлға;

Е) 18 жасқа толған есі дұрыс тұлға.
287. Қызметке селқос қараудың (381-бап) қылмыстық жауаптылығы:
А) лауазымды адамдардың тәртіп ережесін бұзуы;

В) бастықтың өз міндетін орындамауы;

С) қызметке селқос қарау салдарынан немесе одан да көп түсініксіз адамның өлуі;

Д) бастықтың немесе лауазымды адамдардың қызметке селқос қарауынан елеулі түрде зиян келсе;

Е) қызметке тұрған кез келген адамның қызметтік борышын орындамауы.
288. Суға батып бара жатқан әскери кемені тастап кетудің субъектісі (382-бап) кімдер болады?
А) әскери қызметші;

В) кез келген лауазымды адам;

С) өкімет өкілі;

Д) команда құрамындағы адам;

Е) командир немесе оған тиісті өкімінсіз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адам.
289. Жыныстық қатынас жасауға еркек пен еркек, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасау субъектісі:
А) қылмыс жасаған уақытта 14 жастағы ер адам;

В) қылмыс жасаған уақытта 16 жасқа толған әйел адам;

С) қылмыс жасаған уақытта жыныстық жасқа жеткен ер адам;

Д) қылмыс жасаған уақытта жыныстық жасқа жеткен әйел мен еркек;

Е) қылмыс жасаған уақытта 16 жасқа жеткен әйел мен еркек.
290.Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндетін бұзуға мәжбүр етудегі (368-бап) қылмыстың ауырлататын түрін көрсетіңіз:
А) қару қолдана отырып жасаса;

В) күш қолданамын деп қорқытса;

С) ауыр науқасқа дұшар етсе;

Д) отбасына елеулі зиян келсе;

Е) күш қолданса.
291. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-бап) қандай жағдайда істеледі?
А) әскери қызмет міндетін атқару кезінде;

В) әскери қызмет міндетін атқарудан тыс уақытта;

С) іссапарға шыққан уақытта;

Д) басқа қызметке ауысқан уақытта;

Е) жергілікті жерге депутат болып сайланған кезде.
292. Жас балаларды азғындату аяқталды деп:
А) азғындату уақыты басталған кезден;

В) азғындату уақыты біткен соң;

С) азғындату кезінде;

Д) нақты азғындату барысында;

Е) азғындатып болған соң.
293. Билік өкіліне қатысты күш қолдану құрамында көрсетілмеген зиян:
А) денсаулығына жеңіл зиян келтіру;

В) денсаулығына орташа зиян келтіру;

С) денсаулығына ауыр зиян келтіру;

Д) өлімге алып соқса;

Е) лауазымды тұлғаға, туысқан, жақын, тұлғаларға ауыр зиян келтірсе.
294. Қашқындық (373-бап) қандай қылмыс құрамына жатады?
А) келте-материалдық;

В) формальды-материалдық;

С) келте;

Д) материалдық;

Е) формальдық.
295. Қорлау-бұл:
А) адамның ар-намысын, қадір-қасиетін кемсіту;

В) басқа адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту;

С) адамның ар-намысын, қадір-қасиетін цензуралық емес түрде кемсіту;

Д) кез-келген азаматтық ар-намысын және қадір-қасиетін кемсіту;

Е) басқа адамның ар-намысын, қадір қасиетін кез келген түрде.
296. Тонаушылық (385-бап) дегеніміз не?
А) кез келген адамның мүлкін жасырын түрде ұрлау;

В) бөтннің мүлкін ашық түрде ұрлау;

С) шайқас даласында өлгендермен жараланғандардың заттарын талан-таражға салу;

Д) шайқас даласында жараланғандардың мүлкін иелену мақсатымен шабуыл жасау;

Е) жараланғандардың өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы шабуыл жасау.
297. Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу деп түсіну:
А) адамның жеке өмірі туралы оның жеке өмірі және отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді заңсыз тарату;

В) адамның жеке өмірі туралы және отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе;

С) адамның жеке өмірі, жеке және отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау және тарату;

Д) адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз жинау және тарату;

Е) адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз жинау және тарату.
298. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 351-бапта көзделген көрінеу жалған сөз жеткізу қылмыстың объектісі:
А) сот төрелігінің мүдделері;

В) сот-тергеуші органдарының қалыпты қызметі;

С) азаматтардың құқықтары;

Д) сот төрелігінің мүдделері, сот-тергеу органдарының қалыпты қызметі, азаматтардың құқықтары мен мүдделері;

Е) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері.

299. Әскери қылмыстардың субъектісі кім?


А) кез келген он алты жасқа толған адам;

В) кез келген он төрт жасқа келген адам;

С) әскери қызметшілер;

Д) кәмелетке толған кез келген адам;

Е) құқық қорғау органдардың қызметкерлері.
300. Жауап беруге мәжбүрлеудің субъектісін белгілеңіз?
А) 14 жасқа толған есі дұрыс адам;

В) прокурор;

С) тергеуші, анықтама органының қызметкері;

Д) судья;

Е) арнайы субъект-тергеуші, анықтауды жүзеге асыратын тұлға.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы, 2001ж.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2000

  3. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Караганда, 1999.

  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 2002.

  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар.Алматы. Қаз ГЗУ, 2002.

  6. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы «Жеті жарғы» 1999ж.

  7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы. «Жеті жарғы» 2001.

  8. Е.Алауханов. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы. «Жеті жарғы» 2001.

  9. Е.И.Қайыржанов. Уголовное право Республики Казахстан. (Общая часть)-Алматы, 1997.

  10. С.Молдабаев. Проблемы субъекта в уголовном праве Республики Казахстан. Алматы, 1998.

  11. А.В. Наумов. Уголовный Закон и права человека. (СГП. 1990 №1).

  12. А.И. Бойцов., Волженкин Б.В.. Уголовный закон; Действие во времени и пространстве. Санкт-Петербург, 1993.

  13. И.Э.Звечаровский. Уголовная ответственность. Иркутск, 1992.

  14. К.Л.Акоев., Кауфман М.Н. Объективная сторона преступления. М., 1995.

  15. Р.И.Михеев. Проблемы вменяемости и невменяемости в советском уголовном праве. Владивосток, 1992.

  16. В.П.Малков., Тиморшин Х.А. Множественность преступления. Учеб. пособие. УФА.1995.

  17. И.М.Гальперин. Наказание. Социальные функции, практика применеия. М.,1993.

  18. Уголовное наказание: понятие, виды, назначение// Уголовное право. Часть общая т.3. Екатеринбург, 1994.

  19. А.С.Горелик. Наказание по совокупности преступлений и приговоров. Красноярск, 1991.

  20. Х.Д.Аликперов. Преступность и компромисс. Баку,1992.

  21. А.А. Магомедов. Правовые последствия освобождения от уголовной ответственности. Саратов, 1994.

  22. С.Н.Сабанин. Справедливость освобождения от уголовного наказания. Екатеринбург, 1993.

  23. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы. «Жеті жарғы». 2003.

  24. Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М. 1963.

  25. Бурчак Я.Т. Квалификация преступлений. Киева. 1983.

  26. Карпушин М.П. Уголовная ответственность и состав преступления. М. 1974.

  27. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступлений. М. 1972.

  28. Куринов Б.А. Научные основы квалификаций преступлений. М. 1984.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет